Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 09:28, дипломная работа
. Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік..............................................................5
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу.....................11
Сөз тіркестерінің байланысу формалары...................................................21
Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары......................................25
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51
1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нольдік, тәуелдік формадағы зат есімдер болады.
а) Бастауышы нольдік формада келуі: Тегі Енесей Енесей ғана бола
алса керек (Ғ.Мүсірепов). Малсыз күй күй болмайды. (М.Қамбаров).
Бәйгесіз той той ма? (М.Қаназов). Жақсы жерге түскен келін келін,
жаман жерге түскен келін келсап дейді ғой қазақ («Қазақ әдебиеті).
ә) Бастауышы тәуелді формада келуі: қарғыс атқан басы да бас емес, қолы да қол емес (Ә.Нүрпейісов). Әйтпесе, жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі іс пе? (Жүлдыз). -Не айтайын, шырағым, не айтайын... - дегеннен басқа Күңше де еш нәрсе айта алмады. Уәдеміз -уәде (Ғ.Мүсірепов).
б) Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосарлануы арқылы келе
береді. Мысалы: Күнә, екені күнә, бірақ қылмыс емес (Д.Досжанов).
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің баяндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш болатын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада дакле береді, кейде бастауыш жеке-дара болғанымен сол сөздің қайталану арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылыкеле береді. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дәлелді түрде көрсетсе керек.
Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тәуірі-тәуір (М.Қаназов).
Қызылы-қызыл, жасылы-жасыл болып кесіліп жатыр (Д.Досданов).
Бетінің қызыл
күреңденгені қызыл
Есімдік пен есімдік тіркесі. Өзгесі өзге еді, бүгінгі қылығын не
деп дәріптейді (М.Сқақаов). Басқасы басқа, ал, Әбекеңді ойландырған
қатаң сөгіс те емес, ақшаның табылуы да емес, тіпті басқа нәрсе, сол
сейфке ақшаның баруы еді. («Беласқан»).
Менікі де менікі.
Сенікі де менікі («Маржан сөз»). Сол сол-ақ екен. Темір әскерінің ұғын шеті қиқуласып, аш қасқырша ілгері ұмтылысты (М.Сқақаов). Әй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін естісеңші («Қазак әдебиеті»).
Етістік пен етістіктің тіркесі. Мынау көргені - көрген емес
(М.Әуезов). Жоқ, оны жасамайды. Осы тоқтаганы тоқтаган
(«Жүлдыз»). Көзден бұлбұл ұшқаны ұшқаны — аң шығар (М.Қаназов). —
Айтқаны айтқан (Ж.Молдағалиев).
Үстеу мен үстеудің тіркесі. Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе
жол болсын (Беласқан). Жүрт бұрынғы бұрынғы ма, енді Жаулыбай
Ақсынды менсінбей тастап кетіпті деп, Тұрлі қауесеттер бықсытты
(«Жүлдыз»).
«Бар, жоқ» сөздерінің өзара тіркесі.
Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ. (Маржан сөзі). Бары бар-ау, бірақ менікі елде, күнде жоқ неме...- деп қыбыжықтай берген суыр Құсайын шынын айтты (С.Жүнісов).
^ 2. Матаса байланысқан сөз тіркестері
1. зат есім мен зат
есімнен құралған сөз
а) Жалқы есім мен жалқы есімнің тіркесі. Ол тек - Еменалының Еменалы екенін, Мүсірептің түбі қүл түрікпен екенін тал түсте танытса ғана айтпақ (Ғ.Мүсірепов). Бұл Сұлтанның Сұлтан болгалы, ең бірінші ең бірінші алған ақысы еді, ең бірінші жеген таяғы еді (І.Есенберлин).
ә) Жалпы есім мен жалпы есімнің тіркесі. Әжейлердіқ әжесінен бері тартып келе жатқан әйел зарын естімеген, әйел зары азабын
көрмеген, алмаған қүдайды меңіреу деп, құрғыр деп қарғайды. (Ғ.Мүсірепов). Достармыздың достары - біздің достар («Маржан сөз»).
2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі.
Алақан соғуға қарап арқасы қозып үйренген қазақ өнерпаздарына бр қиынның қиыны, қияметтің қыл көі ірі («Қазак әдебиеті»). - Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой (С.Жүнісов). Нанды күлге көміп пісіру, балгының балгысынан келе жатса да, көшпелі қазақтың ауызынан әлі дәмі кетпеген асы (Ғ.Мүсірепов).
3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Сірә менің мен екенімді біліп кетті, ұмытпайын дегені (Ш.Жандарбекова).
4. Етістік пен етістіктің тіркесі.
Бағудың да бағуы бар көрінеді. («Беласқан»).
^ 3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
1. Барыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Сазга саз, сөзге сөз («Маржан сөз»).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзіме өзім қожа, өзіме өзім би болсам, рет келсе, басқаларға да үстемдік жүргізсем деген мүраты іске асар ма деген үміті бар («Жүлдыз»).
2. Табыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. мырзаны «мырза» десең
желденеді, малайды «малай» десең тірі өледі («Маржан сөз»).
Терезесінде зырылдауығы жоқ үйді «үй» деп керегі жоқ, - дейтін болды
(Ғ.Мүсірепов).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Аулауын ауларсың, аузыңмен не
қармарсың ?. («Маржан сөз»). Бұлар үйге кіргенде Құрмысы би не
айтарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ.Мүсірепов).
Абзал соңғы сөзін айтарын айтсада отыра кеткен Сәулеге ойлы көзімен
қарап қалды (Ә.Әбішев).
3. Шығыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. - Ой, көсегің көгерсін, Ақан
балам, малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді
(С.Жүнісов). Сол жерде сөзден сөз туды, бұл жігіт өз тағдыры жайында
бір сыр шерткен еді (О.Сағынаев).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Өйтіп езу тартқанын көрсеткенінен
көрсетпегені жақсы да (Ғ.Мүсірепов). ҚУМ-ның бір қабатын түгел
ақтардық, алғанымыздан алмағанымыз көп сияқты (Ш.Жандарбекова)
4. Көмектес септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. «...Шіркін-ай досыңмен дос бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа, қасыңмен достаспа деп, Үлақшыға айта алмай қалдым-ау» (І.Есенберлин). - Әй, кемпір ішер шайыңды іштің ғой. Енді жаспен жас болмай, жаңа казандық жаққа барсаңшы (С.Жүнісов).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайыңға зәбірің жоқ, өзімен өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің күнінде көре тү_ра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп әдейі бүрылдым...- деді (Ғ.Мүсірепов).
4. Қабыса байланысқан сөз тіркесі
Сын есім мен сын есімнің тіркесі. демек, қоңыр дер қоңыр емес,
күлгін деп күлгін емес («Беласқан»).
Етістік пен етістіктің тіркесі. Тәрбиелеудей-ақ тәрбиеледім, бірақ
болмады (Д.Досжанов).
Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз бен сөз тіркесін құрауы әдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда біріншіден, сөз етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің тұрақты тіркестері мен жігін айқындау да негізгі мәселе. Әрине бұл жерде сөздің қайталану арқылы құралған сөз тіркестерінің көптегензаңдылықтарының басы ашылмаған.. Ол туралы әді де көптеген жұмыс істеуді қажет ететін сөздердің тіркесінің үлкен тобын құрады.
^ IV Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары
Синтаксисті, соның ішінде сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазак тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны чөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында колдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Содан соң коммуникативтік, яғни адамдардың қарым-қатынастық тілінде қолдануға машықтанады. Осы Тұрғыда проф. Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша Тұрде іске асырады. Бұл - тілді қолданудың тәжірбиелік көрінісі. Сол себепті оқушы тілі адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс,» - дейді.
Сонымен, сөз тіркесін меңгерту үшін жүргізілетін жұмыстарды төмендегідей жүйелеуге болады:
^ I. Жаттығулар жүйесі. Сөз
тіркесі меңгертуде жаттығу
Ауызша Жазбаша
Бұлардың өзі іштей мынадай түрлерден тұрады.
Ауызша
Аналитикалық Синтетикалық Шығармашылық сипаттағы
жаттығулар жаттығулар жаттығулар
Жазбаша
Аналитикалық жаттығулар
Синтетикалық жаттығулар
Шығармашылық
сипаттағы жаттығулар
^ II. Көрнекіліктер жүйесі.
Көрнекіліктердің сабақ
тер
Грамматикалық кесте қағазы
Үлестірмелі
доскоп
^ III. Сөз тіркесін оқытуда
оқытудың интерактивті
Оқытудың интерактивті әдістері
Пікірсайыс
Рөлдік ойындар
^ IV. Тест аркылы оқушы
білімін тексеру. Оқушының білім
дәрежесін бағалайтын
Жалпы әдістеме ілімінде жаттығулар жүйесін жасау мәселесі -оқыту жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жұмыстарын жүргізгенде 60-жылдарға дейінгі тілдік, яғни, грамматикалық жаттығуларға көп мән беріліп, оқыту
үрдісінде оның үлес салмағының басым болғаын байқадық. Бұл сөйлеу әрекеті грамматиканы игеру негізінде ғана жүзеге асады деген сыңар жақты пікірдің басым болқына байланысты.
Қазақ тілін игерумен байланысты жүргізілетін жұмыс -оқушылардың алған білімін әртүрлі жағдайда қолдана білуі мақсат тұтатын оқу әрекетінің түрі. Жаттығуларды даярлау арқылы ғана оқушы ізденеді. Алдына қойған мақсатын шешуге тырысады.
Жаттығулар әдісінің негізгі қызметі - оқушының алған білімі мен іскерлегінің тез дағдыға айналуы және практикалық жағдайда орындай алуға мүмкіндік жасау. Жаттығу жұмысын жүргізу әр пәннің міндетті бөлігі. Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығулар жұмысының тиімді де жүйелі құрылуына байланысты. Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, бірте-бірте күрделене түсіп, шығармашылық деңгейдегі жаттығуға дейін көтерілуі тиіс.
Әдістемелік еңбектерде жаттығу жұмыстарын әртүрлі топтау жүйесі бар:
Әдіскер ғалым А.Әбілқаев: «Жаттығу тілді оқыту процесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу мүмкін емес», - дей келе, қазақ тілін оқытумен байланысты жаттығуларды орындай Тұріне қарай ауызша, жазбаша, қиындық дәрежесіне қарай оңайдан қиынға қарай деп бөлінеді де, жаттығулардың түрін көрсетеді.
Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді:
берілген сөйлемдердегі сөз тіркестерін тапқызу, олардың
бағыныңқы, басыңқы компоненттерін атату, қай сөз табынан
болғанын дәлелдету;
сөздер бері, солардан сөз тіркестерін жасату, олардың қайсысы
есімді сөз тіркесі, қайсысы етістік сөз тіркесі деп аталатынын
айтқызу;
есімді сөз тіркестерінің
бағыныңқы компоненттерінің
табынан жасалғанын сұрау;
етістікті тіркестерінің
бағыныңқы компоненттерінің
тұлғада, қай сөз табынан жасалғанын сұрау;
өлеңді сөйлемдердегі сөз тіркестерін атау,, олардың сөз
тіркесінің қай түрі болып тұрғанын айтқызу және дәлелдету.
Проф. С.Рахметова граматиканы оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуда жаттығулардың грамматикалық жаттығулар деп, ішінара бөледі.: «Грамматикалық жаттығулар оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді,» - дейді.
З.Бейсембаева: «Сабақтың дидактикалық мақсатына өарай жаттығулардың Тұрі де (дайындық жаттығу, байқау-сынау жаттығулары, машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, жазбаша) әр түрлі,» - дейді.
Н. Құрманова өз еңбектерінде жаттығуларды аналитикалық (теориялық материалдарды игеруде оны дағдыға айналдыру мақсатында), синтетикалық (грамматикалық ішкі заңдылықтарын тілде қолдана білуге), аналитика- синтетикалық (стильді ажырата білу, редакқиялау, шығармашылығын арттыру мақсатында жаттығулар ) деп бөлінеді.
Сонымен зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмыстарын орындау сипатына қарай екі топқа топтадық: ауызша, жазбаша.
Жаттығулардың ішкі мақсаты мен мазмұнына қарай ішінара талдау сипаты басым (аналитикалық) және жинақтау, біріктіру сипаты басым (синтетикалық) жаттығу, шығармашылық сипаттағы жаттығу (сөз тіркестерінен сөйлем құрау, оны мәтінде пайдалана білу, мәтіндегі ойды білдіруге тірек болып тұрған сөз тіркестерін таба білу ) деп бөліп қарастырдық.
І.Аналитикалық жаттығуларды орындаудың негізгі мақсаты оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, тілдің грамматикалық құбылыстарын анықтау, грамматикалық талдау.
Информация о работе Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі