Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 20:16, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында " білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін оқушының игеруі.

Содержание

Кіріспе
І Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері

ІІ . Эстетикалық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері
2.1. Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
2.2.Ұлттық ерекшеліктер арқылы тұлғаны сұлулыққа, сымбаттылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.

2.3. Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу.
2.4. Оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық тәрбие беру жолдары
2.5.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

+А. Мирамғали эстетика.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)

Эстетикалық сезім-әдемілік, әсемдік категориясы, табиғаттың, қарым-қатынастың, еңбектің жемісі.

Эстетикалық тәрбие- ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесімен тығыз байланысты.

Әсемдіктен алынған рахат сезімі адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді.

Адам әсемдік заңы бойынша өмір сүруге үйренеді.

   Баланың эстетикалық сезімін  дамытуға көркем әдебиет шығармаларының, музыканың, сурет салудың, қиялдаудың, шығармашылық әрекеттің, еңбек сабақтарының, әртүрлі танымдық тәрбие шараларының  маңызы зор.

Әсемділікті сақтауға, оны үлгі ретінде алып, қолынан келгенше әсем дүние жасауды үйрету міндетіміз.

Бұл міндет тап қазір  оқу бөлмеңді, құралдарыңды, бөлме өсімдіктеріңді күтіп ұстау, бір-біріңізбен мәдени қарым-қатынас жасай білу, өзіңнің әсем екеніңді сезуден басталатынын  оқушыларымызға біле біл деп үйретеміз.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қ.Жарықбаев, С.Қалиев  Қазақтың тәлім-тәрбиесі- Алм, «Санат», 1995

  2. Ханбиков Я.И.    "Таңдамалы шығармалары".

   3. Измайлов А.Э.    "Народная педагогика", Москва 1991ж.

    4. Қалиев С.  "ХҮ-ХІХ ғасырлар ақын жыраулар поэзиясындағы   педагогикалық ой-пікірлер" Алматы, Рауан, 1990ж.

    5. Жарықбаев Қ., С.Қалиев "Қазақ тәлімдік ой-пікір антологиясы"  

           Алм.,»Рауан» 1994

      6. Қоянбаев Р.       "Педагогика" Рауан-1999

      7. Ісләмжанұлы К. "Рухани уыз", Алматы, Ана тілі, 1999ж.

      8.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова Педагогика,-А., "Дарын"-2004       

      9.Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен Әдістемесі.-А.Дарын2004

    10. Сұлтанова Ғ.Т. Педагогика ( студенттерге арн. әд.құрал)Алм.2007

    11.Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика-2005,№3

Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру

Курстық жұмыстың мақсаты: 
Негізгі сынып оқушыларының рухани адамгершілігі және эстетиклық тәрбиесін өнер құралдары арқылы қалыптастыру және оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің ұлттық ерекшелігін қарастырып, жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру, педагогикалық - психологиялық мәселелерін айқындау. 
Зерттеу міндеттері: 
1. Эстетикалық тәрбиесінің педагогикалық - психологиялық мәселелерін қарастыру. 
2. Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық ерекшелігінің, адамгершілік, құндылық қасиеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау. 
3. Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы, ауыз әдебиеті шығармаларының ролін, мәнін талдап, маңыздылығын айқындау.  
Зерттеу объектісі: 
Негізгі мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиесіндегі, тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері. 
Зерттеу пәні: Педагогика. 
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: 
Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен қорытындылау. 
Курстық жұмыстың құрылымы: 
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
Мазмұны 
 
I. Бөлім. Негізгі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбиенің ұлттық ерекшеліктерін үйрету арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері. 
1.1 Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы халық дәстүрі мен эстетикалық тәрбиенің мәні, ерекшеліктері және құралдары жайлы түсінік. 
1.2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері. 
II. Бөлім. Негізгі мектеп оқушыларының адамгершілік және құндылық қасиеттерін, әсемдік тәрбиенің негізгі құралдары арқылы тәрбиелеу жолдары. 
2.1. Негізгі мектеп оқушыларының адамгершілік құндылық қасиеттерін өнер құралдары арқылы тәрбиелеу жолдары, 
2.2. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың әдістері. 
Қорытынды: 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "жоғары білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі. 
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" керінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз. Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тілсім сыры ұғылады (қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы еткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жұрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған елке" ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті женіндегі түсініктері ұлғаяды, аңыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады. 
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған. 
 
Мұның өзі қазақ халқында жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің біртұтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым жасауға негіз болады. Тәрбиенің біртұтас өзіндік жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші басты себеп қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты, ілтипаты болса керек. Халықтын осындай ерен қасиетіне кезінде тамсанып, таңданбаған этнограф, фольклорист, зерттеушілер кемде-кем екені белгілі. Егер Шиле: "Қазақтың өз әйеліне немесе балаларына қол жұмсағанын біреу-міреу көрді ме екен. Олар әсіресе балаларға мейірімді" - десе, А.Диваев "Қазақтардың арасындағы тіпті аз уақыт болғандардың өзі олардың балажан екенін байқатады" - деп көрсетеді. Зерттеуші ғалымдардын сөздерінде үлкен шындық жатыр. Ежелден "Бала - адамның бауыр еті, көз нұры", "Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығып атын ұстар" деп қазақтар өз өмірлерінде баланың алатын орны ерекше екенін атап көрсеткен. "Бір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі ру елде малы бар. Үш баласы бардың үш ру елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардың дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардық Алладан басқа несі бар", деп баласы бар адамдарды "бақытты", "төрт құбыласы сай", "армансыз жандар" санаған.


 

 

 


Информация о работе Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие