Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 16:42, автореферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат.
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактикалық ойындар.doc

— 182.00 Кб (Скачать документ)

Зат есімдер мен сын  есімдердің үлгі тізімі:

«А» жиынтығы     «В» жиынтығы

Mountains      grant, magestic

Soldier      brave, fearless

River       calm, peaceful

Mother      loving, patient

Day       grey, rainy

Rose       beautiful, fragnant

Girl       happy, joyful

Clouds      white, fleecy

 

Грамматикалық ойындар

Шетел тілін оқытуда  негізгі аспектінің бірі – грамматика. Грамматикалық заңдылықтарға сүйене отырып, сөз тіркестері жасалады, сөйлем құрау арқылы мағыналы қасиетке ие болады. Оқыған мәтінді немесе тыңдалған хабарды түсіну үшін грамматиканы дұрыс меңгеру қажет.

Әр жаңа грамматикалық  материалды меңгеру барысында оны  түрлі жаттығулармен бекіту керек. Ең алдымен, грамматикалық материалды түсіндіру үшін үш әдістің қайсысы қолайлы екенін таңдап алу керек.

  1. Лексикалық әдіс – үлгі сөйлем беру арқылы;
  2. Индуктивтік әдіс – мысалдан ережеге;
  3. Дедуктивтік әдіс – ережеден мысалға;

Оқушылар грамматикалық  материалды түсіндіруде көбіне индуктивтік  тәсіл қолданылады. Яғни, грамматикалық  материалды түсіндіргенде қазақша  мысал келтіріп, берілген мысалды  ағылшын тіліне аударып, екі тілдегі  ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталу, содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын, ерекшелігін түсіндіріп өту.

Грамматикалық материалды бекіту үшін практикалық жаттығулармен  жұмыс жасалуы керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірілгені жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы керек.

Әсіресе төменгі сынып  оқушыларына сұрақ қою кезінде  мына әдісті қолдану тиімді. Мысалы:

Who?   What do (ing)?   Where?   When?

The students are sitting    in the room  now

деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы  сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда  оқушылар сөйлемдегі артиклдің, жалғаудың, көмекші етістіктің орнын ауыстырып  алмайды.

Соынмен бірге қазақ  мектебінде оқитын оқушыларға қиынға соғатын тағы бір мәселе – септік жалғаулары.Ағылшын тілінде екі септік қазақ тіліндегі жеті септіктің орнын қалай толтырады? Бұл жерде оқушыларға қазақ тілінен ағылшын тіліне сөйлем аударып көрсетіп, қай септікке сәйкес келіп тұрғаныны түсіндіру қажет. Мысалы:

  1. Мен мектепке бара жатырмын.

I am going to school.

2.  Біз сабақта отырмыз. 

    We are sitting at the lesson.

3.  Біз қаламсаппен  жазамыз. 

     We write with a pen.

  1. Мына әңгіменің авторы кім?

Who is the author of this story?

Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді. Грамматикалық материалды меңгергенде әр түрлі грамматикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.

Грамматикалық ойындар  мынадай мақсаттарды көздейді:

    • оқушыларды ауызша сөйлеу үлгісін қолдана білуге үйрету және анықталған грамматикалық қиындықтарды меңгерту;
    • ауызша сөйлеуді қалыптастыруға жағдай жасау;
    • оқушылардың ауызша шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

Ойындар арқылы біз маңызды грамматикалық материалдар – to be етістігі, have, may, can, must модалбдық етістіктері, there is/are конструкциясы,  Indefinite, Continuous, Perfect топтарының етістікті шақтанған түрлерін және төлеу сөзді меңгерте аламыз. Енді грамматикалық ойындардың бірнеше түрлеріне тоқтала кетейік.

“The Gate” - “Қақпа” ойыны

Бұл ойынның мақсаты  – сұраулы сөйлемдердің барлық түрін, оларды әр түрлі жаңа сөздермен және сөз айналымдарымен толықтыра отырып бекіту.

Екі күштірек оқушы сыныптың алдына шығып, қолдарын біріктіріп, «Қақпа»  жасайды. Қалған оқушылар оларға жақындап келіп, кезекпен-кезек белгілі бір тақырыпта ауызекі сөйлеуді дамыту үшін сұрақтар қояды.Егер сұрақ дұрыс қойылған болса, ол “The gate is open”, яғни «Қақпа ашық» деген жауап алып өтіп кетеді. Ал егер сұрақ дұрыс қойылмаса, оған “The gate is shut” деп, өткізбей қояды. Сұрақты дұрыс қойған оқушыға тағы да сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Мысалы, сұрақ түрлері мынадай болуы мүмкін:

Are you going to do … (smth)?

What are you going to do in (on, at) …?

Do you like to …  (do smth)?

Can you … (do smth)?

What do I do?

Оқушылардың бірінің  сүйікті пәні тарих болса, енді бірінікі – математика.

Мұғалім тақтаға плакатқа мына сөйлемдерді жазып, іліп қояды:

  1. I like History best of all.
  2. I Like Geograpgy best of all.
  3. I like Literature best of all.
  4. I like mathematics best of all.
  5. I like singing best of all.
  6. I like sports best of all.

Мұғалім Данадан сөйлемдердің ішінен бірін таңдауды ұсынады. Оқушылар оның қай сөйлмеді таңдағанын білгісі  келіп, сұрақтар қоя бастайды.

Madina: Do you like History best of all?

Dana: No, I don’t.

Timur: Do you like Math best of all?

Dana: No, I don’t.

Aina: Do you like Literature best of all?

Dana: Yes, I do.

Тапқан оқушы бір  балл алады. Сонан соң келесі оқушы  өзінің сөйлемін таңдайды. Ойын осылай жалғаса береді.

“Guess it” ойыны

Бұл ойын оқушылардың  үлкен қызығушылықтарын туғызады. Мұғалім сынып ішінен кез келген бір затты жасырады. Ойынға оқушылар түгел қатыса алады. Затты табу үшін олар тек қана «иә», «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар қояды. Сұрақ екі саны шектеулі болады. (Мысалы 10) Сыныпты топқа бөлуге де болады. Кезек-кезек бірінші топ оны жасырса, екінші топ оны табады. Сұрақты аз қою арқылы заттың атын тапқан топ ұтады.

Мынадай да варианты бар: 2 оқушы бір минутқа сыртқа шыға тұрады, ал қалған оқушылар бір затты  жасырады. Мынадай сұрақтарды қоюға  болады:

Is it a thing?

Is it on the wall?

Can I eat it?

Is it on the blackboard?

Is it white?

Is it the chalk?

 

What? Where? When?

Оқушылар етістіктің шақ формасын оқығанда көп қате жібермейді делік. Бірақ оларды қолданғанда  өздеріне сенімсіз болғандықтан мына ойынды ойнату тиімді. Әсіресе, оларға Present Indefinite пен Present Continuous арасында уақыт айырмашылығын ажырату қиынға соғады. Осындай жағдайды болдырмас үшін мұғалім оқушыларға мынадай ойын ойнатады:

Teacher: Arai, what am I doing?

Arai: You are picking up flowers.

Teacher: Yes, and why?

Arai: Because you like them.

Teacher: Yes, very much. And what season is it?

Mira: It is summer.

Teacher: Whydo you think it is summer?

Timur: Because flowers grow in summer.

Мұғалім оқушыларға екі  шақ формасын, олардың қолданылуындағы айырмашылығына қарап меңгеру үшін сурет салынған плакаттар пайдаланады.

Ermek is washing.

Teacher: What is Ermek doing?

Timur: He is washing.

Teacher: What time of the day is it?

Dana: It is morning because people always wash in the morning.

Gulnur: It is morning because Ermek is washing his neck, and we wash our neck in the morning.

Ann is eating.

Teacher: What is she doing?

Zhannur: She is eating.

Teacher: What time of the day is it?

Timur: It is afternoon. She is eating soup and people eat soup in the afternoon.

Көрнекілікке мынадай  тақырыптардағы суреттерді пайдалануға  болады: The pupil is watering flowers, drinking hot tea, dressing, sleeping, playing with ball, catching fish, sawing wood, feeding birds etc.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Тәжірибелік  бөлім.

The theme of the lesson: Animals.

The aim of the lesson:

  1. to acquaintance pupils with a new vocabulary;
  2. to teach pupils oral speech habits by playing different games;
  3. to teach pupils to defend their native land, its nature, animals;

Visual aids: pictures of animals, diagrams, crossword, textbook.

    1. Organization moment.
  • Good morning, children!
  • Good morning, teacher!
  • How are you?
  • We are fine.
  • Thank you, sit down.
  • Who is on duty today?
  • I’m on duty today.
  • Who is absent?
  • All are present.
  • Thanks, take your seat.
  • What date is it today?
  • Today is the 3rd of April.
  • What season is it now?
  • It’s spring.
  • OK. What is the weather like today?
  • The weather is fine today.

 

    1. Checking up the homework.
  • Now, children, what was your homework for today?
  • Exercises 14, to write about our favorite animals, to read the story about an elephant.
  • O.K. Are you ready? Open your exercise-books, I’ll check up your homework.
    1. Phonetic drill exercise.
  • well, children, let’s read these poems. First of all, I shall read, then you must repeat after me. O.K?

My pet      I love my dog

I’ve got a pet.     I’ve got a dog,

It’s a cat.       His name is Jack.

His name is Fred.     His head is white,

I love my cat     His nose is black.

 

    1. New material.
  • All of you, open your book at page 203. Lesson Sixty. You know a lot about animals and you know the names of animals well. And, now we’ll play a game about animals. At first, you must look at this diagram. Animals are divided into two groups: wild animals and domestic animals.

Then domestic animals are divided into two groups: house animals and farm animals. And there is what they eat. Is it clear? Please, write them in your exercises. Have you written? Now you must make a story about animals which you know well. There are given examples in your textbooks.

Examples:

    1. I know a lot of wild animals. They are: tigers, lions, wolves, foxes, squirrels. I also know mane domestic animals. They are: horses, cows, sheep, goats, camels, dogs and cats.
    2. The horse is a domestic animal. It’s a farm animal. It’s big. It’s brown., grey and white. The horse has got four legs, a long neck and a long tail. It eats grass.
  • Are you tired? Then let’s play the game “Flies, flies”. Quotes the names of  birds or insects that fly. From time to time I change the names and say the name of animal that does not fly. If a player rises his or her hand they will be “out”. The winner is the last player.
  • Now, let’s do the exercise 3. Look at the pictures. Find the animals that can: swim, jump, etc. Then find the animal that does not eat meat, eat the grass, eat meat.

 

    1. Consolidation of the lesson.
  • I divide you into two groups. Look at the pictures carefully. Then 2 pupils of each group will come to the blackboard. They must write the names of animals: domestic and wild, without any mistakes and quickly.
  • Now, let’s play the guessing game. One of the groups think of an animal and the second group must find what animal it is by asking different questions.
  • Is it a wild or domestic animal?
  • Is it big or small?
  • What colour is it?

 

  • O.K. Now, let’s do the exercises 2. Your task is to compare the animals. For example: The elephant is big than the tiger. The monkey’s tail is longer than the hare’s.
  • Let us solve this crossword. To solve this crossword you must write the names of ten animals (cow, cat, horse, monkey, dog, goat, lion, elephant, tiger, crocodile).

 

      1. Giving the homework.
  • Your home work is to do the exercise 10. There are given many words about animals. You must write :
  • the names of the parts of the body;
  • the words you need to describe an animal;
  • the words you need to compare things;

 

      1. Giving marks.
  • O.K., Anar, Timur, Nurgul, you were very active today, that is why your marks are “excellent” and the rest of you will have “good” marks.
      1. The end of the lesson.
  • Well, children, stand up. The lesson is over. Good-bye!
  • Good-bye, teacher!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

4.1. Ойын –  оқушының қызығушылығын арттыру  жолы

Ағылшын тілі пәні мектепте  2-сыныптан бастап оқытылады. Бұл сыныпта ең алғашқы 4 апта кіріспе бөлімі болып, онда балалар тек сөздер, қысқа қайырымды сұрақ-жауаптарды үйренеді. Бұл кіріспе бөлімінде оқушыларды табиғатты сүйуге үйретудің бір жолы – көрнекі құралдар арқылы әр оқушыға өздері ұанататын аң-құс, не болмаса гүлдердің суреттерін салдырып, сабақта салынған суреттердің атауын айытқызып үйрету. Бір сыныпта 15-20  оқушыдан болады. Әрқайсысы өздері ұнататын аң-құстың, өсімдіктің суретін салса, онда бір сабақта 15-20  сөзді ағылшын тілінде үйрену – үлкен жетістік. Сонымен қатар бұл бөлімде тек сөздерді үйреніп қана қоймай, өз-өздерін таныстыра да білу және есімдіктерді қалай қолдану керек екендігіне, сұрақтарға жауап беруге үйретеді. Бұл жерде оқушылар өздері қалаған аңдардың кейпіне еніп ойнауларына да болады. Мысалы, бір оқушы аюдың суретін салып, “I’m  bear. My colour is brown. I’m big, I live in the forest.” деп өзін ағылшын тілінде таныстырады. Бұл жерде мұғалімнің көмегімен аю екендігі және бағалы болғандықтан кейбір адамдардың бас пайдасы үшін ауланып кетіп, аю санының азайып бара жатқаны туралы айтқаны жөн.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру