Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 20:24, курсовая работа
Краткое описание
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3 І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері......................................................4 1.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері...............................................................................................................6 1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері....................................9 ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы....................................................................................................................15 2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру...............................17 2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.....................................18 2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі...........................20 ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.......................................22 Қорытынды.....................................................................................................24 Пайдаланған әдебиеттер................................................................................25
Осылайша танымдық мәселелерді
шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының
өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы,
танымдық қызығушылық ерекшеліктері,
танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық
танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс
табуы мүмкін.
1. Ұжымдық жұмыс принциптерін
ұйымдастыратын фронтальды жұмыс.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың
тапсырмалар түріне проблемалық
жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды
бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын
жұмыстардың жоспарын бірігіп
талқылауды, біріге отырып әңгіме
құрастыруды, картина бойынша бірігп
жұмыстар жасауды, психотренингтер
өткізуді т.б. жатқызуға болады.
2. Ұйымшылдық принципі
бойынша ұйымдастырылған топтық
жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс,
топтық сауалда, топтық жұмыстарда
әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас,
дебат элементтері бар топтық
жұмыстар (форум, сараптау, талқылау
топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды
ұсыну, ойындық модельдеу бойынша
проблемалық пікірталастар, диалогтар
т.б.).
3. Топ жұмыстарының бейнесі
ретіндегі топтардағы өзара тексерулер:
орындалған жұмыс бойынша толық
немесе жекелей түсінік беру,
өзара пікір алмасу (ауызша, жазбаша,
практикалық жұмыстарды өзара
тексеру т.б.).
4. Ассистенттердің, кеңесшілердің
және белсенді оқу топтарының
басқа да мүшелерінің жұмысы.
5. Оқушылар кездесуі.
Міне осылардың негізінде бастауыш
сынып оқушыларының ұжымдық, топтық, жұптық
іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын
көрсетуге болады. ұжымдық танымдық іс-әрекет
қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады.
Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала
өзінің тіршілік және рухани қажеттігін
өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада
бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда
мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін
әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп
көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен
тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны
бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді.
Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері
ұжымдық іс-әрекетке айналады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің
ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі
– қызығушылық, яғни танымдық қызығу.
Бастауыш мектеп жасындағы
баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері
оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы
балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз
және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың
қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш
келеді. Осы жастағы балаларды қандай
да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл.
Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен
орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш,
әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды
ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері
бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты
жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа
адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім),
жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің
жаңа түрі және т.б. балалар жасына байланысты
танымдық қызығу мәселелерін бірнеше
ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған:
Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова,
Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп
оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова,
М.Щеломенцова т.б. бастауыш сынып оқушыларының
танымдық қызығуына жақын мәселелерді
В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың
жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан
мектебі № 7, 2005, 56-58 беттер).
Бастауыш сынып оқушыларының
танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге
ие:
- қоршаған ортадағы құбылыстар
мен объектілерге және іс-әрекет
сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- танымдық үрдіс пен
танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық
көрінуі;
- танымдық іс-әрекетте еріктің
болуы;
- танымдық белсенділігінің
жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және басқаларға
деген жағымды қатынас.
Қызығу жұмыстағы кемшілікті
және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол
жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш
сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін
қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты
дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді
қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл
ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.
1.2. Қазақ тілі
сабағында топтық, жұптық ұжымдық
таным іс-әрекетінің педагогикалық
ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері
Қазақ тілі сабағында ұжымдық,
топтық, жұптық іс-әрекетті ұйымдастырудың
психологиялық-педагогикалық мағынасы
әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен
қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне
көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда
дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы
іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық
қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір
оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып
дамытуға мүмкіндік жасайды.
Ұжымда балалардың жаңа өзара
қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте
өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының
көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады.
Балалар 1 партада отырған көршілерінің
мінез-құлқына байыппен қарай бастайды.,
өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес
келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас
жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде
балалардың бір бөлігінде оларға тән емес
белгілер көріне бастайды (біреулерінде
шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде -
әдепсіздік, үшіншілерінде – еріншектік
т.б.). бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты
орнату барысында әрбір оқушыны өзінің
шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен
көрінеді (Жас ерекшелік №№№ Петровский).
Бастауыш мектеп оқушыларының
өзара қарым-қатынасына тән белгі – олардың
достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары
мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына
негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары
үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі
болып табылады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан
ұжым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын,
оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық
организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік
орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде
сипаттайтын белгілермен бірге балар
ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып
келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі
– ересектердің балаларды біріктірген
кезде, олардың қатынастарын құрған кезде
көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда
балалардың өздерінің қарым-қатынасқа
деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған
міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды…
балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді
шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым
жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік
ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі
формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай
лайықты деп қабылдамауының психологиялық
маңызы зор.
Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық
ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған
балалар бірлестіктері қоғамның осы типке
тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға
мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі
балалардың өзара қарым-қатынасының олардың
жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы
бар. Ұжым – мектеп оқушысының жеке басының
тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым
белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың
шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының
өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше
қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың
қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге
негізделген ұзақ үрдіс.
Қазақ тілі сабағында ұжымдық,
топтық, жұптық жұмыстардың жүргізілуі:
1-2 сыныптардағы мектеп
оқушылары арасындағы қарым-қатынасты,
әдетте балалардың ұжымдық таным
іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық
тапсырманы бөлетін мұғалімдер
болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың
өз жолдастары арыснда белгілі
орын алуға қажеттілігі өседі,
қызығушылықтары артады, осы кезде
оқушылардың ұжымының құрылуы
басталады.
Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге
келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші
мектептік шақта басталады, ал түп тамыры
одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік
шақта болады. оқушылар ұжымын дамыту
дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының
дамыту деңгейлерімен және сипатымен
анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының
өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық
іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру
болып табылады.
2) бұл ұжым қаншалықты
таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде
болатындығымен;
3) танымдық іс-әрекетпроцесінде
ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың
жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір
оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық
қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды
іс.
Оқушыларды ұжымдық танымдық
іс-әрекеттерде ұйымдастыру – ол аса маңызды
мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру
оқушыларды қарым-қатынастыққа, еркіндікке,
шығармашылыққа, жинақылыққа, танымдық-шығармашылық
деңгейін көтеруге, қабілеттерін дамытуға,
жеке тұлға ретінде қалыптасуына, толыққанды
ұжымның құрылуына үйретеді, бейімдейді.
Осының барлығының негізінде әрбір оқушының
меніз-құлқы өзгеріп, ерік-жігер мен ақыл-ой
қабілетінің даму дәрежесі жоғарылап,
шығармашылығы артып, қабілеті көтеріледі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды
ізденімпаздыққа, санылы түрде мақсат
қоюына, өздерінің іс-әрекеттерін бағыттап
отыруға тәрбиелейді. Ұжымдық танымдық
іс-әрекеттер – танымдық белсенділікпен
тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділік
деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық,
жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның
интегралдық құрылымын, сипаттамасын
айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда
бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Танымдық белсенділіктің негізгі бөлігін
мынадай белгілі шарттар мен көрсеткіштердің
жиыны арқылы көрсетуге болады.
Сонымен танымдық белсенділік
балаға бірден-бір әсер ететін түрткі,
яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуына
өзіндік үлесі зор (Пидкасистый П.И. Оқудағы
оқушының өзара әрекеті. М-1980-181-183 беттер).
Ұжымдық таным теориясының психологиялық
негізінде жеке адамның жан-жақтылығы,
қызығушылығы, қарым-қатынас деңгейі,
ес, сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті,
өз ойын еркін жеткізе алуы, жігерлігі,
белсенділігі, іс-әрекеті, сондай-ақ психикалық
процестеріне, таным процестеріне енрекше
көңіл бөлініп қарастырылды. Оқушылар
ұжымы – мектептің ұйымдасқан бір формасы.
әрбір оқушы осы ұжымның мүшесі, сондықтанда
бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің
мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны
өмірде іске асырып, көпшілікітің пікіріне
ұйымдастырып оқыту қажет. Сондықтанда
ұжымдық таным іс-әрекеттерін әрбір сабақта,
сабақтан тыс уақытта пайдалану маңызды
екені бәрімізге айғақ.
Оқушылардың ұжымдық таным
іс-әрекеттері – оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын
шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде
Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің
мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының
нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер
сабақ барысында оқушылардың тұлғалық
қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық
танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін
көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер
негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың
көлемі артып, оларды терең түсінулеріне
мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері
ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың
мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары
сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады,
өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік
және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік
туғызады.
Сонымен қатар жеке, фронтальдыоқытуға
қарағанда оқушылардың жаттығулар
орындау барысында күштерін біріктіруі
ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға
оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты
коорпорация қатынастары мен ойдың
интеллектуалдық құрылымының мазмұнының
арасында ішкі байланыстың бар екенідігі
дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара
әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде
оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар
азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің,
үй тапсырмасын орындамайтындардың
азаюымен және керісінше оқушылардың
танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық
ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Қазақ тілі сабағында топтық,
жұптық ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің
ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың
белсенділігіне байланысты. Оқушылардың
танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда
танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың
барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын
танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі.
Оқушылардың танымдық дербестігін
ұйымдастырудың негізгі құралы – оқушы
жастардың танымдық іс-әрекетін жанландыру
болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының
дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы
орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен,
жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер
белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын
меңгеруі, оқу барысындағы “осал жерлер”
жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел
алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды
шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының
тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде
дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын
қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.