Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас жасау жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 10:11, научная работа

Краткое описание

Әлемдік құбылыс адамның қамсыз, жағымды қарым-қатынас құруына кедергі келтіретіндей қорқынышты сезім туғызып келеді. Салдарынан адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу үдерісінде күдікпен, үреймен қарау секілді көлеңкелі іс-әрекеттерге тап болады. Міне, осы үлкендердің қайталайтын қарым-қатынасы балаларға, оқушыларға да тән. Сыртқы жағымсыз іс-әрекетті жою мақсатында анықтап алары мыналар: сыртқы қауіпт туғызар көздерін нақтылауы, оны әр оқушы өзінен аластап отыруы, кей тұста 1) басқа оқушылармен қиындықты жеңуі, қандай қарым-қатынасқа түсе білуі, 2) оған өзінің көмегін көрсетуі; 3) қауымдық одақты қалай, қандай сапада жүргізуі; 4) ұжымның қандай қасиеттерімен іс-әрекетке түсуі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

арай.docx

— 50.31 Кб (Скачать документ)

Мұғалім мен оқушы  арасындағы жағымды қарым-қатынас  жасау жолдары

Әлемдік құбылыс адамның  қамсыз, жағымды қарым-қатынас құруына  кедергі келтіретіндей қорқынышты сезім туғызып келеді. Салдарынан адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа  түсу үдерісінде күдікпен, үреймен  қарау секілді көлеңкелі іс-әрекеттерге  тап болады. Міне, осы үлкендердің  қайталайтын қарым-қатынасы балаларға, оқушыларға да тән. Сыртқы жағымсыз іс-әрекетті жою мақсатында анықтап алары  мыналар: сыртқы қауіпт туғызар көздерін нақтылауы, оны әр оқушы өзінен аластап  отыруы, кей тұста 1) басқа оқушылармен  қиындықты жеңуі, қандай қарым-қатынасқа  түсе білуі, 2) оған өзінің көмегін көрсетуі; 3) қауымдық одақты қалай, қандай сапада жүргізуі; 4) ұжымның қандай қасиеттерімен  іс-әрекетке түсуі [1].

Егер оқушыларды жағымсыз қарым-қатынасқа осы алгоритммен  түсіру ескерілмесе, онда олардың өзара  бірлестігінің болуы мүмкін емес. Сырттай бірыңғай бағытқа бағдарланған қарым-қатынас секілді көрінгенімен, іштей олардың рационалды әрекеттестік үдерісті бағамдауы қиындық туғызуы.

М. Хайдеггер [2] адамдардың қарым-қатынасы және әлемді суретке түсіруі секілді түсініктері жайлы төмендегі жіктемелерді ұсынады:

- адам әлемді суретке  түсіреді;

- адам әлемді сурет  ретінде түсінеді;

- әлем суретке айналады;

- адам әлемді сурет  ретінде пір тұтады.

М. Хайдеггер өзінің зерттеу  еңбегінде адамның әлем жайлы  түсінігінің өрлеу динамикасына қатысты маңызды қорытынды түзеді: 1) әлемді сурет ретінде жүйелеп; 2) ойша оны көз алдына тұтастай келтіріп; 3) тарихи үдеріске осы іс-әрекеттің  басы оның ішкі құлқының, субъектісінің  қызметі тұрғысында жүзеге асады. Хайдеггер үшін әлемді суретке салу мәселесін шешу оның дүниетанымына қатысты болып келеді.

Егер «әлем, дүние адамға сурет ретінде қабылданса, адамның ұстанымы дүниетаным сапасында түсіндіріледі». Хайдеггерше әлем жайлы сурет – ол «мән» жайлы түсінік, ал дүниетаным – бұл адамның «мәнге» қатысы деген тұжырымға саяды.

Біздердің ойымызша, оқушы табиғаты әлемді қоршаған ортасын өзінің «бала магнитаралына» дыбысымен сурет сапасында сала алса, ол белгілі бір мәнге маңыз бергені. Егер оған қатысты ой-пікір айтса, оның әлем суретіне, оның мәнділігіне деген қатысы, көзқарасы анықталады. Міне, осы ойға М. Хайдеггердің жоғарыдағы тұжырымы субстанция, тірек қызметін атқарып тұр.

А. Энштейн [3] 1) адамның әлемді суретке түсіруі оның табиғи әлем суретіне бара-бар көріністі жасалуы; 2) оның әлем жайлы сезімнен өзін бөліп  алып; 3) сол суретті есіне сақтау қабілетін ұштайды деген ой-пікір  айтқан.

Бұндай іс-әрекетті іске асыратындар: суретшілер, ақындар, философтар, жаратылысты зерттеушілер. Аталған  мамандықтағылардың әрқайсысы өздігінен, өздерінің ішкі пайымдарының рухани деңгейіне сай әлемді суретке  түсіреді. Оларға әлемді суретке түсіру үдерісі тыныштық пен сенім әкеледі, - деп ой қорытады Энштейн.

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап әлемді суретке салу үдерісі  семиотика шегінде қарастырылады. Бұл алдыңғы үлгінің тілін  зерттеуге және екінші үлгіні бағамдауға бағыттайды. Бірінші үлгі – тіл, екінші үлгі – миф, дін, фольклор, поэзия, проза, кино, живопись, архитектура  және т.б. [4].

Антропология тұжырымдамасында адами мәнділік әртүрлі қарама-қайшылықтағы өмірсүрушілермен анықталады (жасанды  интеллект, әл-Фарабише жүре келе дарыған  интеллект). Әлемді суретке салу іс-әрекетінде оқушы жағдайын ескерсек, «семиотика»  грек тілінде «белгі», «көрсеткіш»  дегенді білдіреді. Олай болса, біздер жоғарыда талданған В. И. Постовалованың еңбегіндегі «семиотика» ұғымы  үлкендерге қатысты зерделенсе, біздер оны оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасқа  түсуіндегі әлемді суретке түсіру қабылетінің  өркендеуіне байланысты деген тұжырыммен ой түйеміз. Бұл жағдайда, оқушының ақпараттарды келесіге жеткізу үдерісінде зерделеу тәсілдері, белгі, көрсеткіштердің қасиеті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу барысында танылады. Сондықтан басымдық мәнде жаратылыс және жасанды тілдер болып, екіге жіктеліп, мәдени құбылыстардың кейбір тұстары, мифтік жүйе, дәстүрлер қоғамдық сипатқа ие болады. Табиғаттағы аңдар мен хайуанаттардың бір-бірімен қарым-қатынасын, немесе оқушының көру, есту қабылдау түйсігін анықтайды.

Көбінесе семиотика ұғымын мәтінге қатысты және оны іс-әрекетте қолданамыз.

Семиотика ұғымын алғаш рет  ХІХ ғасырда американдық философ  Чарльз Сандерс Пирс анықтаған. Ал ХХ ғасырда семиотика лингвистикалық ұғымға бейімделіп кетеді. Лингвистикалық құрылым идеясының негізін қалаған  – Ф. де Соссюр.

«Семиотика» ұғымы Ч. Морристің [5] танымында зерттеу үшін белгілерден  түсінетін тіл жасау, ол ғылыми зерттеуде, өнер мен техникаға қатысты қолданылатынын айқындаған.

Семиотиканы оқушылар бір-бірімен  қарым-қатынасқа түскенде үш түрлі  мәнде қолданады. 1) мазмұнды жеткізу  функциясы; 2) тыңдаушы өзінің түсінгенін білдіру функциясы; 3) сезімдік әсерді байқату функциясы. Осы аталған  функциялар белгі жүйесін ұйымдастыруды  іштей анықтайды. Нәтижесінде, 1. семиотика: 1) Синтактика, белгі жүйесін іштей  зерттеуді оның атқарар қызметіне  қатысты емес тұрғыда қарастырады; 2) Семантика, мәнділікті, маңыздылықты айқындау құралы ретіндегі белгі  жүйесін зерделеуші ретінде іске асырылады; 3) Прагматика, белгі жүйесін тәжірибеде қолданады.

Көрсетілген семиотиканың 3 функциясы мұғалім мен оқушылардың  арасындағы жақсы қарым-қатынасты  орнықтыруға айтарлықтай үлесі  бар. Жақсы қарым-қатынас туғызудың  бірден бір жолы – аталған семиотиканың 3 функциясын іс-әрекетте, білім мазмұнынынан туындату мұғалімнің кәсіби шеберлігіне  қатысты. «Білім мазмұны» ұғымы бұл  орайда әдебиет, тарих, қоғамдық пәндер мен жаратылыстану және нақтылы  айналымдағы мемлекеттік стандарт оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар. Міне, осы білім мазмұнынынан туындайтын адамгершілікке қатысты табиғатты, оқушының әлемді суретке ойша түсіру қабілетін білім мазмұны арқылы алғашқы үлші және екінші нұсқасында семиотикалық жолмен іске асывру көзделеді. Бұл оқушының білім мазмұнынынан алғашқы белгінің жүйесін адами-адамгершілік мәнде табуы, оның маңыздылығын ашу, алған тағылымын іс-әрекетте пайдалану.

В. Н. Топоров [6] әлем жайлы  сурет түсіру туралы былай дейді: «Әлемнің ішкі дәстүрлерін жинақтап, оның жиынын сығылыстырып, қысқартып  жалпы әлемді суретке түсіру үлгісі анықталады.

Әлем үлгісі эмпирикалық  деңгейге қатысты емес.

Әлемнің жүйесі және іс-әрекеттік  характерінің мүмкіндігі синхрондық деңгейде нұсқалы және нұсқалы емес түрлері  диахрондық деңгейде жүйе құрылымдарының бір-біріне тәуелділігі мен сабақтастығы ашылады және ол тарихи әлеуеттің  өркендеуін көрсетеді».

Бұл орайда, зерттеуші әлемді суретке түсіру үдерісінде жинақтау, сығылыстыру, оның ауқымын қысқарту секілді жолдарды ғылыми тұрғыда  синхронды және диахронды деңгейде іске асырылатынына мән береді.

Біздің зерттеуімізге  қатысты синхрон білім мазмұнынынан мұғалім мен оқушылардың жағымды  қарым-қатынасқа түсуіне бірден+-бір  ұтымды жол нұсқалы және нұсқалы  емес тұжырымдарды анықтауға қатысты  синхрон және диахрон екенін ескереміз. Бұл – қарым-қатынасты мұғалім  мен оқушының жағымды бағдарда құруына  ең тиімді жол.

А. Я. Гуревич [7] әлем суретін  «Координат торшасы» сапасында түсіндіреді, адамдар оны өзінің іс-әрекетінде қабылдап, әлем жайлы образ құрып, оны өздерінің түйсігінде сақтайды деген пікір айтады. Әмбебапты  ұғымдар, қатегориялар деп мына жіктемені  ұсынады:

- уақыт, кеңістік, өзгеру, себеп-салдар, тағдыр, сан, сезім  мөлшерінен тыс құбылыстарға  қатысы, бөлшек пен бүтінге қатысы  және т.б.;

- сан категориясының барлық  мәдени нысанға ортақ болып  келуі, ол бірақ ұлттық негізге  құрылмауы, көзге елестетуі әр  индивидтің жеке ақыл-ойына, тіліне  қатысты ұлттық тәсілде болуы.

Жоғарыдағы жіктемені  А. Я. Гуревич белгілі бір әлеуметтік топтардың арнайы белгі-нышандарына  қатысты екендігі ескеріледі, - деген  түйін жасайды.

Біздің еңбегімізге байланысты А. Я. Гуревичтің рухани құндылығы әр оқушының жинаған біліми-тезаурустық бағдарындағы адамгершілік қасиеттерінің маңыздылығын анықтайтын ақыл-ойы қаншалықты деңгейде болса, оның соншалықты дәрежеде көз алдына әлемді суретке салу тәсілі анықталады. Егер оқушы бұндай жолдың бар екенін сабақтан-сабаққа ескеретін әрекеттестік оқу үдерісін ырықтануы арқылы ұйымдастыра алса, оның әлемді суретке салу тәсілі күннен-күнге мәнді болмақ. Бұл жағдайда, мәнділік семиотиканың бір құрамы екендігін еске сақтап, оның мазмұны – білім, ал білім құндылығы адамгершілік екеніне бағдар жасау көзделеді. Біздер аталған педагогикалық негізден туындаған үдерісті мұғалім мен оқушының жағымды қарым-қатынас жасауының тағы бір жолы деп есептейміз.

Әлем жайлы суреттің үлгісін  құраушыларды зерттейтін ғалымдар оның адам тәртібіне қатысты әсерін анықтап, өзара қарым-қатынас жасауға ықпалының  бар екенін ашады. Ол әр тұлғаның тәртібіне  қатысты бағдарлама сапасында іске асырылып, іс-әрекеттік жиынын анықтап, әлемге деген қатысын орнықтырып, оны тәжірибеде қолданудың және қажетіне жаратудың ережесін келтіреді.

Ғалымдар әлем жайлы суретті  әртүрлі жіктеме тұрғысында қарастырады. Қанша байқаушы болса, сонша әлеммен  қатысы бар адамның ойша суреті жаднамасында тұрақталып қалған. «Әлем» ұғымына  синоним шынайы ақиқатты тұрмыста қолдану, табиғат және адам арасындағы қарым-қатынас  деп түсіндіреді.

Әлемнің жеке ғылыми суреті жинақтық мәнде келіп, адамның рухани белсенді іс-әрекетінің нәтижесі ретінде  көрінеді деген ой айтылады. Сол  себепті ол ешбір адамның сезіміне, психикалық жайын, қабылдау әдістерін  анықтайтын нысан еместігіне көңіл  бөлінген. Нақтылап айтсақ, В. С. Степин [8].

Іргелі ғалымдардың ұғымдары мен қағидаларының көмегімен  адамда әлем жайлы жалпы жүйе ғылыми негізде қабылданады деген тұжырым  жасайды.

Жоғарыдағы тұжырымнан біздер мұғалім мен оқушының жағымды  қарым-қатынас жасау жолы іргелі ғылым негіщіндегі (математика, әдебиет, физика, жаратылыстану және т.б.) ұғымдар  мен қағидаларға сүйенуі қарастырылады.

Жағымды мінез тудыруға іргелі ғылым, білім мазмұнынан оқушының тезаурустық  бағдар жасап, пән ішіндегі ұғымдарды  есіне сақтауға және оның қағидаларын  игеруге нұсқау жасайтын мұғалім  екеніне ерекше маңыз береміз. Бұндай жұмысты жүргізуге В. С. Степиннің  аталған тұжырымы негіз болады.

Әлемнің суретін ғылыми негізде  құруға ақиқатты айқындап, оны үлгілей  білу тәсілдері әсер етпек. Жеке ғылыми-біліми пәндерден басқа әмбебапты, жаһандықты қамтитын әлем жайлы біліктілік аймағы бар. Мәселенің түйінін О. А. Корнилов [9] былай түзеді: «Әлем жайлы ғылыми білім жеке ғылымдардың жиыны  ретінде келіп, ол қоғамның адами  тұрғыда өркендеуінің тірегі» - дейді.

Біздің зерттеуімізде, мұғалім оқушының әлем жайлы сурет салуының тұтқасы ретінде білім мазмұнынан жағымды қылық туғызар сапаларды, ізгілікті ұстанымға бағдар берер қасиеттерді жинауға, оны іс-әрекетте қолдануға бейімдеу көзделеді.

Заманауи қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық саяси-мәдени өзгерістер білімнен тәрбие туындату мәселесіне жаңа көзқарас, парадигманы түсінуге бетбұрыс жасап отыр. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» - деген анықтама берілген [10].

Жағымды мінез дарытудың  қағидасы әлеуметтік-мәдени өркендеудің  жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.

Оқушының тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына  қарым-қатынасынан байқалады. Оқушы  бойынша кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер  қарым-қатынас жасаудың негізі болып  табылады. Оқушы шынайы махаббатпен  туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей  әрекет жасауға бейімделуі білім  арқылы қол жеткізеді.

Оқушыға қатысты өмірлік  қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды  қарым-қатынаспен, ал адамгершілкке  жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да оқушылар бір-бірімен  қарым-қатынас жасау кезінде адамдық  қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта  ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.

Білімнен туындаған жағымды  мінездің мәнін түсіну – қарым-қатынасты  ажырата білуге байланысты. Оқушыны  үйлесімді жеке тұлға ретінде  қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты  шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалау білуде. Мұның өзі бір-бірімен  өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің  бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау  керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін  байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның ілгерішіл  өрлеуіне жол ашады. Жағымсыз әрекеттер  адамгершілікке жат нірсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды  жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.

Информация о работе Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас жасау жолдары