Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 00:53, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3-5

І бөлім. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.

1.1.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны ..........................................6-8

1.2. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.....................9-10

1.3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.........................................11-12

ІІ бөлім. Педагогикалық шеберлік пен оның оқу – тәрбие процесіндегі
алатын орны.

2.1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері ...............13-15

2.2. Педагог профессиограммасы...............................................................16-18

ІІІ бөлім. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.

3.1. Педогикалық әдептің негіздері............................................................19-25

3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру......................26-31

3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.................................32-36


Қорытынды................................................................................................................37-39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40-41

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нуршат Байбусинова курсовой.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Жоспар:

 

      Кіріспе......................................................................................................................3-5

    

      І бөлім. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.

 

        1.1.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны ..........................................6-8

 

        1.2. Педагогтың  қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.....................9-10

 

        1.3. Педагог  еңбегінің әлеуметтік құндылығы.........................................11-12

 

     ІІ бөлім. Педагогикалық шеберлік пен оның оқу – тәрбие процесіндегі 

    алатын орны.

 

       2.1. Педагогикалық  шеберліктің мазмұны мен компонеттері ...............13-15

 

       2.2. Педагог профессиограммасы...............................................................16-18

 

       ІІІ бөлім. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті

    қалыптастырудың  жолдарын  ұйымдастыру.

                   

                 3.1. Педогикалық әдептің негіздері............................................................19-25

 

       3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру  жетілдіру......................26-31

    

       3.3. Мұғалімнің  педагогикалық әдебі мен этикасы.................................32-36

       

 

        Қорытынды................................................................................................................37-39

 

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40-41

 

 

 

 

 

                                                      

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың  өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Маманның мінсіз даярлығы сапалық бейнелеу моделі В.Сластенин, Ю.Васильева, Е.Белозорцев еңбектерінде көрініс тапқан. Олар профессиограмма арқылы маманның кәсіби даярлығының мазмұнын, тәсіл- құралдарын, түрі және басқа да тиімді тәсілдерін табуға болады деп есептейді. Келесі көзқарас иелері: К.Дурай-Нованова ынталық, танымдық – бағалау, қызметтік бөліктерін, ұсынса, У.Даясенко-Кандыбович ынталық, бағдарлық, сезімдік, еріктілік бөліктерін алға тартады.

Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.

    1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
    2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
    3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
    4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.

Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні қоғамдық құбылыстың бір

бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Өмір құбылыстарын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан адам тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайды: а) зерде, өй- санасы; ә) эмоция және ырық; б) тәжірибелік іс-әрекет.

Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-

әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.

 

Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.

Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша  ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің   дамуы  мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалімнің практикалық іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен  шеберлік  мәселелері.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік  мазмұны мен міндетін жүзеге асыру жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазіргі қоғамдағы педагогикалық әдеп пен шеберлік ұғымын  сипаттау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

        - Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны;

       -  Педагогтың  қызметтері мен міндеттері туралы  түсінік.;

        -  Педагог  еңбегінің әлеуметтік құндылығы;

         - Педагогикалық  шеберліктің мазмұны мен компонеттері;

        -  Педагог  профессиограммасы.;

       - Педогикалық әдептің негіздері;

       - Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру  жетілдіру;

        - Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.

 

 

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие  туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне  сүйеніп жасалған.

 Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.

«Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні» деп аталатын бөлімде педагогикалық мамандықтың қоғамдағы алатын орны, педагогтың қызметтері мен міндеттері қарастырылады.

«Педагогикалық шеберлік пен оның оқу-тәрбие процесінде алатын орны» деп аталатын бөлімде педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компоненттер, және педагог профессиограммасы   қарастырылады.

«Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың  жолдарын  ұйымдастыру» деп аталатын бөлімде ғылымда көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуметтік басымдықтар, жоғары технологиялы өндірістерді құру саласының ерекшеліктері қарастырылады.

 

І. ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ПЕН ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ МӘНІ.

 

    1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны .

 

 

Болашақ мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін  оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген педагог бейнесін қайта қарауымыз керек.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.

Республикадағы қазіргі педагогикалық құрамының ахуалын ой елегінен өткізіп көрейік. Біріншіден, олардың басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орнын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.

“Мектепке балалар не үшін барады?” – деген дәстүрлі сұраққа бұрын ата-аналар мен мұғалімдер былай жауап беретін: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқуға барады”. Бүгін бұл сұраққа басқаша жауап беруіміз керек: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқу арқылы айнала қоршаған ортаны тануға, “адам-табиғат-қоғам” дамуының заңдылықтарын білуге, сол арқылы тұлға ретінде қалыптасуға барады”.

Алматы қаласында, осыған орай, бірнеше мектептерде оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Ол бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде байқағанымыз: балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға  деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылық және оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері – қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, “сүйікті” және “сүйікті емес” оқушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердің болуы.

Бұл талдау мұғалімдерге оқушылардың оларды қалай қабылдайтыны туралы мәліметті біліп жүруі үшін аса тиімді екенін көрсетеді.

Осы жерде мынадай сұрақтар да туындайды: Қазіргі заманғы мұғалім қандай жағдайда қызмет етеді? Оның кәсіби қасиеттерінің қолданылу аясы қандай?

Мұндай сауалдарға жауап бере отырып, біз мынадай пікірге тоқталдық: бүгінгі таңдағы мұғалім баршаға арналған біртұтас білім беру бағдарламасын, яғни білім беру мен тәрбиенің барлық мақсаттары мен мазмұнын бағытқа алуы қажет. Былайша атқанда, бұл оқушылардың академиялық білімінің көрсетілген деңгейін және белгіленген бағдарламаларға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау; бұл мұғалім тарапынан оқу-тәрбие процесін басқарудың қажетті көрінісі, оқушының іс-әрекеті мен өмірін реттейтін талаптардың, шешімдердің болуы.

Біз ертеңгі мұғалім хақында, 12 жылдық мектеп туралы айтқанда, біршама басқа пікірді меңзейміз: оқушының жеке тұлғасына, өзін-өзі көрсетуіне, өзін-өзі дамытуына, “өзін іздеуге”, жеке даралыққа ұмтылдыру. Басқаша айтқанда, оқыту процесі мазмұнына, ұйымдастыруына, оқыту әдістемесіне, мұғалімнің сабақта және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекет мен рөліне қарай ерікті сипат алады. Алайда, ескертпе ретінде мынадай ой білдіреміз: әңгіме ешкімнің бақылауынсыз өтетін оқыту процесі туралы болып тұрған жоқ. Барлық инновациялар жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты, базистік оқу жоспары мен мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Барлық көрсетілген құжаттар шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жеткілікті еркіндік береді, ал мұғалім дәстүрлі педагогикадан бас тартып, “жаңа демократиялық дәуірдегі” мұғалімнен қазіргі сапалы қасиеттерді талап ететін ізгілікті, жеке тұлғаға бағытталған педагогикаға кең жол ашады.

Бұдан біз келесі проблемаларды шешуге мүмкіндік аламыз: біріншіден, болашақта біздің елімізде педагогика қандай болуы тиіс? Екіншіден, студент-педагогты қай бағытта даярлауымыз керек, мұғалім қандай болуы тиіс? Күмәнсіз жауап, жаңа дәуірдегі болашақ мұғалімді қалыптастыру жоғары оқу орнынан басталуы қажет.

Кезінде педагог-ғалымдар М.Скаткин, Э.Костяшкин, В.Сластениннің бастамасымен жалпыодақтық “Мұғалім” бағдарламасы да (1986-1996 жж.) жасалған болатын.Онда үш негізгі аспектіге назар аударылған – мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Бұған дәлел – ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады. Ол жағдаяттар әр қилы болуы мүмкін: стандартты, типті, жанжалды және күтпеген. 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.

Информация о работе Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру