Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:24, курсовая работа
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері............................................4-8
1.2. Ойынның ерекшелігі...................................................................................9-13
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы..............................................14-21
ІІ Бөлім. Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту...............................22-25
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері............26-29
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31
Кейінірек А.Н.Леонтьев көптеген зерттеу еңбектерді жинақтап, мектепке дейінгі баланың дамуы теориясын жәсауға тырысты. А.Н.Леонтьев "баланың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі алатъш орны оның психикасын дамытатын қозғаушы күш мәселесін шешуге талпыныс жасай отырып бірінші деп белгілеу қажет дүние болып табылады. Әрине, бұл орын өзінен өзі дамуды айқындай алмайды, ол тек қана жол жеткізген бар деңгейді сипаттайды. Бала психикасын тікелей анықтайтын нәрсе — ол оның өмірі, сол өмірдегі шынайы процестердің дамуы немесе бала әрекетінің іштей және сырттай дамуынан" келіп шығарады. А.Н.Леонтьев бұл жерде жетекші әрекетке көп көңіл бөлген." ...Былай десе де болады, әрбір психикалық даму сатысы берілген кезеңдегі баланың болмысқа белгілі бір жетекші қатынасымен, оның белгілі бір әрекетінің жетекші типтерімен сипатталады. Баланың болмысқа қатысын көрсететін әрекеттің жетекші типтерінің өзгерісі бір сатыдан екінші сатыға көшудің белгісі болып табылады".
А.Н.Леонтьевтың ггікірінше, бір әрекеттің екінші әрекетпен ауысуы жаңа түрткілердің пайда болуымен байланысты. А.Н.Леонтьев мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекеті деп ерте балалық шақ шегінде қалыптасқан ойынды санайды. А.В.Запорожец, Т.О.Гиневская, 3-И.Истоминая, З.В.Мануйленко, Я.З.Неверович, Н.Г.Морозова, Л.С.Славина, Д.Б.Эльконин сияқты ғалымдардың зерттеулерін жинақтай келе А.Н.Леонтьев мынадай қорытындыға келеді: мектепке дейінгі балалық шақ — түлғаның бастапқы қалыптасып келе жатқан кезеңі, әрекеттің тұлғалық "механизмдерінің" даму кезеңі. Мектепке дейінгі уақытта алғашқы байланыстар орнайды, алғашқы байланыс пен қатынас қалыптаса бастайды, олар жаңа, жоғарғы бірліктегі әрекетпен бірге жаңа, жоғарғы бірліктегі субъектіні - тұлға бірлігін қалыптастырады. Сол себеші де мектепке дейінгі балалық шақ тұлғаның психикалық механизімінің қалыптасу кезеңі деп аталады әрі ол өте маңызды.
А.Н.Леонтьев тұлғаның қалыптасуын мектепке дейінгі жастың басында пайда болып, бірге жүретін даму барысындағы бағынышты түрткілермен байланыстырады. "Біз тек бірінші рет әталған жаста осы жоғары типтегі түрткілердің қатынасын көре аламыз, ол түрткі басқа маңызды түрткілерді өзіне бағындыра алады" (1959, 448-6.). Осы мәселеге қатысгы мектеп жасына дейінгі бала әрекетін сипаттайтын деректерді талдай отырып, А.Н.Леонтьев мынадай қорытындыға келеді: мектеп жасына дейінгі болатын әрекетке тән ерекшелік, оның барған сайын бір-бірімен байланыссыз бір-бірімен үнемі ауысып, бірін бірі толықтырып немесе өзара кикілжіңге түсе беретін түрткілерге жеке бағытталмай, езара бағынышты түрткілердің жүйесіне бағытталады. "Тұлғаның қалыптасу мәселесінде біз бала әрекетіндегі алғашқы байланыстардың пайда болуына ерекше мән береміз, — деп жазады А.Н.Леонтьев. — Осы жеке-жеке мақсатты түйіндерден процестерді өзара олардың кейбірі біріне-бірі бағына қатынасатындай байланыстыратын адам әрекетіндегі басты мағыналы сызықтар, тұлғаны сипаттайтын жалпы өрнек қалыптасады" (451-6.). "Міне сондықтан да бала дамуындағы сол кезең өте маңызды, — деп жалғастырады автор, — себебі ол кездегі бағынышты әрекетгер қалыптасып, сол сабақтасудын механизмі де жасала бастайды. Осы кезең мектеп жасына дейінгі жастың алғашқы сатысына сәйкес келеді. Үш жаста сабақтастықтың қалыптасуының бірінші белгілері көріне бастайды, жеті жаста олар өздерінің толық мәнінде жетеді".
Әрекеттің жалпы құрылымындағы көрсетідген өзгерістерді ерекшелеп беруді А.Н.Леонтьев шешуші деп біледі әрі оларды мектеп жасына дешн бақылайтын барлық нақты психологиялық өзгерістермен байланыстырады. Олардың ішіндегі кейбір жеке процестердегі еркін дамуды А.Н.Леонтьев ерекше атап өткен.
Ол қалыптастырған теориялық негіз біздің мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуы туралы түсінігімізді барынша кеңейтуімізге көмектеседі. Ол көрсеткен орталық шоғыр (звено) - түрткінің әрекетке тәуелділігі расымен-ақ орталық болып табылады және түлғаның қалыптасуымен тікелей байланыста түрады. Дегенмен, бұл теорияда бір буын ғана жетіспейді. Бала мен ересектер арасындағы өзара жаңа қатынас туралы мәселе қарастырылмай қалған. Ол мектепке дейін өте ерте кезде пайда болып, кейінгі кезең барысында дами береді. А.Н.Леонтьев мектеп жасына дейінгі баланың дамуы кезінде нәр алатын бастауларға тоқталмаған, онда түрткілер иерархиясы қалыптасады.
Мектепке дейінгі жастағы тұлғаның қалыптасу процесін толығымен түсіну үшін бала мен ересек адам арасындағы қатынасты негізгі мәселе ретінде алу керек. Ерте балалық шақ соңында баланың ересек адамдармен бірлесіп жасайтын әрекеті ыдырай, жойыла бастайды. Бала өзінің әрекеті мен өзін ересектерден ажырата алу дәрежесіне көтеріледі. Ересектер, оның қызметі мен қатынасын бала бірінші рет ерекше объект ретінде көре бастайды. Ерте балалық шақта бала санасында ересектердің рөлі мен олардың әсері туралы, өзі туралы түсінік болмайды. Сондықтан оларда өзін-өзі ұстау ережесі жоқ, онда тек нақты қатынас жағдайы және ересектермен бірлескен әрекет бар, ол әрекет барысында ересек адам орталық шоғыр болып табылады да, бала жағдайға байланысты қажетті әрекетті орындайды. Сонымен бірге, тыңдау, ойлану, әрекет жасау-жасамау сияқты мәселелер дег түрткімен күресу де жоқ. Бала тікелей әрекет етеді, яғни жағдай мен әрекет арасындағы "жеке түрткілік" аралық буындар жоқ.
Ерте және мектепке дейінгі жас аралығындағы жағдай түбегейлі өзгере береді. Бірлескен әрекеттің жойылуы негізінде пайда болған өзіндік қалау мен өзіндік әрекет үрдісі ересектерді үлгі ретінде бөліп көрсетеді: алғаш рет балада ересектер сияқты әрекет етуте мүмкіндік туады. Мектепке дейінгі жастағы бала "үлкен адам " сияқты әрекет ете бастайды.
Сөйтіп, бала әрекеті ересектер әрекетімен жанама байланысқа түседі. Ересектер, олардын зат пен бір-біріне деген қатынасы баланың зат пен басқа адамдарға деген қатынасын жанама байланысқа ауыстырады. Бала енді үлкендердің затқа немесе бірі-бірі деген қатынасын керіп қана қоймайды, дәл ересектер сияқты әрекет етуді қалайды. Бұл бала мен ересек арасындағы жаңа қатынас пайда болады, онда ересек бейнесі баланьщ әрекетіне бейімделеді де, мектепке дейінгі бала тұлғасының қалыптасуындағы жаңа құрылымдарға негіз болады.
А.Н.Леонтьев көрсеткен бағыныппы түрткілер - үрдістің тікелей әрекеті мен үлгісі бойынша әрекет ету (ондай үлгілерге ересектер талабы жатады) арасындағы қатынас керіністері. Мінез-қүлықтың ырықтылығы өз қылықтарын олардың үлгілеріне бағындыруы болып табылады. Алғашқы этикалық инсташхияның пайда болуы — үлкендер тарапыпан бағаланумен байланысты мінез-қүлық үлгісін игеру процесі. Ырықты әрекет пен қылықтардың қалыптасуы - мінез-қүлықтың жаңа типінің пайда болу процесі, бұл түлғалық деп аталуы мүмкін, яғни үлкендердің затқа және бір-біріне қатынасы болып табылатын жанама бағдарланған үлгі мен мазмүн.
Бұл көзқарасқа сәйкес мектепке дейінгі жас үлкендер улгісін қарқынды игеру кезеңі ретінде түсіндірілуі мүмкін (адамдардың қатынастарын жалпылау ретінде кәрінетін мінез-қүлықтың нормасы және ережелері) және түлғалық мінез-қүлық механизмдерінің қалыптасуы ретінде түсінілуі тиіс.
Бұл кезеңде іс-әрекеттің түрлері мазмүны бойынша ғана емес, сонымен қатар баланың іс-әрекетіне үлкендердің қатынасу формасы бойынша да пайда болады. Бұл жерде үш түрді ажырагуға болады. Біріншіден, заттарға және басқа адамдарға өз қатынасы бойынша ересектер ойынға баланың өзіне алатын рөл арқылы жанама қатынасады. Ойын кезіндегі баланың мінез-қүлқы, оның ойын кезіндегі затқа және жолдастарына қатынасы рельефті формада үлкендер бағдарлайтын бейнемен жанамаланады.
Сондықтан да ойын кезіндегі бала мен үлкендер арасын-дағы қатынас жанамаланған түрде берілген, ол іс-әрекеттің жетекші тиігі болып табылады. Онда, бір жағынан, рөлдік әрекет арқасында этикалық нормаларды игеру жүреді, ал екінші жағынан, түлғалық мінез-құлықтың өзіндік меха-низмдері, яғни өз мінез-қүлықтарының бейнеге бағыну механизмдері қалыптасады. Ойынға сурет салу, жабыстыру, құрастыру тәрізді шығармашылық іс-әрекеттің әр түрлі формалары жақын түрады.
Екіншіден, баланың іс-әрекетін тапсырма беру және оларды бағалау арқылы үлкендердің басқаруы арқылы ұйымдасқан сабақтар. Бұл жерде педагог әрі тікелей, әрі үлкендермен қатынасты жалпы айқындаушы ретінде қатысады. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы жағында тәрбиешілерге мұғалім ретінде, сабаққа оқу ретінде қарайтын көзқарас пайда болады, яғни таза оқу жаттығулары мен мақ-саттары айқындалады.
Үшіншіден, алуан түрлі режим сәттерін орындаумен бай-ланысты бала мен мүғалімнің қатынасы тікелей формада берілетін іс-әрекет.
Іс-әрекеттің бұл түрін жіктеу біртіндеп өтеді және мектепке дейінгі жастың басында олар бір-біріне өте жақын болып келеді.
Көрсетілген іс-әрекет түрлеріндегі үлкендер мен балалар арасындағы қатынастың дамуы мектепке дейінгі кезеңнің соңында баланың үлкендердің арнайы қызметтерін және өздерінің арнайы міндеттерін түсінуіне және ұғынуына алып келеді. Мүғалімнің рөлін үғыну, оның қоғамдық қызметі -баланы оқыту, өзінің қоғамдық қызметі - оқу екенін түсіну сезімі пайда болады. Осы негізде оқуға деген тілек қалыптасады.
Үлкендер мен балалардың жаңа қатынастарының құрылуы - баланың жеке санасының қалыптасу процесі болып табылады.
ІІ Бөлім Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту
Ойлау қабілетін дамыту ойындары
Тілік суреттер
Ірі және ашық тұсті суретті немесе қарапайым сюжетті салуға әрекет жасап көріңіз де (суреттің сапасы маңызды емес), содан кейін кескіндемені бірнеше сыныққа бөлшектеңіз. Бала осы тіліктерді қайтадан құрастыруы керек. Бір суретті әртүрлі етіп бөлшектеуге болады. Мысалы, сіздің сұрауыңыз бойынша бала желімдеген шәйнек тағы да бірнеше рет құлап әртүрлі сынықтарға бөлініп қалды делік. Бір жағдайда сурет тігінен немесе диагоналі бойынша, ал екінші жағдайда - заттың бөлшектеріне (корпусына, қақпағына, шүмегіне, түтқасына) сәйкес тіліктеледі, үшінші жағдайда сынықтар күрделі болу керек.
Қосымша суреттер
Бұл «Тілік суреттер» ойынының басқа үлгісі. Қарапайым суреттен бірнеше бөлікті қырқып алып, оларды таза параққа жапсырыңыз да, тіліктерді қара сызықпен айналдыра жиектеп шығыңыз.
Ойықтарды кескіндеменің сәйкес келетін қосымша суреттерімен толықтыру үшін, бала әр қосымша суреттің тек орнын ғана табуы тиіс.
Нысандар шеберханасы
Бұл шеберхананы ұйымдастыру мүлде қиын емес. Ол үшін бастары алып тасталған сіріңкелер (немесе есептеуіш таяқшалар), мыстан жасалған иілгіш сым бөліктері (немесе қалың жүннен иірілген жіп) және геометриялық фигуралар үлгілері қажет болады. Квадрат, тік төртбүрыш, үшбұрыш сияқты тік бүйірлі фигураларды бала таяқшалардан тізіп, ал дөңгелек және овал сияқты фигураларды сымнан құрастыра алады. Сәби нысандардың әрқайсысын жасауды үйренген соң, оны сол нысандардың түрлерімен таныстыруды бастаңыз. Енді үлгі ретінде жіңішке жэне енді тік төртбұрыштар, бұрыштарының көлемі әртүрлі үшбұрыштар және т.б. алыңыз. Үлгілерді жасай отырып, алдын ала баланың қолындағы материалдан осы фигураларды жасау мүмкін екендігіне көз жеткізіңіз. Балаға мынадай қарапайым фигураларды жасауға болады:
Ал мына фигуралар жоғарыдағыдан күрделірек болып табылады:
Ара қайда кіріп кетті?
Бұл ойын үшін қуыршақ бөлмесі мен қуыршаққа арналған жиһаз қажет: дөңгелек ұстел, орындық, кресло, диван, кереует, шкаф. Жетіспеген заттарды басқасына ауыстыруға болады. Ең бастысы, олардың саны алтаудан артық болмауы тиіс. Егер дайын жиһаз жоқ болса, оны өзіңіз сіріңке қораптарынан жасап алыңыз. Терезелері мен есігі ойылған қақпақсыз қорап бөлме ретінде алынуы мүмкін.
Жиһазды бөлмеге қойып шығып, баламен бірге сызбасын салыңыз: терезенің орнын сызықпен, есікті -крестпен, қуыршақ жиһаздарын дөңгелектермен, төртбұрыштармен, тік төртбұрыштармен белгілеңіз.
Бұл сызба шамамен төмендегідей болып шығуы керек:
Сызбада: 1 -ұстел, 2 - орындық, 3 -кресло, 4 - диван, 5 - кереует, 6 - шкаф бейнеленген.
Әрине, бұл жерде біз жиһазды орналастырудың шамаланған сызбасын келтіріп отырмыз. Сіздің сызбаңыздың турі басқаша болуы мүмкін. Кейіннен ойындағы заттар санын көбейтіп, ұқсас заттарды енгізуге болады.
Ойынның мәні мынада. Сызбада ара астына кіріп кеткен зат қызыл дөңгелекпсн белгіленеді. Бала осы нұсқау бойынша оны ойыншық бөлмеден тауып алу ксрск. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады: ара әр кезде әртүрлі заттың ;астына кіріп кеткен болады. Ойынды бастар алдында сызбаны қуыршақ бөлмесіндегі жиһаздың, есіктің және терезенің орналасуына сәйкес бағытқа салуды үмытпаңыз.
Кейін тапсырманың күрделендіруге болады. Сызбаны бөлменің жанынан «төменнен жоғары» қарай кері қойыңыз да, оны дүрыс қоюға тыйым салынатынын ойынның шарты ретінде енгізіңіз. Енді бала тапсырманы орындау үшін сызбаны оймен дұрыс қоюға мәжбүр болады. Сөйтіп, баланың кеңістіктік қиялының оралымдылығы дами бастайды.
Маша есімді қуыршақ пианино сатып алды.
Бұл ойынды өткізу үшін алдыңғы ойында қолданылған қуыршақтың жиһазы бар бөлмесі мен оның сызбасы қажет. Алайда, сызбаның суретін салмай, қалың қағаздан қырқып алынған геометриялық фигураларды қолданып қағаз бетіне қойған жөн.
Тапсырманың мәні жиһаздың орындарын ауыстыруда. Маша есімді қуыршақ пианино алуға ұйғарады, бірақ оны қайда қоярын білмейді. Ол үшін қалған жиһаздардың орындарын ауыстыру керек. Баладан Машаға көмектесуін өтініңіз. Ол үшін оған пианиноны білдіретін тік төртбұрышты беріңіз де, одан сызбадағы жиһаздардың орындарын осы жаңа бүйым сыятындай етіп ауыстыруын сұраңыз. Бұл айтарлықтай оңай іс емес: пианино қабырғаның жанында тұруы керек және оның жанында орындық сыятындай жер болуы тиіс. Содан кейін бала қуыршақ бөлмесіндегі жиһаздардың орындарын ауыстырып, өз жоспарын іске асыруы керек. Бұл әрекет таңдап алынған шешімнің дүрыс немесе бұрыстығын дәлелдейді. Мұндай ойын жиһаздың кез-келген түрімен өткізілуі мүмкін.
Ойыншықты тап
Ойын бөлмеде өткізіледі. Бастар алдында сіз өз бөлмеңіздің сызбасын сызуыңыз керек. Бұл оңай. Белгілі бір масштабты таңдап алып (мысалы, 1:10), бөлменің қабырғаларын сызыңыз, есік пен терезелерді белгілеңіз, содан кейін бөлмедегі заттарды бейнелеңіз, сызбаның шамаланған үлгісі 60 беттегі суретте келтірілген.
Информация о работе Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте