Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 16:42, автореферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат.
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактикалық ойындар.doc

— 182.00 Кб (Скачать документ)

Жарыс ойындары – бұл лексикалық–грамматикалық ойындар. Мысалы, «Спорт жаршысын» алайық.

а) жүгіру : кім бірінші  болып белгілі бір тақырып  бойынша 10 сөз жазады;

ә) ауыр атлетика: кім  ең ауыр сөзді жазады;

б) ұзындыққа секіру: кім  ең ұзын сөзді жазады;

в) күрес: оқушылар екі  топқа бөлініп, бір-біріне сұрақ қояды.

Музыкалық ойындар -ән, би. Мысалы: «Clap,clap,your hands».

Оқушылардың біреуі бірінші  шумақты айтады, одан кейін бір  оқушы екінші шумақты бастайды. Ойынның мақсаты - етістіктерді қайталау.

Әдеби-шығармашылық ойындар дегеніміз - көріністер қою. «Отбасы» тақырыбын өткен кезде «Шалқан» ертегісін пайдалануға болады.

Тақырыптық ойындарға ролдік ойындар жатады. Бұл ойындар шетел тілі сабағының бір бөлігі болып табылады. Ролдік ойындар қолданар алдында оқушыларға белгілі бір жағдаят бойынша тапсырмалар беріледі: «Сіз Англияға келдіңіз. Дүкенге кіріп бір зат алғыңыз келді, бірақ ағылшын тілін жақсы білмейсіз.сондықтан ыммен  түсінісуге тура келді. Дүкеншінің мақсаты: сізді түсініп, көмектесу. Клиенттің ролін ойнаған оқушыға карточка беріледі  (I want to buy a picture about London ) басқа оқушылар сатушы ролін орындап, мынадaй сұрақтар қояды.

1. Do you want to buy a book?

2. What kind of book do you want to buy?

3. Do you want to buy it?

Ролдік ойындар кезінде әр түрлі  суреттерді пайдалануға болады.Тақтаға белгілі тақырып бойынша сурет ілінеді.Оқушылар сол бойынша әңгімелеседі.

Ролдік ойындардың негізгі  қасиеттері:

1. Оқушылар үйренген сөздерін әр түрлі жағдаяттарды пайдалана алады.

2. Ойынға топтағы барлық оқушылар қатысады.

3. Ролдік ойындар оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады.

4. Оқушы өз ой-пікірін айтуға үйренеді.

Ойын қалай ұйымдастырылады?

1. Ойынның мақсаты белгіленеді.

2. Ойынның ережесі айтылады.

3. Мұғалімнің өзі де ойынға қатысуы керек.

4. Егер жарыс ойыны өткізілсе,жеңімпаздарды марапаттауды ,ал жеңілгендерге жылы сөз айтуды ұмытпау керек.

Шет тілін оқытуда  ойын түрлеріне мынадай мақсаттар  қолдану тиімді.

1. Алфавитті дұрыс меңгерту;

2. Орфографияны оқыту;

3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;

4. Лексиканы меңгерту;

5. Грамматикалық материалдарды меңгерту;

6. Оқушының ойын дамыту, яғни дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақ берудің тәсілдерін өзгертіп отыру керек. Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығу басым келеді. Бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде жалығып кетпес үшін түрлі ойындарды пайдаланған дұрыс. Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөздің әріптерінің орындарын ауыстырып қойып, «Балалар, әріптер тентек болып бізден қашып кетіпті, оларды тәртіпке шақырып, ретімен қояйық», дейді (nabana-banana, rebda – bread, nolem – lemon т.б). балалар қате сөзді дұрыс жазады.

Алфавит ойындары

Бір – біріне допты  беру арқылы оқушылар алфавитті ретімен айтып шығады. Егер кімде кім шатасып қалса, сол оқушы ойыннан шығады.

Оқушылар алфавитті айта отырып, сол әріптен басталатын бір сөз айтып отырады. Мысалы, A is for Apple, B is for Ball, C is for Сat, D is for Doll.

Оқушы кез келген әріпті айтып, қолындағы  допты басқа оқушыға лақтырады. Допты алған оқушы алфавитті  сол әріптен әрі қарай жалғастыра береді.

Мұғалім алфавиттің кез-келген әрпін айтады. Оқушы жаңылыспай, тез- тез сол әріптің екі жағындағы әріптерді айту керек. Мысалы, «В» десе, «А, С» дейді.

Мұғалім тексті сөздердің арасында 3-4 секунд үзіліс жасап, әріптеп айтады. Оны оқушылар жылдам жазып отырулары керек. Мысалы,

Children, show me your pens.

Look at the window6 boys7

Come to my table, Ana.

Count from five to ten Gunner.

Мұғалім оқушыларға сөздерді цифрмен берілген фразаны шешуді ұсынады. әріптер алфавиттағы рет  санымен берілген.

Мысалы, 9/12,9,11,5/5,14,7,12,9,19,9,8 (I like English)

Бұл ойындар алфавитті  қайталау және бекіту мақсатында ойналады.

 

2.3. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға арналған ойындар.

«Суретке қарап  әңгіме құр» ойыны

Бұл ойынды кез келген тақырыпқа қолдануға болады. Тақтаға  сурет ілінеді. әр оқушы суретке  байланысты сөйлемдерді кезектесіп айтады. Кімнің сөйлемі ең соңғы болса, сол оқушы жеңімпаз атанады. Мысалы, бақшаның суретін алсақ,

  1. оқушы:  There are many flowers in the garden.
  2. оқушы:   There are roses6 blue  bells, tulips and poppies
  3. оқушы:   And there are different kinds of vegetables.

Бұл ойын оқушылардың  өз ойларынан көбірек сөйлем құрауларын талап етеді.

«Кім келесі?»  ойыны

Ойынға қатысушыларға  карточкалар таратылады. әр карточкада бұрынғы оқылған, не тыңдалған мәтіндердің, диалогтардың сөйлемдері жазылған. Әр оқушы өз карточкасындағы сөйлемдерді ретімен кезектесіп, мәтіннің мазмұнына сай оқып шығады. Бір оқушы ойын барысын қадағалап, бағалайды. Бұл ойын ортаңғы сынып оқушылары үшін тиімді және өте қызық.

 

«Ғажайып алаң»  ойыны

Мұғалім кез келген бір  сөз ойлап, ол сөзде қанша әріп болса, тақтаға сонша тор сызады. Оқушылар оған :  Is there a letter  … in it ? Does it have a letter  … in it ? деген сияқты сұрақтар қояды. Егер табылған әріп бар болса, мұғалім оны тордың ішіне жазады және сол әріпті тапқан оқушы тағы сұрақ қоя алады. Ал егер айтқан әрібі жоқ болса, онда ол оқушы ойыннан шығады. Ойынды басқа оқушылар жалғастырады және сол сөзді толық айтқан оқушы жеңіп шығады.

 

 

 

«Chain word –сөзтізбегі» ойыны

Бұл ойынға сыныптағы  барлық оқушылар қатыса алады. Мұғалім  тақтаға кез келген белгілі сөзді жазады. Оқушы тақтаға шығып, сол сөздің соңғы әріпінен басталатын сөз жазу керек: boy-yard-door-red-desk-know-write. Оқушы әр сөзді ауызша аударып кетеді. Тізбектегі сөздер қайталанбауы керек. 5-10 сек ішінді керекті сөзді таба алмай қалған және сөзді қате жазған оқушы ойыннан шығады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық материалдарды игеруге арналған ойындар.

Заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды.                                                                  

Тілдік материалды игеруде  ойынның маңызы зор. Тілдік материалды игеру дегеніміз- оны біліп қана қою емес, сонымен қатар оны түсіну және дұрыс қолдана білу дағдысын меңгерту. Демек, шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалымен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын  көрсетіп, дұрыс айтуға, оқуға, төселдіру керек

Енді тілдік материал дегеніміз не, оған нелер жатады. соған тоқталайық. Тілдік материалға, фонетикалық ,лексикалық, грамматикалық  материалдар кіреді. Бұлардың әрқайсысы  сөйлеу икемділігі мен дағдыларын игеру үшін өте қажет.

Оқушыларға фонетикалық  материалды меңгеру үшін, фонетикалық  дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру  үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатқызып, түрлі фонетикалық ойындар ойнатқызған дұрыс. Бастапқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беру керек. Мысалы төмендегідей:

1.  Ant [  ] -құмырсқа

Aunt [  ]-апа

2. Mouse [  ]-тышқан

Mouth [  ]-ауыз

3 think [   ]-ойлау

Sink [   ]-қол жуатын  жер

Міне, осындай дыбысталуы, айтылуы ұқсас дыбыстарды өткенде мысал келтіріп, оқушылардың фонетикалық қате жібермеуі үшін дұрыс жұмыстар жүргізілуі керек. Осыған байланысты, оқушыларға сөздердің транскрипциясын, яғни оқылуын, дыбысталуын жиі жаздырып, оқытып отырған дұрыс. Әр сабақта 5-6 сөз болса жеткілікті.

Ағылшын тіліндегі екпін көбіне соңғы буынға түсетіндіктен оқушыларымыз жиі қателеседі. Яғни оқушыларымыз hand, England, second деп екпінді [d] соңғы дыбысына түсіріп айтып, үлкен қате жібереді. Пән мұғалімдері ондай кемшіліктерге жол бермеу керек. Ол үшін оқушыларға жиі-жиі үнтаспаларды тыңдатып отыру ұтымды. Оған мектептерде толық мүмкіндік бар.

Фонетикалық ойындар

Фонетикалық ойындар  сабақтың 5-6 минутын алады.

 

«Бөтен сөзді тап» ойыны

Мұғалім қай сөз қалған сөздерден бөлек екендігін табуды ұсынып, сөздерді кезекпен-кезек айтады. Мысалы:

Man-man-men-man

Bad-bed-bad-bad

Ship-ship-sheep-ship

Live-leave-live –live

«Айырмашылықты тап» ойыны

Сабақ барысында мұғалім  тақтаға түрлі суреттерді іліп қояды.Сабақ  үстінде pen-pan; sheep-ship; port-pot; back-bag сөздерінің оқылуы жаттықтырылады. Бір топтың оқушысы келесі топқа : «Point to a ship. Now point to sheep» деп бұйрық береді. Қарсы топтың бұйрығын орындап болған соң, ол топ та «show me a pen. Now show me a pan» деп оларға бұйрық береді. Аз қате жіберген топ жеңіске жетеді.

Қандайда бір дыбысты  өткеннен соң, мысалы [әе] дыбысын өткенде мұғалім екі топқа осы дыбыс дыбысталатын сөздерді кезекпен-кезек айтуын ұсынады. Көп сөз айтқан топ жеңеді. Мысалы, оқушылардың айтатын сөздерінің үлгісі:

Flat, back, hand, map, bad, cat, camp, bag, cap, man, black, lamp, glad.

 

 

The Funny Little Clown

Бұл ойынның  мақсаты - ағылшын дыбыстарын дұрыс дыбыстап, артикуляцияны жаттықтыру. Мұғалім бір оқушыны клоун қылып, ортаға шығарып қояды. Ол оқушылармен қосылып мына тақпақты айтады.

I`m a funny little clown   

I say,”Ah-oo-ee-oo”

My mouth is open wide.

When I say “Ah,ah,ah”

I draw my lips far back.

When I say “Ee,ee,ee.

My lips are very round

When I say,”Oo,oo,oo”.

“Ah-oo-ee-oo,

Ah,-oo-ee-oo”,

I`m a funny little clown

Клоун тақпақты мимикамен көрсетеді. Сол себепті мұғалімге клоун көмектескендей ешкім көмектесе алмайды.

Lapping Milk

Mұғалім оқушыларды l дыбысын қалай үйретудің жолын тапты.Себебі оларға тілдерін көрсету талaп етілген кезде қиындық туғызатын еді. Мұғалім: Children, have you ever seen a kitten drinking milk? In fact, it doesn`t drink it, it laps it. Show it. Oh,what a nice kittens you are! Now I`ll recite a rime about it and when I say “Lap,lap,lap!”, please, make your kittens lap milk.

Little kitty her milk,

Lap, lap, lap!

Her tongue goes out,

Her tongue goes in.

Lap, lap, lap!

Oh, see her tongue

Goes out and in

Lap, lap, lap.

Бұл жаттығу күлкілі  болмағанмен, бір жағынан пайдалы. ”Lap, lap, lap!”сөзінен соң, мұғалім оқушылардың мысықтың сүтті қалай ішетінін салып көру үшін пауза жасап отырады.

Лексикалық  ойындар

Келесі – лексикалық материал, яғни оқушыларға сөз үйрету. Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгерудің рөлі ерекше. Лексиканы сөзді білу үшін емес,  оны қолдана алу тұрғысында тыңдап түсінуге  өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде басқа адамдарға жеткізе алу мақсатында меңгеру керек. Ағылшын тілінде бір әріп бірнеше дыбыс беретіндіктен кейбір дыбыстардың сөзі оқылмай  қалу себебінен оқушыларға сөзді үйрету оларды оқуға және жазуға дағдыландыру қиынға соғады. Оқушыларға өлең үйретіп, сол өлеңді қолдана отырып диктант жаздыру өте тиімді.

Don`t say Four”

Teacher: Children,can you count well?

Anar:  Of course ,we can

Teacher: How far can you count?

Berik:  Up to one hundred.

Timur: Up to one thousand.

Dana:  Up to million.

Teacher:  Let`s count up to one hundred.

Nurai:  It is not interesting.

Teacher:  No? But ...

Мұғалім ойын шартын айтады. Балалар санай бастайды, бірақ санап келе жатып 4 санына жеткен кезде оның орнына  stop деп айтып кетуі керек, Мысалы: one, two, three, stop, five, twelve, thirteen, stop, fifteen,…, Twentry-two, twenty-three, stop, etc. Әр оқушыға бір-бір фишкадан беріледі. Қателескен оқушының фишкасы алынып қойылады.

 

 

Memory game

Балалар өтілген материалды естерінде қалмайтындықтарына жиі  шағымданады. Ес неге тәуелді?  Есте сақтауды қалыптастыруға бола ма? Мұғалім  осыны ескеріп, оқушыларға есте сақтауды дамытуға арналған ойын ұсынады.

Teacher: Murat, you promised to bring the book your father brought from Astana?

Murat: I’m sorry but I forgot.

Teacher: Did you? What a poor memery you have? How do you train your memery? What does this long silence mean?

Diana: It is possible to train our memery.

Teacher: No doubt. Nurtas, what are the capitals of England and USA?

Nurtas: England and Washington D.C.

Teacher: Diana: repeat what Nurtas has said and tell us the the name of capital of France.

Diana: Paris, London, Washington D.C.

Teacher: I’m very sorry, but you’ve made a mistake. He said, London, Washington D.C. and then Paris. Let us continue training our memery.

Бәрінен бұрын ойынның  лексикалық мағынасын дәл анықтай алу мүмкін емес. Айталық, «Ұлыбританияның географиялық жағдайы» атты текст оқытылады. Мұғалім ойынды бастап бір сөз айтады. Әрбір келесі оқушы сол сөзден кейінгі сөздерді текстте баяндалған ретімен айтуы керек. Егер кімде-кім сөздердің ретін бұзып, жаңылысып қалса, оны «Sheep’s head» /қойдың басы/ деп атайды да, ол ойыннан шығарылады. Мысалы:

Teacher: Great Britain …

Timur: Great Britain, Scotland …

Dana: Great Britain, Scotland, Denmark …

Ruslan: Scotland …

Teacher: I’m sorry, you’re “sheep’s head”. Dina, continue.

Dina: Great, Britain, Scotland, Denmark, “sheep’s head”, London

 …Ойында бірде-бір қателеспеген адам жеңіп шығады. Мұғалім сөздердің орындары ауысып кетпеуін мұқият қадағалап отырады.

 

What kind?

Бұл ойынды жүргізу үшін екі карточкалар жиынтығы дайындалады. «А» карточкалар жиынтығында зат есім жазылған да, «В» карточкалар жиынтығында екі сын есім жазылған. Сынып екі топқа бөлінеді. «А» тобы кезекпен-кезек сын есімдерді оқиды. Ал «В» тобы сол сын есімдерге сәйкес келетін зат есімдерді тез атауы керек. Тез және дұрыс жауапқа, топ бір ұпайдан алып отырады. Барлық сын есімдерді оқып болғаннан соң топтар рольдерін ауыстырады.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру