Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 17:51, реферат
Салыќтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлектеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен, жетілдіруімен бірге қалыптасады.
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізбейтін үнемді салықтық жүйені құру маңызды орын алуда.
Қазақстандағы салықтық реттеу – салықтық механизм және мемлекеттің салықтық менеджмент саласындағы икемді элементтерінің бірі болып табылады. Салықтық реттеудің өзегін салықтық міндеттемелерді орындаудағы оперативті араласудың экономикалық жүйе шаралары құрайды.
Басқару саласындағы кәсібиліктің жоқтығы, барлық деңгейдегі кәсіпорындардағы біліктілігі төмен басшылардың басымдығы, басқарудың ескі әдістерін қолдану; салықтардың жекелеген түрлері бойынша кәіпорындағы тексерісті жаттанды жасаушы, соңғысының қызметін сараптауға салмайтын салық инспекторы; болашақ салықтық түсімдерді болжау мен пайда қорларын анықтау мақсатында салық қызметкерлері мен кәсіпорындардың қаржы менеджерлерінің бірлескен қызметінің жоқтығы - бүгінгі күннің шындығы.
Салық заңнамасында шығындардың бар екенін жоққа шығару қиын, алайда, барлық сәтсіздіктерді «жаман» салық салуға жатқызу орынсыз. Әлемдік тәжірибе команданың тиімді басқарылуымен жоғары сапасы әрқашан кәсіпорынды дағдарыстан шығара алатындығына куә болады, себебі соңғы жылдары бірлескен жапондық-американдық фирмаларда қолданыс тапқан фирма ішілік басқарудың икемді жүйесі бір фирмадағы орташа өсімнен гөрі, еңбек өнімділігінің екі есе өсуін қамтамасыз етеді.
Фирманы басқару механизміне енуі тиіс: өнім ассортиментін басқару жүйесі, кәсіпорын шығындарын басқару жүйесі, қаржылық және салықтық реттеу жүйесі. Нәтижелі басқару мен команданың жоғары сапасы кәсіпорынды әрқашан қиын жағдайдан алып шыға алады, өйткені “ …соңғы жылдары жапон-американдық бірлескен фирмаларында қолданысқа енгізілген фирма ішілк басқарудың икемді жүйесі еңбек өнімділігінің, фирманың орташа көрсеткіштеріне қарағанда, екі есе өсуін қамтамасыз етіп отыр”.
Фирманы басқару механизмінің құрамына өнім ассортиментін басқару жүйесі, кәсіпорын шығындарын басқару жүйесі, қаржылық және салықтық реттеу жүйесі енуі тиіс.
Қоғамның нарықтық даму жолын таңдауы біздің еліміздегі салық салу теориясы мен тәжірбиесін байыта түсері сөзсіз. Халық шаруашылығын басқарудың бұрынғы қатаң орталықтандырылған сипаты басқару қызметіне аса көп ерекше талаптар қойған жоқ. Нұсқаулы жоспарлардың барлық кезеңдері алдын ала анықталып, бекітіліп отырғандықтан мұның қажеттілігі де шамалы еді. Шаруашылықты нарық талаптары бойынша жүргізу өзінің сипаты жағынан социалистік шаруашылық жүргізуге өте қарама- қайшы келеді және қозғаушы күш ретінде салықтардың белсенді ролін көздейді. Негізінен салық жүйесіндегі барлық кемшіліктер: негізгі салық түрлері бойынша берешектердің үлес салмағының өсуі, салықтық түсімдер болжамының орындалмауы, есепке тұрудан бас тартушы салық төлеушілер санының көбеюі, басқару құралының әлсіздігінен хабар береді. Кәсіпорындардағы жағдайлар да осыған ұқсас. Менеджментке, оның ішінде мемлекетке төленетін салық төлемдерін реттеуге қажетті назар аудармағандықтан фирма қиындықтарға көбірек бой ұрады. Қолданыстағы басқару құралын сараптау басқару жағдайын жақсартатын іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Отандық ғылым үшін “менеджмент” ұғымы жаңалық болып табылады. Кеңес одағы экономикалық жүйесінің құлауынан кейін, шаруашылық субъектілері кәсіпорынды басқару және оны қиын жағдайдан шығару туралы шешімдерді өз бетімен қабылдауға тиіс болды. Бірақ, менеджмент теориясынан білімнің және тәжірбиенің жоқтығы көптеген кәсіпорындарды құлдырауға алып келді. Қалған бөлігі қаржылық менеджменттің қажеттілігін даусыз деп тапты. Бұл жағдайда ресейлік профессураның тәжірбиесі мен зерттеулері отандық басқару тәжірбиесіне негіз болды. Қазіргі уақытта қазақстандық фирмалар менеджментті барынша кең қолданады.
Кәсіпорындағы менеджмент – кешенді және күрделі үрдіс, оның міндеті барынша ұтымды нұсқаны табу және оны іске асыру болып табылады. Кез келген фирманы құрғандағы мақсат - мүмкіндігінше көп пайда табу.
Іс-әрекеті пайдамен (шығынмен) тікелей байланысты кәсіпорынды басқаруды қаржы менеджері жүзеге асыратындықтан, өндіріс нәтижелілігін жоғарылату әдістерінің бірі ретінде салықтарды оңтайландыру бойынша барлық мәселелерді шешу оның міндеті болып табылады. Осылайша, салықтарды оңтайландыру мақсатында салықтық төлемдерді басқарушы ретіндегі салықтық менеджмент - қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі.
Ал, салық салуды басқару ұғымын кең түрде қарастыруға болады. Бұл- тек қана осы ережелерді реттейтін нормалар мен салықтық қарым-қатынастар ережелерінің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге салық салудың барынша оңтайлы үлгісін таңдау бойынша макро және микро деңгейде жүзеге асатын үрдіс.
Сондықтан мазмұны, мақсаты және ұйымдастыру маңыздылығы жағынан, басқару саясатының тұжырымдамасында салықтық менеджментке ерекше орын берілуі керек. Салық салуды басқару нақты стратегияның әрекет ету талаптарын, жалпы механизмінің жалпы экономикалық жағдайдың өзгерістеріне сай әрекет етуін, халықаралық интеграциялық үрдістерді есепке алуды, ұқсас тұжырымдарды жасауды қамтамасыз ету керек.