Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 20:24, курсовая работа
Краткое описание
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3 І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері......................................................4 1.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері...............................................................................................................6 1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері....................................9 ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы....................................................................................................................15 2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру...............................17 2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.....................................18 2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі...........................20 ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.......................................22 Қорытынды.....................................................................................................24 Пайдаланған әдебиеттер................................................................................25
11.Топ міндеттерінің мерзімдерін
өзгертуге болмайды. Топтың табысты
жұмысының «Сен қандай да бір
нәрсені орындай алмауың мүмкін,
бірақ топтың қандай да бір
тапсырманы орындамауына мүмкіндік
берсең, бұл дұрыс емес» қағидатына
негізделген.
13. Топ жұмысында жүйелендіруші
элементтерді пайдаланыңыз. Тұрақты кездесулерді
ұйымдастыру, есеп жүргізу және міндеттерді
бөлу топтың тиімді және өнімді жұмыстарының
кепілі болмақ.
14. Күн тәртібінде топтық ережелер
туралы тармақты тұрақты бақылауда ұстаңыз.
Бұл мезгіл-мезгіл негізгі ережелерді
қарап және қайта қарап отыру үшін, кейде
пайда болуы мүмкін күтпеген оқиғаларды
шешу үшін жаңасын жасау үшін өнімді болуы
мүмкін.Алайда практикада өзінің пайдалылығын
дәлелдеген, бірақ саналы түрде қолданылмаған
негізгі ережелерді ұмытпай, олардан бас
тартпаған маңызды.
2.3. Топтық жүйеде оқыту
және топтық әдістердің тиімділігі
Оқушының сабақ үстіндегі әрекеті,
ол топтық және жұптық қызметін атқару.
Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы
барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте
болуын басқару, яғни барлық оқушылар
бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне
ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені
салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар
мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып,
ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді
талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің
ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін
табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын
басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді
ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын
ала болжауы, сабақтың міндеттеріне жауап
іздеуі барлық айтқысы келген ынталы оқушыны
ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда
қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде
түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне
жол ашу болып табылады.
Топтық жұмысты оқушылардың
оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға
мыналар жатады:
Оқу міндетін анықтау үшін сынап
топтарға бөлінеді;
Әр топ тапсырманы орындайды
(не бірдей, не саралап, даралап берілген);
Топтың енгізген жаңалығына
орай тапсырмалар іріктеледі;
Топтың құрамы сабақтың мазмұнына
қарай өзгереді; әр деңгейдегі оқушының
мүмкіндігін ескеру қарастырылады;
Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды,
зертханалық және жаратылыстану ғылыми
тақырыптардағы практикалық жұмыстарды,
сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде,ауыз
екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және
еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді.
Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау
қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік
параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс
тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда
жақсара түсетіні анық. Сабақ барысында
модульдерді қолданып, топтық жұмыс жасау
нәтижесінде: Оқушылардың жас ерекшілектеріне
сәйкес оқыту және оқу: Жас ерекшеліктеріне
сәйкес тапсырмаларды орындауда, танымдылық
қасиеті артады. Талантты және дарынды
балаларды оқыту: Шығармашылық қабілеті
толығынан ашылады. Оқыту мен оқуда АКТ-ны
пайдалану: АКТ-ны қолдана отыра, есте
сақтау қабілеті артады. Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау: Қалыптастырушы бағасынан,жиынтық
бағасы шығатынын түсінеді; құрдастарын,
өзін әділ бағалауға үйренді. Сыни түрғыдан
ойлауға үйрету: Әр жауабын сыни ойлап
талдауға дағдыланды, өз бетімен жұмыс
жасауға үйренді. Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер: «Тұйық» оқушылар еркін сөйлейді,
бір-біріне сұрақ қоюға, оған нақты жауап
беруге үйренді. Оқытуды басқару және
көшбасшылық: Дарынды оқушылар арасынан
көшбасшылық қасиеті бар оқушы танылады.
Тапсырманы орындау барысында
бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады,
жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы
кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла
алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады,
оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен
түзету жүзеге асады, ойларын ашық айтуға
үйрене отыра,олар білімсіздіктен білімге,
епсіздіктен біліктілікке қарай қадам
жасайды. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше,
бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де
болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме
енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі
мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет
ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз
алдында жауапты да, қызықты да іс пен
үлкен міндет тұр.
ІІІ. Қазақ тілі сабағында
топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін
дамытудағы педагогикалық-психологиялық
шарттар
Бастауыш сыныптағы оқушылардың
ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамыту
қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің
бірі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді
дамыту үшін ең алдымен оқушылар жеке
тұлғасының сапаларын дамытқан жөн. бүгінгі
күнде мектеп тәжірибесінде оқушылардың
жеке тұлғасының сапаларын мынадай үш
тұрғыда көрсетуге болады:
Психологиялық сапа
Педагогикалық сапа
Әлеуметтік сапа.
Баланың ұжымдық, топтық, жұпты,
танымдық іс-әрекеттері дамитындай мәнге
ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды
ескеру қажет:
1)Танымдық іс-әрекеттің
мақсаты. Балалар нені, не үшін
істейтіндерін білулері қажет. Балаларды
қызықтыратындай нақты міндет
қою қажет.
2) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің
мазмұны – бұлар балаларға
орындауға тиісті білімдер, яғни
оқушылар өздерінің алдына мақсат
қоя отырып өздерінің алған
білімдерінің негізінде ұжымдық
танымдық іс-әрекеттерін дамыту.
3) Оқушының танымдық іс-әрекеті
дамытушылық сипатқа ие болуы
керек, ол үшін балаларға ылғи
талап қоя отырып, оны үнемі
күрделендіріп отыру керек. Танымдық
іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты
міндеттері біртіндеп күрделендіріледі,
орындалатын әрекеттің жылдамдығы
мен сапасына қойылатын талап
жоғарылайды.
Сынып ұжымы мен оның танымдық
тұрғыдан дамуының өзіндік педагогикалық-психологиялық
шарттары бар. Олар:
- Оқу іс - әрекетінде – оқушылардың
өзара көмек берулері, мұғалімдердің оқушылармен
бірлескен іс-әрекеттері, оны ұйымдастыру
формалары;
- Сабақтан тыс кездегі ұжымдық
танымдық іс-әрекеттер, оқушылардың саяси
оқиғаларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке,
спортқа деген қызығушылық және оның көріну
жолдары: кино, театрларға бару, үйірмелерге,
акцияларға қатысу, пікірталастар, мектептің
қоғамдық өмірге араласуы;
- Қоғамдық пайдалы еңбек және
оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі
орны, еңбек түрлері мен оны орындату сипаты;
- Сыныпқа басшылық жасайтын
ұйымдармен байланысты оның көріну жолдары,
сыныпқа ата-аналар қоғамының ықпалы;
- Ұжымдық танымдық іс - әрекеттердің
дамуы;
- Ұжымның жеке оқушыға, оқушының
ұжымға ықпалы;
- Сыныптағы жалпы эмоциялық
ахуал сипаты: ашық-жарқын, сергек қарқынды,
қысымшыл, ашушаң, т.б.
- Ұжым өмірін ұйымдастырудағы
негізгі кемшіліктер, ұжым мүдделері
арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,
оны дамыту жолдары.
Бастауыш сыныптағы ұжымдық
танымдық іс-әрекеттерді дамуты ол әрбір
мұғалімнің, басшының, тіпті ата-ананың
да негізгі міндеті болып саналады.
Егер де бала мұғалімдердің
ұйымдастырғысы, дамытқысы келген іс-әрекеттерін
қабылдауға ынталанбаса, мұғалім қанша
тырысқанымен, оны оқушылар меңгере алмайды.
Ол үшін мұғалім баланы ең алдымен белсендіруі
қажет. Баланың белсенділігі – оның танымдық
дамуындапғы қажетті фактор. Баланың белсенділігін,
қызығушылығын оятатын басты тұлға, ол
– мұғалім. Мұғалім баланы танымдық іс-әрекеттерге
оятатын, оның мүддесін, бағдарлылығын,
оның іс-әрекет себептерінқалыптастыратын
құралдарды білуі керек.
Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық
іс-әрекеттерді - ойын әрекеті барысында
да дамытуға болады.
Қорытынды
Бастауыш сыныпта баланың сөйлеу
тілін дамытудың, қол және аяқ мүшелерінің
қозғалысының, интеллектуалдық дағдылардың
маңызы ерекше.
Бастауыш сынып оқушыларының
бойында еркіндіктің пайда болуы, өз мінез-құлқын
өзі реттеуі, жағымды өзіндік “Мені”
қалыптаса бастауы, қарым-қатынас жасаудың
тәсілдерін меңгеруі ұжымдық танымдық
әрекеттердің қажетті психологиялық шарты
болып табылады.
Қазақ тілі сабағында топтық,
жұптық ұжымдық іс-әрекеттердің дамуының
тағы бір психологиялық шарттары:
1) Танымдық үрдістер дамуының
деңгейі (ұғыну, есте сақтау, ойлау, сөйлеу
т.б.);
2) Бастауыш сынып оқушыларының
белсенділігі, рефлекциясы, іс-қимыл өрісі,
олардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
Мұғалім оқушылардың белсенділігін,
күш қуатын, танымдық іс-әрекеттерге бағыттағанда,
яғни мектепшілік мейрамдарға дайындалу,
олимпиадаларға қатысу, интеллектуалдық
ойындарға қатысу т.б. Оқушының белсенділігі
дамып, танымдық іс-әрекеттерге деген
қызығушылықғы оянады.
Танымдық іс-әрекеттердің дамуының
шарты – балалардың ақыл-ой әрекеттерінің
қалыптасуы болып табылады. Балар ойлана
отырып іс-әрекетке көшеді. Сондықтан
да баланың ойлауын, оның дамуын, көптеген
ғалымдар, психологтар зерттеген. Атап
айтатын болсақ Л.С.Выготский, А.А.Люблинская,
Г.И.Минская, Х.А.Ганькова. Н.Г.Салмина т.б.
Сонымен қатар баланың қабылдауын
дамыту қажет. Себебі бала берген білімді
қабылдамаса, оны ұйымдастырылған ұжымдық,
топтық, жұптық іс-әрекет жүзеге аспайды.
Баланың қабылдауын дамыту ол ең алдымен
байқағыштықты дамытудың негізгі шарттарымен
байланысты болады. Баланы байқағыштыққа
үйрету оның жеке басының бақылағыштық,
терең қабылдай білушілік, белгілерді
көре және айыра білу, танымдық әрекеттерді
терең меңгеруге, табиғат объектісі өміріндегі,
адамдар іс-әрекеттердегі қасиеттерін
көріп-білуге, тануға үйретеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
С.Маусымбаева, Ж.Сыдықова. Оқыту
үрдісін жетілдіру үшін.
З.Қуандыққызы. Оқытудағы топтық,
блоктық және деңгейлік
Ә.Әмірова. Ұжымдық іс-әрекеттің рөлі. /Қазақстан
мектебі.