Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 00:53, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.
Кіріспе......................................................................................................................3-5
І бөлім. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.
1.1.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны ..........................................6-8
1.2. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.....................9-10
1.3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.........................................11-12
ІІ бөлім. Педагогикалық шеберлік пен оның оқу – тәрбие процесіндегі
алатын орны.
2.1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері ...............13-15
2.2. Педагог профессиограммасы...............................................................16-18
ІІІ бөлім. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.
3.1. Педогикалық әдептің негіздері............................................................19-25
3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру......................26-31
3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.................................32-36
Қорытынды................................................................................................................37-39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40-41
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл мұғалімнің сабақ үстіндегі
немесе сабақтан тыс
Педагогикалық қарым-қатынас құрылым,бірнеше кезеңдерден тұрады:
Мұғалімнің қарым-қатынас стилі.
Қарым-қатынас екі жаққа бөлінеді:
3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жо,ары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
“Білім туралы” заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті “… ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар,ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар:
-әлеуметтік-гуманитарлық
-адамның адамға, қоршаған ортаға
қарым-қатынасын реттейтін
-өзінің алдына кәсіптік
-өз еңбегін ғылыми негізде
ұйымдастыра білу, кәсіптік қызметі
саласында қажет ақпаратты
-өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар –маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар. Педагогикалық қызмет –қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге қөзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен, мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің негізгі әлеуметтік қызметі –жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талартарға жауап беретіндей тәрбие, білім беру. Осы талаптарға сәйкес орта білім беретін мектептер мен жаңа типтегі мектептердің (лицей, гимназия, колледж, атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны көбейе түсуде.
Қазақ халқы әрқашан да парасаттылықты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Өз өмір –ғұмырын ағартушылық арманға арнаған алаш арыстарының бірі ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз – білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы.
ХХІ ғасырда Қазақстан халқының алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – “ХХІ ғасырдағы орта білім” қандай болмақ? Бұл күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселеге айналып отырғанын барлық мұғалімдер қауымы мойындауымыз қажет.
Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру” деген тұжырым жасады.
Ұлтымыздың тарихи тағдыры бүгінгі күн үлкен – кішілі зауыттарда, я болмаса еліміздің қиыр нүктелерінде шекара бекеттерінде ғана емес, білім ордаларының қабырғасында да шешіліп жатыр. Алайда бүгінгі күндегі қазақ жеріндегі оқу-ағарту ісі тек бір мекеменің міндетімен шектеліп қоймауы тиіс. Ұлт болашағын қамтамасыз ету - әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы. Қоғамымыздағы түбегейлі өзгерістер әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс пен санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. Әрине, рухани жаңару өзінен-өзі жүзеге аспайды. Ол үшін жаңа толқын жастардың бойына ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіріп ғылым мен білімге баулу қажет. Сондай-ақ тәуелсіз елдің ұлттық білім жүйесінің жаңа үлгісін қалыптастыруымыз керек.
Болашақ мұғалімнің шеберлігін жетілдіру үшін педагогикалық факультеттерінің оқу-тәрбие үрдісіне кейбір өзгерістерді еңгізу қажеттігіне зерттеу барысында көзіміз жетіп отыр. Біздіңше, бұл жерде оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың әдістемесіне қайта өңдеу жүргізудің және оны тәжірибеде тексеріп көрудің маңызы зор.
Сондықтан бізге мынадай міндеттерді шешуге тура келеді:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті мен Көкшетау
университетінің факультеттерінің оқу-тәрбие үрдістері мүмкіндіктерін ескере отырып біз оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастыру барысындағы озық педагогикалық жұмыстарды жүзеге асыруға ұмтылдық. Бұл шараны (эксперимент) ұйымдастыруды былай белгіледік: төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырдық. Әрбір кезеңде зерттеліп отырған нысанадағы өзгерістер нәтижелілігін айқындауға мүмкіндік туып, оған бақылау жүргізілді.
Бірінші кезеңде экспериментті өткізудің әзірлік жағдайы іске асырылды, яғни әр түрлі пәндердің мазмұны мен мүмкіндігі сараланды, декоративтік қолданбалы өнер арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуде болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың оқу пәндері мүмкіндігін пайдалану үшін факультет оқытушылары қызметін үйлестіру, барлық тәжірибелік жұмыстар түрлерін ұйымдастыру, т.б. тиянақталды. Ең бастысы, бұл кезеңде университеттің жалпы оқу үрдісі құрылымындағы үйретілетін курстардың өзара байланысы мен әрбір пәннің бір-біріне қатыстылығы барынша пайымдалды. Өйткені, бұл кезеңдегі оқытылатын пәндер болашақ мұғалімге өз қызмет нысанындағы бастапқы мәліметтерді береді, педагог жұмысының ерекшеліктерімен таныстырады, таңдаған мамандығының құндылық бағдарын, көзқарасын, талап-талғамын қалыптастырады. Сондықтан, оқытушылар бұл кезеңде студенттермен жүргізілетін жұмыстарды мақсатты бағытта құруы тиіс.
Бұл үшін бүкіл оқу-тәрбие үрдісі педагогикалық іс-әрекетке бағытталмағаны ләзім. Демек, студенттерді оқытылатын пәндерді терең игеруіне бағыттап қана қоймай, мектептегі педагогикалық үрдіс мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып оқушы тұлғасын дамыту жұмыстарымен байланыстыра жүргізсе, бұдан болашақ мұғалімнің ұтары сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған мұндай ігі шаралар болашақ мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың педагогикалық үрдістерін компьютерлендіруге жол ашады. Бұл кезең университет студенттерінің бірінші оқу жылына тура келеді.
Екінші кезең барысында қоғамдық, психологиялық-педагогикалық мәдениеттану курсы үйретіліп, студенттер арнайы пәндерден іс-әрекет және тұлға туралы теориялық білім алады, ғылыми таным, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы әдіснамасын игереді, кәсіби педагогикалық іс-әрекеті мәдениетін, өзінің болашақ кәсіби қызметін талдау әдістерін меңгереді. Сөйтіп, бұл кезеңде студенттер өз қабілеттерін дамытады, өзіндік педагогикалық іс-әрекеттерін қалыптастыра бастайды, оқу үстінде декоративтік қолданбалы өнерді қолдану негізінде білім мен дағдысын бағамдайды.
Бұл кезең мазмұны жағынан өте интенсивті. Сондықтан, екінші және үшінші курс оқуымен сайма - сай келеді.
Педагогикалық үзіліссіз (пассивті түрдегі) тәжірибе бұл кезеңнің қажетті буыны болып табылады. Оның мақсаты – болашақ педагогикалық іс-әрекетте декоративтік қолданбалы өнер элементтерін қолдану бойынша тәжірибелік білік пен дағдыларын жетілдіру. Өйткені, педагогикалық тәжірибе негізінде алған теориялық білімдері іске асырылады.
Үшінші кезең бұған дейінгі жинақталған теориялық білімді тәжірибеде қолданудың білік, дағдысын жетілдіре түсіп, тұтас педагогикалық үрдіс жүйесін қалыптастырады. Ендеше болашақ мұғалімге өз іс-әрекетінде және бүкіл педагогикалық үрдісте оны талдай білуге үйренуі қажет. Демек, бұл кезеңде студенттердің дидактикалық әрі әдістемелік даярлығының бірлесуі жүзеге асады.
Яғни бұл кезеңнің маңызды элементі бірінші педагогикалық тәжірибе жұмысы болып табылады және ол болашақ мұғалім даярлығының қалыптасу нәтижелілігіне әсерін тигізеді. Олай деуге негіз, ол осы тәжірибе негізінде өзінің кәсіби іс-әрекет қабілеттерін сезінеді, өзіндік педагогикалық қызмет даярлығы деңгейін айқын байқайды, өз мүмкіндігі мен білік, дағдысын сыннан өткізеді. Сондықтанда педагогикалық тәжірибені (практика) дұрыс ұйымдастыру үлкен маңызға ие.
Педагогикалық тәжірибе барысында оқытуды ұйымдастырудың мына түрлері (формалары) қолданылады: арнайы семинарлар, практикумдар, тапсырмалар жүйесі, консультациялар, жеке дара жұмыс, практикант-мұғалімдер дәрісіне қатысу және оны талдау, психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибеден өту нәтижелеріне арналған қорытынды педагогикалық кеңестер, т.б.
Педагогикалық тәжірибе кезеңінде арнайы семинарлар ұйымдастыру студенттердің теориялық білімдерін ұлғайтады. Ал семинарларға әзірлік кезеңде студенттер теориялық мазмұндағы тапсырмаларды орындайды. Бұдан басқа атқарылуға тиіс жұмыстарды тәжірибе үстінде жүзеге асырады.
Практикант-мұғалімдер өткізген дәрістерге қатысқанда студенттердің сабақты бағалау критерийін білмейтіндіктері, мұғалім іс-әрекетін теориялық негіздей алмайтындықтары байқалып тұрады. Мұндай кемшіліктерді жоюда болашақ мұғалімге жоғарыдағыдай семинарлардың көмекке келері даусыз.
Сонымен бірге студенттер семинарлардан әр түрлі педагогикалық іс-әрекеттерде декоративтік қолданбалы өнерді қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар алатын болады. Мұның сабаққа әзірленуде, көрнекілікті қолдануда, оқушылардың өзіндік жұмысын жандандыруда, оқытуды даралау мен саралауда, игерген білім, білік, дағдыларын бақылауда, т.б. тигізер пайдасы орасан.
Жалпы педагогикалық тәжірибе кезеңде студенттер өз іс-әрекетіне талдау дағдысын қалыптастырады, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарын айқындайды, педагогикалық үрдісті оңтайландырудың қолайлы варианттарын анықтайды, декоративтік қолданбалы өнердің мол мүмкіндіктерін пайдалануды үйренеді. Қысқасы, әдебиеттермен жұмыс істеуде жаңаша көзқарас тудырады. Өйткені, пән мұғалімі немесе сынып жетекшісі ретінде жұмыс барысында туындайтын жағдаяттарға жауап іздеу үшін психологиялық-педагогикалық, теориялық, әдістемелік әдебиеттерді атқаруға мәжбүр болады. Бұл студентті бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі теориядан – тәжірибе жолынан ауытқып, керісінше тәжірибеден – теорияны терең әрі толық игеруге бағыттайды.
Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыруда конференциялардың да алатын орны үлкен. Ондай кезеңде студенттер топ жетекшілерімен, әдіскерлерімен, психологтермен, педагогтермен кеңірек танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мектепте тәжірибеден өткен студенттердің атқарған жұмысына баға беретін кішігірім педкеңестердің де мәні зор.
Төртінші кезеңнің озық педагогикалық жұмыстары декоративтік қолданбалы өнер құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде болашақ мұғалім даярлығын нақты қалыптастырудан тұрады.
Сондықтан бұл кезеңде білімді жүйелеуге және білікті нығайтуға арналған арнайы курсты қарап шығып, енгіздік. Бұл курс психологиялық-педагогикалық, әдістемелік интеграцияны, арнайы білім мен білікті қамтамасыз етеді. Ендеше осы арнайы курсты соңғы тәжірибе алдындағы жоспарға енгізген дұрыс. Өйткені, мектепте өткізетін алғашқы тәжірибенің ұзақтығы 1-3 апта болғандықтан, болашақ мұғалімдер психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жағынан көптеген қиындықтарға тап болады. Ал төртінші курста өтетін соңғы педагогикалық тәжірибе 8-ден 12 аптаға дейін созылып, студенттер өзінің алған теориялық білімдерін белгілеген арнайы курс негізінде нақтылай түседі.
Жоғары мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының бірден - бір міндеті – жетілдіру жолдарын іздеу және студенттерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу.