Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:24, курсовая работа
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері............................................4-8
1.2. Ойынның ерекшелігі...................................................................................9-13
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы..............................................14-21
ІІ Бөлім. Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту...............................22-25
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері............26-29
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31
Бұл ойында сызбаны пайдалана отырып жасырылған затты тауып алу керек. Ересек адам мен бала кезекпен ойыншықты жасырып, сызбаға белгілі-бір белгі қояды. Бала бөлменің кез-келген жерінде тұрып сызбаны пайдалануды үйренуі тиіс. Ол үшін алдымен ол сызбаны бағытқа салып (оны есіктің кескіні есікке, ал терезенің кескіні -терезеге «қарап» тұратындай етіп қою), сосын өзінің бөлменің қай жерінде орналасқанын анықтауы тиіс (мен мына орындықта отырмын). Содан кейін сызбада белгіленген затты бөлмеден тауып алу оңайға соғады.
Кейіннен ойынды басқа бөлмеде, асүйде өткізуге немесе 180 градусқа айналдырылған сызбаны қолдануға болады.
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту
Сөйлеудің қалыптасуы сәбилер арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формаларының пайда болуын, қарым - қатынастары жалғыз және қатар ойнаудан бірлесіп ойнау түрлеріне көшуді анықтайды.
Сөйлеу балалардың үлкендермен қарым-қатынасының ғана негізгі құралы емес (мұндай қатынас екі жасқа аяқ басқанда болғанды) басқа балалармен де қарым-қатынас жасау құралы. Тәрбиеші өзінің жеке басының үлгісімен және тікелей нұсқау беру арқылы балаларды бір-бірімеи сыпайы сөйлесуге үйретеді, оларды өзара көмекке (басқа баланың түймесін салуға, нан салынған тарелкені көршісіне жылжытуға) итермелейді өзінен кішілерге аяныш, ұқыпты қатынас білдіруге баулиды. Балалар сөйлеген сөзді түсініп, өздері де сөйлей алатын кездегі балалардың өзара қарым-қатынасын, оның дұрыс формаларын айту, түсіндіру арқылы тәртіптеу керек: «Вова, велосипедіңді Сережаға тебуге бере түр, ол содан кейін өзіңе қайтарады», «Коля, Ленаның кубигін алма, өзіңе басқасын ал. Қара, қорапшада тағы да бар».
Балалар арасында байланыстың пайда болуына ойын әрекеті қолайлы мүмкіндік туғызады: балалар келісіп қимыл жасауға үйренеді, біріне-бірі кешірім жасауға, біріне-бірі көмекке келуге, өз қуаныштарын ортаға салуға үйренеді.
«10 сөзді жаттау» әдістемесі арқылы баланың сөйлеу
әрекетін дамыту.
Мақсаты: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау, тілін дамыту.
Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.
Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.
Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».
Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұскау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді тағыда қай-талап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар».
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:
«Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тындаңдар». Бесін-ші рет кайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» - деп ескерту қажет.
Қалыпты жағдайда дамып келе жаткан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың саулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді.
Сөздер тізімін қайталап оқу барасында ешқандай қосым түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана создерді өте қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деге сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.
Орындау уақыты 7-8 минут.
Бағалау шкаласы:
Бір рет оқығанда - 5-6, бес рет қайталағанда - 8-10 сөз қайталау - сездерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда — 3-4, бесіншіден кейін — 5-7 — орта; Бірінші оқығанда — 1-2, бесіншіден кейін — 3-4 — төмен; Бірінші оқығанда — 0, бесіншіден кейін — 1-2 - өте төмен.
Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе) киім, дала. Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек.
