Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 20:16, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында " білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін оқушының игеруі.
Кіріспе
І Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері
ІІ . Эстетикалық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері
2.1. Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
2.2.Ұлттық ерекшеліктер арқылы тұлғаны сұлулыққа, сымбаттылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.
2.3. Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу.
2.4. Оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық тәрбие беру жолдары
2.5.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
а) Негізгі мәселелері - ана тілінің аясын кеңейту, тіл тазалығы, ұлттық ғылыми-білімді туған тілде дамыту, жергіліктендіру саясатын іске асыруға жол салды.
ә) Ұлттық білім негізі - бастауыш сыныптарға арналған төл оқулықтардың, әдістемелік құралдардың негізін қалады.
в) Ұлттық баспа сөзді жандандырды.
г)Ұлттық мәдениетті әлемдік мәдениетпен кіріктіре меңгертуге үндеді.
ғ) Еліміздің егемендігі үшін күрескен әлемдік аренадағы саяси-қоғам қайраткерлері ретінде танылды.
д) Адам мен оның іс-әрекеттері; олардың бойында кездесетін асыл да жақсы ұлттық қасиеттер; ата-ананың ұлттық тәрбие берудегі орны; мектеп пен ұстаздар ұжымының оған әсер-ықпалы; жалпы білім ғылым, ақыл-парасат, тіл, сөз өнері, т.б
Адам тарихын
неғұрлым көп білген сайын
оның тұңғыйығына неғұрлым
Мағжан Жұмабаев сұлулық (эстетика) сезімдері жайлы ұғымдарды да бір қырынан ашып, өнер адамына тән өрнекті сезімдерді тәптіштеп түсіндіреді. « ...Сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұрады...», «... адамның әдемілікті сүю сезімін тереңдететін оның есту сезімі» деп бұларды беруде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажет, әсіресе, бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнін атап өтеді. Оның грек Орфей, қазақтың Қорқыты туралы ойлары тереңдігімен ерекшеленеді. М.Жұмабаев өзінің « Педагогика» атты еңбегінде балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады: «баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка аспаптарында ойнап үйренсін, Сурет салып үйренсін. Ән салып үйренсін. Осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді.» Ол «бала сұлулықтан ләззаттана білмейтін, мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы»-дейді.
Қорыта келгенде, ақын-жыраулар шығармаларында эстетикалық тәрбие туралы ойлар молынан кездеседі.
Еңбектері талданған ақын-жазушылардың барлығы дерлігінің шығармашылығында табиғат әсемдігінің кездесуі – «ақын мен табиғат егіз» деген сөздің мәнін тереңдете түседі.
Сурет 1 – Ақын-жазушылар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие жүйесінің көрінісі
Осы айтылғандардың барлығы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойларының қазіргі ұрпақ үшін өзінің құндылығының жоймағандығын, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі ақын-жыраулар қазынасында жатқандығын, әлі де болса өзінің тәрбиелік әлеуетін толық пайдалануды қажет ететінін дәлелдейді.
Бастауыш сынып оқушысының эстетикалық тәрбиесіндегі ұлттық мазмұн
Халық қашан да келер ұрпағына аманат қалдырған, ал ол аманатты орындау ұрпаққа парыз екені ақиқат.
Фольклорды оқу-тәрбие процесінде қолдану тәрбиеге рухани-адамгершілік, эстетикалық бағыттылық береді. Ал қазақтың бай фольклоры басқа мәдениеттердің шамадан тыс ықпалынан қорғайды. Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері, т.б. жатады.
Халықтың даналығы-мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың, шешендердің сөздері, толғау, өсиет өлеңдері, мазақтама, санамақ, жаңылтпаш, ауызша есеп, тақпақ, өтірік өлең,т.б.
Мақал-мәтелдер халықтың ауызша поэзиялық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Мақал-мәтелдерді оқу-тәрбие жұмысында қолдану үшін олардың түрлеріне (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және интернационалдық тәрбие) байланысты жоспардың әр тарауына енгіземіз.Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағын қамтиды.
Жұмбақтардың тәрбиелік және дидактикалық мәні зор. Сондықтан оларды тәрбие сағаттарында, пәндік және тақырыптық кештерде, әр түрлі ойын-сауықтарда пайдалануға болады.
Ауызша есеп балалардың логикалық және материалдық ойлау қабілетін дамытуға көмектесумен бірге эстетикалық қиялын дамытады. Әсем көрнекіліктер қолдану арқылы да эстетикалық талғамын дамытуға болады.
Ойындар, мазақтамалар, санамақтар, жаңылтпаштардың балаға ұлттық тәрбие берудегі орны ерекше.
Мысалы,бала тілін дамытуға арналған, әзіл-қалжың айтысы ретінде орындалатын, күшті қажет ететін "Айгөлек" ойынының да орны зор :
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген,
Бізге Айбек деген ер керек,-деп, тақпақтауының өзі қандай бала болып өсу керек деген сұраққа жауап бергендей.
Ертегілер айтудың алдында:
Ертек- ертек, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.- деп әуелі қызықтырып, қиялдарын ояту да тиімді.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді, оның дүниетанымын қалыптастырды.
Сондай-ақ,
қазақ отбасында адам
Эстетикалық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Мектептердегі музыка сабағы жас ұрпақ бойында жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық қасиеттерге дағдыландырып, эстетикалық сезімін, талғамын, көзқарасын қанағаттандыра отырып, олардың музыка жөніндегі түсінігін кеңейтіп, ой-өрісін дамытады, эстетикалық мәдениетінің ірге тасын өз беттерінше қалауға тәрбиелейді.
Ән- әуен – адамның эмоциялық сезіміне әсер ететін құдіретті күш, ол адамзаттың рухани азығы, жан серігі.
Ән-әуен
өзінің көркемдігі және
Сөзіміз
дәлелді болу үшін
Сабақтың тақырыбы: Қобызға арналған күйлер.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт күйлері жазылған үнтаспа, портреті, Б. Ысқақовтың Қорқыт ата кітабы, Қорқыт және қобыз аспабы туралы нақыл сөздер, қобыз аспабы, ән сөзі жазылған плакат, қобыз құрылысының схемасы, жұмбақтар.
Сабақтың жүрісі: әңгімелесу– концерт.
а) оқушылар сабаққа Қорқыттың «Желмая» күйі әуенімен кіреді.
б) музыкалық сәлемдесу.
2. Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
а) Балалар, жаңағы ойнаған ән сазы ма, әлде күй сазы ма?
ә) Күй домбыра аспабында орындалды ма?
б) Күй қандай аспапта орындалады?
в) Бұдан бұрын қобыз аспабымен таныс болдыңдар ма?
Мұғалім: Балалар, аспаптық шығарма тек домбырада ғана орындалмайды. Бүгін біз қазақтың ұлттық саз аспаптарының бірі – қобыз аспабына арналған күйлермен таныс боламыз. Қобыз аспабын дүниеге алып келген бабамыз – Қорқыт атамыз. Қорқыт өте зерек, ұғымтал болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде керемет шебер ойнаған. Бірақ, оған қанағаттанбайды, табиғаттың үні (ұшқан құс, сылдырап аққан су, жүгірген аң, сыбдырлаған жапырақ, ұлыған ит пен қасқыр т.б.) естілетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, мың толғанып, қарағай ағашынан бір нәрсенің жобасын жасайды. Ары қарай не істерін білмей қиналады. Бір күні шаршап отырып ұйықтап кетеді. Түсінде оған: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен шанақ, ортекенің мүйізінен тиек, бесті айғырдың құйрығынан тиек, бесті айғырдың құрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр», - дейді.
Қорқыт осының бәрін жасап
шығады, қобызды қолына алған
кезде аспап бохдап қоя
3.Қорқыттың «Қоштасу» күйін үнтаспадан тыңдау.
4. Жаңа «Қобызым» әнімен танысу.
5. Өлең жолдарындағы
шанақ, тиек, ішек – қобыздың бөліктері.
Ендеше қобыз аспабы
6. Әнге талдау жасау.
7. Әнге дайындық, жаттығу жұмысы.
8. Жас қобызшылар сайысының жүлдегерінің өнерін тамашалау.
9. Қорытынды сұрақтар беру.
10. Сабақты қорытындылау, сабаққа қатысқан балаларды бағалау
Еңбек арқылы эстетикалық тәрбие беру
Мектеп жасындағы
балалардың іс-әрекетінің бір
түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің
мазмұны мен оған қойылатын
талаптар балалардың жас шамасына
қарай күрделене түседі. Мәселен,
бастауыштағы балаларға
Мектепте балалар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар:
Бұл міндеттер ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдерді орынды, жүйелі пайдаланса мақсатына жетіп, балалардың еңбек әрекеті барысында эстетикалық жүйесі қалыптасады.
Мысалы, «Түлкі мен торғай», «Қотыр торғай», «Жеті өнерпаз», «Жігіт пен өнерлі қыз», «Аяз би» т.б. ертегілер мен «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Ердің атын еңбек шығарады», «Еңбек түбі береке», «Еңбексіз іс бітпейді», «Жұмыстың жаманы жоқ» т.б. мақал-мәтелдерді еңбекке деген эстетикалық көзқарас қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады. Ертегіні кейіптендіру үшін оған қажетті құралдар мен қуыршақтарды қол еңбегінде даярлайды. Еңбекке баулу сабақтарында қолөнер, мүсіндеу, табиғи материалдармен, қағаз, ағаш материалдармен жұмыс жасап үйренеді. Ас мәзірлерін жасап үйренеді.
Практика кезінде эстетикалық сезімге толы 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Айналайын, Ақ мамам, құтты болсын мерекең» атты 4г сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
Эстетикалық тәрбие берудің тамаша жолы-мереке, думан болып табылады. Өйткені мерекеге арналып безендірілген бөлме, әсем киінген беттері бал-бұл жанған балалар, қонақтар-бәрі эстетикалық сезім.
Қорытынды
Қазіргі кездегі
эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі
– жастардың эстетикалық талғамдарының
қалыптасуына теріс әсерін тигізетін
келеңсіздіктерді жойып, олардың санасына
эстетика мен этика қағидаларына негізделген,
адамдар арасындағы қарым-қатынастың
көркем бейнесін орнықтыру. Бұл ретте
балалар мен жастар арасында ақын-жыраулардың
эстетикалық көзқарастарын эстетиканың
санаттарымен ұштастыра отырып насихаттау,
осыған орай, арнайы дәрістер мен тәрбиелік
іс-шараларды жоспарлы, жүйелі түрде ұйымдастырудың
ұтымды болатыны белгілі болды.
Информация о работе Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие