Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 09:28, дипломная работа
. Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік..............................................................5
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу.....................11
Сөз тіркестерінің байланысу формалары...................................................21
Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары......................................25
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51
ДИПЛОМ Ж¥МЫСЫ
Тақырыбы :«Бастауыш мектепте сөз тіркестерін
оқытудың әдістемесі».
Мазмұны
Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі
туралы түсінік................
II Қазақ тіл білімінде
сөз тіркесінің зерттелу
Сөз тіркестерінің
байланысу формалары...........
Бастауыш мектепте
сөз тіркесін оқыту жолдары....
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51
^ Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс біріншіден тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: « Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір- бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше . Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы жұмыстардың бірі.
^ Диплом жұмысының мақсаты.
Бастауыш мектеп оқушыларына
сөз тіркесі туралы ұғым беру,
олардың сөйлеу тілін дамыту
арқылы тілдік қабілеттерін
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз
тіркесін дұрыс қолдану
қалыптастыру;
3. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.
^ Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды
Диплом жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. ^ Диплом жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. 5-сынып қазақ тілі сабағында оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.
^ Екінші кезеңде Бастауыш
мектеп қазақ тілі сабағында
оқушылардың сөйлеу тілін
^ Диплом жұмысының теориялық
маңызы. Бастауыш мектеп қазақ
тілі сабағында оқушылардың
^ Диплом жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
^ I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік
Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов «Завершающей частью грамматики» деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік катёгориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.*
Кейде осы күнге дёйінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.
Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, Түркология еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрлысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
^ 1. Сөз тіркесі сөйлемде
немесе сөйлемнен тыс
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексиканың, семансиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты өмір сүреді. Сондықтан да сөз де, ТТ, КТ де сөйлемде
қолданысы жағынан үқсас. Олай болса бұл топтар сөйлемге материал. Әрбір сөз сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы өзі оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты сөз тіркестері арқылы жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде жұмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бІрлігінің айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ де басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемның де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қортынды - сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
^ 2. Сөз тіркесі - синтаксистік
единиқа. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың
негізгі материалы болуының
А.Н.Гвоздев, Д.В.Фоменко сияқты ғалымдар, әсіресе, соңғы ғалым «Словосочетание является ли единиқей языка?» деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді. Осы мақаланың төңірегінде де даулы мақалалар
жарияланды. Сол жарияланған мақалалардың негізгі сөз тіркесінің единиқа екеніне баса назар аударды.
Негізгі сөз тіркесінде синтаксисі, синтаксистің негізгі бір саласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де сөз жасалу жігі өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлемде емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единиқа екенін дәлелдесе керек.
^ 3. Номинативті мән. Сөз
тіркесінің сөйлемдегі
В.В.Виноградов, А.С.Смирниқкий, В.В.Бабайқева, А.Н.Баскаков сөз тіркестерінің номинативті мәнін айтса, В.Г.Адмони сөз тіркесінде номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады. Ю.В.Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенің жоққа шығарса, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің граматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге тән, сондықтанда сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудәң ойға қона қонбайтынын мынадай жайттардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті таулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікте (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің әрқайсысының өзіндік номинативті мәні бар екені мәлім. Енді сол номинативті мәні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мән пайда болады деуге келе бермейді. Демек номинативті мән тек жеке сөздерге тән, кейде ондай мән сөз тіркестеріне формалық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет. Журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады.
КТ кемінде екі-үш сөзден құрала отырып, олардың әрқайсысының өзіндік жасалуы болады. Сол тобымен тілде номинативтікқызметте жү-мсалады. Әрине сол КТ пен сол іспестес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне үқсас та бола береді. Мына мысалдарға назар аударайық.
үлкен
кіші
тау
биік
қарлы аласа
тау ^^
қарсыз
Бұлар тау сөзінің әр түрлі сындық қасиетін көрсетсе керек. Ондай сындар тау сөзінің әр түрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды. Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің әр түрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ құрайтын болса, енді Кіші Ардақ ән аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. Осы сияқты номинативтік мән сын есімді анықтауышты тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, «Біз тау қиялап жүріп келеміз» немесе «Өзіміздің туган жерде еңбек ңарңынын арттырудамыз» деген сөйлемдердегі асты сызылған зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған жер» атауыш тіркестердің қызметі мен мәні бірдей емес. Біріншісінде кәдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі әннің аты ретінде жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан әйелдері», «Қазақстан мұғалімі», «Үгітші блокты» сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, Адамзатқа хат сияқты кітап аттары сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мәнге ие де, егер тұнық судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, әдеттегі анықтауыш анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олар сол тобымен бір заттың атын білдіруі, олардың еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. Сонымен кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер тобының бәрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш қызметінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркестеріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.
Информация о работе Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі