Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 00:53, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3-5

І бөлім. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.

1.1.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны ..........................................6-8

1.2. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.....................9-10

1.3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.........................................11-12

ІІ бөлім. Педагогикалық шеберлік пен оның оқу – тәрбие процесіндегі
алатын орны.

2.1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері ...............13-15

2.2. Педагог профессиограммасы...............................................................16-18

ІІІ бөлім. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.

3.1. Педогикалық әдептің негіздері............................................................19-25

3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру......................26-31

3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.................................32-36


Қорытынды................................................................................................................37-39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40-41

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нуршат Байбусинова курсовой.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Мұғалімнің педагогикалық  әдебі мен этикасы.

 

Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану адамның күрделі және қызықты, мыш-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық жақтары Н.К.Крупскаяның, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің, А.С.Макаренконың, Н.И.Болдыревтың т.б. жаңашыл педагогтердің еңбектеріндеп этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ болашақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауы тиіс.

Мұғалімнің рухани дүниесін зерттеу, оның қызметін жан-жақты әрі терең талдау жасау – қазіргі педагогика ғылымының басты міндеті.

Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Ағартушы педагог ғалымдардың (С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Қ.Жарықбаев, Ш.Т.Таубаева, И.М. Ломоносов, Л.Т.Охотина, Н.П.Скальковская, Л.И.Рувинский, Ә.Табылдиев, Б.Барсай т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады:

  1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті;
  2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі;
  3. Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері.
  4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы.

Сыртқы бейне мәдениеті.

    1. Тұлға.

а) тік;

ә) тік және еркін отыру;

б) ұқыптылық, жинақылық;

    1. Киім.

а) ұқыптылық;

ә) қарапайымдылық;

б) түстік гармония (өзіне жарасымды түстен киім кию);

в) киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестігі;

г) сән үлгілеріне сәйкес;

ғ) сәндік (алқа, моншақ, сақина) дұрыс пайдалану.

    1. Гримм (бояну).
    2. Шаш үлгісі (ұқыпты, жинақы).
    3. Мимика.

а) өзіне -өзі сенімділік, сабырлылық;

ә) сөйлескендігі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы;

б) эмоциялық мәнерлік;

в) бет әлпетінің айтар ойға сәйкестігі;

    1. Понтомимика.

а) жест (табиғилығы);

ә) жүрістің ритмикасы, жеңіл, айқын болуы;

б) қозғалыс (еркін);

в) қозғалыста селқостықты болдырмау, әр уақытта сергек тұру;

г) шусыз отырып, тұру;

Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

    1. Қарым -қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейірімді, тонның сақталуы.

а) әңгімелесушіні тыңдай білу;

ә) сұрақ қоя білу;

б) өз сөзіңді талдай білу;

в) басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену;

г) келесі адамды түсіне білу;

ғ) кез келген жағдаяттық қарым-қатынаста өзіңді бақылай білу,

    1. Көрермендермен (тыңдаушылармен) қарым-қатынасқа түсуге үйрену.

а) аудиторияға қарап жұмыс істеу;

ә) тыңдаушының реакциясын бақылау және ұғыну;

    1. өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету.

а) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену;

ә) сөйлеуге, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтызарлығын көрсетеді;

б) өзінің сезіміңді әңгімелеушіге немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті.

Өзін-өзі басқару, бақылау.

    1. Артық  өзіңе күш түсіруден аулақ болу.
    2. Сөйлер алдында пайда болатын шешімсіздікті жеңе білу.
    3. Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру.
    4. Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу.
    5. Әрдайым жақсы көңіл-күй ауанын жасауды үйрену.

Сөйлеу мәдениеті.

    1. Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу.
    2. Сөз лексикологиясы (сөз байлығы).
    3. Сөздің мәнерлілігі, бейнелілігі.

Сөйлеу техникасы.

а) сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары.

ә) дикция;

б) екпін қоя білу;

в) дауыс ырғағы (интонация);

г) үзіліс (пауза).

 

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп  болып табылады. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенін пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.

Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесу керек.

Педагогикалық әдептің негізі оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген көзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге  болады.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болсын оның бір белгілі айырықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтік әдебінде жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп солай қажет.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Левитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын болып кетуі ықтимал.

 

 

                                                                                                                              



 



 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       ҚОРЫТЫНДЫ

Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам, оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сай өзгеріп, өскелең ұрпақты соған сай лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық модельдеудің оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген. Психологиялық- педагогикалық жағдайды диагностиканың дұрыс шеше білетін талаптар қойылуда. Бүгінгі мұғалімнің еңбегін қиындататын екі фактор бар:

    1. міндетті орта білім беру жағдайда ақпараттық ағымдардың көптеген оқулықтардың сапалық тұрақтылығына мұғалім  білім көздерінің белгілі бір бағытын жоғалтып алды. Сонымен қатар, бұрын алған білімдердің ескіруіне қосымша адамдардың білім қажетті білім алуды алдынғы қатарға шығарып отыр.
    2. Мұғалімнің саяси-идеялық және адамгершілік ұстанымы, оның тәрбие жұмысында айқын көрінуі тиіс. Өйткені бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеттік ерекшелігіне жауап бере алатын кәсіби сапалық өте үлкен маңызға ие. Қазіргі теориялық зерттеулерден туындайтын мұндай қажеттіліктерді мұғалім меңгеру шарт. Яғни мектеп оқушысы қарым-қатынас объектісінен іс-әрекет субъектісіне айналу қажет.

Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңінде барлық

әлеуметтік-экономикалық түбірмен өзгеруі білім саласының қайта құруына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын  белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті өзгеріске ұшырап батысқа көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде  білім беру саласында  әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемелекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажет.

Халқымыз қадым заманнан ұзтазды ерекше құрметтеген десек, Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев, кезінде жаппай сауаттандыру жұмыстарының басы – қасында жүрген Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы сынды зиялыларымыздың ұзтаздық абыройлары асқақ, беделі жоғары екендігін білеміз. Кеңестік дәуір деген атпен тарихта қалған өткен кезеңде де ұстаз мамандығына деген қызығушылық басым болды. Мектеп қабырғасында жүргенде қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Кім болам?» атты шығарма жаздырды. Ол кезде 9 сыныпта оқитынмын, рйланбастан «ұстаз боламын» деп жазғаным әлі есімде.

Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі жайлы жиі әңгіме қозғалып жүр. Бедел сатып алатын дүние – мүлік емес, ол мұғалімнің біліміне байланысты. Өз пәнін жетік білетін ұстаз сыныптағы оқушының бар ынта – ықыласын өзіне аударып, сабақты қызықты өткізеді. өтілетін тақырыпты толық меңгермеген мұғалім алдындағы шәкірттеріне не берсін? өкінішті болса да айтайын, ондай әріптестеріміз әлі де арамызда кездеседі. әрине, оған себеп те көп.

Ащы болса да шындық қазір мұғалім мамандығына баратындар оны табыс табудың көзі деп түсінеді. өйткені, қалада, ауылда болсын мұғалімге жұмыс табылады. Осылайша мәртебелі мамандығымыз «екі қолға бір жұмыс» демекші, болсын болмасын нан табатын кәсіпке айналып шыға келді. Сайып келгенде, орын алған осындай жайлар мектептегі білім сапасына, мұғалім беделіне кері әсерін тигізуде.

Ендеше мұғалімнің қоғамдағы орнын, беделін көтеруді жан – жақты ойластырып, мұғалімнің мәртебесі немесе мұғалімнің қоғамдағы орны туралы заң қабылдануы қажет деген ойдамын. Жаңа білім және ғылым министірі Жансейіт Түймебаевтің дәрігерлер адам денсаулығын қорғау жолында ант қабылдайды, мұғалімдер шәкірт тәрбиелеу мен оқытуды өздеріне неге осындай талап қоймсақа деген пікіріне толық қосыламын.

Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға. өйткені, қазіргі жас ұрпақ сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді өалт жібермесе, көгілдір экраннан әлемдегі жаңалықты бойына сіңіреді. Нендей сұрақ пен сауал болмасын мұғалім дайын болуы керек. Бұл пәнге қатысты емес, баланың ой - өрісін дамыту мәселесіне қатысты ойым.

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке қабілетті болуы үшін – ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие, ғылым жаңалықтарынан сусындату міндеті тұр. Ал оның қайнар көзі ұзтаз еңбегінен басталады. Жоғарыда айтқандарыма қосарым, мұғалімдердің дені - өз жұмыстарынан нәр алып, жаны жадырап жүргендері шамалы. Көп жылы еңбегі бар ұстаздар да, «біріне тартса, біріне жетпейтін» тірлік кешіп келеді. Осы орайда, өткен жылдан бастап облыс әкімі Серік Үмбетов көп жылдардан бері есімізден шығып, ұмыт болған коммуналдық қызметке деген төлемдерімізді қайтарды.

Елбасымыз Н. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде: «Білім беру мен ғылымның дамуы – бұл саяси әрі жалпыұлттық міндет» деп алдымызға айқын мақсат қойды. Бұл мұғалім беделін көтерудегі оң қадам. Ал бедел өздігінен келмейтінін біліп, оны осы жолда өзіміз көп ізденіп, бала жүрегіне жол тауып, кәсіби шеберлік шыңынан көрінуге ұмтылғанымыз абзал. Ширек ғасырдан астам қоғамдағы басты буын – оқушыларды оқытумен бірге тәрбиелеуде тәжірибе жинақтағандай. Сөз соңында айтарым, білім ұзтаз бен шәкірттен шәкірттен өз жұмысына селқос қарауды, немқұрайдылықпен жайбасарлықты көтермейтін, керісінше тек ілгерушілікті, талапты, қайрат – жігер, биік талғамды қажет ететін сала. Осы ізгіліктер ұзтаздардан табылса, қалған өмірде кездесетін ұсақ –түйекті жеңетінімізге сенімдімін.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. 1.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы 1999ж.
  2. Ж.Б.Қоянбаев ., Р.М. Қоянбаев. “Педагогика” Алматы 1998ж.
  3. М.Жұмабаев “Педагогика”  Алматы 1992ж.
  4. И.Л.Подласый “Педагогика” Москва 1999ж.
  5. Қ.Қ.Жарықбаев., С.Қ.Қалиев. “Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер антологиясы”  Алматы 1995ж.
  6. З.Әбілова “Этнопедагогика” Алматы 1997ж.
  7. Қ.Қ.Жарықбаев., С.Қ.Қалиев. “Қазақ тәлім-тәрбиесі”  Алматы 1995ж.
  8. С.Әбенбаев “Мектептегі тәрбие жұмысының әдістері” Алматы 1999ж.
  9. И.Н.Баженова “Педагогикалық ізденіс”  Алматы 1990ж.
  10. Жаппаров А. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама   жүргізудің әдістемесі. Шымкент, 2002 жыл.
  11. Кәтенбаева Б. ІV -ІХ сыныптарда тіл ұстарту. А, 1978 жыл.
  12. Айғабылов А. Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері. А, 1980 жыл.
  13. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы негіздері. А, 1969 жыл. 14. Исабаев А. Фонетиканы оқыту. 1965жыл
  14. Оралбаева Н. Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін окыту әдістемесі. А, Ана тілі, 1996 жыл.
  15. Байтұрсынов. Тіл тағлымы. А, Ана тілі, 1992 жыл.
  16. Итемирова А.С. Қазақша тіл дамыту сөздігі. А, 2000 жыл.
  17. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А, 1993 жыл.
  18. Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
  19. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980 жыл.
  20. Ұлт тағлымы. // 2002, №1. Оқушының оқу мәдениетін ұйымдастыру жолдары. 58-бет.

Информация о работе Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру