Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 16:42, автореферат
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат.
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді;
Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
«Шетел тілі» ПЦК-сы
Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы:
____________.
«_____»__________________2012ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру
0105033 - «Бастауыш білім беру» (шет тілі) мамандығы
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Талаптарға сәйкес
..............................
Заңгер М.Джумадилаев
М.О
Қызылорда,2012 жылы
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Зерттеу жұмысының ғылымилығы:
дамыту тұжырымдамасы.
білім беру тұжырымдамасы
Зерттеу жұмысының нысаны: бастауыш буын
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
арттырудың бірден-бір жолы.
2.1. Ойындар және олардың түрлері.
2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі
сабақтарында ойынды қолдану әдістемесі және оның маңызы.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға
арналған ойындар.
3.1. Ойын сабақ: «Animals».
ІҮ. Қорытынды
4.1. Ойын – оқушының қызығушылығын арттыру жолы
Кіріспе
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын – тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.
Ойын әрекетінің бала дамуына қызмет атқаратындығы жөнінде Ж.Аймауытов, Ә.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлері де ой айтқан.
Баланың аса маңызды адамгершілік қасиеттері бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Егерде мектептен ата-ана бала бойындағы өзгерістерді жете қадағалап, жасына лайықты тәрбие алуына бағыт-бағдар беріп көмектеспесе, ол олқылық орны толмас өкінішке, жаман қасиеттерге ұласуы мүмкін.
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретінін зерттеуші ғалымдар дәлелдеп көрсетуде. Оны бірнеше мысалдар арқылы көрсетейік: «Занимательная наука делает труд интересным, а потому и приятным, стремится опровергнуть тысячилетнюю поговорку о горько корне учения. Занимательная наука не превращает обучения в роду забавы». (3.23) Қызықты тапсырмалар оқушыны тілдік материалдарды дұрыс меңгеруге, сауатты әрі байланыстыра жазуға үйретуге, тілге деген қызығушылығын арттыруға арналған (4.5)
«Мұғалім шеберлігі оқу мәселелерін творчествалық тұрғыдан қарастырып, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білуден, білім құмарлығын, белсенділігін арттыра білуден құралады».
Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі «Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте-бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу болып отыр.»
Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Бала ұғымына лайықты тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар ролі ерекше. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда, архивтік процестен құралады. Сондықтан да ол оқушының танымдық қызығушылығы 2 түрлі жолмен: бірі дамыта оқыту, екіншісі тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады.
Дамыта оқыту –белгілі затты танып білу, ол тәрбиелік қызмет – оқыту процесі арқылы затты таңдауға өзгерістік қатынастар. Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас еркшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады.
Бүкіл сабақ бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмен болуы мынадай себептерден болады:
Демек, оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыру тек ойын элементтерін сабақта қолдану арқылы іске асады.
Дегенмен де, ойын сабақтың бүкіл өн бойында жүруге тиісті емес, онда да ол оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін.
Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар тәсілдердің бірі. Ойынды орындау барысында жеке оқушының қабілеті, оның іскерлігі көрінеді, байқалады. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, сондай-ақ іздендіру, іздену дағдысын қалыптастырады.
Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Сондықтан ойынды дұрыс ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Мұғалім әр тақырыптың ерекшелігіне, қиындығына, жеңілдігіне қарай ойынды дұрыс таңдап алуы қажет. Сондай-ақ белгілі мақсат қоя отырып, оқушының даярлығы мен ерекшелігін де ескеруі тиіс. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді. Кейде ойынды жаңа материалды бекіту кезінде қолдану керек деген пікір бар. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін, яғни жаңа материалды түсіндіру немесе қайталау кезеңінде де оны дұрыс жоспарлауы тиіс. Демек, сынып оқушылары түгел қатысуы керек. Бұл кезеңде мұғалімнің ұйымдастыру ерекшелігі үлкен роль атқарады.
Ойын түрлерінің шартын (ережесін) меңгеру аса қажет, оны 2 түрлі түсіндіруден аулақ болу қажет. Оқушыны ойынның үстінде, не соңында өзінің белсенді қатысуына қарай әр түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім оқушыға ойында жеңгені үшін баға қоюы мүмкін, немесе ойынның әр кезеңіне байланысты да оқушы еңбегі бағалануы тиіс.
Көп ойындар дәл ұпаймен
есептелетін жарыс ойындар
Зерттеуші ғалым Т. Сабыров ойын арқылы сабақты қызықты өткізу жолдарын зерттеп, өзіндік ой қорытады:
Оқу материалының мазмұнының қызықтылығы, мазмұндылығы.
Бұл тұжырымдаманың үш бөлімінің мазмұнында оқыту әрекетінің әр түрлі жұмыстары, соның ішінде ойынға арналған әрекет бар деп түсінуіміз керек.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ойындар және олардың түрлері.
Қоғам дамуында ойынның
Қоғам даму тарихы театр
Ойын – ұғынықты, саналы әрекет
(С. Л. Рубинштейн (7.9)) болғанда, «Көпшілік
ойлайтындай, ойын мен еңбек
арасында өте үлкен
Ойынның даму тарихында
Жасанды ойындар оқу ойынын туғызады. Ойынның пайда болуы, түрлері, жүйеленуі (классификациясы) жөнінде көптеген зерттеушілік жұмыстар бар. Өзіндік пікірі бар ғалымдар Н.К.Ахметов, О.Н.Воробьева ойын жүйесін төмендегідей тұрғыда береді.
Осы тақырыпты зерттеуші ғалымдар (Н.К.Ахметов, О.Н.Воробьева) П.И.Пидкасистыйдың жасанды ойындарына: нәтижелі ойын, балалар ойыны, моторлық, сенсорлық, зерттеушілік, дидактикалық, т.б. ойындар деген бөлінісі және Семеновтың гибридтік типті ойын түрлері жүйесімен келіспейтіндіктерін жаза отырып, бұл жүйенің негізінде американдақ зерттеуші ғалымдар Д.Крикшэн мен Р.Тэльфердің (7.4) ойын түрлеріне жазылған классификациясы мен американ ғалымы С.Тигарайнның анықтау деограммасын кейбір толықтыруларымен алынғанын айтады. ( В предлагаемой нами квалификации «академические игры» носят также общее название как обучающие игры, так как по нашему мнению, такое название более соответствует этому названию игр. (6.6.8.))
Бұл зерттеуші
ғалымдардың ойын жүйесінде
Қорыта айтқанда ойын классификациясы үлкен екі бөлімнен тұрады: жаратылыстық және жасанды. Жаратылыстық ойыны балалар және жануарлар ойыны болып бөлінсе, жасанды ойындар академиялық және академиялық емес ойындар болып бөлінеді.
Академилық
ойындарға еліктеу арқылы
Еліктемейтін оқу ойындарына символдық ойындар, кроссвордтар, ребустар, шарадалар, сканвордтар, криптограмалар т.б. шешу жатады.
2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану әдістемесі және оның маңызы.
Шетел тілі пәнін мектепте оқытудағы мақсат - оқушылардың күнделікті өмірде оны қолдана білуге үйрету. Ал ағылшын тілін жеделдетіліп оқытуда сабақта ойын элементерін қолданудың әсері өте зор. Ойын арқылы оқушылардың белсенділігі қалыптасады, достық қарым-қатынасы нығая түседі, ұйымшылдықтары артады.
Ойын- маңызды іс. Егер біз тек көңіл көтеру үшін немесе демалу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да белгілі бір мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады.
Ойын адам жанын ынтықтырумен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындарың қай-қайсысы болса да оқушылардың төзімділік, тапқырлық, ізденімпаздық, шеберлік т.б толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойындарды жіктеу барысында мынадай түрлерін атауға болады: жарыс, музыкалық, әдеби-шығармашылық, тақырыптық, т.б.