Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алатын орнын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.
2. Педагогикалық бағытты қалыптастыру.
3. Эстетикалық тәрбиенің жаңа әдістері мен формаларын енгізу.
4. Жаңа ғылыми - әдістемелік жабдықтармен қамтылу.
5. Ұлттық тәрбие жүйесін анықтау.
6. Эстетикалық тәрбиеде баланың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.
7. Эстетикалық тәрбиенің құндылықтарын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Эстетикалық тәрбие беру туралы түсінік 6
1.2. Эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері 9
1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері 11
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері 16
2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары 19
2.3. Күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасы 22
2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді эстетикалық тәрбие беруде пайдалану 24
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие +.docx

— 81.74 Кб (Скачать документ)

          Эстетикалық ләззат алу өмірлік жағдайға сәйкес іске асады, ол адамның жан-жақты үйлесімді дамуына байланысты. Арнайы эстетикалық ләззат тәрбиенің методологиялық негізі – диалектика, материалистік көзқарас. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруінің субъективтік жағы болып, эстетикалық сезім, талғам, баға, әсерленушілік ой-сана, амалдар – осылардың жиынтығы ретінде сана алға шығады, эстетикалық мұратқа жетелейді.

           Шындықты эстетикалық тұрғыдан бейнелеуде эстетикалық мұраттың арқаратын рөлі ерекше. Эстетикалық мұрат (идеал) – эстетикалық кемелдіктің биік деңгейі  туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімді түсінік.

            Эстетикалық сезім – объективтік шындықты бейнелегенде, оның сұлулығын, әдемілігін, сәндігін қабылдауда туатын күнделікті көңіл-күйі. Эстетикалық сезім табиғаттың көрінісін, күнделікті өмірдегі оқиғаларды, өнердің сан-алуан салаларын адам өзі бейнелегенде пайда болады.

            Эстетикалық мұрат дегеніміз – нағыз сұлулыққа саналы итермелейтін мақсат пен үлгі болып табылады. Жоғары эстетикалық мұраттың болуы адамның жоғары дәрежеде даму деңгейін көрсетеді, оның ниетінің түзулігін және іс-әрекеттегі мақсаттылықты танытады. Ол өмірді бейнелейді. Эстетикалық мұратында айнадан көрінгендей адамның сенімі, өмірлік позициясы бейнеленіп отырады. [11;28]

            Мұрат дегеніміз – адам тап қазір басшылыққа алатын және өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын анықтайтын образ.

            Адамның эстетикалық сезімі өз ортасына, тарихи жағдайға байланысты өзгереді. Эстетикалық сезімі жетілген адам еңбектің сан алуан саласындағы нәзіктік пен әдемілікті, айнала табиғат сұлулығын қабылдап сүйсінеді, одан ләззат алады. 

            Эстетикалық қабылдау – әсемдікті қабылдау процесі. Оға эстетикалық әсерлену, эмоция жатады. Эстетикалық қабылдаудың негізінде нақты сезімдік қабылдау жатады. Ол көру, есту арқылы орындалады. Өмірдегі табиғат, өнер т.б. адам жасаған заттар сыртқы кейпі мен рухани дүниесі, тұрмыс-салт әрекеттер – барлығы эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады. Мұның барлығы эстетикалық ұғымға жатады.

            Себебі олар адамға эстетикалық ләззат береді. Эстетикалық қабылдау эстетикалық ләззат алудан туындайды. Эстетикалық қабылдау сүйсіну, масаттану, ренжу, қайғыру, жирену, қуану, жылау, т.б. түрлі сезім арқылы өтеді. Сондықтан эстетикалық қабылдау сезімге, эмоцияға байланысты.

            Мектеп оқушыларының рухани жағынан қалыптасуында дүниетанымының, сезімінің атқаратын рөлі өте зор. Жеке адамның дүниетанымын бейнелейтін эстетикалық талғамы болып табылады. 

            Эстетикалық талғам деп – көркем өнердегі, тұрмыстағы адамдардың бейнесіндегі нағыз әдемілікті жалған әдеміліктен ажырата білу шеберлігі, табиғат құбылысының, қоғамдық өмірдің сұлулығын бағалау және оны сезіну.

           Эстетикалық талғам – әсемдікті дұрыс бағалай білуге арналған. Ол әр адамда әртүрі, сондай-ақ адамның біліміне байланысты. Көркемдік талғам бір эстетикалық мұратты бейнелейді. Ал, эстетикалық мұрат адамдардың өздері көксеп, сол үшін күресіп жүрген әсемдік түсінігі болып табылады. Эстетикалық мұрат соған жетсем деген адам арманы.

           Эстетикалық талғамды тәрбиелеу мектеп оқушыларында сұлулықты дұрыс түсіне білуге, бағалай білуге, сонымен қатар бүкіл жағымсызға, жек көрушілік сезімді дамыту. [7;24]

           Эстетикалық сана – әлеуметтік практикада қалыптасқан талғамдардың көркемдік көзқарастардың, түсініктер мен мұраттардың жиынтығы. Ол эстетикалық сенімдер мен көзқарастар қалыптасатын ой мен эмоцияны қамтиды.

2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары

  Мектепте  оқу-тәрбие жұмыстарының бір саласы  оқушыларға эстетикалық тәрбие  беруге бағытталған. Әйтседе эстетикалық  тәрбие беру жайында қазақ  мектептеріне арналған әдебиеттің  жоқтың қасы. Эстетикалық тәрбиенің  алғашқы адымы жанұяда басталып, мектепте оқу-тәрбие жұмыстары  үстінде ілгері дамиды.

  Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жүйесінде эстетикалық циклдегі пәндерді оқытудың атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, бейнелеу өнері мен ән-күй сабағы. Бұл пәндермен қоса мектепте эстетикалық тәрбиелеуде факультативтік ойындар, драмалар, инцинировкалар кеңінен пайдаланылады. Оның мақсаты оқушылардың эстетикалық қызығуы мен қабілетін ескере отырып, эстетикалық талғамын дамыту. Сонымен кез-келген оқу пәнінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіншілігі мол. 

            Мұғалімнің жеке басы, мәдениеттілігі, педагогикалық шеберлігі, мәнерлі  де бейнелі сөйлеген сөзі, киген  киімі, мінез-құлқы, балалармен  қарым-қатынасы оқушылардың эстетикалық  мінез-құлқын қалыптастыруға үлгі  болуы керек. Мектеп реформасының  Негізгі бағытында оқу мен  тәрбиенің  сапасын, оның ғылыми  дәрежесін арттыруға  байланысты  әрбір пәнді оқытуда эстетикалық  тәрбиенің жақсартылуын қамтамасыз  етуге ерекше назар аударылған болатын. [12;31]

           Мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін көтеру жөнінде республика мектептерінде елеулі жұмыстар жүргізілуде. Оқушыларға сыныптан тыс эстетикалық тәрбие беруде радионың, киноның, телевизордың мүмкіншілігі орасан зор. Қазіргі кезде жұмыс істейтін мектеп кешендерінде эстетикалық тәрбие беру негізгі буын болып есептеледі.

         Бүгінгі  таңда өскелең ұрпаққа қазақ  қолөнер кәсіпшілігі де эстетикалық  тәрбие беруде тиісті құралы  болып отыр. Тұрмыстық заттар  мен құралдарын әшекейлеуде қолөнер  кәсібі, зергерлік өнер дамып,  эстетикалық мәні бар өнер  шығармаларына айналып отыр. Қазақтың  қолданбалы өнері негізінен тұрмысты  әшекейлеу үшін пайдаланатыны  белгілі. Оның ішінде ең көп  тарағаны – ою-өрнек өнері. Ою-өрнек ісі тыс ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне ортақ әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып келеді.

          К.Маркс: «Көне заман өнерлерінің шығармашылығы бізге әлі де болса көрермендер ләззатын беріп келеді және белгілі бір мағынада алғанда қол жетпес үлгі өнеге болу маңызын да сақтап отыр» - дейді. Қолөнердегі көңілге қонымды мәнерлер, ондағы әдістер сәулет өнерінде кеңінен орын алған. Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше маңызға ие. Әсем ән әуені, тамаша музыка сазы адамдардың жан дүниесін жадыратып, көңіл-күйін сергітеді, ой-өрісін байыта түседі.

            Жалпы музыка әуені адамдарға алғаш дүниеге келген күндерінен бастап-ақ зор әсер етеді. Өйткені, ол жан дүниесінің азығы іспеттес, сондықтан ол эстетикалық тәрбиенің негізгі басты саласы боп саналады. Музыка тілімен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімінің құралы. Атамыз Абай «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» - десе, Л.Н.Толстой, «Жақсы музыка – көңіл-күйдің, жан сезімінің шежіресі» - деген екен.

            Адамға рухани ықпал жасаудың тағы бір құралы – театр өнері. Жас ұрпаққа тәрбие беруде театрдың рөлі ерекше, себебі оның эмоциялық ықпал ету күші бір мезгілде жүздеген көрермендерді өзіне тартады. Театр өнерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, сөз өнері, музыка, бейнелеу өнерінің амал-тәсілін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұндай жиынтық сахна мен көрермендердің, олардың ойлары мен сезім-күйлерінің өзара байланысын, ортақтастығын орнатады. Жалпы сахна аясында адамның эстетикалық талғамының дамуын ықпал жасамайтын ұсақ-түйек нәрсе жоқ.

            Әртістің сахнаға шығуынан бастап, оның киген киімі, сөйлеген сөзі, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері – бәрі көрермендердің сұлулық ләззатына бөлеп, талғамдарын қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін шыңдауға үлкен ықпал етеді. Тіпті концерт залдары мен театрлардың, мәдениет сарайларының сахналары көрермендерге тек ізгілік пен әсемдіктің жарқын үлгілерін ұсынады.

           Келесі кезекте жас ұрпақтың көркемдік танымын қалыптастыруда, арман-қиялын дамытуда көркем әдебиет шығармаларын оқытудың да игі әсері мол. Проза, поэзия арқылы бар жақсылықты сезініп, әдемілік пен жақсы істің әсерінен эстетикалық санасы, талғамы артады, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туғызады. Қазіргі әртүрлі ақпарат тасқынының мол шағында жастардың көркемдік-эстетикалық бағдарын айқындауда, талғам түсінігін дамытуда әдеби-көркем шығармалардың тигізер пайдасы зор.

          Эстетикалық тәрбие үрдісінде көрме залдары мен мұражайлардың да атқаратын рөлі ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс біздің елімізде жан-жақты дамытылған. Мұражайда  не көркемсурет галериясында жастардың жоғарғы адамгершілік қасиеттері қалыптасады, рухани жан-дүниесі дамиды, тек жақсылыққа деген құштарлығы артады. Өнер арқылы тәрбиелеуде оқушылардың қолмен жасаған бұйымдары негізінде арнайы көрмелер ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл оқушыларды үлкен өнерге тәрбиелейді, олардың ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға да ықпалын тигізеді.

           Оқушының эстетикалық көзқарасын, дүниетанымы мен мұратын бірлікте қамтамасыз ету жүйесінде баспасөз, радио, кино, көгілдір экран және кітапхана саласындағы жұмыстардың атқарып отырған қызметінің орны айрықша. Мәдениет ошақтарының бұл түрлері бүгінгі таңда жастардың жан-жақты жетілуінде айрықша мәнге ие болуда. [6;31]

          Сондықтан өскелең ұрпаққа тәлім-тербие беруде, соның ішінде эстетикалық тәрбиеде оның құндылығына айрықша мән беріп, оларды иімді пайдалану, ұлттық ерекшелікке сай ондағы жұмыстардың бағыттары мен мазмұнын жаңартып отыру қоғамның мемлекеттік саясаттың маңызды бір саласына айналып отыруы қажет.

         Әсемдіктің тапсырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол адам баласының эстетикалық санасын қалыптастыруда оның беташары, қайнар көзі боп табылады. Табиғат құбылыстары мен оның сұлулығын, әсемдік жаратылысын танып білуде, табиғат пен бірге оған саяхат жасауда бала көңілінде қуаныш сезім орнайды, көңіл қуанышы шарықтайды, ерекше бір сезімге бой ұрады, жан-дүниесі рахатқа батады. [9;22]

 

2.3. Күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасы

 Баланың  жеке және жалпы мәдениеті  үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында  байқалады. Сондықтан күнделікті  өмірдегі оқушының жеке басының  эстетикасына ерекше көңіл аудару  мұғалімдер мен ата аналардың  алдындағы кезек күттірмейтін  басты мәселелердің бірі болып  саналады.

 Оқушылардың  жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық  тәрбиенің маңызды жақтары ізеттік,  ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, манера (өзін ұстай білу үлгісі), дене қимылы және т.б.

 Қатынас эстетикасы. Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың кұнделікті өмірінде, іс әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.

 Үй - жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өзіне өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Әртүрлі үй дүние және мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Үйелменде балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, оларды күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру әке мен шешенің, ересек үйелмен мүшелерінің басты міндеттерінің бірі. [8;23]

 Оқушылардың  үй жағдайын өзгертуге байланысты  жұмыстардың барлығына қатыстырып  отыру керек. Мысалы: бөлме қабырғаларына  жапсырылатын түсқағаздарын, терезенің  перделерін қалай таңдап алу  керек, бөлмелерде жиһаздарды  қалайша әдемі етіп орналастыруға  болады, бөлменің өсімдіктерін өсіру,  оларды күту, яғни осы сияқты  жұмыстарды өз бетімен орындауға  үйрету, дағдыландыру балалардың  эстетикалық сезімін, танымын  тәрбиелейді және эстетикалық  ұғымын қалыптастырады.

 Киім - кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі мен жүріс тұрысы,  оның жалпы эстетикалық мәдениетіне байланысты болып келеді. Киім эстетикасы, яғни сән (мода) қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрақысыз етеді, оның  сүйкімсіздігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану – бұл әдемілікті сезіну, өмірге адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу болып табылады.

 Артық  мөлшерде сәндену, түрлі формаларға  және түстерге еліктеу адамға абырой әпермейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауды өскелең өмір талабына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдап  алу керек. Басқаша айтқанда, адамды қымбат мүліктердің көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім –кешек эстетикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.

 Манера, жест (дене қимылы) – бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді.   

 Соның  негізінде балада рухани серпіліс  пайда болып, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігі  артады. Демек, бұның бәрі адам  жанын, сонымен қатар оқушы  жанын  байыту, рухани дүниесін  ізгіліктендіру, оның өмірін мәнді  де сәнді етіп тәрбиелеуде  үлкен қазына.

 Көп жағдайларда  оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімдердің, жақын адамдардың тәртібі мен іс әрекеті, қоғамдық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.

 Оқушылардыңэстетикалық  санасының және шындыққа қатынасының  ерекшеліктерін білу және түсіну  оқушылар өмірін эстетикалық  көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға  көмектеседі. 

 Сонымен,  оқушы жастардың эстетикалық  танымы мен сезімін, мәдениеті  мен білімін көтеруде ең бастысы  және сүйеніші мұғалімдер мен  ата аналар болып табылады. Олар  өздері үлгі болып эстетикалық  тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын  және әдістері мен тәсілдерін  жетілдірудің жолдарын іздестіріп  іске асырады. [9;24]

 

 

2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді оқушыларға

эстетикалық тәрбие беруде пайдалану

          Әрбір дәуір кезеңінде ата – аналар балаға тәлім – тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл – қайрат, білім – талғам алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріліп отырған. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар.

            Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білім, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи археологиялық, этнографиялық, әдебиет және көркемөнер мұралары бар. Бұл халықтың тарихи өмірімен, әдеп-ғұрыптарымен тығыз байланыста өмір сүрген. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласында тәлім-тәрбие беру оның күнделікті өмірінің тыныс-тіршілігімен байланысты болған.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие