Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 09:28, дипломная работа

Краткое описание

. Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Содержание

Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік..............................................................5
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу.....................11
Сөз тіркестерінің байланысу формалары...................................................21
Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары......................................25
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 65.42 Кб (Скачать документ)

 

Сын есім, сан есім мен етістіктің есімше түрі зат есіммен тіркесіп қана қоймайды, олардың тіркесу аясы кеңейгені тарихи фактілер көрсетеді. Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сын есім, сан есімдер енді етістікпен де тіркесе алатын дәрежеге ие болуы. Соның нәтижесінде, сөз тіркестері құрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі өз алдына сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі құрамында жаңа пікірлердің қалыптасуына алып келсе, екіншіден, пысықтауыш деп аталатын сөйлем мүшесінің құрылымында жаңа түрдің қалыптасуына алып келеді.

 

Сын есімдердің етістікпен тіркесінің қалыптасуы туралы Түркология және қазақ тіл білімінде әр түрлі пікірлер айтылып келе жатыр. XIX ғасырда-ақ А.Казем-Бек «Сын есімдердің саны олардан кейін қандай да бір етістік қолданғанда немесе қолданған сияқты болғанда үстеуге айналады» - деп жазғаны мәлім. Осы көзқарас біздің заманымызда Н.И.Ашмарин. А.Н.Боровков, Ф.Г.Исхаков еңбектерінде де қолдау тапты.Бұл жерде сөздің синтаксистік қызметі, екінші сөзбен тіркес құрау қабілетінің үлғаюы, оның морфологиялық мәні деп қаралғандығы айқын.

 

Н.К.Дмитриев «Яхшы бала яхшы уный» деген мысалды талдай келіп, көптеген зерттеушілердің бірінші «яхшы» -ны сын есім (өйткені еліктеулердің салдары), екіншіден «яхшы» -ны үстеу (өйткені заттың алдында тұрғандығынан) дей келіп, «ал башқұрттың яхшысы мен яхшы бір-бірінен айырмасы жоқ, сондықтан, оны ешбір ойланбай-ақ сын есімге жатқызуға болды» - деп дұрыс көрсетті. Сол сияқты қазақ тілі негізінде проф. М.Балақаев «Негізгі және туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп үстеуге айналмайды» - деп, мұндай құбылыс енді олардың тіркесу аясының кеңеюінің нәтижесі деп тұжырымдайды.

 

Осы пікірді Н.А.Баскаков, И.А.Батманов, А.Искақов, Г.Ф.Зейналов, С.Кеңесбаев сол сияқты казақ тілінде сын есімді арнай зерттеген Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов т.б. ғалымдардың да қолдайтынын көруге болады. Тілдік фактілер мынаны дәлелдейді.

 

Етістікті сөз тіркестері құрамында жиі жұмсалатындар - сапалық сын есімдер. Сондықтан, олар сөйлем құрамында анықтауышпен қатар пысыктауыш қызметінде жиі кездеседі. Сондықтан ад сапалық сын есімдер затты да анықтайды, екіншіден, етістікті де әр түрлі жағынан пысықтайды.

 

Қатыстық сын есімдер сан жағынан қаншалық мол болғанмен, зат есімдермен тіркесуде аясы кең де, ал етістікпен тіркесуде аясы тар.

 

Сын есімдер етістікпен тіркескен кезде, жалпылама қолданыла бермейді. Әсіресе қосарлы (қызыл-ала) және күрделі сын есімдер (кейбір жағдайда болмаса) етістіктермен тіркесе бермейді. Ал таза, сапалық сын есімдердің де етістікпен тіркесі бірыңғай емес, олардың барлығы бірдей етістікпен тіркесуге қабілетті емес.

 

Әсіресе, түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары т.б. сын есімдер еш уақытта етістікпен тіркеспейді. Логика тұрғысынан да қимыл түске ажырамайды. Қимылдың істелу мөлшері немесе оның түрлі сапасы мен амалы болуы мүмкін. Сондықтан еш уақытта қазақ «қара жүрді», «қара айқайлады» т.б. деп айтпайды. Дегенмен түсті білдіретін сын есімдер еш уақытта етістікпен тіркеспейдідейтін қағида шықпауы тиіс. Кей жағдайда олар қимылды білдіретін сөздермен тіркесе береді. Ондай жағдайда оларпысықтауыш қызметінде емес кім? Не? Сұрауының біріне жауап беріп, сөйлем бастауышы қызметін атқарады, яғни заттанып, зат есім мәнін алады. Сын есімдердің басқа семантикалық топтарының етістікпен тіркесі де бірдей емес.

 

Сын есімдер сияқты сан есімдердің де тіркес құрау аясын тарихи тұрғыдан қараудың артықтығы жоқ.

 

Сапа және сан туралы ұғым - адам баласының синтездікойының дамуының нәтижесі. Санау тек тілдік жағынан қаралмайды. Олар негізінде математиканың да, философияның да объектісі болып табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін А.А.Реформатскийдің мына пікірін келтірейік: «Сан және санаудың қиындығы тек таза математикалық қисында емес, бүған сан абстракт ойлаудың жемісі бола тұрып, қоғамда сан сөз немесе таңба (ішінара қифр) болып кездеседі.

 

Санақ және сан жайындағы ұғым адамдардың практикалық қызметінің негізінде пайда болады. Сан есімдер түп негізі жағынан көбіне заттарға қатысты, солай болатындықтан олар - зат есімдермен тіркесетін сөздер. Бірақ олар барлық зат есімдермен емес, санауға болатын заттармен тіркеседі де, абстракты зат есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді.Сондықтан проф. М.Балақаев сан есімдердің зат есімдермен тіркесін екіге бөліп, сан есімдер нақтылы ұғымдағы зат есімдермен тіркеседі деп жазады. Мұның өз сан есімдердің есімдермен тіркесу қабілетінің түрліше екенін көрсетеді.

 

Бірақ, сан есімдер конкретті зат атауларының өзімен де жаппай тіркесе бермейді. Конкретті зат есімдер жалқы есім және жалпы есім болып екіге бөлінетіні белгілі. Сонда сан есімдер жалпы есімдермен тіркеседі де, жалқы есіммен тіркеспейді: Мысалы: он алма, екі жұма, бес батыр айта береміз де, он бес Алматы, жеті Жұмаш, Жиырма Әлішер деп айтуға болмайды. Өйткені жалқы есімдер даралықты, жекелікті білдіретін заттардың өзіне тән аты. Ал сан есімдер жалпы есімдермен еркін тіркесі береді. Мысалы: Бкінші тамды ашса, үш садақ тұр (Батырлар жыры). Мұнда «үш» сан есімі «сауыт, қылыш, ер, найза, мылтық, садақ» жалпы есемдермен тіркесіп келген.

 

Сонымен, сан есімдер тек зат есемдермен тіркесуге қабілетті. Бұл қасиет сын есімге де тән екендігі белгелі. Бірақ сын есімдер затты сындық жағынан анықтаса, сан есімдер тек сандық жағынан анықтайды. Сандардың осы қасиетіне байланысты көптеген ғалымдар сан есім тек затты сандық жағынан анықтауғы тиіс деп, оларды бір жақты көрсетеді. Дегенмен, мұндай көзқарас тіліміздің бүгінгі сипатындағы сан есімдердің қолданылу ерекшелігін түгел қамти алмайды.

 

Проф. М.Балақаев сөздердің өзара тіркесу заңдылығының қалыптасуына тарихи Тұрғыдан қарау керек екендігін көрсете келіп, «Современная система словосочетания представляет собою результат длительного развития языка. Она создается в проқессе исторического развития языка в связи с историей употребления слов. Чем больше вступают в контакт с другими словами, тем ярче выражается их соқиальная функқия» - деп жазғаны белгелі. Сол сияқты В.В.Виноградов тың редакқиясымен шыққан «Грамматика русского языка» деген еңбекте «... общие грамматические законы и отдельные грамматические правила выводятся из самой языковой практики» - деп көрсетеледі. Осы пікірдің дұрыстығын санды білдіретін сөздердің басқа сөздермен тіркесу қабілетінің артуын да байқауға болады.сандық құбылыс затпен тығыз байланысты. Бірақ тіл дамуының нәтижесінде оның байланысы тек зат есемдермен шектеліп қалмай, сан есімдер етістіктермен де тіркесетін болды. Соның нәтижесінде сан есім пысықтауыштфқ катынаста жұмсалып, қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайтын болды.

 

Тілдік фактілерге қарағанда, сан сан есімдер заттық анықтауыштың қасиетін өз бойына үнемі сақтай отырып, зат қимылының мөлшерін білдіруі бірден пайда болған емес сияқты. Мұның өз ерекшелігі бар. Зат есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сан есімдер енді етістікпен де

 

тіркесуге қалай бейімделді? Көне ескерткіштер тіліндегі сан санау біздің казіргі тілімізбен салыстырғанда көп ерекше болған. Сан есімдердің етістікпен тіркесі орхон-енисей жазуларында да, Махмуд Қашғаридің «Дидуани лүғат Түрік» сөздіктердінде де екі түрлі беріледі.

 

Ол мүралар тілінде сан есімдер етістікпен қосарлы сөздер арқылы тіркескен. Сонымен қатар, етістіктермен тікелейде тіркесе кездеседі. Бұдан мынадай қортынды шығаруға болатын сияқты: сан есім таза күйінде тек зат есімді анықтайды, дегенемен, сиректе болса, етістіктермен тіркеседі. Ал, сан есімдер түрлі қосарлы сөздермен келіп көбіне етістіктермен тіркес құраған. Сонымен қарат сан есімнің мұндай түрлерінің зат есімдермен де тіркесі кездесіп отырады. Бұл фактілер сан есімдердің етістіктермен тіркесі ең алдымен қосарлы сөздер арқылы болғандығын дәлелдейді. Ондай даму барысынан қосарлы сөздердің тіркес құрамынаннан шығып қалу салдарынан, сан есімдер етістіктермен тікелей тіркесу қалыптасқан. Ал ондай дәнекер, біздіңше, мыналар: рет, есе, жуық, каралы, шамалы, дүркін, мәртебе т.б. Бұл қосарлы сөздер сан есімдер мен етістіктерді байланыстырудың дәнекері болған. Бірақ, тіл дамуының нәтижесінде сан есімдер мен етістіктің тіркесі жалпы айтылуға ыңғайлы бола бастауына байланыстытілдік әкономдык нәтижесінде, кейде түсіп қалып қолданылған. Сөйтіп, кейін келе-келе сан есімдердің етістікпен тіркесі дәнекер сөздерсіз яғни, тікелей тіркесу де пайда болады. Ал, қазіргі тілде дәнекер сөздер арқылы келуі сирек. Жалпы сан есімдердің дамуы тек Түркологияда ғана емес, сол сияқты орыс т.б. тілдерде де өзіндік жолмен жүрген. Қазақ тілінде сан есімдердің бірнеше түрлері барлығы мәлім. Бірақ сол түрлердің қалыптасуы бірдей емес, әр қилы, солардың алғашқы бірқараты септік, реттік сан есімдер болған. И.А.Батманов енисей немесе ортағасырлық Түркі ескерткіштеріңде олардың бөлшектік түрлерінің кездеспейтіндігін дәлелдейді. Проф. К.Мұсаев қазіргі қазақ тілінде бөлшектік сан есімнің өте молаю процесін тіл дамуының жаңа түрінің жемісі деп карайды. Қазақ тілінде бөлшектік сан есімдер мол. Олар матаса, меңгеріле байланысатын сөз тіркестерін құрайды. Сан есімдердің тіркес құраудағы ерекшеліктері олардың түрлі косарлы сөздер мен нумеративті сөздер арқылы тіркесінен де айқын байқалады.

 

Сан есім кейде басқа сөздерге да қатысты жұмсалатын рет, мәртебе т.б. қосарлы сөздер арқылы қабыса байланысқан сөз тіркестерін құраса, қазіргі тілде ондай аналитикалық тіркесу биылғы астық жоспары екі есеге жуық артығымен орындалды тәрізді, қосарлы сөздердің септелуі негізіндесан есімдерше шылаулы түрлері де қалыптасты. Бұлардың бәрі тіл дамуының нәтижесінде пайда болды. Жалпы нумеративті сөздердің өзі байырғы яғни, Түркі тілдеріне тән ортақ тілдерімен бірғе, кейінгі дәуірлерде қалыптасқан интернақионалдық (километр, метр, килограмм, грамм, сағат, минут, секунд, градус т.б) топтарға жіктеледі. Соңғы топтың қалыптасуы сан есімдердің тіркесімділік касиетіне де өзгеріс енгізді, жаңа форма пайда болды. Сонымен сан есмідер құрамындағы өзгерістер олардың етістіктермен тіркес құрамына ықпал жасады. Н.З.Гаджиева мұндай модельдің жалпы Түркі тілдеріне ортақ екендігін айтады. Қазіргі қазақ тілінде интернатқионалдық нумеративті сөздер - -лы, -лі,-лық,-лік жұрнақтарымен бірге —дай, -дей (екі километрдей, бес метрдей) жұрнағы да қабылдап, кабысса байланысса, нумеративті сөздер сан есімшемен қосарланып анықтауыштык қатынаста жұмсалуымен бірге, енді олар анықтауышымен қосарланып септеліп, басыңғықы сөздермен меңгеріле байланысатын болып қалыптасты. Тіпті кейде шылаулар арқылы меңгеріле береді. Бұдан қарағанда нумеративті сөздермен келген сөз тіркестерінен екі түрлі нәрсені байқауға болады. Біріншіден, нумеративті сөздер басыңқы сөздермен орын тіртібі аркылы қабыса байланысады, екіншіден, нумеративті сөздермен келген сөз тіркестері меңгеру арқылы да құрылатын болады. Мұны өзінен бұрын сан есім нусеративті сөздер сөз тіркестерінің басыңқы сыңары тек есім болса, енді ондай құрамды күрделі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары етістік болып, етістікті сөз тіркесінің аясы кеңейе түскенін көреміз.

 

Алайда, сан есімдердің тіркесу қабілетіндегі өзгерістер қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы Түркологияда арнайы зерттеу обәектісі болған емес.

 

Үстеулер грамматикалық класс ретінде кейін қалыптасты. Орхон-енисей несесе ондан кейінге ескерткіштер тілінде олардың саны көп емес. Үстеулер негізінде есіттікпен тіркесе алатын сөз табы деп қаралады.

 

Алайда, қазіргі тілдің фактілері олдардың қимылды ғана пысықтап қана қоймай, есімдерге де қатысты қолданылатындығын көрсетеді. Бұл тілдің стильдік мүмкіндігінің кеңеюінің жемісі. Қазірігі тілімізде үстеулер есімдермен түрлі қосымшалар арқылы және сол тұлғасында қазақ тітінде үстеулік қасиетін сақтай отырып тіркеседі. Ондай тіркестердің басыңқы сыңары қызметінде зат есім сын есім, сан есім және етістіктер. Мысалы:

 

 

    Қазір биригадир, оқушы, үшкыш, басшы, оқытушы.

 

    Биыл көңілді, кең  орынды, таза.

 

    Биыл жетіде, онда.

 

    Бүгін мен, ертең  сен.

 

 

Дегенмен ондай қасиет барлық үстеулерге тән емес. Көбіне мезгіл, мөлшер үстеулер ғана сондай қолданысқа бейім. Ал, үстеулермен тіркесіп келетіндер көбіне зат есім, сын есім, басқа да сөз таптарының үстеулермен тіркес құрауы сирек кездесетін құбылыс. Сонымен, үстеулер есімдермен тіркесі, кейінгі дәуірдің жемісі. Бүгінде олар жер астында отыр... Бүгінге дейін майыспай келген байдың иілген Тұрі ме бұл, әлде қүлақтың тегеурініне шыдай алмай морт сынғаны ма? Бай өзінің ойын кейінге сақтап, ол турасында ләм демеді. Ертемен кімді жү_тсақ екен деп араңдарынды ашьш тұрсындар. Туған бөлесі Ғанидың күні кешеге дейінгі бар өмірі есінде (М.Дүзенов). Ертең бе? - председательдің жауап беруіне мүмкіншілік бермейді. Ертеңнен қалдырмаңыз (Ә.Нұршайықов). Сонымен, бұл фактіден үстеулер тек септік жалғаулы тұлғада калыптасуымен меңгеріле байланысатын тіркестер қалыптасты. Сонымен бірге, үстеулердің шылаулар жетегінде тіркесетін түрлері де пайда болды (Бүгінге дейін өмір т.б.). Ал күшейткіш үстеулер сын есім, үстеулерге күшейткіш мағына үстеумен бірге өздері де дербес қолданылатын дәрежеге жетті. Өте асықты, өте үрысты, өте кейіді, тым мақтады т.б. Бұл құбылыс тіл құрамында болып отыратын ықшамдау процесінің нәтижесі екендігі айқын. Бұл әрине үстеулердің тіркес құрау қабілетінің кеңеюі.

 

 

 

^ III Сөз тіркестердің байланысу  формалары

 

Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есімдер мен етістік жұмсалатын қалыптасқан заңдылық. Ал, үстеулер негізінде бағыныңқы сынар қызметінде жұмсалатын сөздер тобына жатады. Алайда, қазіргі әдеби тілімізде үстеулер басыңқы сынар қызметінде сынар қызметінде жұмсалу процесі пайда бола бастағынын көруге болады. Мысалы: көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң. Әрине, одан қат-кабат нақтыл жауап күте қою әзір ертеректеу (М.Дүзенов) тәрізді сөйлем құрамындағы аң-таң, ертеректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл әдеби тіл құрамындағы тілдік әлементтердің фунқиялық дамуының нәтижесі болса керек.

 

Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс соңғы кездің жемісі. Өйткені, есік ескерткіштер тілінде көмекші сөздер өте аз, тіпті XVIII ғасыр нүсқаларының тілінде қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді. Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шылаулардың кейінгі қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді тіркестер сала-сала ретінде калыптасты.

 

^ 1. Қиыса байланысқан сөз  тіркестері

 

Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде бастауыш пен баяндауыш арасында болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай әр түрлі жақтарда жәие дара, көпше түрде бола береді. Әсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз олардың кай сөз таптарынан болуына қарай былай топ көрсетеміз.

Информация о работе Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі