Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 16:42, автореферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат.
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактикалық ойындар.doc

— 182.00 Кб (Скачать документ)

Оқудағы қиыншылықтарды жеңудің бір жолы – ойын арқылы оқушыны ойлауға, өз бетімен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, зейінділікке тәрбиелеуге баулу. Ойын үстінде бала тілегі мен мұғалімнің тапсырмасы өзара ұштасады, балалар бар ынтасын сабаққа аударады. Ойынның ой дамытатынын ескере отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай ойын түрін іріктеп, оны жүргізе білу мұғалімнен асқан шеберлікті қажет етеді.

Бүгінгі таңда  мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді жолдары  мен құралдарын іздестіруде, оқу ойыдары сабақты тиімді ұйымдастырып, оқу сапасын арттырып қана қоймай, оқушының оқуға қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырып, ақыл-ой дамуын жетілдіруде өзіндік роль атқаратынын дәлелдеп оқытудың бір жаңа технологиясы ретінде танып отыр.

Оқушының сабақ оқуға  деген ынтасының нашар болуының бір себебі: олардың рухани бастауы, қайнар көзінің бірі – шығармашылық қабілетін жетілдірмеу, ой еңбегінің нәтижесін өзі көре отырып, қуаныш сезіміне бөлену бақытына жеткізбеу.

Ағылшын тілі сабақтарында мұғалім баланың жас ерекшелігін ескеріп, балаға сабақты қызықты түсіндіріп, әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отырса, сабақ мазмұнына сәйкес жаңа материал жақсы игеріледі.  Ал мұғалім бірыңғай сарынмен сөйлесе, баланың ынтасы төмендеп, шаршайтын болады. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, сабаққа деген белсенділігі қалыптасады.

Ағылшын тілі сабақтарында ойын арқылы оқыту технологиясы оқушылардың  ойын, дүниетанымын кеңейте отырып, ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамытуға септігін тигізеді. Сабақты ойын арқылы құру, оқыту процесінде ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылар қызығушылығын арттырып, еркіндікке дамуын қамтамасыз етеді. Ойын сабағы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, тілдік материалды сапалы түрде меңгеру мақсатында жүргізіледі. Ол белгі жоспар негізінде өтілетін тілдік материалдың мазмұнымен тығыз байланысты, оқушының ойлау қабілетін дамытатындай дәрежеде жүргізіледі.

        Ойын арқылы үйрету жайлы бұрыннан  белгілі керемет педагогтар оқу  процесіндегі ойынның ролі зор екендігіне үлкен көңіл бөлген. Ойын үстінде адамның кенеттен қабілеттілігі пайда болады. Ойын ерекше ұйымдасқан іс-әрекет және ақыл күшінің эмоцияналды күш әрекетін қажет етеді. Ол қандай іс-әрекет жасау керек, не айту керек, қалай жеңу керек? Бұл сұрақтарды шешуге деген құштарлық ойыншылардың іскерлігін аша түседі. Ал егер балалар мұнда шет тілінде сөйлесе ше? Бұнда шет тілін үйретудің үлкен сыры жатқан жоқ па? Бірақ балалар бұл жайлы ойланбайды. Олар үшін ойын ең алдымен қызықты іс-әрекет, онысымен де мұғалімдерді өзіне тартады. Әсіресе, шет тілі пәні мұғалімдерін.

        Ойын үстінде бәрі тең. Ол  нашар оқитын оқушылар үшін  де оңай. Сабақта нашар оқитын  оқушы ойын үстінде бірінші  болуы мүмкін. Тапқырлық пен пайымдылық  мұнда пәнді білуде маңызды болып келеді. Тепе-теңдік сезімі, көңілді, қызықты атмосфера, тапқырлығын сезіну – бәрі оқушының ұяңдығын жеңуге, бөтен тілді еркін меңгеруіне көмек беріп, оқытуды үйретуге жақсы әсер етеді. Тілдік материалды өзі байқамай меңгере отырып, баланың өзіне деген ризашылық сезімі мен «бәрімен бірдей сөйлесе аламын» деген ой болады.

Ойын түрлері тек  бір ғана мақсатта өтілмей, сабақтан сабаққа жалғасып, өзінің бір тұтастығын сақтауды қажет етеді және сабақ сайын бағдарлам бойынша ағылшын тілінде жеткізу мүмкіндігі артады. Әрбір сабақты оқушылар үшін жаңа бір жаңалық әкелгендей өткізу жөн. Тек шетел тілін үйретіп қана қоймай сабақ үстінде оқушыларға тәрбиелік жағынан да ашып отыру керек. Бұл екі жақты алып жүру - мұғалімнің міндеті екені белгілі.

Қорыта келе, ойын оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға көп көмегін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Мектепте ағылшын  тiлiн оқытудың мәселелерi - әдістемелік нұсқау.

  1. Обучающие игры на уроке английского языка. М.Ф.Строкин. /26-124 бет/
  2. Игры – песни на английском языке. М., 1965.
  3. Книга для чтения на английском языке в младших классах средней школы М., 1981.
  4. Денисова Л.Р. Использование игровых элементов на начальном этапе обучения английскому языку. Ин.з. в шк. № 5, 1984.
  5. Sen R. Happy reader. New – Delhi.
  6. Reading and writing. London. 1984.
  7. Қазақстан мұғалiмi журналдары.
  8. Iзденiс 2000 №2.
  9. Беспалова Г.М.: «Общение на английском языке с первых уроков», Иностранные языки в школе, 1978, № 2
  10. Елухина Н.В.: «Основные трудности аудирования и пути их преодоления», - Иностранные языки в школе, 1977, № 1.
  11. Егупов Н.К., Кузовлев В.П.: «Использование ситуаций для развития неподготовленной речи», - Иностранные языки в школе, 1977, № 1.
  12. Зимняя И.А.: «Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке», М., Просвещение, 1978, глава ІІІ-ІҮ.
  13. Рогова Г.В.: «Методика обучения английскому языку», М., Просвещение, 1983.
  14. Рогова Г.В.: «Устная речь как средство обучения», - Иностранные языки в школе, 1976, № 4.
  15. Ромашина С.Я.: «Речь учителя на уроке английского языка», - Иностранные языки в школе, 1978, № 5.
  16. Пассов Е.И.:  «Основы методики обучения иностранным языкам», Москва, Русский язык, 1977, глава ҮІІ.
  17. Пассов Е.И., Волкова Т.А.: «Беседы об уроке иностранного языка», - Просвещение, 1975. 
  18. Старков А.П.:  «Обучение английскому языку в средней школе», Москва, Просвещение, 1978, глава ІҮ.
  19. Хэгболдт П.:  «Изучение иностранных языков» М., 1963 с 92-109.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Мәметова атындағы Қызылорда  гуманитарлық колледжі, 0105033 – «Бастауыш  білім беру» (шет тілі)  мамандығының БШ-Д-07к оқу тобының оқушысы Арыстанова Ақзаттың «Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру» тақырыбындағы курстық жұмысына

 

ПІКІР

Адамзат қоғамы аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылым мен білім  беру жүйесі озық елдерің, қатарында  боламыз десек, заман талабын  ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз. Қазақстанның болашағы – білім мен ғылымда. Біз рухани ізгілікті, мәдени құндылықтарды жаңғырту мен қалыптастыруда, білім мен ғылымды дамытуда сапалы серпіліс жасауға тиіспіз. Сан мың ұрпақтың ұлттық мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болуы керек.

Бала ұғымына лайықты  тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік  мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар  ролі ерекше. Оқушы тілдің түрлі  құбылыстарын меңгеру өте қиын деген  ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген  ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда, архивтік процестен құралады.

Өзінің зерттеу жұмысын  жүргізуде студент  өз тақырыбын  теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты зерттеуге тырысқан. Негізгі бөлімде ағылшын тілде қолданылатын ойындар және олардың түрлері, ойынды қолдану әдістемесі және оның маңыздылығына тоқталып өткен, бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға, тілдік материалдарды игеруге арналған ойындар.

Студенттің жан-жақты  ізденіп, шығармашылықпен жүргізген  зерттеулерін ескеріп, курстық жұмысты  «қорғауға жіберуге» әбден болады деп ойлаймын.

    

  Ғылыми жетекшісі:                                             ___________________________.




Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру