Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алатын орнын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.
2. Педагогикалық бағытты қалыптастыру.
3. Эстетикалық тәрбиенің жаңа әдістері мен формаларын енгізу.
4. Жаңа ғылыми - әдістемелік жабдықтармен қамтылу.
5. Ұлттық тәрбие жүйесін анықтау.
6. Эстетикалық тәрбиеде баланың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.
7. Эстетикалық тәрбиенің құндылықтарын ашу.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Эстетикалық тәрбие беру туралы түсінік 6
1.2. Эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері 9
1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері 11
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері 16
2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары 19
2.3. Күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасы 22
2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді эстетикалық тәрбие беруде пайдалану 24
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР 38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие +.docx

— 81.74 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

КІРІСПЕ                                                                                                                       3

І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ  БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ         6

1.1. Эстетикалық тәрбие  беру туралы түсінік                                                          6

1.2. Эстетикалық тәрбие  берудің мәні мен міндеттері                                            9

1.3. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері                     11        

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ                                                                                                               16

2.1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері                            16

2.2. Мектепте эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолдары                               19

2.3. Күнделікті өмірдегі  оқушының жеке басының эстетикасы                          22

2.4. Халықтық салт-дәстүрлерді эстетикалық тәрбие беруде пайдалану           24

ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ                                                                           29

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                         36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР                                                                            38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қоғамымыздың  ертеңгі болашағы – бүгінгі жас  ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын  жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.

  Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қасиеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке–шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал–мәтелдер, ырым–тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдық, әдептілік, батылдық, талғампаздылық, әсемділікке баулыған.

   1998 жылы 18 мамырда Елбасының Жарлығы шықты. Онда халқымыздың тәлім–тәрбиесіне сүйене отырып, жас ұрпақты отбасы тәрбиесінен бастап, мектеп тәрбиесі, ұжымдық шаралар арқылы салауатты өмір сүру салтына, эстетикалық тәрбиелеуді үндеген. Қиыншылығы мол қазіргі кезеңде адамгершілік, ұстамдылық, ой-өрістің алғырлығы, іскерлік секілді, әсемділікті сезіну, талғам, мұрат секілді асыл–қасиеттер қазіргі заман талабы болып отыр. Заман талабы - өмір талабы.

       Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйініші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда ісмер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы өнерін дамытып отырған. 

Адам өміріндегі эстетикалық тәрбие мен эстетикалық  көзқарас әрдайым қуатты рухани күш  ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән  нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік  құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

        Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларға қоғам сұрасынысын сай эстетикалық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

          Эстетикалық тәрбиеде де жалпы тәрбиелеу процесінің құрылымына сәйкес өзара тығыз байланысты элементтерден тұрады: мақсаты, мазмұны, әдістері және құралдары мен нәтижесі.

       Тәрбие көп жақты процес болғандықтан, оған табиғи орта, қоғамдық құндылықтар иерархиясы, отбасы мен мектеп, өнер және ақпараттық жүйе түрлі жағдайлар әсер етеді.

         Адамды және оның шындыққа қатынасын қалыптастыруды көздейтін өнер өмір құбылысын, оған адамдардың қатынасын бейнелейді, құбылыстың мәнін анықтауға ұмтылдырады.[11;24]

          «Эстетикалық тәрбие» ұғымы – эстетикалық тәрбие теориясындағы ең жалпы ұғым. Ол өзіне тәуелді бірқатар ұғымдарды қамтиды. Олардың ішіндегі ұғымдардың бірі – эмоциялық тәрбие. Ол балада эстетикалық қабылдаудың, шығармашылықпен елестетудің, эмоциялық толқуларының, сондай-ақ рухани қажетсінулерінің белсенділігін қамтамасыз ететін мәндік күштерді мақсатқа бағыттап қалыптастыру процесі. [2;17]

         Балалардың эстетикалық тәрбиеленуі мен дамуы идеялық және психологиялық, педагогикалық жағынан негізделген бағдарламалық-әдістемелік құжаттардың негізінде идеялық-саяси, адамгершілік және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста эстетикалық тәрбие жүйемен жүзеге асады.  

   Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіншілік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмытыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Оқушының әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан  келіп оқушының әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұратты болуы керек екендігі шығады.

   Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алатын орнын айқындау.

          Курстық жұмыстың міндеттері:

           1.Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.

2. Педагогикалық бағытты қалыптастыру.

           3. Эстетикалық тәрбиенің жаңа әдістері мен формаларын енгізу.

           4. Жаңа ғылыми - әдістемелік жабдықтармен қамтылу.

           5. Ұлттық тәрбие жүйесін анықтау.

          6. Эстетикалық тәрбиеде баланың психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.

           7. Эстетикалық тәрбиенің құндылықтарын ашу.

          Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: эстетикалық тәрбие үрдісі.

          Курстық жұмыстың болжамы: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің құндылықтары баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Эстетикалық тәрбие негізінде тәрбиелеу барысында жоғары әсемділік сезімі, талғам, ләззат алу, өзара қарым – қатынастар пайда болады. Қазақтың салт-дәстүрі негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру  арқылы тәрбиелеу барысында, балалардың келешектегі қоғамда өз орнын табуларына ықпал етеді.

           Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен

пайдаланған әдебиеттер тізімінен  және эксперимент жұмысынан тұрады.  

 

 

І. ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ  БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Эстетикалық  тәрбие беру туралы түсінік

 Адамдардың  эстетикалық сезімдері олардың өмірлік қажеттіліктері мен мұраттарынан туындайды. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселелердің біріне айналып отыр. Біздің қазіргі кездегі жаңа қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп пен тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

         Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.

           «Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса эстетика – өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.

           Адам мен әлемдегі әсемдік пен сұлулық туралы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық пән эстетика термині ежелгі грек тілінен «сезінуші», сезімді қабылдау деп аударылады. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Қазақ эстетикасының бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өрнегі болған. Көне түрік жазуындағы Қожа Ахмет Ясауидың «Даналық кітабында» Ахмет Иүгинекидің «Ақыл сыйында», т.б. эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелген. [7;25]

           Орыстың ұлы ойшыл демократы, жазушы В.Г.Белинский: «Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы... Онсыз, бұл сезімсіз данышпан да, талант та, ойда жоқ деген болатын.

         ... Эстетикалық сезім – ізгілік негізі адамгершілік», - деп түсіндіреді.

           М. Горький: «Эстетика дегеніміз – болашақтың этикасы» - деген тұжырым жасайды.

         Эстетика ұғымын алғаш рет ғылымға ХУІІІ ғасырдың орта шенінде енгізген неміс философы Александр Баумгартен (1714-1762ж) болды. Ол эстетиканы грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» - сезім, сезімнен қабылданған деген мағынаға ие. Ол «Эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарды. Содан бастап «Эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.

            Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алады.

            Эстетика – сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезімін тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс, адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп сезіну оның эстетикалық жағынан қамтиды. [12;25]

          Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді.

           Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру болып табылады.  

           А.В.Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда ол білімнің жансыздығы (сыңаржақтылығы) деп есептелген.

            Кезінде орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой әрбір адамның бойында өзіне ғана тән көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі   қажеттіліктің болатындығына және де соны әр адам міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, ал ұлы педагог К.Д.Ушинский – «барлық балалар бірі қалмастан әуесқой - суретші» - десе, В.А.Сухомлинский «әрбір бала - ақын» деп жазған.

          Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің қайраткерлері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Блонский, С.Т.Щатский, В.Н.Щатская, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты. [9;16]

           Ал, қазақ ағартушысы – демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.

           В.Н.Щатская «Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында «Эстетикалық тәрбие дегеніміз – айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу... Көркемөнерде, өмірде әсемділікті жасауға шамасында қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу», - деп сипаттама берді.

          Ал, А.И.Буров болса эстетикалық тәрбиені керісінше, «әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасы мен эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру», - деген тұжырым жасайды.

           Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемділікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдауды қарастырады. [17;31]

          Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастардың негіздері қаланады. 

 

 

1.2. Эстетикалық  тәрбие берудің мәні мен міндеттері

           Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Ол үшін жас-жеткіншектер сауатты, терең білімді болуы керек.

           Әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.

         Мектептегі эстетикалық тәрбие берудің негізгі міндеті - жас жеткіншектерді сұлулық дүниесімен таныстыра отырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, бізді қоршаған ортадағы сұлулықты дұрыс бағалап, түсіну білуге үйретеді. Оқушылардың рухани және дене жағынан дамуында олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке басы мен мінез-құлқындағы сұлулық қасиеттерін дамыту болып табылады.

            Сұлулық заңдылығын – оқушылардың өзі қоршаған ортаға, еңбекке, оқуға, мінез-құлық нормаларына енгізе білу негізгі міндеттерінің бірі.

            Сұлулықты түйсіну – эстетикалық сезімді шыңдап ұштай түсуді тілейтін шығармашылық акт. Оқушылар күнделікті өмірде тек қана сұлулық дүниесімен кездесіп қоймайды, сонымен қатар жағымсыз, сұлулық заңдылықтрына қайшы келетін фактілермен де кездеседі. Олай болса, оқушыларды өмірдегі, мінез-құлықтағы қазіргі адамдар бейнесінде, тұрмыста бой көтеретін жағымсыз қасиеттерге төзбеуге тәрбиелеуіміз керек.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие