Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 00:53, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3-5

І бөлім. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.

1.1.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны ..........................................6-8

1.2. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.....................9-10

1.3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.........................................11-12

ІІ бөлім. Педагогикалық шеберлік пен оның оқу – тәрбие процесіндегі
алатын орны.

2.1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері ...............13-15

2.2. Педагог профессиограммасы...............................................................16-18

ІІІ бөлім. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.

3.1. Педогикалық әдептің негіздері............................................................19-25

3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру......................26-31

3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.................................32-36


Қорытынды................................................................................................................37-39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40-41

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нуршат Байбусинова курсовой.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)

Әр маманның іс-әрекетінің мақсаты болукерек. Ол дегеніміз жас

 ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу  және жарасымды етіп тәрбиелеу.Жан-жақты  тәрбиелеу және жарасымды етіп  тәрбиелеу, оқу-тәбиелеу жұмысын  комплексті түрде жүзеге асыруда  қажет етеді.

 

 

 

 

Мұғалімге қойылатын талаптар:

 

- адамзаттық, әлеуметтік

- дамыған интеллек;

  Белсенділік

- оқушылармен, ата-аналармен 

- адамгершілік мәдениет;

  Қарым-қатынасы;

- жоғары деңгейдегі іскерлік;

- өзіндік позициясы;

- шығармашылық жаңашылдық

- педагогикалық тактісі;

  әрекет;

- ғылыми және көркемдік 

- педагогикалық ұстанымдылық;

  Көзқарасы;

- психологиялық саулық;

- қабілеті мен педагогикалық

- өзін-өзі дамыту қажеттілігі;

  Шеберлігі;

- сөйлеу мәдениеті;

 

 

Әрбір мұғалім өзіндік қасиеттер мен сапалар жиынтығының иесі болғандықтан, жұмыс барысында өзіне ғана тән ерекше стиль қалыптастырады.

Ол сол бір қайталанбас ерекшеліктерді білгенде ғана өзінің ерекше қасиетін танытуына болады. Ол үшін әр мұғалім өзінің кәсіби бағыттылығын бағалау ретінде диагностикалық карта толтыру арқылы өзін-өзі бағалауы шарт.

 

Мұғалімнің диагностикалық картасы.

 

Р/с

Шарттары

өзін-өзі бағалау

өте жақсы

Жақсы

орта

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

 

12.

Тіл байлығы

Сөйлеуі

Сөйлеу әдебінің меңгерілуі

Сабақтың мақсатын қоя білуі

Оқу материалын таңдауы

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Сабақтың типтілігін меңгеруі

Оқушылармен қарым-қатынасы

Оқытудың түрлері (жеке топтық)

Оқушы білім дағдысын ескеруі

Техникалық құрал-жабдықты пайдалануы

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы.

     

 

 

 

Мұғалім жұмысының моделін диагностика нәтижесінде түзелген мақсатқа сәйкес анықтау керек.

 

 


 


 

 

 


 

 

 

 


 

 


 

 

 


 

 

 

Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін – мұғалім. Ендеше, біздер, мұғалімдер көп оқуымыз керек. Ең бастысы рухани тоқыраудан сақтануымыз керек. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – кейінгі толқын жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Жас ұрпақты рухани интеллектуалды тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Болашақ үрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Сондықтан мектеп мұғалімдеріне сатылы бағдарлама жасалуы шарт.

    1. Базалық білім бағдарламасы бойынша жұмыс істейтіндер (жоғары бағдарлама).
    2. Авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтіндер (өте жоғары).
    3. Кешенді бағдарламалар бойынша (орта).

 

 Әріптестері мен өз жұмысын  ұйымдастыруда белгілі бір жүйеге  сүйенетін болуы шарт, яғни

 


Педагогикалық диагностика

                                                              


 

ІІІ. ТАРАУ.БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМГЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ПЕН ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

3.1. Педогикалық әдептің  негіздері.

 

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болсын оның бір белгілі айырықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтік әдебінде жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп солай қажет.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп  болып табылады. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенін пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.

Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесу керек.

Педагогикалық әдептің негізі оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген көзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге  болады.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болсын оның бір белгілі айырықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтік әдебінде жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтік әдеп солай қажет.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Левитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын болып кетуі ықтимал. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Енді осы түсініктерге тоқталайық.

Әдетте оқушылар өздері өте жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріпсөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да ең болмағанда қастарына жақындап жап-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.

Мұғалім оқушыларға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі.

Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. А.С.Макаренконың пайымдауынша, қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.

Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына  сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғандары жөн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш.

Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: “әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болматыны түсінікті.

Мұғалімге “әділетсіз” деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне-өзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтінгігінен болуы да мүмкін.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше, мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.

Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды.

Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы тиіс.

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам  сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда көрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Педагогикалық қарым-қатынас.

Педагогикалық еңбектің күрделі саласына – педагогикалық қарым-

қатынас жатады, өйткені тек сонда ғана педагогикалық үрдісті қамтамасыз етіп балаларды тәрбиелей аламыз. Біздің педагогикалық даралылығымыз адамдарға қызмет ететін болады. Сондықтан психологтар мен педагогтар осыған ықпал етуі тиіс.

Жас педагогтар жаңадан үйреніп жүрген практикадағы студенттер

сыныппен қарым-қатынас жасаудың өте қиын екендігін біледі. А.С.Макаренко былай деп жазған болатын:”Мен үшін менім практикамда сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәрбиелі мұғалімдер үшін мұндай “түкке тұрмайтындар”: қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай отырып, қалай дауыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бұған бізді ешкім үйретпейді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажетті үлкен шеберліктің мәні осы болуы тиіс.”

Оқушылар мен педагогикалық өзара ұсақ-түйек жоқ: көзқарасы, көз

жанарының қозғалысы, дене қимылы т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес кәсіптік іскерлік қарым -қатынас жасаймыз.

Көпшілік алдында сөйлеушілерде байқалатын негізгі сезім

түсініктері мынадай:

    1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік;
    2. Толық ұғынып, әрі түсінік бере алмай қобалжу;
    3. Қарым-қатынас мақсатында еленбейтін өзгерістер;
    4. Бұрын пайдаланған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түсінік;
    5. Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деп түсініп, бірақ нені екенін айқындай алмау;
    6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық;
    7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының қозғалыстық жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезінуі;
    8. Қарым-қатынастың формадағы мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі;
    9. Өзіңді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық;
    10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу;
    11. Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы;

Сабақты жоспарлау барысында сынып оқушылары арасында өзара

қарым-қатынас туындайды. Міне, осыны педагогтық қарым-қатынасының бірнеше кезеңдерін педагогикалық қарым-қатынас моделі деп аталады. Сабақ әзірленудің белгілі формасы бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу және сыныптық қарым-қатынасты болжау. Сабаққа дайындалу барысында оқу материалы бойынша әңгіме өткізуді жоспарлау.

Мұнда әңгімелесу материалдарын ойластыру құру қажеттігі

болғанымен оқушылардың дамуына ықпал ететін қажетті әлеуметтік психологиялық жағының маңызы зор.

Педагогикалық қарым-қатынастың екі кезеңі: сабақты оқушының

танымдық іс-әрекетін меңгеру және тәрбиелеу ең алдымен қарым-қатынасты меңгеру арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынастың екінші сатысы – ауызша қарым-қатынас, бұл процесс өте күрделі. Мысалы, педагог жаңа мәселені материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселені айқындайды.

Психолог Леонтьев А.А. мұғалімнің нашар оқушымен қарым-қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі өнеге боларлық бір қызығы мұндай мінез-құлықты педагогтар мойындай бермейді. Мысалы , сныпқа холерик мұғалім, яғни жүйке жүйесі мықты, бірақ біркелкі емес адам келді дейік, “Ал, Сидоров жауап бер” Ал, Сидоров болса, айталық флегматик, оның жауап қатуы тым баяу. Ол, орнынан жайлап тұрып, жауап брместен бұрын біраз ойланады. Ал, мұғалім холерик, міне сондықтан ол бірнеше секундтан киін-ақ күйшіктеніп, шыдамы кете бастайды. Өйткені ол қарым-қатынас жасап отырған баланың жүйке жүйесінің типін ескермейді. Егер де өзінің жұмыс істеуге тура келетін сыныпта 7 холерик, 12 сангвиник, 5 флегматик және 6 меланхолик мұндай топтардың әрқайсысымен психологиялық байланыс жасау және әрбір баланың жан-дүниесіне ене білуі керек.

    1. Ол ақсы оқушыға қарағанда нашар оқушыға жауап беруіне аз уақыт беруі, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді. Егер жауап бұрыс болмаса ол сұрақты қайталап жатпайды. Көмектеспеді де сол мезетте басқасынан сұрайды немесе дұрыс жауабын өзі айтады.
    2. Ол ымырашылдыққа салынады тез береген жауапты оңай және оң бағалайды.
    3. Сонымен қоса ол нашар оқушының қате жауабы шін жиі ұрсып сөгеді.
    4. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.
    5. Нашар оқушының жауабын тырысып, оның көтерген қолын байқамаған болып басқасын шақырады.
    6. Сирек күледі, жақсы оқушыдан гөрі нашар  оқушыға сирек қарайды, сирек шақырады. Кейде сабақта онымен мүлде жұмыс істемейді.

Информация о работе Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру