Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас жасау жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 10:11, научная работа

Краткое описание

Әлемдік құбылыс адамның қамсыз, жағымды қарым-қатынас құруына кедергі келтіретіндей қорқынышты сезім туғызып келеді. Салдарынан адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу үдерісінде күдікпен, үреймен қарау секілді көлеңкелі іс-әрекеттерге тап болады. Міне, осы үлкендердің қайталайтын қарым-қатынасы балаларға, оқушыларға да тән. Сыртқы жағымсыз іс-әрекетті жою мақсатында анықтап алары мыналар: сыртқы қауіпт туғызар көздерін нақтылауы, оны әр оқушы өзінен аластап отыруы, кей тұста 1) басқа оқушылармен қиындықты жеңуі, қандай қарым-қатынасқа түсе білуі, 2) оған өзінің көмегін көрсетуі; 3) қауымдық одақты қалай, қандай сапада жүргізуі; 4) ұжымның қандай қасиеттерімен іс-әрекетке түсуі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

арай.docx

— 50.31 Кб (Скачать документ)

Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек  және т.б. сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты  жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты  жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік бағдарын өркендету  және ілгерілету. Үшіншісі қарым-қатынаста  көрініс табатын інез-құлықтық –  әрекеттік форманы құру болып  табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және әдепті.

Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның  өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы  ескеретін ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа  түсу бір мезгілде, бірыңғай мұғалімдер мен оқушылардың жарасымды одағымен ілгерілеуді көздейді.

Табиғат – адам ең алдымен  табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе  өмір сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі  үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап, көмек көрсетеді.

Мәдениет – барлық жағынан  көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен заттар (адамның материалдық  мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме, сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде, мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс  ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени құндылықтарға  қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен  етене жақындасу балаларды өмірлік  құбылыстарды бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.

Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның  кәсіби, шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйіәкті ісі. Баланы жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат алатындай, нәтижелі, пайдалы  іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі  арқылы қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы  қажет. Ол үшін барлық іске шығармашылықпен  қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі балалардың қабілеттерін дамытады.

Қоршаған адамдар –  адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек қана баласы, тек  сүйікті адамы ғана болып қоймайды. Адамда олардың барлығы да болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас, туыстас, қызметтес және ортақ ісі бойнша таныстары, жолдастары болады. Мектептегі құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең, осындай қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады. Сонымен қатар балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымен, туған-туыстарымен қарым-қатынас жасайды.

Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек, бұл тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі  ол таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен  қарым-қатынас арқылы түсініседі, тіл  табысады, келісімге келеді, сенімге  ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік  тәжірибе жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-қатынас дегеніміз – бұл  адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды  ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді, әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.

«Мен» өзім – ең жоғарғы  құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде  мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құметпен сезіну. Жеке тұлғаның «Мені» үйде, мектепте айқанды қалт еткізбей орындау, темірдей тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен ережелер көлеңкесіндегі қалып  қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы  жақтарын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне  және өзінің болашағына сенбейді, ортақ  іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып  қалады, өзін көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол  себепті де баланы қарым-қатынасқа  үйретуге өзіндік «Менін» дұрыс  жолға қойып, мақсатты түрде бағыттап отырған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі  тану сабақтарында оқушыларды адами  қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.

Қорыта айтқанда, өзін-өзі  танудың түпкі мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды  негізге ала отырып, оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру арқылы жан-жақты жетілген және үйлесімді дамыған адам тәрбиелеу  болып табылады.

Оқушыларда жағымды көзқарас тудыруда әлем жайлы суретті философиялық тұрғыда туғызуда оның сипаты мен  ұлтына, құрылым жүйесіне тәуелді  емес. Өз көзімен қарауға бұл іс-әрекет таптырмайтын үдеріс.

Әлем суретін мәдени тұрғыда  іске асыру – оқушының санасына, ізгілікті ұстанымына, болмысына  қатысты ақиқат.

Тіл – әр халықтың мәдениетінің бір бөлігі, бүкіл елдің ойлау, парасаттау әлемін танытар нысан. Олай болса, мұғалім оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнықтыруда тіл байлығының аталып өткен синтактикалық, семантикалық, прагматикалық мәні ескеріледі.

Тілдің білім мазмұнынан жағымды қарым-қатынас жасауға  алар құндылығы ретінде біздер шындық, мейірім, сұлулыфқ екеніне тоқталып өттік.

Мектептегі тәрбиенің  тірек көздері сапасында адамгершілік, экономикалық, азаматтық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б. сипаты аталып өткен әлем жайлы суретті  философиялық тұрғыда меңгерту екені  байқалды.

Педагогика ілімінде аксиология, құндылық оқушының өзі деген тұжырым  басымдық мәнде болып отыр.

Қорыта келгенде, жоғарыдағы табиғат, мәдениет, іс-әрекет, қоршаған адамдар туралы оқушылардың түсінігі білім мазмұны, мектепте оқылатын пәндер арқылы өркендеп, ең маңызды басымдықтарды  меңгеруге бағдарлануы қарастырылады. Міне, сонда ғана білімнен тәрбие алуы тұтастық деңгейде іске асырылады. Мұғалімнің оқушылармен жағымды қарым-қатынас жасауына әлемді суретке ойша түсіруде шындықты ауытқытпай тану мен оны пайым құруға сәтті қолдана білу іскерлігі ұшталғанда ғана аталған мәселе дұрыс шешілмек.

Әлеуметтік жүйе ұстанымы мұғалім мен оқушының үндестікте іс-әрекетке түсуіне мүмкіндік бермек. Әлеуметтік ұстаным – әр оқушының тұрмыстағы өмір сүру стилі мен мұғалімнің сол стиліне түсіністікпен қарауы. Былайша айтсақ, оқушының әлеумет  туралы түсінігі жоғары, ал мұғалімнің бағалауы оған сәйкес келмесе, араларында кикілжің туары сөзсіз.

Оқушы сыныбының өрлей  беру үдерісіне қатысты әлемді суретке түсіруде тұжырымдылық тұрғыдағы ойлау – парасаттау іс-әрекеті ширайды. Бұл орайда, Р. И. Павиленис [11], И. И. Халеева [12] тұжырымдылық тұрғыда әлемді суретке ойша түсіруде «эмоционалды-бағалау және қажетсіну уәжін және сананың басқадай концептісін өзінің іс-әрекетіне қосады. Мұнымен бірге тұжырымдылық тұрғыда әлемді суретке түсіруде белгілі бір пән арқылы және танымдық қызметпен жеке мүмкіндікті мәтіндеме негізінде өркендетуге бағдарланады. Тұжырымдылық тұрғыда әлемді суретке түсіру энциклопедиялық біліммен қабылдануы» - деген ой түйеді.

Дж. Лакофф [13] әр адамның  әлем жайлы білімін адамның ол туралы білімімен қарастырады. Аталған  ой-тйіндемелерден шығарар қорытындымыз мұғалімдердің оқушылармен жағымды  қарым-қатынасқа түсуі оқушылардың  мәтіндемелерден тұжырымдылық тұрғыда  әлемді суретке түсіруі олардың  қабылдауына, шындықты құбылыс іс-әрекетіне  қатысты етіп бағамдауына мән  беріледі.

Оқушыларға мұғалім білім  мазмұнынан мәтіндемедегі жабық  айтылған жағымды тұстарды түсінетін сананы тәрбиелеу дегенді аңғарамыз. Сондықтан аталған талдауда «импликация» ұғымы ұсынылады. Бұл ұғым латынның тоқу, иірілу секілді сөзінен шыққан. Егер этнопедагогикаға жүгінсек, Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге тоқылық» - деген өлең тармақтары осы «импликация» ұғымын «тоқу» өрнегімен келтіріп тұр. Бұдан біздер Дж. Лакофф іліміндегі тұжырым Ы. Алтынсарин шығармашылығында  да кездесетінін байқадық. Оқу іс-әрекеті арқылы әр оқушының білім мазмұнынан олардың бір-біріне жағымды ықпал жасау үдерісі тікелей туындап отырады. Синтактика, семантика, семиотика ұғымдарын меңгерген оқушыла прагматикалық іскерлік шыратылады. Нәтижесінде, оқушы мәтіндемеден ізгілікті жан үлгісіне сәйкес мәнділікті меңгеруге ынталанады.

Әр оқушының лингвистикалық сөйлеу өнері мен тұжырымдық тұрғыда  әлемді суретке түсіруі бір-бірімен  үндестікте келуі қадағаланады. Алынған  ақпараттан оқушы бір-бірімен жақсы  қарым-қатынасқа түсуіне құндылықтар  жиюы көзделеді. Оқушының ішкі әлеміндегі ұйымдастырушылық белгілері, семиотикасы  іс-әрекетте тағылымға жүгінсе, онда оның прагматикалық қарым-қатынасы оңтайлы құрылады.

Бұндай түйіндемеге негіз  болған Г. А. Брутян [14]: «Тануға ынталанған субъекті ұғымдық аппаратты ойлау үлгісіне салады, ал білім сөз құралы арқылы өркендейді, бұны біздер әлемді тіл арқылы суретке түсіру» - деген ой айтады.

Нәтижесінде, тіл арқылы әлемді суретке түсіру әлем суретін мәдениет арқылы шындыққа айналдыру. Мәдени, тіл арқылы әлемді суретке түсіру бір жағынан ұғымдық және тұжырымдық болып екіге бөлінеді дегенді де Г. А. Брутян өзінің зерттеу еңбегінде дәлелдеп берген.

Қарым-қатынасты құруды Г. А. Брутян коммуникативтік қызмет сапасында  зерттеген. Ұлт тілі алдымен коммуникативтік, ақпараттық, эмоционалдық қызметтер  интеграциясынан құрылады.

Жалпы коммуникативтік қызмет үдерісінде әлем ақиқатына пән және құбылыс одан ойлау іс-әрекет, түсінік, ұғымдық секілді құралдар шығып, соңында тіл шығады. Сөз сөзден ақиқатқа негізделген әлем═ ойлау═тіл  арқылы әлем суретінің сипаты құрылады деген тұжырымға Г. А. Брутян ерекше мән береді. Сөздерді кіші бөліктер деп қарастырсақ, оны біздер мозаика  ретінде аламыз. Әр түрлі кіші бөліктер әртүрлі сурет құрастырады.

Қорыта келгенде, тіл арқылы әлемді суретке түсіру оқушы мен  мұғалімнің жағымды қарым-қатынасын  іс-ірекетте оңтайлы жаққа бұрудың  бір тізгіні синтактикалық, семантикалық, семиотикалық қабілеттілігінің тәжірибедегі ақиқатты қызметімен көрсетіледі.

ХХ ғасырдың аяқ шенінде  «Адами фактордың мәні оның тілінде» (М., 1988) Г. А. Брутян, С. А. Васильев, Г. В. Колшанский, Н. И. Сукаленко, М. Блэк, Д. Хаймс [15] сияқты зерттеушілердің ұжымдық монографиялары жарық көрді. Кейінгі жылдары аталған мәселені зерттеушілер когнитивтік тұрғыда қарастырды.

Әлемді суретке түсіру білімнің құрылымын шындыққа сәйкес қабылдау тәсілдері мен зерделеуді дұрыс деген тұжырым туындаған. Тіл нақтылы зат жайлы белгі  беріп, оған ұғымдарды ерекше жүйе ретінде  ұсынады. Заттың шынайы бейнесін ақиқатқа сыйымды тіл бірлігімен келесі оқушыға жеткізуге олардың сөйлеу тілдері бір жағынан синтиаксистік, екінші жағынан мағыналық, үшінші жағынан семиотикалық мәнде өркендеуі көзделеді.

Г. Д. Гачев [16] әлемді образға түсірудегі ұлттық мазмұнда сол ұлттың сипаты жоқ, керісінше, «әлем арқылы ұлттық өрлеу», ал психология орнына гносеология, ұлттық көркем құбылысты пайымдау өресі мен оның парасатына бағынышты қабылдау іс-әрекеті пайда болады деген тұжырым құрған (әлем құрылысы қандай?). Әр ұлт өзінің ана тілінде семиотикалық ерекшеліктерді ескеретін жағдайда. Олай болса, ана тілінде меңгерген білім оқушының әлемді суретке түсірудегі ақиқатқа сәйкесіп келуі басымдықта екенін зерттеушілер қадап айтады. Бұл тұжырымға А. Байтұрсынов әр баланың екінші, үшінші тілді меңгеруі 14 жастан былай болуы туралы пікір білдірген.

Әрине, бүгінгі индиго секілді  оқушыларымыздың санаты өсіп отырған  заманда мүмкін бірінші сыныптар шет тілдерін оқуға болар. Десек  те, оны зертханадан ресми тұрғыда  зерттеген ғалымдар біздерге әлі  белгісіз.

Әлемді тіл арқылы суретке  түсіру іс-әрекетінде оқушылар білім  мазмұнынан жинақтаған лексикалық қоры шындықты тұжырымдауда белгілі бір  өзінің тәсілімен сипаттайды. Халықтық сипатты айқындауда оның тарихи өмір сүрудегі жағдайларына қатысты, әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалға байланысты екенін ескерген жөн.

Әлемді сезіммен суретке  түсіру қоршаған ортаны сезіммен қабылдау дегенді ұғындырады. Адамда сезім  болмаса, сан жылдардағы эволюциялық  дәуірлеу кезеңдерінен өшу де мүмкін болмас еді.

Қорыта келгенде, сезім  танымның алғышарты болып келеді. Өйткені адам ретінде алғашқы  қауымдық құрылыста эволюция сезім, эмоция арқылы өркен дайғаны белгілі. Бүгінгі таңда сезім нұрлы  ақылды билеп кететін тұста заманауи мүддесіне сәйкес келмейтін жерлері  де жоқ емес. Олай болса, әрбір оқушының психологиялық ерекшелігіндегі  эмоционалдық сәттердің нұрлы ақылға бағынуын қадағалаған абзал. Бұндай тұжырымдар жасау үшін алдымен біздер психологтардың қарым-қатынас жайлы  ой-пікірлеріне құлақ салайық.

Информация о работе Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас жасау жолдары