Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алатын орнын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.
2. Педагогикалық бағытты қалыптастыру.
3. Эстетикалық тәрбиенің жаңа әдістері мен формаларын енгізу.
4. Жаңа ғылыми - әдістемелік жабдықтармен қамтылу.
5. Ұлттық тәрбие жүйесін анықтау.
6. Эстетикалық тәрбиеде баланың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.
7. Эстетикалық тәрбиенің құндылықтарын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Эстетикалық тәрбие беру туралы түсінік 6
1.2. Эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері 9
1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері 11
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері 16
2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары 19
2.3. Күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасы 22
2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді эстетикалық тәрбие беруде пайдалану 24
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие +.docx

— 81.74 Кб (Скачать документ)

           Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа салаларымен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру т.б. тәрбие түрлерімен қоян -қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іс-әрекеттің адалдығын танытпай адамгершілік тәрбиесін беру, адам дене құрылыс мүшелерін танытып алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес. [5;24]

          Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән мынандай міндеттері бар:

        А. Эстетикалық сезімді, эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Әдемілікті сезу, көру әр адамда әртүрлі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын әдемілікті сезу үшін халықтық салт-дәстүрлер, бейнелеу өнері мен музыка, әдеби шығармаларға үйрету қажет. Білім арқылы оқушылар сұлулықты бағалап, әдемілікті түсінеді.

      Б. Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру. Бұл жерде де білім керек. Оқушылар сабақта әр өнер саласындағы үндестік әдістері туралы білімді терең игеруі қажет.

          В. Эстетикалық танымды қалыптастыру. Олай болса эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуына, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі адамдар арасындағы қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемділікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге, тіпті соны өзі адам игілігіне жасай білуге үйретуді, жаттықтыруды және соған қабілетті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

           Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыландырады. Яғни, олар «әсемдік заңы бойынша» өмір сүруге үйренеді, шығармашылық қабілеттерін дамытуға дағдыландырады. [3;27]

           Эстетикалық тәрбиенің мынандай категориялары бар:

           Эстетикалық қажеттілік – эстетикалық бағалы заттарға баланың ұмтылуы, қажет етуі, қызығуы.

           Эстетикалық бағалау–белгілі бір нысанның «әдемі–әдемі емес», «ұнайды - ұнамайды» түсініктерімен реттелетін эстетикалық бағалауын орнату тәсілі.

           Эстетикалық сезім – баланың шындыққа тікелей қатынасы, уайымдауы. Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асырылады.

1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері

         Эстетикалық  тәрбие беру мектепте ең алдымен  сабақта жеке пәндерді оқыту  жүйесінде іске асады. Жекеленген  пәндерді оқу арқылы оқушылар  өзін қоршаған табиғатты адамдардың  қарым-қатынасындағы, өнердегі әсемдіктің  негіздерімен танысады.

         К.Д.Ушинский оқытудың тәрбиелік сипатта болу принципіні ерекше мән берді. Бұл жөнінде ол: «Адам сезімін қамтымайтын оқу жақсы оқу емес. Мұғалім оқу арқылы бала жанына ұрық беру үшін барлық кезеңді де пайдалануы қажет. Бұл жағдай барлық ғылым саласында да мүмкін», - деді.

           Сабақта эстетикалық тәрбие беруде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру керек. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді. Бұл кезеңде қоршаған ортадағы әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері орасан зор. [13;26]

           Әрине, бұл бала психологиясына тән заңдылық. Олардың эстетикалық даму дәрежесінің айырмашылығын ескеру қажет. Бұл кезеңдегі бала сезіміне табиғат сұлулығының  көрнекі түрлерінің ерекше әсері бар. Ол жасөспірімдік шақта эстетикалық құбылыстарды дұрыс бағалай білуге үйренеді, өзін қоршаған дүниедегі жақсы мен жаманды айыра біледі. Бірінші орынға дұрыс эстетикалық талғамды дамыту міндеттері қойылады.

            Ал, жоғары сыныптарда оқушылардың дүниетаным көзқарасының қалыптасуы аяқталады. Олардың идеялық көзқарасы, қажеттіліктері мен мұраттары жетіледі. Сөйтіп, дүниеге көзқарасы жан-жақты дами түседі.

            Мектепте оқу пәнінің ішінде ана тілінің атқаратын рөлі зор. Ана тілінің құдіреттілігі, оның адамға эмоциялық тұрғыдан ерекше күшпен әсер ететіндігі. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер адамның бала қиялына, ой-сезіміне тікелей әсер етеді, дүниені сұлулық тұрғысынан дұрыс тани білуге үйретеді. Кез-келген көркем шығарма балалардың алдына өмір қойған адамгершілік, эстетикалық проблемаларды шешуге көмектеседі. Табиғаттың тамаша сұлулығы дүниетану пәнін оқыту процесінде жан-жақты беріледі. Бұл пәнді оқу арқылы табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын оқушылардың жете түсінуіне көмектеседі.

           Синтетикалық өнер эстетикасы. Өнердің өзге түрлерінің тоғысуынан жасалған өнер синтетикалық (синтез – қосылу, ұштасу, құралу дегенді білдіреді) деп аталады. Оларға кино мен театр жатады. 

           Театрда өмірдегі сияқты, тек қана сыртқы әрекеттер ғана болып қоймайды, сонымен бірге онша байқала бермейтін және көрермендерге паш ету үшін сөз көмектеседі. Театр пьесадан басталады, ал артист пьесаға негізделе отырып сахналық образ жасайды. Басқа өнер түрлерімен салыстырғанда актерлік өнердің өзгешелігі сонда, ол бір уақыттың өзінде әрі жаратушы, әрі шығармашылық үшін материал.

            Суретші бояулармен жазады, образды композитор дыбыстармен, скульптор – тастан немесе ағаштан, ал артист өзінен-өзі жасайды. Оның өзі - денесі, дауысы, ойлары, сезімдері, оның физиологиялық және психикалық құрылымы – оның өзі көркем образ жасап шығаратын материалы болып саналады. Жасөспірімдер онымен бірге күледі, бірге жылайды. Дүниеге дұрыс көзқарас артист жасап отырған образ арқылы ұсақ, күн көрістік, нәрселерден үлкен қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

          Кино өнері театр өнеріне өте жақын. Кинода адамның ішкі әлеміне үңілу мүмкіндіктері мол. Ол тек нәтижені емес, сонымен бірге процесті де көрсетеді, құбылысты суреттеп қана қоймайды, оған талдау жасайды. Бұл талдау көрермендер қатысымен жасалады. Мұнда оқушылар болып жатқан құбылысты ұғыну процесіне қызығу тартылады. Кино жасөспірімнің потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға мәжбүр етеді. Ол шығармашылық адам болуға үйретеді. [10;21]

         Еңбек эстетикасы. Еңбек процесі үстінде адамның өзі шыңдалып шықты, оның әсімдік сезімі, «сұлулық заңдылықтарымен» туындылар жасау қабілеті қалыптасты. Еңбек процесінің, сондай-ақ оның нәтижесінің сұлулығы, өндірісте істейтін адамның сұлулығы – еңбектің эстетикалық жағын құрайтын міне осылар. Ақыл-ой, білім, тәжірибе, қажыр-қайрат барлығы еңбек үстіндегі жан рахатымен ұштасқанда ғана еңбек шын мәнінде сұлу бола алады. Оқушылар тұп-тұтас тұлғаға, жан-жақты жарасым тапқан жанға айналады. Небір қиын деген жұмыстың қисыны табылып жатады.

          Еңбек процесінің үстіндегі эстетикалық сезімнің ең басты ерекшелігі сол, онда жасөспірімдер еңбекті дайын нәтиже ретінде тамашаламай, сұлулықты «өндіру» процесіне белсене араласады. Сол сұлулықтың негізін қалап, жасайды. Сондықтан оның эстетикалық сезімдері – қуанышы, мақтанышы кеуде кернеп, шектен тыс тасылып, төгіліп жатады.

          Мінез-құлық пен тұрмыс эстетикасы. Өмір тек еңбек жайлы ойлаумен шектелмейді. Еңбек қаншалықты қызық болғанмен, арасында демалуға бос уақыт болуы қажет. Ол үйде, мектепте, достарының арасында немесе үлкен коллективте сан алуан қарым-қатынас ортасында. Мұның бәрі тұрмыс эстетикасы болып табылады. Ал, мектеп оқушыларының өзге адамдармен және өзі өмір сүріп отырған қоғам жөніндегі қарекет-қылығын – мінез-құлық деп атаймыз. [19;28]

           Әрине мінез-құлықты дербес ғылым зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады. Егер, этиканың негізгі ұғымы – жақсылық болса, ал эстетиканың ұғымы – сұлулық. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет-бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сайма-сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез-құлқы неғұрлым қалтықсыз қалыптасса, ол эстетикалық ләззат әкеледі, эстетика – бұл болашақтың этикасы екенін есте сақтағанымыз дұрыс.

           Жасөспірімдердің үлкендермен, дос-жолдастарымен қарым-қатынаста сыпайы, әдепті, байыпты болулары абзал.

           Сыпайылылық – ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден. Шыдамдылықтан, өзгелердің бейімі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. Сыпайылылықтың әртүрлі сезімдік түстері болады. Жайдары сыпайы (мұны қатты бағалаймыз),  ізетті сыпайы (мысалы, үлкендер жөнінде) немесе ұстамды әрі талап қойғыш сыпайы болуға болады.

           Ал, әдептілік – көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.  Мәселен, сөйлесіп отырған кісінің сөзін бөлу, қолыңды артыңа айқастырып немесе қалтаңа салып тұрып сөйлеу, қолды сілтеп сөйлеу, аяқты алшайтып отыру – әдептілік емес. Сонымен қатар, біреуге тесірейе қарау, көпшілік ортасында, сабақ барысында біреулермен сыбырласу, болмаса біреуден бір нәрсені қайта-қайта сұрай беру бұл да анайылық, әдепсіздік. 

          Байыптылық – байқампаздықпен, сергектікпен, ілтипатпен, қарым-қатынас жасауға негізделген, өз шамасынан, өз өлшемінен ғана шықпай, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген мінез-құлықтың сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнында қоя білу қабілеті. Ол – өте күрделі қасиет, өйткені адамның мінез-құлық сұлулығы мен мәдениетінің ішкі мәні. Міне, осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі негізгі көзі болып табылады.

 Қазақ халықының салт-дәстүрлері тәрбиесі бойынша соңғы 20–30 жылда бірнеше ғылыми – көпшілік және ғылыми - әдістемелік әдебиеттер жарық көрді. С.Қалиевтің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» кітабының «Халық педагогикасындағы семьялық тәрбие мен оның ауыз әдебиетінде алатын орны» атты екінші бөлімі – «Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі, қазақ халқының баланы сүюі, анаға қамқорлық, халқымыздың балаға деген қамқорлығы, тілектестігі және туыстық қарым – қатынастардың мәні» сөз болды. «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика» оқу - әдістемелік құралының (авторы Р.Төлеубекова) ІІІ тарауында «Қазіргі отбасы және балаларды халықтық педагогика арқылы тәбиелеудің мүмкіндіктері» қарастырылған. [7;23]

Ә.Табылдиевтің «Қазақ этнопедагогикасы» атты оқу  құралында қазақ этнопедагогикасының  қайнар бұлақтарына, дамып – қалыптасу  жолдарына қысқаша сипаттама  беріп, зерттеу барысында шолу жасап, ол ғылымның теориялық негіздерін айқын  ашты. Ал, А.Жүнісовтың «Фәниден бақиға дейін» деген кітабында ұлттық салт – дәстүрлерге кеңінен мән берген. С.Қалиев, М.Оразбаев, М.Смайлованың «Қазақ халқының салт–дәстүрлері» атты кітабында бала тәрбиесіндегі барлық қыр–сырлары кеңінен ашылып, көрсетілген.

  Қ.Оразбекова «Иман және инабат» атты оқу құралында халқымыз жақсы мінез–құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала екен дейтін, әдептілік барлық адамдарға жарасатын қасиет, бұл адамның бала жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңірегіндегі адамдармен қарым–қатынасына байланысты делінген.

             Б.Әлімқұлов пен Е.Әбдірахмановтың «Күйеу келтір, қыз ұзат» атты еңбегінде қазақ отбасында қыз баланы үй құты деп бағалап, оған ерекше сый–құрмет көрсететіні айтылған. Бұдан басқа қыз бала тәрбиесі туралы З.Мейірханованың «Қыздың жолы жіңішке», З.Башпаеваның «Қыздар сұлу көрінер», «Қызым, саған айтам», «Қызға қырық үйден тыю», С.Дорженовтың «Инабаттылық ірімдері» деген кітаптар да бар. С.Кенжеахметұлының «Қазақтың салт–дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты еңбегінде қазақтың әдеп–ғұрыптары мен салт–дәстүрлері ашып айтылған.

   Адам сезімін тәрбиелеу мәселесі көп жақты фактормен шешімін табады, оның ішінде өнер басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шынайы көңіл-күйін білдіреді, өнердің өзінен үйрене отырып, оның қиын күрделі тілін түсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық талап тұрғысынан тәрбиелейді. [15;19]

   Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік сезімін молайтады. Өнердің бастау бұлағы – сурет салу өнері. Тамыры тереңге кеткен өнер атаулы өзінің нәрін сурет өнерінен алады. Сондықтан сурет салуды үйрену үшін – жас ұрпақтың танымдық ой-өрісінің кеңеюіне, өнер әлемін тануына апарар жол.

 

 

 

 

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ

БЕРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері

          Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.

            Эстетикалық тәрбие – болмыс, өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікте сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажет етуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі.

          Эстетика -  өмірде сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы. Ол табиғат, өнер, еңбек, өмір, отбасы, сабаққа дайындалу, сабақты, оқу барысындағы ең жақсыны қабылдау, ләззат алумен қалыптасады. Оның мынандай түрлері бар.

           Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы барысында туады, сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді. Табиғат сұлулығын немесе өнердің асқан үлгілерін біз қаншама тамашаласақта оларды қайта-қайта көріп, рахат сезімге бөлене бергіміз келеді. Шынайы әсемділікті қабылдаудан жалығу болмайды. Адам әсемдікке неғұрлым терең шомылып, толығырақ түсінсе, әсемдік те оны өзіне тарта түседі. Эстетикалық сезімдер тек дене сұлулығын қабылдағанда ғана тумайды. [16;7]

           Эстетикалық сезім деп – адамды белгілі толғанысқа салатын, айналадағы дүниені сұлулық не кейіпсіздік, жарқын мақсат не қара ниет, қайғылы не күлкілі тұрғыдан қабылдап, бағалау қабілетін айтамыз. 

          Эстетикалық ләззат – табиғат, қоғам өмірі және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде адамның рухани дүниесінің тебіреніп жан рахатына батуы. Эстетикалық ләззат алу үшін әрбір адам сұлулықты ажырата білуі шарт: соларды көруге, естуге құштар болып оны өз қолынан жасауға тырысуы қажет. Мұндай қабілет еңбек пен қоғамдық қайраткерлікке, әдемілікке талпыну барысында қалыптасады.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие