Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:24, курсовая работа
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері............................................4-8
1.2. Ойынның ерекшелігі...................................................................................9-13
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы..............................................14-21
ІІ Бөлім. Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту...............................22-25
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері............26-29
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір кимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды, пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен кәрсетіледі.
Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс-әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі шофёр жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысуға байланысты жиі ауысып отырады Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым-қатынас көрінеді.
Экспериментші Галяға тәрбиеші болуды ұсынады, ал онын өзі мен Га-лочка балалар орнында болады. Галя күлімсіреп: «Жарайды, мен Ф. С. (тәр-биешінің аты жөні солай), ал сіз Галя болыңыз, жарай ма» — осыны айтты да жауап күтпестен Галяға бұйыра сөйледі. «Үстел басына келіңдер, жоқ әуелі анда барып қолдарыңды жуындар», —деп қабырғаны көрсетті. Галочка қабырғаға қарай беттеді, тәрбиеші соңынан ерді. Галочка қолын жуған секілді қимылдар жасады. Галя: «Үстел басына отырыңдар, міне, мен тоқаш пен тостағандарды дайындап койдым, қазір шай құямын». Гүл өсірілген құ-мыралар жанындағы жерге түскен кұрғақ жапырақтарды теріп алып, екі-үш жапырақты үш жерге қояды. Галочка мен тәрбиеші үстел басына келіп оты-рады. Галя байсалды қарап койып былай дейді: «Галя, тыныш отыр. Үстел басында сөйлеспендер». Тағы екі жапырақ қояды. Виля үстел жанына келіп, үстел басына отырып, тамақ жей бастайды. Галя: «Енді ұйқыға жатуларыңа болады». Галочка: «Алдымен ауыз шаю керек». Қабырғаға жақын келді де-ауыз шайған секілді қимылдар жасады. Галя орындықтарға нұсқап: «Осында ұйықтайсыңдар». Галочка, Виля және экспериментші отырады. Галя: «Көздеріңді жұмыңдар, қолдарыңды бастың астына қойыңдар». Виля тынышсызданады. Галя: «Виля, тыныш жат. Қимылдай, берме». Виля тынышталады.
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы
Мектепке дейінгі бала проблемаларымен айналысып жүрген шетел психологтарының ішінде Ж.Пиаженің орны ерекше. Алайда ол мектепке дейінгі баланың тұлғалық даму ерекшелігіне арнайы еңбек арнамаған, оның зерттеулеріне осы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көптеген материалдар бар. Ж.Пиаже зерттеулерінен біз, тіпті арнайы қалыптастырып жазбаса да, осы жастың теориясын кездестіреміз. Бұл теория Ж.Пиаже енгізген ойлау және әрекеттің даму тұжырымдамасымен тығыз байланысты.
Бір жасар баланың өміріне арналған еңбекте Ж.Пиаже нәрестеге абсолютті (таза) эгоцентризм тән дейді, оған біз "бірінші жылдағы сотциолизм" деп анықтама беріп жүрміз. Ж.Пиаженің ойынша, балада әлеуметтік өмір мен логикалық ойлау жүйесі кеш дамиды, тіпті мектепке дейінгі жастан соң дамиды. Абсолютті солипсизмге әлеуметтендірілген логикалық ой мен мектепке дейінге тілдік қатынасқа арнайы әлеуметтік формаларға дейінгі аралық буын жатады.
Аутизм мен логикалық ойлау екі полюстен құралады: бірі — таза жеке-даралық, екіншісі — әлеуметтік нүкте. Мектепке дейінгі кезең, Ж.Пиаженің көзқарасы бойынша, осы екі полюстің аралығында болады. Осы кезеңде ересектердің әлеуметтік әрекет пен логикалық ойлауын нәрестенің алғашқы аутистикалық ойлауы мен әрекеті ығыстыра бастайды, Мектеп жасына дейінгі балаға тән бұл аралық жағдайды Ж.Пиаже эгоцентризм деп атаған, ол солипсизмнің басы мен әлеуметтене бастаудың арасындағы өзіндік салыстыру болып табылады.
Сондықтан, Ж.Пиаженің пікірінше, эгоцентризм деңгейін баланың бір полюстен екінші полюске өту барысындағы жетістігімен өлшеу керек. Эгоцентризм деңгейі қаншалықты жоғары болса, жолдың алғашқы нүктесіне соншалықты жақын және керісінше.
"Біз баланың ойын
Ж.Пиаже мектеп жасына дейінгі баладағы эгоцентризмнің себебі әрекеттің негізінен шығады деп түсіндіреді. Ол былай деп жазады: "Дегенмен, генетикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, баланың ойы баланың әрекеті тұрғысынан түсіндіріледі. Ол әрекет, сөзсіз, эгоцентрлік және эгоистік сипатта болады. Әлеуметтік инсгинкт айқын түрде кейінірек дамиды. Бұл тұрғыдан келгенде алғашқы қолайсыз кезеңді 7—8 жас аралығында қарастыруға болады. Сол себепті Ж.Пиаже эгоцентризмнің тамырын баланың әлеуметтік емес және эгоцентристік, эгоистік сипаттағы әрекетінен іздейді. Ж.Пиаже мектепке дейінгі баланың негізгі әрекетінен ойынды көрсетеді. Ж.Пиаженің ілімі бойынша, дәл мектепке дейінгі жаста бала бір мезгілде екі ортада — ойын мен шынайы болмыста өмір сүреді.
Бұл кезде бала үшін шынайы болмысқа қарағанда ойын шындыққа сәйкес келеді. "Сондықтан болса керек, бала ойынында тәуелсіз шындық өмір мағынасы бар екенін мойындау керек, нағыз шынайылық бала үшін шындыққа сәйкес келмесе керек".
Сонда бала шынайы екі түрлі әлемде, екі түрлі ортада өмір сүреді. Бұл орталардың бір-бірімен күресуі баладағы әуел бастан бар биологиялық аутикалық шеңбердің — "мәңгілік балалықтың" оған сырттан таңылатын әлеуметгік, логикалық пен күресі болып табылады. Пиаженің мектепке дейінгі балалар туралы тұжырымдамасы жалпы алғанда осындай сипатта.
Ж.Пиаженін баланың дамуы туралы, негізінен мектеп жасына дейінгі баланың ерекше дамуы туралы, көзқарастары 1930 жылдардың басында Л.С.Выготскийдің сынына ұшыраған болатын. Ең алдымен Ж.Пиаженің баланың дамуы аутизмнен әлеуметтікке өтеді, ал бала алғашқы даму сатысында өз-өзімен тұйықталған және ересектердің әлеуметтік әлемінен алшақ жатқан тіршілік иесі деген болжамын дұрыс болжам ретінде қабылдауға болмайды. Алайда деректер баланың өмірінің өте ерте кезеңінен бастап ересек адамдармен өте тығыз байланыста болатынын көрсетеді. Баланы қарайтын ересектердің ерекшеліктерін (адамның бет әлпеті мен даусы) бала 2 айға толғанда қабылдай бастайды. Қолда бар эксперименттік деректер бойынша сыртқы әлемге бағытталған ізденімпаздық әрекет өте ерте пайда болады және бала өмірінің бірінші жылдарында қарқынды түрде дамиды.
Ішкі әлем, өзіндік қалау әлемі бала үшін сырты әлемге қарағанда сәл кейінірек қалыптасады. Бұл баланың ересектермен қарым-қатынасы негізінде пайда болады, оған дейін болмайды.
Ж.Пиаженің баланың алған әлеуметтік емес дамуына Л.С.Выготский баланың әлеуметтігін қарама-қарсы қойды, бала әлеуметтіктен жеке-даралыққа қарай дамиды.
Алайда Л.С.Выготскийдің бұл пікірі тек алғашқы бөлім бойынша дұрыс. Бала өзінің балалық дамуы барысын әлеуметтік сипатқа ие. Бала қоғаммен тығыз байланыста бола тұрып, біртіндеп қоғамнан оңашалана бастайды, қоғаммен байланыс тұлға мен сана-сезімнің қалыптасу шамасына қарай әлсірей береді. Қоғамдық іс-тәжірибені үйренуге қатысты өз бетінше әрекет етудің әрбір сатысы қоғаммен байланысты әлеуметтенудің әлсіреуі емес, ол тек оның формасының өзгерісін ғана көрсетеді. Бала өзінің әрбір даму сатысында қоғамның мүшесі болып табылады және қоғаммен өте тығыз байланыста өмір сүреді. Бүндай байланыссыз баланың өмір сүруі мүмкін емес. Баланың тек қоғамдық жүйедегі орны, қоғаммен байланыс сипаты ғана өзгеріске түседі.
Ойын — мектеп жасына дейінгі баланын негізгі әрекет түрі. Бұл жерде Ж.Пиаженің мына бір пікірімен келіспеуге болмайды: ойын - эгоцентристік-эгоистік әрекет, ерекше әлем, бала онда ересектердің талабы мен шынайы өмірінен алшақ кетуге тырысады. Керісінше, ойын (мектеп жасына дейінгі балаға тән формада) өзінің шығу төркіні мен мазмұны жағынан әлеуметтік сипатқа ие. Ойын "символизмі" (оны арқау ете отырып Ж.Пиаже оның эгоцентрлік сипатын дәлелдеуге тырысқан) — баланың адам әрекетінің заттық мазмүнынан ересектердің әлеуметтік өміріне енуге тырысқанын көрсететін көрсеткіш.
Ж.Пиаженің ойынды эгоцентрлік әрекет деуі және ойында нағыз серіктестердің болмайды деуі жиналған деректерге сәйкес келмейді. Керісінше, ойнап жатқан балалар тобын дұрыс басқарса, олар нағыз ұжымға айналады, онда серіктестіктің әр түрлі формалары пайда болып, жүзеге асырылады. Ойын, Ж.Пиаженің пікірін қолдамасақ, аутизм мен эгоцентризмді көрсетпейді, ол үжымды қалыптастыратын, осы жастағы балаға тән мектеп болып табылады.
Ж. Пиаже пікірінше, ойын барысында балалар бір-бірін түсінбейді, тыңдамайды әрі олардың әрқайсысы өз үрдісі мен қалауын жүзеге асырғысы келіп түрады екен. Ал деректерге сүйенсек, ойын үстінде балалар бір-бірін жақсы түсінеді: олар рөлдерді ақылдасып бөліседі, ойынның мақсатын біріге отырып жүзеге асырады, бір-бірін сынайды, ойын барысында шынайы (символдық емес) қатынасқа түседі.
Ж.Пиаже соңғы еңбектерінде эгоцентризм мәселесіне субъект пен объект, бала мен зат тұрғысынан қарай бастайды. Әрекетгі организм мен қоршаған орта аралығындағы негізгі форма ретінде қарастыра отырып, Ж.Пиаже оны екі процеске - ассимиляция мен аккомодацияға — бөледі. Ассимиляция - бала әрекетінің схемасына заттың әрекет етуі болса, аккомодация - баланың әрекетінің өзгеруі, оның затқа икемделіп, затты игере бастауы.
Ж.ГІиаже пікірінше, даму процесі ассимиляцияның аз не көп аккомодацияны игеруіне байланысты жүреді. Осы көзқарас тұрғысынан келгенде, ойын баланың әрекеті болып есептеледі, онда ассимиляция басым, мектепке дейінгі кезең ассимиляцияның басымдығы аккомодацияның басымдығына ауысатын кезеңге сәйкес келеді. Алайда, талдау барысы
көрсеткендей, эгоцентризмді мектеп жасына дейінгі кезең ретінде енгізу бала мен болмыс арасындағы қатынасты алмастыру контекстін көрсетеді, Ж.Пиаженің бұл мәселеге деген көзқарасын ешқандай өзгертпейді6.
Кеңестік психологияда Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақ туралы өзінің айрықша ерекшелігі бар теориясын ұсынды. Оның пікірінше, баланың және оның сана-сезімінің дамуына жеке функцияның (назар, жады, ойлау) өзгеруі кірмейді, тек баланың тұлғалық тұтас дамуы ғана жатады. "Мұндай сана-сезімнің дамуы мен өсуі, — деп жазады Л.С.Выготский, — бірінші кезекте жекелеген функциялар арасындағы қатынастың өзгерісіне әсер етеді".
Функцияның жаңа жүйесінің пайда болуы мектепке дейінгі шақтың маңызды ерекшелігіне жатады. Онда жады негізгі маңызға ие болады. Жадының сана-сезімнің негізгі орталығына айналуы осы кезеңдегі психикалық дамуды сипаттайтын маңызды нәтижеге алып келеді. Ең алдымен, баланың ойлау жүйесі өзгереді: ол жалпы түсініктің негізінде әрекет ету мүмкіндігін игереді. Бұл таза бейнелі ойлаудан бірінші рет қол үзу әрі баланың тікелей тәжірбиесінде берілмеген жалпы түсініктер арасында болатын байланысты қалыіггастыру мүмкіндігі. Өзгеше ойлаудың бірінші сатысы баланың қолы жетерлік қорытындылау шеңберін кеңейтеді. Сонымен қатар оның қарым-қатынас мүмкіншілігі де арта түседі. (Бала сыртқы ортамен тікелей қабылданатын заттарға байланысты ғана қарым-қатынасқа түспейді, сонымен қатар елестете алатын, оймен танылатын заттар негізінде де қатынас жасайды) .
Екінші нәтиже - бала қызығушылығы мен сұранысын қайта құрумен байланысты.
Үшінші нәтиже - бала жаңа типті әрекетке ой мен қозғалыстың өзіндік қатынасы негізінде көшеді. Негізгі ой-дан оны жүзеге асыруға, ойдан жағдайға (бірақ жағдайдан ойға өту емес) өту мүмкіндіктері пайда болады. Бұл әрекеттер түрін шығармашылық деп атаса да болады.
Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балада алғаш рет ішкі этикалық инстанциясы әрі табиғат, өзі туралы бастапқы түсінік қалыптасады, сөйтіп тұңғыш рет балалық дүниетанымның болмысы пайда болады. Соңғы екі жаңа нәрселердің қалыптасуын Л.С.Выготский мектепке дейінгі жасты -бірінші, ерте жасқа тән балалық амнезиядан мүлде арылған деп біледі. Л.С.Выготскийдің мектепке дейінгі жасқа арналған теориясының жалпы сипаты осыпдай.
Мектеп жасына дейінгі шақтағы барлық өзгерістер толық бақылауға алынады. Ол өзгерістерді Л.С.Выготский көрсеткен. Сонымен, мектепке дейінгі бала шынымен жаңа типті орекетке көшеді, оньщ есі қарқынды түрде дамиды. Ол жал-пы түсінік негізінде ойлай басгайды, олардың қалаулары мен қызығушылықтары өзгереді, алғаш рет этикалық инстанциясы мен дүниетанымның нышандары қалыптасады.
Алайда Л.С.Выготскийдің барлық жаңалықтардың негізі жөніндегі түсініктемесімен келіспеуге болмайды. Ол мүны жадының мектепке дейінгі жастағы басым жағдайымен байланыстырады. Осы кезеңде жадының қарқынды дамуы күмән тудырмайды. Тек барлық өзгерісті мектеп жасына дейінгі бала жадының ерекше жағдайымен түсіндіру жаңсақтыққа әкеп соқтырады. Тіпті осы кезеңде жетекші типті әрекет - ойынның пайда болуын да Л.С.Выготский жадының ерекше жағдайына байланыстырады. Сонда осы кезеңдегі бала мен ересек адам арасындағы әрекет те, нақты қатынас та сана-сезімнің дамуы мен жекеленген функцияларын анықтамайды екен, керісінше, жекелеген психикалық процестер мен олардың функциялық құрылымы бала мен ересектер қатынасы мен әрекетінің дамуын айқындайды. Мүндай түсінік шындық болмыспен сәйкес келмейді, бұл жерде Л.С.Выготский заттардын нақты жағдайын өзінің функцияаралық байланыстардың даму схемасына ауыстырады, ол бұл байланысты психикалық дамудың орталығы деп біледі.
Л.С .Выготский көрсеткен барлық жаңа қүрылымдар мектепке дейінгі балаға тән психикалық дамудың сипатын аша түсетінін мойындау керек. Дей тұрғанмен, олар, біріншіден, жүріп жатқан барлық өзгерісті түсіндіре алмайды, екіншіден, тұлғаның дамуын дәл пайда болу тұрғысынан сипаттамайды. Л.С .Выготскийдің барлық өзгерістердің жиынтығы баланың түлғалық өзгеріске үшырауына әкеледі деген пікіріне де қосылуға болмайды.
Л.С.Выготский тұлғаның қалыптасу мәселесіне мына тұрғыдан келеді: мектепке дейінгі жастағы оқыту типі ересек жастағы балаға тән спонтандылық пен мектеп жасына тән реактивтілік арасындағы аралықта қарастырылады (бұл аралықты споытанды-реактивті тип деп атайды). Бала мектепке дейінгі жаста ересектер (мұғалім) бағдарламасы бойынша оқуға дайып болады, алайда ол мүғалім бағдарламасы оның езінің бағдарламасына айналу керек. Л.С.Выготский бала мен даму процесін анықтайтын ересек адам арасына тән қатынасты терең қарастырады. Өкінішке қарай мектепке дейінгі жастағы бала мен ересек адамның ерекше қатынас жағдайы Л.С.Выготский еңбегінде толығымен ашылмай қалған.
Информация о работе Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте