Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 19:07, курсовая работа
Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.
Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.
Кіріспе ..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................8
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................14
II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................19
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................28
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................33
Қорытынды бөлім .....................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................47
Қосымша ....................................................................................................................48
Жоспар:
Кіріспе ..............................
Негізгі бөлім
І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама
..............................
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ..............................
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану
..............................
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері ..............................
1.2.2 Оң және теріс жақтары ..............................
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-
II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі
сабағын оқытуда қолдану ......
2.2 Электрондық оқыту құралы
..............................
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ..............................
Қорытынды бөлім ..............................
Қолданылған әдебиеттер ..............................
Қосымша ..............................
КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби
мәдениеттілігіне мұқият
Зерттеу мақсаты: білім беру үрдісін ақпараттандыру негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
XXI ғасыр – ақпарат ғасыры
болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық
қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін
компьютер, интерактивті құралдардың
АКТ-ны қолдану қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.
Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.
Курстық жұмыста мектептегі ағылшын тілі сабағын АКТ-ны қолданып оқытуда 5 сынып оқушыларына арналған оқыту құралын қолдану қарастырылады.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда АКТ туралы жалпы сипаттама
қарастырылады. Екінші тарауда 5 сынып
оқушыларының АКТ-ны ағылшын тілі сабағын
оқытуда қолдануды ұйымдастыру қарастырылады.
Қосымшада ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралының кодтары көрсетіледі.
І тарау. АКТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – құрылғылар, механизмдер ақпаратты өңдеу алгоритімінің тәсілдері туралы мағлұматтар. Қазіргі заманға байланысты АКТ-ң құрылғысы – компьютер болып табылады, себебі ол сәйкес бағдармалық қамтамасыздандырумен жабдықталған және телекоммуникациялық құралдармен ақпараттандырылған.
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық-коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану
ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану – оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану.
ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизмнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыратын, уақытын үнемдейтін, эстетикалық талғамға сай безендіріліген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педагогтік мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.
Информация о работе АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру