Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 09:28, дипломная работа
. Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік..............................................................5
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу.....................11
Сөз тіркестерінің байланысу формалары...................................................21
Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары......................................25
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51
Д.В.Фоменко номинативті мән туралы айта келіп: «номинативті мән анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка), тән дей келіп, ал (редкая критика профорга за бездеятельность) күрделі және құрама сөз тіркестерінде ойлану керек деген болатын. Шындында жай сөз тіркестерінен номинативті мәнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мән сөз тіркестерінің дара түріне тән, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесін дара , күрделі, тіпті аралас түрлері жайында номинативті мәннен гөрі грамматикалық жағына назар аудару - негізгі принцип.
Сонымен сөз тіркестерінен номинативті мәннен гөрі олардың синтаксистік ерекшіліктерін айқындау орынды.
^ 4. Сөйлемдегі сөздердің
байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса
және салаласа байланысады. Жалпы
тіл мамандарынның арасында
Егер, сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман, әрі оқыды әрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?
1. Сөз де ондай тіркесу
нәтижесінде жаға
Тексабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.
^ II Қазақ тіл білімінде
сөз тіркесінің зерттелу
Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл - оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілеті т.б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнай тоқталамыз.
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю.Шведова: «Изменения в системе словосочетаний происходят значительно быстрее, чем в системе предложения» деп атап атйтады.. Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т.Қордабаев, С.Исаев, т.б. көптеген авторлар қолдайды.
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Синтаксистегі өзгешіліктердің морфологиялық өзгерістерімен тығыз байланыстылығы туралы айта келіп Б.Серебренников пен Н.Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық тарихи синтаксис болмайды» деп, біріншіден, басқа тілдермен салыстыру дәрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады.
Қазақ тілі ыңғайында мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болар еді. Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөз екінші байланысу формасына ауыстырып жібереді. Мысалы, -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей адам («Топ жарған») деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған. Дегенмен, оған -ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне айналдырған.
-Ғы,-гі жұрнағының кейде
арнайы байланысу формасындағы
сөздерді өзгертетіндігі
а) Жатыс - жолдағы, ертеңгі т.б.
б) әр түрлі формадан кейін
Сол сияқты автор -сыз,-сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді екінші сөз табына, яғни су зат есімі сусыз болып енді сын есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын көреміз. Кейбір шылаулы тіркес туралы проф. К.Мусаев Қазан революқиясына дейін үшін шылаулы ілік жалғаулы есімдікті керек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен үшін яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі кейде шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен басқа септіктерге тән делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде өзіндік өзгерістің болғандығын дәлелдейді.
А.М.Шербак орта ғасырлық Түркі тілдерінде ілік септіктің табыс септігімен алмасып жұмсалатын көрсетеді. Мұның өзі біздің еліміздегі матасу ретінде жұмсалатын ондай тіркестерді ол тілдерде меңгеру арқылы берілетіндігін де айқындайды.
Проф. М.Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті т.б. —ды қосымшасы ескі дәуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырып, қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді олар, тек қабыса байланысу ертінде қалыптасқандығын көруге болады. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы ретінде жұмсаған -тағ, -тег, -тек қосымшасының —дай, -дей түбіріне айысу арқылы қалыптасқан сөз тіркестерін де көруге болады.
«Аффикс —сіз, -сіз не присоединяется к прилагательным и числительным.
Изредка рассматриваемый аффикс приобретает дополнительный әлемент -ін, -ін являющийся омертвевшим аффиксом орудиного падежа. А: сенсізің, без тебя; ТН: күлсізін, без рабов. А.Шербак қабыса байланысатын -сіз, -сіз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыттарды меңгеріле байланыста болғандығын мезгейді, бірақ қазіргі тілімізде ондай құбылыс (жіктеу есімдіктері -сіз жүрнағын қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса, бірде меңгеріле байланысатын формалардың тарылу процесін көруге болар еді.
Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді және етістікті деп екіге бөліп қарайды да, сонын ішінде үстеулердің сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жалғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді:
барыс септікті - бірге
жатыс септікті - қайда, анда
шығыс септікті - қайдан
құралдық септікті - кундузун. Бұл фактіден морфологиялық және фонетикалық өзгерістер нәтижесінде бұрын меңгеріле байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу процесін көруге болар
еді.
Т.Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем
т.б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс және сөз екеуі де
бұрыннан бар екендігін, сондықтанда сөз жарыстыру, сөз таластыру
тәрізді сөз құрағанмен, жарыс сөз түрінде айтылмағандығын көрсетеді. Ал қазіргі тілімізде жарыс және сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жағынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыш қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түскен. Якут тілінде септігінің жалпы болмауы, түптеп келгенде, матасу, байланысу формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерде көмектес септектің мәні оны белән шылауы арқылы берілуі (трамвай белән килдим) синтетикалық тәсілдің орнына аналитикалық тәсілдің орнығып қалғандылығын көрсетеді.
Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.
1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер түптеп келгенде, меңгеру,
матасу тәрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.
б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер бір байланыс формасының
тәсілдері ішінде болады.
в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтармен
байланысты болып келеді. Солап арқылы бір байланыс формасы екінші
тілге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мән алуы да сөз
тіркесі құрамының дамуына әсер етеді.
Сөз тіркестерінің негізі - сөз таптары. Сөз таптарының бір-бІрімен сөз тіркесінің құрауының басты тірегі тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның дамуы дәрежесімен тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің мағыналық, грамматикалық жағынан дамуы, жазба әдеби тіл құрамындағы дифференқия - барлығы да оның синтаксистік құрылысына әсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық топтары құрамындағы болған семантикалық және грамматикалық өзгерістер, айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылымдық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан қарастырсақ , тіліміздегі қазіргі есімді, етістікті және ортақ бағыңқы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксистік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық дифференқияның нәтижесі болып табылады. Тіпті сөз тіркесінің басыңқы сынарында үстеулердің жұмсалуы, соның нәтижесінде үстеулі сөз тіркесі деп аталатын топтың қалыптасуы кейінгі кездің әсіресе тіл құрамында жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің артуының нәтижесі А.Г.Гуломов, М.А.Асқаровалар сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және үстеулі (жуде тез, оғыздан тез, уклон тез) деп тіпті сөз тіркестерінің басыңқы сынары ретінде үстеуді де негізге алады. Осы тәрізді пікірді қазақ тілі материалының негізінде К.Ахановта қолдайды. Осы сияқты басыңқы сыңардағы өзгешіліктер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы ерекшеліктерге негіз болғанына сөз жоқ . Егер бүгінгі тіл фактілерін Х-ХУІ, XIX ғ. Нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттесе, мұндай өзгерістердің мол болғандығын байқауға болар еді. Әрине, әзір біздің қолымызда ондай зерттеулер нәтижесі жоқ. Сөз тікестері құрамындағы болған өзгерістердің кейбіреуін бүгінгі тіліміздің фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға болар еді. Осы тұррғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелері мен тілдің бүгінгі фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай көзге түседі. Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топтары соларға жататын сөздердің саны, аумақ-көлемін мен олардың тіркесу қабілетін , соның аясын ескермейді, немесе қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А.Ысқақов «Сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-түсін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика грамматикалық сөз табын айтамыз» -деген тұжырым айтады. Осындай дереже басқа да ғылыми әрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солайына солай. Бірақ бұл сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіресіп келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде сын есімдер зат есімдермен тіркесіп анықтауыш, етістіктермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқара алатындықтары айтылады.
Дұрысы сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік қызметі жайлы айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олардың тіркесімділік қабілетінің артуфактісін ескермеуден туса керек. Өйткені сөздердің грамматикалық кластары жайлы көзқарас қазіргі жазба әдеби тілдің енді ғана бой көрсете бастаған кезінде қалыптасқан. Алайда әдеби тілдің кейінгі даму барысында әр түрлі объективті себептермен жеке сөзь топтарының тіркесімділік қабілеті молайғаны белгілі. Солардың бірі - сын есімдер. Бұл жерде мынандай заңдылық бар: бір сөз табының қызметінің артуы, біріншіден, ең алдымен олардың дамуына мағыналық жағынан негізделсе, соның салдары есебінде тіркесетін сөздерінің аясы молаяды. Сын емісдердің заттану процесі де олардың тіркесу қабілетінің кеңеюіне алып келеді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз тіркестерінің мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім аясындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес сөйлем мүшесі, олардың орын тәртібі сияқты синтаксистің басқа да салаларына өзгеріс алып келді. Мұндай құбылыс тек сын есімдерден ғана емес, басқада сөз таптарыннан, атап айтқанда, сын есім, үстеу, көмекші сөздерден, тіпті зат есім, етістіктерден де анық байқалады.
Б.И.Борковский тарихи синтаксис туралы айта келіп «...тарихи синтаксистің бірі - синатксистік жүйенің бұрынғы, күні өткен құбылыстарға не жататынын, жаңа, прогресшіл құбылысқа не жататынын анықтау» - деп ажазады. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің бұрынғы сынары мен қазіргі сыңарының арасындағы кейбір айырмашылқтар, жеке формалардың ескіріп, жаңа формалардың пайда болып дамуы енгізінде қалыптасқан. Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер сөз тіркестерінің байланысу формасы, тәсілі, құрлысы және олардың құрылымдық Тұрлерінің құрамдарынан да байқалады. Онда әрбір жаңалықтарыдың өзі екі жағдайда, біріншіден, бір сөз табының екінші бір сөз табымен тіркесі тұрғысынан, екіншіден, бір сөз табының тіркес құрау аясы кеңейіп, басқа сөз таптарымен тіркес құрау дәрежесінің молаюы арқылы көрінеді.
Бұл арада бір сөз тіркесіндегі ондай заңдылықтарды сол екі бағытта яғни, ішкі және екі сыртқы өзгеріс деп бөле отырып беруді жөн көрдік.
Әрбір сөзді жан-жақты тану да оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар, оның синтаксистік қызметі, оның ішінде де тіркесу қабілеті, оын басқа сөздерден (немесе оның сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға тиіс. Дұрысында әрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем мүшесі ретінде функқиялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу қабілетін оның синтаксистік белгілерінің басты түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз қалай болса солай тіркесе бермейтіні белгелі. Сөздердің сондай негізгі, басты белгілері болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады.
Информация о работе Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі