Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері......................................................4
1.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері...............................................................................................................6
1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері....................................9
ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы....................................................................................................................15
2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру...............................17
2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.....................................18
2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі...........................20
ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.......................................22
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoy.docx

— 167.88 Кб (Скачать документ)

            Қазақ тілі сабағында  топтық, жұптық ұжымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің  мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің бірліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікіті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің  мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді.  Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі. 

Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды. 

Педагогикалық психологияда оқу жұмысының тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. “Оқу жұмысының тәсілдері – ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін тізім түрі” – дейді Е.Кабанова-Меллер. Ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы  қатынас өзара  байланыста қажырлы, жігерлі, алайда, оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой қызметі, тәсілдері жасырынған.

      Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойынша Г.Гранит зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің  типологиясы өнімді.   Педагогикалық психологияда және жеке әдістемелерде жасалған ақыл-ой қызметі танымдық іс-әрекеттер топологияларын оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде толық функциональды зерттеуден жалпы алғанда - ойлауға, жекеше қарастырғанда -  неғұрлым тұтас зерттеу деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.

 

ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлетінің             маңызы.

 

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің дамуы ұзақ процесс. Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, таным әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімдер, оқушылардың өз жастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, оқушылардың танымдық пен шығармашылық қабілеттері артады.

Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің дамыту белгілерін көрсетуге болады:

- бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

- әрбір білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

- іс-әрекеттер барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

- бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің  бір уақытта жүзеге асырылуы;

- жалпы нәтижелердің болуы.

Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда  бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мазмұны: барлық оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер бірлесе отырып жоспарлайды, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері оқу процесінде, еңбек процесінде дамиды.

Бастауыш сыныпта ұжымдық  танымдық іс-әрекеттер  сабақта және сабақтан тыс уақытта дамиды. Оқу процесінің негізгі түрі – сабақ. Сабақта мұғалім оқушыларды ұжымдастыра отырып олардың танымдық іс-әрекеттерін (оқу, еңбек, ойын) дамытады.  Мұғалім сабақта түрлі диагностикалық тесттер негізінде көптеген мәліметтер алады, соның негізгі жемісі түзету арқылы – оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытады.

Ал сабақтан тыс уақытта, яғни бастауыш сынып оқушыларының  ұжымдық танымдық іс-әрекеттері – экскурсия, интеллектуалдық ойындар, көңілді кештер, ұлттық меркелер, эстафеталық жарыстар негізінде жүзеге асады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта мұғалімдер ұжымдаса отырып жұмыс істесе, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері біршама дамиды. Мұғалімдер бірлесе істейтін жұмыс түрлері мыналар

- логикалық тапсырмалар, есептер;

- интеллектуалдық сұрақтар;

- сурет салу;

- ХХІ ғ көшбасшысын ұйымдастыру;

- Жеті өнер үйірмесі;

- Жиналыстар жасау;

- Кітап, газет, журналдар оқыту.

Алайда бұл істер күнделікті тәжірибеде көрініс таба бермейді.  Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытатын мұғалім болғандықтан, мұғалім бастауыш сынып оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатыстырып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.

 

2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру

      Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылықтық  жұмыстар өте қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі бөлінеді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің  негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.

       Ұжымдық, топтық, жұптық оқу қызметінде әңгімелесу, пікір алмасу болады, яғни оқушылар мен оқушылар, ұстаздар мен оқушылар арасында кең дамыған әлеуметтік әрекеттестік жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ұжымдық оқу қызметі нәтижесінде  біртіндеп оқуға деген ынта мен ептілік пайда болады. бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің  падагогикалық ұйымдастырылуының мәнін толық шу үшін алдымызға мынадай міндеттерді қоялық:

1) оқушылар алған білімдерін бірлікте, ұйымдасқанда көрсете білулері керек.

оқушылардың оқу міндеттері мен танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру қажет.

2) ең алдымен мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырып алып,  содан соң балалардың  ептілігі мен ынталығын атқара алуларына жағдай туғызуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттінің педагогикалық ұйымдастырылуын мына жүйе ретінде көрсетуге болады:

Жоғарыда көрсетілгендей ұжымдық таным іс-әрекеттерінде ұйымдастыруда ең бірінші, маңызды орынға мұғалім ие болады.

Ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың бойынна ең бірінші – танымдық қызығушылықты,  танымдық белсенділікті, танымдық шығармашылықты, танымдық ойлау қабілетін, осыдан барып танымдық іс-әрекеттерді көре алуы тиіс. Міне сонда ғана мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін  ұйымдастыра алады.

          Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық  статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы – ол балалардың ойлау  қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова – “Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен” - деп көрсеткен.  (Психология Люблинская А.А. М-1997 144 б)

 

2.2 Оқушылардың  топтық жұмыстарын ұйымдастыру

   Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін. Мына ұсыныстар кейбір сұрақтар мен бастапқы нүктелерді қамтиды, топтарға осыларға қарап өзінің жеке ережелер жиынтығын келісу ұсынылуы мүмкін.

1. Топтарға арналған негіз  қалаушы ережелерді әзірлеу. Төменде  ұсынылған әр түрлі негіз қалаушы  ережелер оларды қабылдау немесе  бейімдеу және басымдықтарды  белгілеу үшін әрбір топқа  арналған бастапқы нүкте ретінде  ғана қарастырылуға тиіс. Топтың  топты құрайтын нақты адамдарға  арналған ережелерді жасауға  болады деп есептегені өте  маңызды.   

2. Адалдық мәдениетін  күшейту. Топтың табысты жұмысы  шындыққа негізделеді. Топ мүшелері  үшін өздері келіспейтін немесе  онымен өмір сүре алмайтын қандай бір нәрсеге шыдау, олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады. Дегенмен оқушыларға адал болып, әдептілік сақтау қажеттігін ескерту керек.

3. Топ мүшелеріне адамдармен  жұмыс істеу үшін оларды жақсы  көру міндетті емес екенін  ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты  топтық жұмыста адамдар топ  құрамында жұмыс істейді, жеке  дау-дамайларды барлық топтың  алға жылжуына кедергі жасамайтындай  етіп шешу керек.

4. Ұжымдық жауапкершілік  белгілеу. Мәселелер көтерілген  соң және де толық талқыланғаннан  кейін топ шешімі қабылданған  соң, топтың алға қарай жылжуы  үшін ұжымдық жауапкершілік туралы  уағдаластықты қолдану керек. Топ  ережелерін қабылдаған әрбір  адамды бұл топтан тыс жеке  блок құрудан сақтап, алға қарай  апарады.

5. Тыңдау машықтары тәжірибесін  дамыту маңызды екендігін атап  көрсету. Адамдар бастапқыдан-ақ  айтылған пікірлермен келіспеген  жағдайда да әрбір дауыс естілуге  құқылы.

6. Топтағы жұмысқа әрбір  мүше атсалысуға тиісті. Топтағы  жұмыс түрлі көзқарастарға байланысты. Топтың әрбір қатысушысы өз  көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру  керек, олар естілмей қалмасын. Топ  мүшелеріне өзінің пікірімен  қоса, әркімнің пікірі құнды екенін  көрсету керек.

7. Топ жұмысына топ  мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде  қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы  бір нәрсені істеу керек дегенді  білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер  топ мүшелеріне қалай бөлінетіні  туралы ақылдасып шешкен дұрыс  болады. Топ мүшелері сондай-ақ  бір–бірімен тәжірибе алмаса  және басқалардың идеяларына  сүйене отырып, өз үлесін қосуға  дайын болуға тиіс.

8. Топ мүшелерінің мықты  жақтарын пайдалану өте пайдалы  болу мүмкін. Міндеттер әрбір  топ мүшесінің тәжірибесіне және  біліміне сәйкес бөлінген жағдайда  топ жұмысы өте тиімді болады.

9. Алайда, топ тек мықты  қатысушыларды ғана пайдаланбауға  тиіс! Топтағы тапсырмалар дамытушы  сипатта болуы мүмкін, яғни міндеттерді  бөлу топ мүшелеріне өздерінің  әлсіз жақтарына және жеткіліксіз  тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік  беретін мақсатты жағдай болуы  мүмкін.

10. Топ мүшелеріне жазбаларды  сапалы жүргізу маңызды екендігін  ұғуға көмектесіңіз. Оларды бірнеше  мәрте пайдалану мүмкіндігі болсын. Бұл жоспарлау бойынша жазбалар, хаттамалар немесе топтық жұмыстың  алға ілгерілеуін растаудың басқа  да түрлері болуы мүмкін. Міндеттерді  орындау және жазбаларды жүргізу  бойынша топ жұмысын қорытындылауға  жауапты адамдарды ауыстырып  отырыңыз.

Информация о работе Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері