Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 20:16, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында " білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін оқушының игеруі.

Содержание

Кіріспе
І Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері

ІІ . Эстетикалық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері
2.1. Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
2.2.Ұлттық ерекшеліктер арқылы тұлғаны сұлулыққа, сымбаттылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.

2.3. Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу.
2.4. Оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық тәрбие беру жолдары
2.5.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

+А. Мирамғали эстетика.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық   мазмұн

                          

пәні-педагогика

                                                         

 

 

                                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

Кіріспе 
І Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері  
 
ІІ . Эстетикалық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері

2.1. Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері 
2.2.Ұлттық ерекшеліктер арқылы тұлғаны сұлулыққа, сымбаттылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.  
 
2.3. Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу.  
2.4. Оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық тәрбие беру жолдары 
2.5.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары 
Қорытынды  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Тақырыптың  көкейкестілігі

Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері

         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында " білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін оқушының игеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" керінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз. Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тілсім сыры ұғылады (қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы еткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жұрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған елке" ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті женіндегі түсініктері ұлғаяды, аңыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады. 
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған. 
 
Мұның өзі қазақ халқында жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің біртұтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым жасауға негіз болады. Өз баласына берілген ата-аналар педагогикасының тәрбиелік тәжірибесі молайып, тағылымды өнегелер ата-әженің мейіріміне негізделіп, немере-шөберелерге берілетін ата-әже педагогикасына ұласары хақ. Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениет, сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуын қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді. Қазақ халқының ұлттық этносының маңызы педагогикалық үрдісінде деп білеміз.

       Шығыс халықтарында: "Үш іс  тындырған адам- ол бала өсірген  кісі, жеке дара тал өсірген  кісі және кітап жазған кісі  өлмейді",-деген даналық сөз бар. Бұл да бір ұстаздық үрдістің, мәдениеттің өзіндік жолы деуіміз керек.     Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және сұлулықты танытудың негізгі құралдары әдебиет және өнер деп білген. Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениет, сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуын қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.

Ұлттық тәлім-тәрбиеге сүйене отырып, жас жеткіншекті көркемдікті көре білетін,әсемдікті сезіне білетін, сұлулықты жасай алатын, қорғай алатын, талғампаз, жаны да тәні де әсем- нағыз азамат  болып өсіп жетілуіне қамқорлық жасау қазіргі көкейкесті мәселенің бірі.

Курстық жұмыстың мақсаты: 
Негізгі сынып оқушыларының рухани адамгершілігі және эстетикалық тәрбиесін тәрбие құралдары арқылы қалыптастыру және оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің ұлттық ерекшелігін қарастырып, жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру, педагогикалық - психологиялық мәселелерін айқындау. 
Зерттеу міндеттері: 
1. Эстетикалық тәрбиесінің педагогикалық - психологиялық мәселелерін қарастыру. 
2. Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық ерекшелігінің, адамгершілік, құндылық қасиеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау. 
3. Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы, ауыз әдебиеті шығармаларының ролін, мәнін талдап, маңыздылығын айқындау.  
Зерттеу объектісі: 
Негізгі мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиесіндегі, тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері. 
Зерттеу пәні: Педагогика, этнопедагогика. 
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: 
Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен қорытындылау. 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Негізгі бөлім

Эстетикалық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері

 

          Эстетика-грек сөзі. Сезімталдыққа, өмірді сезім арқылы тануға, әсемдікке, өмір сұлулығын түсіне білуге, айналадағы, тұрмыстағы, өнердегі әдемілікті түйсіне білуге, қабылдауға тәрбиелейді. Ежелгі үнді мифологиясында Тилоттома сұлу туралы аңыз бар. Тилоттома атты сұлу қызға оны  көрген адамдар бұрылып, аузын ашып, қалшиып қатып қалып, таң-тамаша болады екен. Ол жанынан өткенде кім болса да, бар ісін қоя қойып қараса керек. Бір күні аспандағы құдай  жерге түсіп қарап отырса, қасынан әлгі сұлу өтіп барады екен. Таң-тамаша болған құдайға өтіп кеткен сұлуға бұрылып қарауына болмайды, өйткені ол мәңгілік құдай, ал қыз жай адам, олай етсе қасиетті құдайға сын. Содан ол өзінің құдіретін пайдаланып қыз өткен жағына тағы да бет пайда қылады, келесі жағына да, төртінші жағына да... Сөйтіп төрт бетті құдайдың пайда болуына сұлулықтың әсері тиген екен-мыс.

Адамның эстетикалық тәрбиесі оның өмірінде ерекше орын алады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамды рухани тұрғыдан байытып, рухани ләзаттануына мүмкіндік береді.

Эстетикалық тәрбие – тұлғаның көркемдік санасын, сезімін соған сай іс-әрекетін қалыптастыру және дамыту. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, бағалау дайындығын дамыту: көркемөнер және жалпы іс-әрекет саласындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

Эстетикалық тәрбие мазмұны эстетикалық таным, талғам, эстетикалық белсенділігін тәрбиелеуге бағытталады.

Мектептегі тәрбиенің негізгі бағыттары оқу пәндері мазмұнында кең қамтылған (Бейнелеу өнері, музыка, әдебиет, табиғат т.б.). Бұл бағыттағы жұмыстар сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие шаралары, қосымша білім беру мекемелеріндегі (музыка, өнер мектептері, көркемөнер, би үйірмелері т.б.) бағдарламалар арқылы жүзеге асады.

Эстетикалық тәрбие көрсеткіштеріне:

  • эстетикалық сананың даму деңгейі (дүниежүзілік және Отандық  мәдениет саласындағы білімі, шын және жалған көркемдікті ажыратуы, әсемдікті қабылдауы, түсінуі т.б.)
  • эстетикалық сезімі, талғамының қалыптасуы (көркем шығармашылық қабілеті, көркемөнер әрекетіне қызығуы, қажеттігі т.б.);
  • көркем шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі, өз іс-әрекетін эстетикалық нормалар мен құндылықтарға сай ұйымдастыруы т.б. жатады.

Жалпы адамзаттың өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан халықтардың мәдени және ғылыми мұраларын зерттеу - ғасырлар тереңінде өздерінің ізгі ойларын ұсынған ұлы адамдардың есімдерін ғана емес, әр ұлттың өзіне тән бай мәдениетін де көрсетеді. Басқа әлем халықтары сияқты қазақтар да бай, дамыған мәдени-ғылыми, философиялық ойлары бар халық. Мұндай зерделі халықтың әлемдік мәдениеттен тыс қалуы қиянат. Мақтануға да, өзгеге жарқыратып көрсете аларлық рухани қазынамыз, ата-баба қалдырған өткеніміз бар. Әр бір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген әлеуметтік-философиялық ой-пікірлері болған.

Қоғам дамып, үнемі жаңа сипатқа көшкен сайын адамдардың әр нәрсеге көзқарастары да өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл көркемдік-эстетикалық талғам, құндылық, мұрат, адамдар арасындағы қарым-қатынас, махаббат, сүйіспеншілік, табиғатқа, адамдық қасиеттерге деген мәміленің де жаңғырып отыруына себеп болуда. Эстетика және оның  адам өміріндегі маңызы мен психологиялық мәні, тәлім-тәрбиедегі алатын орны әрқашан ғалымдар арасында пікірталастар туғызып келген және үнемі мемлекетіміздің, оның басшысының назарында болып келеді.

Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және сұлулықты танытудың негізгі құралдары әдебиет және өнер деп білген. Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениет, сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуын қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.

Жастардың сұлулық тәрбиесіне қазақтың халық педагогикасында ерекше мән берілген. Ежелгі жазба ескерткіштерден («Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама») сөз өнерінің көркемдік сезім тәрбиесіндегі мәніне ерекше көңіл бөлінгенін көреміз. Сонымен  қатар, қазақ топырағында туып-өскен  Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Йүгнеки, Ахмед Яссауи, т.б. ғұлама ғалымдардың еңбектерінен де эстетикалық тәрбие идеяларын кездестіреміз. Кез келген өнер туындысы қазір адамдардың көркем сезімдерін оятуға емес, бизнес көзі ретінде сатылуына, кіріc әкелуіне қарай бағаланатын болып отыр. Осының өзі эстетикалық талғам мен құндылықтардың дағдарысқа ұшырауының басты себептерінің бірі.

Жастардың эстетикалық  талғамы мен құндылықтары,  ішкі  жан дүниесі көп жағдайда көркем сезімге,  жоғары  эстетикалық  санаға ұмтылмай,  жеңіл-желпі көзқарастан: киім-бұйымға қызығу, мінез-құлық пен қарым-қатынастағы дөрекілік, сыртқы пішін-бейнесінен, жеңіл музыкаға қызығуынан, “селкілдеп” босқа уақыт өткізу  сияқты өмір салтынан байқалады. Мұндай келеңсіздіктерді жастар арасында азайтып, дұрыс жолға салудың басты мекені – тәлім-тәрбие мекемелері және ондағы мақсатты ұйымдастырылған эстетикалық тәрбие жұмыстары. Бүгінгі күні эстетикалық тәрбие жастар өмірінің барлық салаларынан мықтап орын алуы тиіс. Олай болмаған күнде бұрыннан келе жатқан бар дәстүрімізден айрылып қалу, шетелдік ойсыз, пайдасыз, тіпті ұлттық сипатымыз бен адамзаттық болмысымызға қарсы көріністердің жетегінде кету қаупі бар. Бұл кең мағынада алғанда ұлттық қасиеттердің әлсіреп, күйреуіне, ал жеке тұлғалық тұрғыдан алғанда «мәңгүрттік»,  «ойсыздық» секілді дерттердің жастар арасында таралуына алып келеріне көз жеткізіп жүрміз.

Эстетиканың басты құралдарының бірі – әдебиет туындылары. Олар адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істердің, құбылыстардың жақсы жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырады. Қазіргі кезде орта, жоғары оқу орындарындағы және басқа да оқу-тәрбие мекемелеріндегі эстетикалық тәрбие балалар мен жастардың рухани әлемін байытудың басты әрі өте қуатты құралы болуы керек. Өйткені, біздің қоғамда бұрын болып көрмеген сипаттағы сана және сезім күресі орын алуда. Олар шетелдерден келіп жатқан, бір қарағанда «керемет», «ғажайып», «таңқаларлық» болып көрінетін, бірақ адамның бойындағы көркем сезімдер мен ізгі ниеттерді емес, керісінше, жыртқыштық, хайуандық жасырын күштерге қозғау салып оятатын, тіпті кейде еліктетіп әкететін «өнер туындыларына» көбірек еліктеуде. Себебі ол туындыларды қазіргі заманғы техника құралдары мен материалдарын пайдаланып, адамды тартып әкететін тәсілдерді қолданып, көргенде көз тойдыратын қанық бояулар, бет әлпеті сұлу, мүсінді артистердің өнерін пайдалану арқылы жасайды.

Эстетикалық тәрбие – шетелдерден келген идеологиялық «басқыншылық» пен өнердегі «жасандылық», жастар арасына дендеп еніп келе жатқан бағасыз талғам, көркемдікті тани алмайтын көзқарасқа қарсы сезім қауқарын күшейтіп, сана қуатын арттыруға бағытталуы тиіс. Осыған орай қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттері, ғалымдардың айтуынша, біріншіден, эстетикалық сана мен сезімін, эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу; екіншіден, эстетикалық ұғымдар, түсініктер мен эстетикалық ойлауын және бағалауын  қалыптастыру және, үшіншіден, эстетикалық іс-әрекетке бағыттау болуы тиіс.

Отанымыздағы ғылымның дамуына ерен үлес қосқан  ғалым әрі ағартушылар Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбанов, С.Қирабаев, тағы басқалармен қатар,

эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне қатысты С.Ш. Әбенбаев, З. Әбілова, М.Х. Балтабаев, Р.Қ. Дүйсенбінова, Ж. Зейнуллина, Т. Тәжібаев, Г.І.Төретаева, С.Ұзақбаева, І.Р.Халитова, Г.Шәймерденова және т.б. ғалымдардың іргелі еңбектері мен жекелеген мақалаларын айтуға болады. тарихындағы оның көрінісін саралау қажеттігі дау тудырмас мәселе.

Энциклопедиялық сөздіктерде «эстетика» термині жан-жақты қарастырылып, оның адамның сезімдік қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең ашылған. Жалпы «эстетика» термині ежелгі гректің «aijsgavnomas» - «сезу», «aijsghtikov» - «сезіммен қабылданатын» деген сөздерінен шығады. Оның негізгі мәні – нәтижесінде адам өзінің қоршаған ортаға қатынасын рухани-сезімдік дәрежеде сезінетін адамның болмысқа шығармашылық және сезімдік қатынасын меңгерудің тәжірибесін зерттейтін ғылым. «Эстетика» термині қазіргі ғылымда мәдениеттің эстетикалық құрамдас бөлігін көрсету үшін де қолданылады. Кейбір оқулықтарда (мысалы, Ю. Боревтің) қазіргі эстетиканың әлемдік көркем тәжірибені қорытатындығы айтылады. Ю.Б. Боревтің айтуынша, эстетика – жалпыадамзаттық құндылықтар мәні, олардың тууы, болмысы, оларды қабылдау және бағалау, сонымен қатар адамның кез келген іс-әрекеті процесінде дүниені эстетикалық қабылдаудың жалпы принциптері туралы философиялық ғылым болып табылады.

Эстетиканың басты категориялары болып эстетикалық, әсемдік, ұсқынсыздық, қасірет, сайқымазақтық табылады.

Эстетикалық тәжірибе адам баласына өте ерте замандардан тән болды, оның алғашқы көрінісі архаикалық адамның протоэстетикалық практикасынан көрінеді. Яғни олардың өз тұрмысын әрлендіру үшін жасаған, қазіргі кезде біз өнер саласына жатқызатын феномендер оның алғашқы көрінісі болып табылады. Кейінірек эстетикалық тәжірибе мен эстетикалық сана өнерде, күнделікті өмірде тығыз байланыста көрініс береді. Ертедегі Үндістанда, Қытайда, Грекияда мазмұнында эстетикалық мәселелер теориялық деңгейде көтерілген өнер туралы трактаттар мен философиялық мәтіндер пайда болды. Ғарыштың (космостың) хаостан пайда болу тұжырымдамасы («космос» сөзі ежелгі грек тілінде ғарыштан басқа «әшекей», «сұлулық», «тәртіп» деген мағыналарға ие), әсемдікті, үйлесімдікті, тәртіпті, ритмді, өнердегі ұқсастықты санадан өткізуге және сипаттауға ұмтылыс шын мәнінде эстетикалық сананың алғашқы рефлексиясы, эстетиканың ғылым ретінде пайда болуының алғашқы қадамы болып табылады. Яғни, эстетиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы өз бастауын осы ежелгі дүниедегі идеялардан алады әрі қазіргі эстетиканың терминологиялық базасын ежелгі грек тілінің сөздері құрайды.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие