Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 10:11, научная работа
Әлемдік құбылыс адамның қамсыз, жағымды қарым-қатынас құруына кедергі келтіретіндей қорқынышты сезім туғызып келеді. Салдарынан адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу үдерісінде күдікпен, үреймен қарау секілді көлеңкелі іс-әрекеттерге тап болады. Міне, осы үлкендердің қайталайтын қарым-қатынасы балаларға, оқушыларға да тән. Сыртқы жағымсыз іс-әрекетті жою мақсатында анықтап алары мыналар: сыртқы қауіпт туғызар көздерін нақтылауы, оны әр оқушы өзінен аластап отыруы, кей тұста 1) басқа оқушылармен қиындықты жеңуі, қандай қарым-қатынасқа түсе білуі, 2) оған өзінің көмегін көрсетуі; 3) қауымдық одақты қалай, қандай сапада жүргізуі; 4) ұжымның қандай қасиеттерімен іс-әрекетке түсуі.
1.2 Мұғалім мен
оқушылар арасындағы жағымды
қарым-қатынас құрудың
Дәстүрлі білім беру жүйесінде
дайын білімге негізделген
Д. Дьюи тұжырымдары бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады [17]. Бұған қалай жетуге болады?
Оқушы білім меңгеру барысында
кездесетін көкейкесті мәселе, олардың
еркін ойлауы, ойларын сөйлем бірліктерімен
жеткізуде біршама
Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, дағды және жеке қасиеттерін анықтау – мұғалімдер үшін оларды ырықтандырушы.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін мойындатты.
«Сұхбаттық оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үдерісінде оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану қарастырылады. Мысалы, рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, т.б. Бұл амал-тәсілдер сыныптағы барлық оқушыларды іс-әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға жұмылдырып, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.
«Деңгейге сәкес сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» амалының негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысады. Жаттығу барысында оқушылар кез-келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғапөзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас ортанады. Сондай-ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Сұхбатқа қатысушылардың
ішінде сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті
етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ
қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік
беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі
мен шыдамдылықпен таныту керектігін
жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді.
Сұхбаттық оқыту барысында
Білім мазмұнын оқушылардың
меңгеруіне қол жеткізу үшін мұғалімдер
қолданылатын сұрақтардың екі түрі:
«қайталаным деңгейіндегі» және
«эвристикалық деңгейдегі»
Орта қалыптастыру, әрекет арқылы мойынұсындыру және меңгеру өмірмен байланыстыра отыра өзінділік пен дербестікке бағдар жасау көзделеді.
Орта қалыптастыру:
- білім алушы оқу іс-әрекетінде
білім мазмұнын саралау,
- білім игерушілер арасында
ашық, еркін, шығармашылық қарым-
- білім игерушілерге білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар әзірлеу.
Оқушылар мен ұстаздар
арасындағы өзара қарым-қатынас
жасау мәселесі-психология ғылымындағы
және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды,
әрі күрделі көкейкестілікті
алға тартады.Жоғарыдағы мәселеге қатысты
бірсыпыра зерттеулер мен осы
бағытта жинақталған
Қазақ мектептері мен арнаулы
білім беретін жалпы білім
беретін оқу орындарында ұстаз
бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас
орнату, олардың арасында кездесіп
қалатын қиыншылықтар психологиялық
тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып,
тиянақты іздестірілмеген мәселелердің
қатарына жатады. Ал, мұғалім мен
шәкірттер арасындағы қатынасты
іздестірудегі ғылыми-
Оқушылар мен ұстаздар
арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра
жәйттерін психологиялық
Тағылымдық негізге жүгінген
тәжірибе ұстаздың прагматикалық іскерлігін
ұштайды. Қарапайым мұғалімнің ұстаздық
қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін
оқушылардың ой-пікірлері
Бірінші топқа мұғалімнің ұстаздық мәртебеге бейімделу сапалары жатады. Олар: игі тілек, оқушыларға мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық мәртебеге ауысуына қатысты кәсіби шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер. Ұстаздың мұғалімділіктен жоғары деңгейге көтерілуі – өз пәнін жетік білетіндігі, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық
мәртебеге оқушылардың бірімен-
Төртінші топтағы оқушылар, ұстаздық мәртебедегі тәлімгерлерінің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Оқушылардың ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:
1. Ұстаздың адамгершілік
сапалары мен өзіндік
2. Ұстаздың өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;
3. Ұстаздың класс ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы;
4. Ұстаздың мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.
Зерттеу нәтижелерін талдай
отырып, мұғалім жайындағы шәкірттердің
пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда
ұстазға тән 27 ұнамды сапалармен бірге
27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар
екендігін атап көрсетуге болады.
Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы
жайындағы ұнататын сапалары мен
қарым-қатынас жасауда талап
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:
а) оқушылардың адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;
ә) оқушылар мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу;
б) оқушыларға сенім арту;
в) оқушылардың бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы;
г) оқушылармен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;
ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;
д) оқушылардың жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі;
е) әрбір істе үнемі әділетті болуы;
ж) оқушылардың табысы мен
ықылас-ынтасын тез
з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға:
а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы;
ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б)сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;
в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;
г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз ету.
Үшінші топтағы сапалар: а)қоғамдық ұйымдар мен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі;
ә) оқушылардың белсенділігі
мен дербестігін бағалап,
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы;
в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) оқушылардың өзара қарым-
ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы;
д) әрбір нәрсені істей
білетін шебер ұстаз
Төртінші топтағы сапалар:
а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр да шешен сөйлейтіндігі;
ә) мінез-құлқының ізгіліктілігі;
б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген
сапалар оқушылардың ұстаздары
жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді.
Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар
өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-
Бірінші топтағы ерекшеліктер:
а) оқушыларға немқұрайлы, кемкеттікпен қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды кемсітіп ұстайды;
ә) ақыл-есі төмен деп есептеп,оқушыларға көбінесе ақыл, уағыз айтады;
б) оқушыларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді;
в) оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды;
г) оқушыларға дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды;
ғ)оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді;
д) оқушылардың көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е)кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;
ж)оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды;
з)оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.
Екінші топқа жататын кемшіліктер:
а) оқу материалдарын оқулық шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі:
ә) оқушылардың бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді;
б) сабақты нақты, нұсқалы ұйымдастыра алмайды;
в) сабақты қызықсыз, әрі жалаң өткізеді;
г) оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді;
ғ) оқушыларға бір талабын
орындатпай жатып екіншісін қойып,
сабақтың берекесін алады.
Үшінші топқа жататын кемшіліктер:
Информация о работе Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас жасау жолдары