Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 12:40, курсовая работа
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балалар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Кіріспе.......................................................................................................3 - 6
І-бөлім. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру.................................................................................7 - 10
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру...................................11 - 16
1.3. Дидактикалық ойын түрлері.........................................................17 - 19
2-бөлім. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.....................................................................................................20 - 23
2.2. Дидактикалық ойын ерекшеліктері..................................................24 - 25
2.3. Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдануы......................26 - 32
3. Қорытынды...........................................................................................33 - 34
4. Әдебиеттер тізімі....................................................................................35
Баланы қоршаған ортамен таныстыруда, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылықтарын арттыруда, балалардың қоршаған заттар, олардың сапасы мен қасиеті, қолданылуы туралы түсініктерін жүйелеу және қалыптастыруда, адамдардың қоғамдық өмірі мен қоршаған әлемнің тұтастығы туралы түсінігін, оқиғалар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысы мен тәуелділігін анықтай білу іскерлігін дамыту, балалардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлығын арттыру, өмірдегі қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен таныстыру үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді.
Дидактикалық ойындарды қоршаған ортамен таныстыру сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту үшін, ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады.
Баланың шығармашылығын дамыту үшін имитациялық ойындар «Біздің көңіл-күйіміз?», «Қоянның көңіл-күйі» т.б. ым-ишараны әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып көрсетуге үйрету. Мысалы: қоян қорқып тұр, қоян адасып кетті, оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелейді.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болсын. Сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұрғаны жөн.
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
2.3. Дидактикалық
ойын түрлерін практикада
Ойынның мазмұны бірнеше
элементтен құрылады: дидактикалық тапсырмалар,
мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы,
мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар
болып табылады, ал қалған элементтер
осы тапсырмаға және оның орындалуына
көмектеседі. Тапсырмалар әр түрлі болады
(табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі,
адамдар, еңбек т.б.) және қоршаған орта
туралы ұғымдарды бекітуге байланысты.
Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр
баланың ойында не істеу керектігін, қалай
істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын
көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады,
әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі
ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға
үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық
жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын,
байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке
үйретеді.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың
жеке-дара ойнауына арналған (мозаика,
пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын,
өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір
ойындар 4-6 баламен ойналады.
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтау керек және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындалуы және балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады.
Дидактикалық ойындардың заттық түрі жиі қолданылады. «Гүлдерді ата» ойыны. Бұл ойынның мақсаты – гүлді бір-бірінен айырып, олардың аты атай білу (қызыл, көк, сары, жасыл); формасы мен көлемін ажырата білу (үлкен, кішкентай, өте үлкен, кіп-кішкентай).
Дидактикалық ойындардың үстел үсті ойындары да көптеп қолдануға болады. Мысалы, заттың түсін, өлшемін анықтау үшін өткізілетін ойындарға екі жасқа қараған баламен жүргізілетін ойындарға қарағанда формасымен көлемі жөнінен күрделірек қуыршақ, кішкентай кеспек, пирамидалар, жиналмалы шыны аяқтар, тағы басқа алмалы-салмалы ойыншықтар пайдаланылады. Балаға он екі сақинаны тіреуге өз өлшемі бойынша дұрыстап кигізу ұсынылады. Затты бір-біріне қосып, қиыстыра білу, бүтін нәрсені орнымен бөлшектеу дағдысын дамыту үшін балаға жиналмалы кубиктермен кесінді суреттер беріледі.
Дидактикалық ойындардың бір бөлігі арнайы құралдарсыз өткізіледі. Мәселен, есіту сезімін дамыту үшін «Тыңда тағы естігеніңді айтып бер» немесе «Бұл ненің дыбысы екенін ойлап тап» тәрізді ойындар ұйымдастырылады. бірінші ойында балалар айналадағы дыбысқа құлақ түреді (иттің үргені, желдің шуылы) ал, екіншісінде жануарлар мен құстардың үнін салған тәрбиешінің дауысына ден қояды. Қоршаған ортадағы құбылыстарды ажырата білуге дағдыланады.
Қоршаған ортамен танысу сабақтарында қолданған “Қай мезгіл?”, “Жеміс жинау”, “Не қайда өседі?”, “Жапырағынан таны”, “Кім жылдам?”, т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді.
«Ұшты-ұшты» ойыны.
Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.
Ойын ережесі: Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек. Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.
Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процестерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үй суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды
топтың әр жеріне қояды: баланың оң
жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ,
артына-зымыран қойып былай
«Шамдар»
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
«Қай мезгіл?» ойыны
Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіру.
Ойынның мазмұны: Жыл мезгілдеріне саяхат жасауға мына қораптағы сиқырлы қарындаш көмектеседі. Қарындашты айналдырып, қай түске келіп тоқтаса сол түстің тапсырмасын орындайды.
( Тақтаға 4 жыл мезгіл
суреттері ілініп, 4 түсті бет-пердемен
жабулы тұрады)
Ән ырғағымен қарындашты айналдыру керек.
Біреуі әйнек ойыпты,
Біреуі есік қойыпты.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: қыс мезгілі.
- Ендеше көгілдір түсті пердені ашамыз ( 3 айдың бет-пердесі ашылады) Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Сиқырлы қарындашты айналдырып жасыл түске тоқталады, жасыл түстің тапсырмасын орындайық. (құрастыру)
Балалар біз бұл тапсырманы орындап, қай гүл екенін табуымыз керек, ол үшін 2 тапсырма беріпті соларды орындауымыз керек.
- Балалар қандай гүл құрадық? Жауқазын гүлі қай мезгілде шығады? (Көктемде)
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше жасыл түсті пердені ашамын.
- Көктем мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Наурыз, Сәуір, Мамыр.
- Балалар, енді көктем мезгілінен өтіп, сиқырлы қарындаштың көмегімен келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз. Қарындаш айналып қызыл түсін қаратады. Қызыл түстің тапсырмасын орындайық.
Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: жаз мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, енді қызыл түсті пердені ашайық.
- Жаз мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Маусым, Шілде, Тамыз.
Балалар сиқырлы қарындаштың көмегімен келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз. Ендеше сары түстің тапсырмасын орындайық.
Берекесін сыйлауға,
Жемістерін жинауға.
Қызыл қырман жинайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: Күз мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, енді сары түсті пердені ашайық.
- Күз мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Қыркүйек, Қазан, Қараша.
«Кім жылдам?» ойыны.
Мақсаты: Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
«Нені жоғалттым» дидактикалық ойыны.
Шарты: заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың немесе киімнің атын атап жауап беруі керек.
«Қай мезгілде киеміз» дидактикалық ойыны.
Шарты: ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.
«Дәмін ажырат» дидактикалық ойыны.
Шарты: балалар көздерін жұмып тұрады. Әрқайсысының аузына жемістен бөліп салу. Жеп болғаннан кейін көзін ашып, қай жеміс, оның дәмінің қандай екендігін баяндау. (Әр бала жеке айтып шығады).
«Үй жануарлары» ойыны.
Мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.
Ойынның шарты: осылай дөңгелене отырып, мына ғажайып қалтадан үй жануарларына байланысты ойыншықтар аласыңдар, сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап немесе олар туралы мейірімді сөздер айтуға болады.
«Дала аңдары» ойыны.
Мақсаты: дала аңдарымен таныстыру. Олардың қоректі қалай тауып жейтіндігі. Адамдар аңдардың терісін пайдалатындығын айту.
«Саяхатшы ойыншық» ойыны.
Ойын
барысы. Бала өзіне ұнайтын ойыншықты
алып ортаға шығады. Айналасына әр түрлі
түстегі пішіндерді қоямыз.
Тапсырма:
Балаға кеңістікте қандай бағытта қалай
жүру керек екенін айтып отырамыз. Саяхат
барысында кездескен пішіндерді атау
керек. Мысалы,
Алмастың ойыншығы (қояны) орманды аралауға
шығыпты. Бір кезде адасып қалады. Үйге
бару үшін бірлесе тапсырманы орындайық
Информация о работе Мектепке дейінгі мекмелерде ойынды қолдану