2.3. Балаларда ойынның
психологиялық педагогикалық
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын стінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойыының пайда болуының негізіне айналады. Ойын ұстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыңыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексері атқаруға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының баска мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын қалыптастырып құрдастарына, туа бастаған коллектив пікір қарап бағдар алу әлеуметтік сезімдерін: топқа іліесу, басқаға жаны ашу т.б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекет және өзара қарым-катынасымен таныстыруға мүмкіндік немесе шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында пайдалатын түрлі жағдайларда өзін ұстап білуге үйретеді. Мұның негізінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалар -: осы тобының талаптарына және өзнің жеке-дара қабілет-түріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты тандау балаларды жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын сондай-ақ тасада қалып койғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орның пассивтілігінің дәрежесін анықтамаиды.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық ролге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына куану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шүғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-кұлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншыкпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолданады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі теплвоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың симболдарды қолдануы — оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану «балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді. Бала орынбасар заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойынына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шұжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық осы және осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе фуикциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң енді онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінің жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын ұстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына өтетін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген кажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын ұстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психилалық нашар даму оқиғасы суреттелген. .
Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттін басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Мектепке дейінгі шактың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары аркылы кайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқ киім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту — мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны, міне осы. Бұл кезеңде балалар, әдетте, жеке-дара ойнайтынын атап өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы ұйымдастыруымен біріккеннін өзінде олардың ойыны бәрібір бірлесіп ойнау емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінің ойынына аз көңіл аударады, әрқайсысы өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.
Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: «Сен кімсін?» - деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты қыз болса, өзін «мамамын» деп таныстырады. Бұл жерде бала енді сол әрекеттің өзі үшін жасамайды. Олар рольге кіріседі Енді сіз кең жайылған кайталама іс-әрекеттерді көре алмайсыз. Балалар жасайтын әрекеттер азды-көпті ықшамдала бастайды. Ойын дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында болатын қарым-қатынастар қызықтыра бастайды. Әрекеттер қарым-қатынастарды өрістетудің кұралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай тұрып-ақ балалар кімнің кім болып ойнайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын айтылып өтілгендей, әлеуметтік рольдер игеріледі. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды. Мұндай жағдайларда олар адамдар карым-қатынасы жүйесіндегі өз орындарын жақсы түсініп, өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.
Қорытынды
Алты жасар балаларға тиянақты білім беру тәрбиешінің творчестволық, ізденісі мен шеберллігін қажет етеді Мұньң өзі әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондьқтан сабақ тартымды болу ушін тақырыпқа сәйкес ойындар тандап алып, оларды ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады.
Әрбip тәрбиеші сабақ, процесінде қандай дидактикалық,
ойын қолданатынын куні бурын сабақ мазмуны
мақсатына сай лайықтап таңдап алғаны
жөн. Өйткені мектепке келген 6 жасар балалар
үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу
мен дамытудың аса маңызды құралы
болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған
педагогикалық процеске
енгізілгенде ғана сондай
құралға айналады. Ойынның дамуымен
оның орнығуы оны нақ, осылай тәрбиелеу
қуралы ретінде
пайдалануға көп
байланысты.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып муғалім балаларды, Л.С.Макаренконың сезімін айтқанда "жақсы ойын" жасауға үйретеді. Мундай ойынға мынандай сапа тән: Мазмунның тәрбиелік мазмұндық құндылығы, бейнеленетін тусініктердің толығы
мен дұрыстығы, ойы, ic-әрекетнің орындылығы, белсенділігі. ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлык ойнаушылардың муделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыкка ала білyi, ойыншықтармен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың карым-катынастарының игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.
Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының ерекшелігіне оның санасына, сезімше, ерік-жігеріне, мінез-кұлкына ыкпал жасайды. Ойын шарттарының, өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Құрбыларымен карым-катынас жасау кажеттігі баланы максатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Максаткерлік, epiк күшін бағындыра білуі-жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойында ақыл-ойы адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімiмен ұғымы айқындалып терендей түседі.
Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдерімен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бipre белсенді таным ic-әрекеттерінің өзінше бip формасы болып табылады, соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен, жаңа білім меңгереді.
Ойын бала үшін — нағыз өмip. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырылса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.
Информация о работе Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте