Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алатын орнын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.
2. Педагогикалық бағытты қалыптастыру.
3. Эстетикалық тәрбиенің жаңа әдістері мен формаларын енгізу.
4. Жаңа ғылыми - әдістемелік жабдықтармен қамтылу.
5. Ұлттық тәрбие жүйесін анықтау.
6. Эстетикалық тәрбиеде баланың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.
7. Эстетикалық тәрбиенің құндылықтарын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Эстетикалық тәрбие беру туралы түсінік 6
1.2. Эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері 9
1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері 11
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері 16
2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары 19
2.3. Күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасы 22
2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді эстетикалық тәрбие беруде пайдалану 24
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие +.docx

— 81.74 Кб (Скачать документ)

            Соның ішінде фольклордың, қолданбалы сәндік өнердің, халықтың музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше. Киім киісінде, жүріс-тұрысында, қонақ күтуінде, сый-сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да қазақ халқында «Өнер көзі - халықта», «Шебердің қолы ортақ» деген ақыл сөзі жоғарыда айтқандарымызға дәлел. [4;18]

           Сонымен бірге халқымыздың өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, ертегілері, шешендік, қара сөздері әрі көркем, әрі образды болып келетін ауыз әдебиетіне тән жанрлары әр түрлі жастағы оқушыларға эстетикалық тәлім-тәрбие беруде мәдени мұраға айналды.

          Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу-тәрбие үрдісімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады.

           Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалының мазмұны,  сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым-қатынастар – бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілетін шыңдауда жүйелі түрде қызмет атқарады. Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады.

           Бастауыш мектеп жасы кезеңінде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықтарды дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу.

           Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың қатарында бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады. Ал, тәрбие сағаттарында халықтың салт-дәстүрлері арқылы оқыта отырып, оқушыларға эстетикалық бағыттағы тәлім-тәрбие берудің де маңызы өте зор.

           Әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері «Сурет», «Кескіндеме», «Композиция», «Мүсіндеу», «Өнертану», «Көркем еңбек» салалары бойынша жүргізіледі, осы әрбір сала бойынша сабақтарда халықтың салт-дәстүрлері негізінде эстетикалық тәрбие берілсе, бір жағының оқушының талғамы, сезімі мен әсемділікті түсіну қабілеті артса, екінші жағынан оқушы ата-баба салт-дәстүрлері негізінде тәлім-тәрбие алады. 

            Халқымыздың салт-дәстүрлерінің түрлерінен білім ала отырып, бұрын ата-бабамыздың  әсемділікті, әдемілікті қалай бағалағандары, талғамдары мен жоғарғы эстетикалық сезімдерінің қаншалықты дамығандары туралы түсініктер алады. Ал, бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын құруды үйретеді. [14;27]

            Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауын, шығармашылық елесін, қиялын, есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы өте зор.   

          Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан халқымыздың салт-дәстүрлерінің музыкалық әуендерімен таныстыра отырып теориялық білімдер беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі.

            Бастауыш сынып оқушыларына сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие беру жұмыстары тек эстетикалық бағытта оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте өткізілетін барлық оқу пәндерінің де соған қатысы бар.

             Атап айтсақ, дүниетануды оқыту барысында адамзат қоғамның даму барысындағы әртүрлі халықтардың мәдениеті мен өнернің дамуын, Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемдігі мен құдіретін, жер, су, қазба байлықтарын, ана тілі пәні сабағында сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді ақиқат бейнесі тұрғысынан түсіну т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндеттерді шешу барысында да атқарылады.

        Сонымен қатар, сабақтар барысында халқымыздың салт-дәстүрлеріне қатысты көрнекі құралдарды пайдалану, музыкалық шығармалар орындау арқылы оқылып отырған оқу материалының эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етсе, соның негізінде оқушыларда қызығушылық сезімі жанданады. Тіпті мұғалім мен оқушылар арасындағы ізгі қарым-қатынас, сыныптың эстетикалық тұрғыдан жабдықталуы, тазалығы, оқушыларыдң көңіл-күйлерін жақсартып, сабаққа деген оң ықыласын тудырады.

         Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша эстетикалық тәлім-тәрбие жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кезеңдерінде де жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан тыс кезеңдерде және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын жатқызуға болады. Мысалы: «Наурыз» мерекесі кезінде халқымызыдң салт-дәстүрлерін сахналауды алуға болады. [10;25]

        Сонымен қатар, салт-дәстүрлемімізге байланысты шағын көріністер қою, осы аталған тақырыптағы қылқалам шеберлерімен кездесулер өткізу, қызықты кітаптар оқу, оқырмандар конференцияларын ұйымдастыру сабақтары барысында эстетикалық білімдері мен түсініктерін одан әрі шыңдауға, қабілеттері мен шығармашылық белсенділіктерін одан әрі дамытудың оң ықпалын тигізеді.

        Сыныптан тыс тәрбие беру жүйесінде тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, дайындау, оны өткізу барысында олардың эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етудің де маңызы зор. Мұндай бұқаралық шараларды дайындау барысында оқушылардың қызығушылығы артып, ертеңгі күнге қуаныш сезімдерін қарайды, өтілетін тәрбие тақырыбына сай безендіру жұмыстары мен қатар ән, би, көркем сөз өнерлерін әзірлеуге ат салысады. Ал, оқушылардың осындай шығармашылық әрекеттерін эстетикалық талапқа сай ұйымдастыруға жағдай туғызады. [17;18]

         Сонымен бірге осы тұрғыда мәдени құндылықтарды оқушылар бойына сіңіруде мектеп кітапханасының парасатты қызметі ерекше. Дұрыс ұйымдастырылған кітапхана жұмысы – тәрбие мектебі болып есептелінеді. Кітапхана аясында халықтық салт-дәстүрлер тақырыбына байланысты өткізілген тәрбие шаралары оқушылардың көркем-әдеби шығармаларын сүю, эстетикалық талғамдарын арттыру, мәдени ой-өрісін кеңейтуге, әдемілікті сезуге және талғамды түсінуге орасан зор еңбек сіңіреді.

         Оқушылардың эстетикалық сана-сезімі, көзқарасы мен талғамын, құштарлығын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамасыз етуде ұстаздар ұжымының эстетика саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін «әсемдік заңы» бойынша құруда олардың өздерінің белсенді әрекеттерінің болуы да мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді.

           Себебі, оқу құралдары мен сыныптан тыс шаралардың мазмұны эстетикалық шараларға сай міндеттерді шешуде бізге жеткілікті сияқты көрінеді, ал оларды мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде қолдана білуі өзінен-өзі мүмкін секілді болып көрінеді.

           Іс жүзінде ол, олай емес. Осыған орай барша мектеп мұғалімдерінде, сонымен қатар бастауыш мектеп мұғалімдерінде белгілі бір мөлшерде эстетикалық даярлықтың болуы, оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу мәселелері мен эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бірден-бір кепілі болмақ. Бұл бағытта мектептерде мұғалімдерден құрылған көркемөнерпаздар үйірмелері, не үйірмелерде мұғалімдер мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеуі мектеп үшін де, жалпы ұстаздар қауымы үшін де үлгі-өнеге болмақ.          

          Бастауыш сыныпта мұғалімдер халықтық тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдерді, астарлы сөздерді пайдаланса, олардың айтқандары оқушыларға әсерлірек болар еді: «Гүл - жердің көркі, қыз – елдің көркі», «Сабыр түбі сары алтын», «Өтірік сөз – ауыру, дұрыс сөз оның емі», «Зорлап ашылған гүлдің иесі болмас», «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жейді», «Көп сөз көмір, аз сөз алтын». Сонымен, қазақ халқының есепсіз мақал-мәтелдерінде адамның жан дүниесінің, үлкен адамгершілігі мен сезімдерінің терең логикаға толы ойлары жатқанын байқаймыз.

           Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үшін халықтық салт-дәстүрге байланысты әртүрлі әңгімелер, пікірталастар, лекция әдістерін пайдаланған тиімді. Бұл әдістерді қолдануда мұғалім оқушылардың эстетикалық дайындығының деңгейін, көркем өнер жөніндегі көзқарастарын есепке алуы қажет. Бастауыш сыып оқушыларына «Қазақтың ою-өрнегі», «Баланы бесікке бөлеу», «Қазақтың сәулет өнері» т.б. тақырыптарда лекциялар өткізген өте қызықты. [14;22]  

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ  ЖҰМЫСЫ

 Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру зерттеу жұмысының басты мәселесі болып отыр. Өйткені, бұл мәселе төңірігіндегі ойлар шешіліп, зерттеліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.

Аталмыш тақырыпқа байланысты зерттеу жұмысымыз Өскемен қаласының № ____ қазақ орта мектебінің 2А сыныбында өтті. Осы 2А сыныбында барлығы 22 оқушы бар. Олардың ішінде 4 оқушы – озат, 10 оқушы – екпінді, ал қалғандары орташа оқитын оқушылар. Ал, осы эксперимент сыныбына қарама-қарсы бақылау сыныбы ретінде осы мектептің 2Б сыныбы алынды. Бұл сыныпта барлығы 22 оқушы бар. Олардың ішінде 5 оқушы – озат оқушы, 11 оқушы – екпінді оқушы, ал қалғандары орташа оқитын оқушылар болып табылады. 

           Ата – бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, тәрбие беру ісі жан–жақты тіл үйрету, ақыл – ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік пен ізгі қасиеттерді сіңіру, әдемілік пен әсемдікті сезіну бағытында жүргізілетінін көреміз.

          Оқушы тәрбиесінде эстетикалық құндылықтарды қолдануға байланысты зерттеу жұмысымда мынандай ұсынысты ұсындық:

 1. Эстетикалық тәрбиеге сай тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

 2. Эстетикалық тәрбиегесәйкес сабақтар жүргізу, ата – аналармен әңгімелер өткізу.

          3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдары сабақта және сабақтан тыс уақыттарда біліммен қаруландыру.

 Сондықтанда осы тақырып бойынша зерттеу жұмысымызды жалпы тәрбие жұмысымыздың құрылымы бойынша өзіміздің педагогикалық ұжымымда жоспары жүйеде өткізілді. Оны сызбадан анық көруге болады.

 


 


 


                                  



 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

Эстетикалық тәрбие берудің құндылықтар жүйесі


 

Бабалар өсиеті                            Әкелер өнегесі                             Аналар үлгісі

                                                      Тәрбиелі ұрпақ


 

Ұрпақтар сабақтастығы                  Азаматтық                         Қыз бала тәрбиесі

      Салт дәстүрлер                           Батырлық                             Инабаттылық

      Әдет –  ғұрыптар                      Шыншылдық                               Тазалық

                                                                                                              Көріктілік

       Отбасы  тәрбиесі қоғамның әрбір мүшесін  ойландыруға, толғандырады.

«Есік алды төбе болса,                 Ерттеп қойған атпен тең,

Ауылыңда қартың болса,         Жазып қойған хатпен тең» - дегендей «қазақ білмегенін қартынан сұрайды» емес пе ? Осыған сай біздің мектеп бала тәрбиесіне үлкендерді, аталар мен әжелерді тартып, олардың ақыл – кеңесін басшылыққа алып отырады.

           «Әке»  тәрбиесі                                                     «Ана» тәрбиесі


 

                    Ұл                                                                            Қыз


 

     Адал, шыншыл, батыр                                      Инабатты, биязы, сәулікті 

         Болашақта бала оқыту, тәрбиелеу барысында салт–дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор екенін түсіндіріп, жастарды салт–дәстүрлерімізді, елімізді құрметтеуге тәрбиелеймін. Салт – дәстүрлердің ішінде мақал–мәтелдердің тәрбиелік мәні өте зор. Өйткені әр мақал – мәтелдің өзі белгілі бір ой түйіндісін, үлгі - өнегені білдіреді. Адамды соған қарай итермелеуге үйретеді. Бастауыш сыныпта мұғалімдер халықтық тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдерді, старлы сөздерді пайдаланса, олардың айтқандары оқушыларға әсерлірек болар еді: «Гүл - жердің көркі, қыз – елдің көркі», «Сабыр түбі сары алтын», «Өтірік сөз – ауыру, дұрыс сөз оның емі», «Зорлап ашылған гүлдің иесі болмас», «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жейді», «Көп сөз көмір, аз сөз алтын». Сонымен, қазақ халқының есепсіз мақал-мәтелдерінде адамның жан дүниесінің, үлкен адамгершілігі мен сезімдерінің терең логикаға толы ойлары жатқанын байқаймыз.

         Біздің салт – дәстүрлеріміздің сәнін келтіріп, мәнін арттыратын өміршең жыр – жүлгесінің бірі – бата, тілек. Өз топырағымыздан таралып, өз жеріміздің ауасы мен суынан нәр алып, шынайы халықтық сипатқа бөленіп, салтымызға сіңісті болып кеткен, бірақ кез – келген жайға арналып айтыла бермейтін бата – тілектің қарапайым тәрбиелік, тағылымдық мәнінің орасан зор екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.        

 Баланың  жеке және жалпы мәдениеті  үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында  байқалады. Сондықтан күнделікті  өмірдегі оқушының жеке басының  эстетикасына ерекше көңіл аудару  мұғалімдер мен ата аналардың  алдындағы кезек күттірмейтін  басты мәселелердің бірі болып  саналады.

 Оқушылардың  жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық  тәрбиенің маңызды жақтары ізеттік,  ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы  эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, манера (өзін ұстай білу үлгісі), дене қимылы және т.б.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие