Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 20:16, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында " білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін оқушының игеруі.

Содержание

Кіріспе
І Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері

ІІ . Эстетикалық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері
2.1. Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
2.2.Ұлттық ерекшеліктер арқылы тұлғаны сұлулыққа, сымбаттылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.

2.3. Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу.
2.4. Оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық тәрбие беру жолдары
2.5.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

+А. Мирамғали эстетика.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)

Тарихи тұрғыда эстетиканың орталық мәселесі ретінде екі проблема қойылды: а) әсемдік, әдемілік терминдері арқылы ашылатын эстетикалықтың өзі; ә) кең мағынасында өнер. Өнер және әсемдік философиясы ретіндегі эстетика – антикалық дәуірден бастау алатын классикалық эстетиканың дәстүрлі бейнесі. Ежелгі грек философтары (Платон, Аристотель, Плотин, т.б.) мен әртүрлі әнер теоретиктері еңбектерінде әдемілік мәселесі (оның үйлесімділік, тәртіп, ритм, симметрия т.б. құрылымдық принциптеріндегі) тиісінше онтологиялық сферада шешіліп, космологиямен байланысты қарастырылды.

Орта ғасырларда эстетика, эстетикалық қабылдау дінмен тығыз байланыста қарастырылса, жаңа заманда оған философиялық тұрғыда сыни баға беріледі.

Эстетикалықты қалыптастыру «эстетикалық тәжірибе», «эстетикалық сана», «эстетикалық құндылықтар мен идеялар» және «эстетикалық тәрбие» ұғымдарымен тығыз байланысты. Бұл жерде «тәжірибе» білім және тәрбие беру процесінен тыс жатады (негізінен сол арқылы қалыптастырылса да), өйткені «эстетикалық түсініктер» тек тәрбие процесінде ғана емес, сонымен қатар адамның күнделікті өмірінің барлық сфераларында қалыптасады.              

Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алдына қойылатын мақсаттардың бірқатарын жеке бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл әсемдікті сезінуді тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі. Екіншіден, бұл өмірдегі және өнердегі әдемілікті көре және қабылдай білу, бағалай алу қабілеттерін қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің мақсаты – көркемдік талғамды қалыптастыру. Төртіншіден, өзіндік шығармашылыққа және әсемдікті өзі жасауға қабілеттілікті дамыту. Эстетикалық тәрбиенің мәнін өзінше түсіну оның мақсаттарын анықтаудың тұрғыларын таңдауға әсер етеді. Сондықтан эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтау ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Ең бастысы – тұлғаның іс-әрекетте жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық құндылықтардың жасаушысы болуына, олардың және қоршаған ортаның әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Адамның болмыс пен өнерге эстетикалық қатынасын қалыптастырумен қатар эстетикалық тәрбие олардың жан-жақты дамуынан да әсер етеді. Ол адамның адамгершілігін қалыптастыруға жағдай жасайды, оның ойлауы мен қабылдауын, ұйымдастырылуын, тәртіптілігін, ерік-жігерін сомдайды.

Кез келген мақсат міндеттер арқылы ғана іске асатыны мәлім. Педагог-ғалымдардың басым бөлігі  үш негізгі міндетті бөліп көрсетеді. Біріншіден, белгілі бір элементарлық эстетикалық білімдер мен іскерліктердің қорын жасау, оларсыз эстетикалық маңызды заттар мен құбылыстарға қызығушылық, ынта тумайды. Эстетикалық тәрбиенің екінші міндеті – алынған білімдер және эстетикалық қабылдау қабілетін дамыту негізінде адамға эстетикалық маңызды заттар мен құбылыстарды қабылдауға және бағалауға, олардан ләззат алуға мүмкіндік беретін оның әлеуметтік-психологиялық сапаларын қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбиенің үшінші міндеті әр тәрбиеленушіде эстетикалық қабілеттердің қалыптастырылуымен тығыз байланысты. Ең бастысы – «тұлғаның индивидті белсенді жасаушыға, эстетикалық құндылықтарды құрушыға айналдыратын, оған дүниенің әдемілігінен ләззат алып қана қоймай, оны «әдемілік заңдарына» сәйкес өзгертуге мүмкіндік беретін қасиеттері, қажеттіліктері мен қабілеттерін тәрбиелеу, дамыту». Бұл міндеттің мәні – адамның әсемдікті сезініп қана қоймай, одан ләззат алып, бағалап қана қоймай, өзінің де өмірдегі, өнердегі әдемілікті жасауға қатысуында.

Эстетикалық сананы педагогтар мен психологтар эстетикалық тәрбиенің мәнін көрсететін және адамның эстетикалық мәдениетінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар категорияларға бөледі.

Эстетикалық және көркемдік тәрбиелеу мақсаттарында оқушыларда әсемдікті сезінуді дамыту, көркемдік талғамдарды, әсемдік, әсіресе өз аймағының мәдениет, әдебиет пен көркемөнер туындыларын түсіну мен бағалай алу қабілетін қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз болады. Бұл ұлттық мәдениет, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет салаларындағы ең жоғары жетістіктерді негіз етіп алуды көздейді. Ал ол өз кезегінде рухани мұраны айрықша және жүйелі түрде қабылдауды, халық үшін ең жақсы, алдыңғы қатарлысын, жақын әрі маңыздысын сұрыптап алып, дамытуды, мәдени құндылықтар бетпердесі арқылы түкке тұрмайтын және жалған заттардың еніп кетуіне кедергі жасап, жат және қас нәрселерді алып тастап, жеңуді .қажет етеді. Міне, осы жерде біз тақырыбымызға өзек етіп алып отырған көркем әдебиеттегі эстетикалық тәрбие ойларының қызметі үлкен.

Қазақ ғалымдары ішінде әдебиет пәнінің балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық тәрбиесіне әсерін жан-жақты қарастырған Ш. Әлібеков болды. Автор өз еңбегінде қазақ әдебиетінің үлгілері арқылы халықтың әсемдік, сұлулық жайындағы ойларын ашуға тырысқан. Халық мұрасы өзінің әсем сырымен, өмірлік тәжірибелік қазынасымен «қазіргі заман өнерімен үндесіп, оның сонылығын, эстетикалық бағалылығын айқындай түсуге көмектеседі» деп айтқан Ш. Әлібеков «қазақ фольклорының эстетикасын халық өнерінің алуан түрімен қатар алып зерттеу оның мазмұн байлығын, суреттеу тәсілінің молдығын, эстетикалық бағалылығын арттырады, халық шығармашылығының барлық саласы – поэзия, музыка, қол өнері, пластика, сәулет өнері сияқты түрлерінің көркемдік жолының бір екендігін, өзара тығыз байланыста өсіп қалыптасқандығын танытады» дейді.

Балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық мәдениетін ұлттық өнер, әдебиет арқылы қалыптастыру білімдік көзқарастар қорын айтарлықтай молайтып, қазақ халқының өмір салтына, дәстүрлеріне және ежелгі тәжірибесіне деген қызығушылықтарды қалыптастырады. Ұлттық өнер, халық ауыз әдебиеті мазмұнында қоршаған болмыстың көркемдік бейнелерінің, әсіресе, бала үшін тартымды образдардың орасан зор көлемді материалдары бар. Ұлттық өнер, халық ауыз әдебиеті туындыларында баланы ең алдымен мазмұнды түсінудің жеңілдігі, сөз сипатының түрлілігі қызықтырады.

Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау т.б.

өздерінің толғауларында эстетикалық талғамның жоғары деңгейін көрсете отырып эстетикалық тәрбие туралы құнды ойлар айтады. Бұқар жыраудың шығармаларын талдау арқылы олардағы эстетикалық ойлардың негізгі өзегі –  үйлесімге ұмтылу, жақсылық пен жамандықтың арақатынасы, тұрмыс эстетикасы болып табылатыны көрінеді. Сонымен қатар жырау толғауларында трагедиялық сарын басым жатыр.

Өз шығармалары арқылы жырау жан сұлулығы мен тән сұлулығының гармониясына үндейді, әсемдікке ұмтылуға шақырады. Бейнелерді, кейіпкерлерді көркем сипаттау арқылы сөз өнерінің жоғары үлгісін көрсеткен Бұқар жыраудың шығармаларының эстетикалық-тәрбиелік маңызы осында.

Ақтамберді жырау шығармалары – эстетикалық ойлардың қайнар көзі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, оның поэзиясы әсемдікті, әдемілікті, трагедиялық жағдайларды суреттеуге арналған. өз шығармалары арқылы өзі өмір сүріп отырған заманының эстетикалық идеалын көрсетуі және оған ұмтылуы Ақтамберді поэзиясының эстетикалық құндылығын толықтырады.

Ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі үшін маңызы зор өлеңдер Шал ақында көптеп кездеседі. «Дос болма майда тілді күлгенменен, сырты ғана жылтырап жүргенменен» - деп өсиет айтқан Шал ақын сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арақатынасын ашып берді. Өлеңдерінде Шал ақынның ішкі дүниесі, оның эстетикалық қабылдау жүйесі анық көрініс береді. Ақынның түсінігінде өмірдегі үйлесім – артына ұрпақ қалдыру болып табылады. Шал ақынның шығармашылығын талдау барысында ондағы эстетикалық ойлардың қарым-қатынас, мінез-құлық, жақсылық пен жамандық, әсемдік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен төмендік эстетикасына қатысты құрылғанын көреміз. Бұл ақынның алдындағылардан ерекшелігі – ол тек сипаттап қана қоймай, сонымен бірге үлгі алуға, жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге шақырады, яғни тікелей эстетикалық тәрбие беруге бағытталған.

Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы эстетикалық ойларды талдау олардың үйлесім, трагедия, әсемдік, ұсқынсыздық, асқақтық, табиғат сұлулығы туралы ақын толғауларынан тұратынын көрсетті. Ақын өз шығармаларында көркем образдарды жасауда сипаттау, теңеу, суреттеу тәсілдерін қолданады.

Азаттық жыршысы болған Махамбет Өтемісұлы поэзиясының патриоттық тәрбиемен қатар, эстетикалық тәрбие үшін де маңызы зор.

Осындай жыр сүлейі – Махамбетті жоқтаушы, оның азаттық жырларының жалғастырушысы болған Шернияз Жарылғасұлының да жырларында тәлім-тәрбиелік мәселелер алдыңғы орында көрінеді. Оның өлеңдері көркемдік жағынан өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге үлес қоса алады. Оған мысал – ақынның өлеңдеріндегі табиғат сұлулығын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, асқақтықты, қасіретті жырлаған жолдары.

Әдебиет мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесі туралы сөз қозғалғанда бұл жердегі сал, серіліктің орнын айтпай кетуге болмайды. Өйткені, бұл ұғымдардың өздері эстетикалық талғамы әбден қалыптасқан, сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі тұлғаларға берілетін халық марапаты болып табылады. Біржан салдың, Ақан серінің шығармашылығы мен жеке тұлғаларының үлгісі ерекше маңызды. Біржан сал  шығармалары – тұнып тұрған эстетикалық тәрбие көзі болып табылады, себебі, ол негізінен әсемдікті, асқақтықты мақтан етіп, ұсқынсыздық пен жамандықты қасірет көріп, жырға қосқан. Оның шумақтары осыны дәлелдейді. Біржан сал өз шығармаларында эстетиканың әрбір категориясын қарастыру және жеке тұлғасының үлгісі арқылы эстетикалық тәрбие беру ісіне үлесін қосады, оның еңбектерін осы мақсатта қолдануға болады.

Мұрат Мөңкеұлы табиғаттың әсемдігін оның пайдалылығымен ұштастыра отырып суреттейді («Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған», «Жер реңкін қарасаң, Көдесінің түбі сайын бір жылқы», «ақтылы қойдың өрген жер», «қызығын жұртым көрген жер»).

ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясындағы шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мәні зор ақын-ағартушы – Ыбырай Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын іске асыруда өлең сөзінің құдіретін де жан-жақты пайдалана алды. Ыбырай шығармаларының мазмұны тәрбиенің әр бағытына сәйкес ойлардың өзегі болғанын ескерсек, эстетикалық тәрбие соның ішіндегі ең көп қарастырылғаны болып келеді. Біз мұны «Өнер-білім бар жұрттар», «Жаз», «Өзен», «Өсиет өлеңдер», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары» өлеңдерінен анық байқаймыз. Өзіне дейінгі басқа ақындардан айырмашылығы – Алтынсарин өлеңдерінде эстетикалық тәрбиенің қандай болу қажеттігі туралы айтылып қана қоймай, оны беру жолдары да сөз болады, бұл оның білім-тәрбие беру ісімен тікелей байланысты болғандығымен түсіндіріледі.

Базар жырау шығармашылығындағы эстетикаға қатысты ойларды бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады: кескін-келбетті суреттеу, тұрмыс эстетикасы және табиғат суреті. Өз жырлары арқылы жырау ұрпақты әсемдікті сезінуге, белгілі бір сипат үлгісіне (ару қыз, ер жігіт, әділ хан, тура би) еліктеуге шақырады.

Жастарға эстетикалық тәрбие беруде өз шығармашылығымен ғана емес, сонымен қатар талғампаз сырт келбетімен, іс-әрекетімен үлгі болған, сондықтан «сері» атанған ақын Ақан Қорамсаұлының орны өте үлкен. Өз өлеңдерінде, әндерінде эстетикалық категорияларды әрқашан жырлап өткен Ақанның шығармаларының тілі бай, осы категорияларды беруде түрлі теңеулерді көркем сөзбен орынды бере білген. Мәселен, «Торыны таң асырып мінген қандай» өлеңінде «үкілеп, әсемдеп», «ақша маңдай», «қалқажан», «ақ білек» сияқты сөздерді пайдалану арқылы жырдың нақышын келтіре түседі. Осы өлеңі арқылы біз ақынның эстетикалық талғамының жоғары деңгейде қалыптасқанын көре аламыз. Өзінің осындай қалыптасқан эстетикалық талғамын ғана көрсетіп қоймай, Ақан сері басқалардың да қандай болуы керектігі туралы айтады. Бұған оның «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа», «Көңіл сыры», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Қыз сипаты», т.б. өлеңдері мысал бола алады.

Махаббатқа толы ақын өлеңдеріндегі қыздың (арудың) эстетикалық сипатының бейнеленуіне тоқталайық. Ақан сері оны беруде өте бай теңеулер мен эпитеттер қорын пайдаланады. Мысалы, жоғарыда аталған «Көңіл сыры» өлеңіндегі «перизат, сүмбіл шаш, оймақ ауыз, меруерт тіс, асыл зат, алқызыл гүл, қарақат көз, жазық маңдай, хор» деген сөздер соны айғақтайды.

Міне, өзі де әсемдіктің символындай болған Ақан серінің шығармаларындағы эстетикалық тәрбиеге қатысты ой орамдары осындай. Жоғары атап кеткендей, ақынның өлеңдері әсемдікті, сұлулықты, әдемілікті жырлай отырып, соған жетуге шақырады, «Жай жату тек бүгінгі жанның қамы, Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы» екенін айтады.

Көркем әдебиет шығармаларындағы эстетикалық тәрбие туралы ойларды талдау олардың үлкен тәрбиелік әлеуетке ие екендігін көрсетеді.

Халық педагогикасы ескерткіштерінің халық ертегілерінде, батырлар жырында, мәтелдер мен мақалдарында, эпостарда да тәрбиелік мәні өте зор.

Абай «Жазды күн шілде болғанда», «Жазғытұры» өлеңінде

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,

Гүл мен ағаш майысып қарағанда

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су... деп тебірене суреттейді.

Ақын  өлеңдерінде қазақ ауылының өмірімен, салт-дәстүрімен бірге табиғаттың көріністерін сондай дәл, сұлу бере білді. Сондай-ақ, ұлы ақын «Ескілік киімі» деген өлеңінде:

Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап, кигенім-шидем шекпен,

Жейде-дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,

Жырық балақ матамен әдіптеткен.... деп ертедегі киімді суреттеумен бірге  жаңа сұлу киім киюді үгіттеген.

       Адам  жанының әдемілігін бейнелейтін  құрал әдебиет болса, қазақ әдебиетінің  жанры –  өлеңнің орны ерекше. Сөз өнерінің сұлулығын зерттеген  ғалым З.Қабдолов: «Сонет-нәзік лирика. Поэзияның биік деңгейін көрсетер көркемдік дәстүрлі жанр.»-деген.

        ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлттық білім беру ісінің жанданып дамып, қалыптасқаны белгілі. Осы жылдары ұлттық педагогиканың негізін салушылар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов,              Ж. Аймауытов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Т.Шонанов, Е.Омаров,              С. Торайғыров және т.б. қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, педагогикасының дамуына өз үлестерін қоса отырып, Ұлттық мектептің негізін салып, олар ХХ ғасырдың басында ашылған ұлт мектептеріне арналған төл оқулықтарды, әдістемелік құралдарды т.б. көптеген ғылыми еңбектерді дүниеге әкелді. Осы кезеңде ұлттық ғылыми педагогиканың, психологияның негізі қалыптасты. Олардың алғаш педагогикалық  және ағартушылық ой-пікірлері 1909 жылдан бастап көрінді. Ғалымдардың еңбектерін зерделегенде ұлттық педагогикамызға қосқан мынадай сүбелі үлестеріне көңіл аударуға тура келеді:

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие