Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
- Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
- Ойынның ерекшелігі;
- Ойынның психологиялық даму теориясы;
- Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
- Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
- Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері............................................4-8
1.2. Ойынның ерекшелігі...................................................................................9-13
1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы..............................................14-21
ІІ Бөлім. Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу
2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту...............................22-25
2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26
2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері............26-29
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кур. Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалы.DOC

— 694.50 Кб (Скачать документ)

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлеңдіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, етілген материалды кайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын'' түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден бапалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып  табылады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Қуыршақтың туған күні

Сіз балаға жақын арада Катя есімді қуыршақтың туған күні екендігін айтып, оны құттықтау үшін қонақтар келетінін хабарлайсыз. Ал қонақтардың есімдерін сіз оған кейінірек айтуыңыз керек. Сіз төрт-бес ойыншық алып (қуыршақтар, қояндар, қонжықтар жэне т.б.), балаға олардың есімдерін атап шығасыз. Сосын қонақтардың барлығы ұстел басына отырып шәй ішуге кіріседі. Бала қонақтардың эрқайсысының аттарын айтып шәй ұсынады. Ойынды қуыршаққа әртүрлі қонақтарды шақырып және оларды әртүрлі есімдермен атап түрлендіруге болады. Бара-бара қонақтардың саны алты-жетіге дейін көбейеді.

Суреттерді есіңе сақтап ал.

 Бұл ойып ушін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір заттың сурсті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде огкізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады - кім көбірек суретті ссіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді екі-үш минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы сстеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңында басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады.

Бір-бірінің айтқанын қайталау.

Бұл ойынды бір немесе бірнеше баламен ойнауға болады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады.

 

 

 

1.2. Ойынның ерекшелігі

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуынаәсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі және тағы да басқы. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтініс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адмдарда әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дере ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық дамытушы ойлардың түрлері бар.әрқайсысынаң өзінің өзіндік міні бар, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сөжеттік рөлді ойындар ойыннық алғашқы танымы десек, артық болмас.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшінеңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса да, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскенсоң жұмыстада көп жағынан сондай болады.сондықтан келешек қайраткердітәрбиелеу алдымен ойында басталады.».  Мысалы, сюжеттік - рөлдік ойындар.

Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жадайға ойынның өздері ойлағантүпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын іс-әрекетінің тағы да бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін білдіреді.

Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойындағы қиялға қатысушылармен әңгімелеседі және тағы да басқа. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арсында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған ортаның қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеді.

Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарды.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті; сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережелері. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және тағы сол сияқты болып ойнау. Ло сөзде тұжырымдалынып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.

Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

а) Тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және тағы басқа болып ойнай);

б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар ( корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және тағы басқа)

в) қоғымдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар ( мерекелер, демонстрациялар. Қонақтарды қарсы алу, саяхатар және тағы басқа).

Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.

Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын..... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.

Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні – бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қулықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.

Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарды – ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасымен анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баяндыетеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардыңодан арғы дамуын, күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардыңәлі маңызы бар және әртүрлі ойыдар ішінде көпшілік ара-қатынаста болады. Әрине ойынның түріне сипаттама беруге болады, ойындардың өзіндік , тәрбиелік, дамытушылық мәні болады.

Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами -бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уакытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызатындығынан болады.

Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік(символикалық) сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы не-ғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа, (шындықққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойьншық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мумкіндік беруге тиіс. Сондыктан бала таңдап алынған загтың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшелік-'терін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы—қонжык, тұтас талы — кірекей (ана- аю), шырпы қорабы — қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың— қонжық, шырпы талы — оның   төсек орны   болуы  керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды»,— деп жауап береді.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды.Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның, орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісн, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер— баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде  бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттерді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатыыдай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне койылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.

Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар өздерінін, рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің, еңбектегі іс-әрекеті мен олардын, еңбектегі қарым-катынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық ролъді ойындардың сюжеті болады, Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуаң Бес- алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз өмірі, көпір салу, космос кораблін: ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.

Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уакытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10—15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40—45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.

Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше  бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері— мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым-қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез-құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.

Информация о работе Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зертте