Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 19:07, курсовая работа
Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.
Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.
Кіріспе ..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................8
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................14
II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................19
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................28
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................33
Қорытынды бөлім .....................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................47
Қосымша ....................................................................................................................48
1.2.1 АКТ-ның оқыту үрдісінде қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет көзін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына ене алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап етуге болады.
«Инновациялық» деген сөз - латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.
«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»-
бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде,
теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі
кезде көптеген көздері мен құралдары
бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны
қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы
оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы
атқарар ролін қазіргі заман талаптары
өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің
барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру
құрамына айналды.
Ақпараттық технология.
Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір - бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибеңде қолданып келемін. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін жаңа оқу - әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық іс – әрекет
Зейін
Есте сақтауы
Интеллектісі
Ойлауы
Оқытудың компьтерлік технологиясы –
оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады,
мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Мен өзімнің тәжірибемде:
- дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).
- компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).
- Интернет - технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e - mail - ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.) жиі пайдаланамын.
Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың
мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер
мүмкіндіктері психология мен дидактика
тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.
Дидактиканың негізгі принципі - білім
беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану,
осы себепті компьютерлік технологияны
пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту
технологиясын пайдалану арқылы білім
сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып
өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын.
Осы компьтерлік оқыту технологиясы арқылы білім сапасын арттыру. Мен өзімнің сабақтарымда:
Оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын пайдаланамын.
Қолданылған технологиялар: жобалау,
компьютерлік әдісі, ақпараттық ойын,
топтық т. б. элементтерін қолданамын.
Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Мұғалім араласпай - ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық - анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар:
- компьютер – оқушы білімін бағалау құралы;
- компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;
- мультимедиа - технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал;
- Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы;
1. Компьютер - оқушы білімін бағалау
құралы;
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
оқу материалдарын иллюстрация жасау
кезінде (мысалы анимациялы слайд - фильмдер)
қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста
бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің
көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді
де демонстрация жасауға болады. Компьютердің
көмегімен оқушы өз бетінше, сондай - ақ
өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс
істеуге мүмкіндік алады.
«Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды,
қозғалыстық және ауызша қарым - қатынас
машықтарын, мақсатты әрекеттерді және
әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер
туғызады»
2. Электрондық оқулық - оқушыны
осы оқулықпен таныстыру.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін
өте маңызды әрі мағыналы жұмыс. Тәжірибелік
тұрғыдан оқушылардың назарын туындаған
проблемаларға аударамын. Мысалы: 10-шы
сыныпқа арналған электрондық оқулықта
әр тақырыпқа сай толық мәлімет берілген.
3. Мұғалімнің сабаққа деген
Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты
қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп,
тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады.
Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері
жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге
және оқушылар принтер арқылы қажетті
ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік береді.
4. Интернет желісімен жұмыс жасағанда:
- Жобалардың презентацияларын дайындау.
- Ғылыми журналдардың сайттарына кіру.
- Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу.
- Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.
- Өзін - өзі бағалау.
5. Интерактивті тақтаны пайдалану:
- Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған
- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез
арада түзетуге болады.
- Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы
тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
- Aktiv Wand указкасының көмегімен
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі
саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда
оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі
қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі
бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін
тигізеді.
Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының
жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын
жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық
құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті,
оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі
өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың
зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын
талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының
пәндер бойынша терең танып білуіне ғана
емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт
талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды.
Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын
ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының
артуына әсер етеді.
1.2.2 АКТ-ның оқыту үрдісінде
Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды қолдану оқытудың барлық салаларында әрқашан ақталады деген пікір қалыптасу мүмкін. Әлбетте көп жағдайда олай емес. Білімді ақпараттанудың негативті аспектілері бар. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды қолданудың позитивті және негативті факторларын білу, практикалық жұмыста педагог пен ескерілуі қажет.
Мамандарды дайындау жүйесінің ақпаратық және телекоммуникациялық құралдар қолданып, педагогикалық ұйымдастырудың келесі мүмкіндіктері бар:
Білімді ақпараттану үдерісі оқушының активтілік пен реактивтілік деңгейін көтереді, альтернативті ойлау қабілетін дамытады, есептердің шешімін іздеу стратегиясын дайындауға үйретеді, зерттелетін объектілер және олардың арасындағы байланыстарды моделдеу негізінде қабылданған шешімдерді болжауға мүмкіндік береді. Білімді ақпараттану мен білімдендіруде электрондық басылымдар мен ресурстардың көрсетілген жағымды жақтары көп. Ақпараттық технологияны зерттеу мен электрондық басылымдар мен құралдарды құру облыстары бойынша басқа да көптеген «плюстары» сипатталады. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдарды оқытудың барлық салада қолдану негативті зардаптарға алып келеді.Ақпараттық технологияны оқытудың артықшылығы жеке оқыту болып табылады. Бірақ толықтай жекелендіру оның кемшілігі болады. Жекелендіру оқушылармен оқытушы арасындағы тірі тілдесуді шектейді оның орныны «компьютер мен диалогты» ұсынады. Оқушы сөйлемей, ақпараттық технология құралдармен жұмыс кезінде үндемейді. Адамдардың ойлау органы – сөз өшірулі болады. Практикада диалог жеткіліксіз болады. Білімдендіруде электрондық басылымдар мен құралдар қолданудың кемшілігі әлеуметтік байланыстың шегерілуі әлеуметтік өзара тілдесудің қысқарылуы, индивидуализм. Ең қиыны оқыту жүйесінде айналыста жүрген ақпараттан өзі орындайтын кәсіптік әрекетке ауысу, басқаша айтқанда оқулық, экран беттерінің таңбалық жүйеден практикалық әрекеттерге көшу. Бұл классикалық проблема формальды білімдерді практикада қолдану, психология тілде бұл проблема ойлаудан әрекетке көшу деп аталады.
Информация о работе АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру