Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 17:51, реферат
Салыќтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлектеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен, жетілдіруімен бірге қалыптасады.
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізбейтін үнемді салықтық жүйені құру маңызды орын алуда.
Қазақстандағы салықтық реттеу – салықтық механизм және мемлекеттің салықтық менеджмент саласындағы икемді элементтерінің бірі болып табылады. Салықтық реттеудің өзегін салықтық міндеттемелерді орындаудағы оперативті араласудың экономикалық жүйе шаралары құрайды.
Уақытша тренд – анализделетін көрсеткіш динамикасында өспелі, кемімелі тенденция болып табылады. Трендтік модел көмегімен экономикалық процесс көрсеткіштерін болжау оның өзгеретін құрылымы есебінсіз болжау болып табылады. Құрылым өзгерімінің есебі агрегаттанған t ауыспалы арқылы көрсетіледі. Экономикалық процесс көрсеткіштерін болжаудың бұл әдісі функция арқылы аналитикалық көрінісін іздеуден тұрады. Экономикалық процес көрсеткіштерін шешу келесі этаптардан тұрады:
Уақытша трендті моделдеу үшін екі факторлы регрессия қолданылады;
Уақытша трендтің сызықтық моделі келесідей түрде болады:
Y=α+β+t+ε (3)
t – уақыттың ауыспалы шамасы.
α – теңдеудің бос мүшесі
β – уақыт өсіне түзу сызықтық бұрышының тангенсі
ε – моделдің кездейсоқ мүшесі.
Қажетті түзу сызықты таңдау ең аз квадраттар әдісі арқылы жүзеге асады. Ең аз квадрат әдісі көмегімен α , β шамаларын анықтауға болады.
Микродеңгейде салық салуды оңтайландыру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Салықты жоспарлаудан үнемделген қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Ол үшін кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын нақтылауға, оның тіркеу орнын таңдап, ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Демек салықтық жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді.
Мемлекеттік салықтық менеджмент жүйесіндегідей, корпоративтік салықтық менеджментке де бірізді үш кезең тән: жоспарлау, реттеу, бақылау.
Аз уақыт бұрын ғана экономиканы жоспарлау туралы айту орынсыз саналатын, әрі кеткенде, мемлекеттік жоспарлар жүйесінің терең ойластырылмаған әдістерінсіз индикативті жоспарлау туралы ойларға ғана рұқсат берілетін. Бүгінгі уақытта отандық экономикалық ойдың шектен тыс радикалдылығы экономика мәселелерін экономикалық үрдістерді нәтижелі реттеу және нәтижелерін болжаусыз шешу мүмкін емес деген түсінікпен алмастырылды.
Жоспардың маңызды ерекшілігі - экономикалық және шаруашылық әрекеттің барлық қатысушыларына өз әрекеттері мен жоспарларын тексеруге мүмкіндік беретін ақпараттық қызметінде.
Экономикада көптеген әртүрлі жоспарлар бар: мемлекеттік жоспарлардан бастап шағын фирмалардың бизнес-жоспарларына дейін.
Салықтық жоспарлау дегеніміз- заңдық және жеке тұлғалардың коммерциялық, инвестициялық әрекеттерін салықтық төлемдерді азайту мақсатындағы жоспарлау. Қандай да бір іскери немесе коммерциялық мақсатқа әртүрлі жолдармен қол жеткізуге болады. Бұл жолдардың қайсыбірін таңдауға байланысты салықтық төлемдердің көлемдері, тіпті түрлері де әрқалай болады.
Салықтық жоспарлаудың мақсаты- салықтық төлемдерді азайтатын жолды таңдау. Салықтық төлемдер шығындар саласының бір бабы болғандықтан, салықтарды болжау шығындарды оңтайландырудың жалпы стратегиясының құрылымдық бөлшегі болып табылады. Салықты есептеу және төлеу атқарымдылығы жағынан өндіріспен байланысты емес.
Салықтық жоспарлау қаржылық-шаруашылық әрекеттің стратегиялық жоспарлау әдістерін қолдану есебінен салықтық төлемдерді төмендетудің әртүрлі заңды желілерін ойластыру және енгізуді көздейді.
Салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру. Кешенді салықты жоспарлау кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.
Салықты жоспарлау жалпы алғанда салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.
Салықты жоспарлаудың негізгі қағидалары мыналар:
Салықты жоспарлауды ұйымдастыру төмендегілерден құралады:
Кәсіпорынға салық салуды кемелдендіру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық формасына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Үнемделіп қалған қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Салықты жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді, себебі, ұйымдастыру-құқықтық формасын, кәсіпорынды тіркеу орнын таңдауға, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала өте ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Біз сіздің кәсіпорыныңыздың салықты жоспарлау процесін ұйымдастыруды ұсынамыз. Ол сіздің ісіңіздің гүлденіп, дамуына септігін тигізеді.
Салықты дұрыс жоспарлау қызмет аясында мына төменде аталған істерді жүзеге асыруға қол жеткізіледі:
Салықтық жоспарлау мен болжау қаржылық менеджменттінің негізгі базалық элементі деп қарастыруға болады. Бұл жағдайда қаржы менеджменті кең мағынада қарастырылады. Басқару позициясынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Жалпы мемлекетің қаржы менеджменттінің құрамында негізгі позицияны бюджеттік салық менеджменті алады. Бұл басқару әрекеті, мемлекетік қаржы миистрлігі, есептеу комитеті және басқада басқару органдарымен жүргізіледі.
Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мақсаты, бюджетке салық төлеушілерінің салықтарының түсуін және қаржы ресурстарын анықтау. Бұл ресурстарды жоспарлауда басқару органдары мүмкіншілігінше жоғарғы деңгейде алуға бағытталады. Бұл процесс қоғам дамуына байланысты жалпы мемлекеттік тұтынушылардың өсуін есептеуге негізделеді. Қаржы қажеттілігінің өсу объективтілігін А. Вагнер енгізген. Көптеген себептерге байланысты мемлекеттік шығындардың өсу
тенденциясы анықталады: халықтың өсуі, қызмет салаларында қажеттіліктің өсуі, өндірістік салада халықтың білім деңгейінің өсуі.
Салықтар бойынша нақты тапсырмалардың өңделуі есепті жылға, бір қатар өзара байланысты әрекеттерді қосады:
- қалыптасқан экономикалық тенденция есебімен салықтық режим варианттарын іздеу;
- оптималды салық салу варианттына баға беру;
- алдағы салық режимдерінің негізділігі,
-салықтық табыстар проектісін есептеу, өткен жылдың бюджеттік орындалуына экспертиза өткізу нәтижиелері есебімен;
- үкімет пен парламент салықтық міндеттемелерді талқылау, олар бюджеттік жіктелуіне сәйкес болуы және бюджет табыстарының соңғы келісімі заңға сәйкес негізінде болуы.
Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге нақты салықтық түсімдердің есебіне үш принципиалды мағыналы қондырғылар үлкен маңызға ие.
1. Салық төлеушімен бюджет арасындағы қарым қатынастардың негативті және позитивті жақтарын жекелеп талдау;
2. Бюджет салық жүйесінде факторлық талдауды жүргізу, оның мақсаты жалпы салық жүйесінің әсерін, жекелеген салық түрлерінінің қаржы-шаруашылық көрсеткіштеріне керісінше;
3. Экономикалық фискалдық, бюджеттік және салықтық құбылыстардың пайда болу мүмкіншіліктеріне болжамалы баға беру, салық төлеуші мақсатымен бюджет мақсаты арасындағы аймақтық. Оларды толық жою немесе сәйкестендіру мақсатында кешенді шараларды өндеу.
Бүгінгі таңда салық ғылымы бюджеттегі салықтық түсімдердің көлемін болжау әдістерінің арнай тәсілін құрды. Тәжірибеде, салықты болжау мен жоспарлауда жалпыға белгілі және кеңінен қолданылатын дәстүрлі әдістер қолданылады: баланстық, экстрополяциялық, нормативті және тағыда басқалар.
Сонымен, табысты болжау бұл заңмен белгіленген салық пен алымдардың құрылымындағы бюджеттік табысты жоспарлау. Осындай болжаулар негізінен бюджеттік процесте қолданылады, яғни болашақ бюджеттік баланысты анықтау үшін, шығынды жіктеу, қарызды қаржыландыратын құралдар және үлестік принцип негізінде табысты үлғайту.
Табыстың анықтамасын бергенде дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке табыстың түсім көлемі салық құрылымының өзгерісіне әсерін айқындайды. Табысқа әсер еткен өзгертулерді перспективті жақсартулар деп санауға болады. Мұндай есеп, заң органдарына жеткізімді, яғни енгізілген өзгертулер салық заңдылығында орталық және жергілікті басқару органдарының табысына әсерін айқындайды.
Қаржылық болжамда келесі әдістер қолданылады:
1. экстрополяциялық әдіс (немесе коэффициенттер) қаржылық көрсеткіштерді динамикалық қаулы негізінде анықтаудан тұрады. Есеп кезінде тұрақты түрдегі өсу немесе төмендеу түзету жетістіктер негізінде жүргізіледі.
2. кең тараған әдістердің бірі ретінде нормативтік әдіс, жоспарлы қаржылық көрсеткіштер бекітілген норма мен нормативтік актілер негізінде жүргізіледі.
Осы айтылған екі негізгі әдістен басқа болжауда кең орын алған баланыстық әдіс болып табылады. Программалық мақсаттық әдіс және кең түрде қолданылатын экномикалық-математикалық моделдеу әдісі.
Баланыстық әдіс шығыс пен қаржылық көрсеткіштер жоспарында өзара қүрылымдағы қайнар көздерімен келісімдік түрде жүргізіледі және де өндірістік, қаржылық көрсеткіштер. Қаржылық банланстың талаптарын сақтау өнеркәсіптен экономиканың барлық салаларын қамтып табыстары мен шығыстарының арасындағы қарама-қайшылықтарды алдын-ала ескертуге мүмкіншілік туғызады.
Программалық - мақсаттық әдіс қаржылық болжаудың ғылыми техникалық бағдарлама әдістерінің бірі ретінде нарық жағдайында дамыту, яғни әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Есептің әртүрлі варианттылығы экономикалық-математикалық әдістердің қолданылуы кең түрде жүргізілуін қолайлы шешімердің таңдауына әкеліп айқындайды.
Нарықтық ерекшеліктерін анықтайтын қозғаушы күш компания жұмысының нәтижелілігіне тікелей әсер етеді. Осы қозғаушы күштерді білу фирмаға мақсатқа жету жолын жасап шығаруға, стратегиясын нақтылауға мүмкіндік береді, осылайша нарықтағы өз орындарын нығайтады. Фирмаға жақсы әрекет етуі үшін болашақтағы ахуалды алдын ала болжау, ортадағы өзгерістерді тұрақты аңдап отыру және жаңа ағымның арнасына бейімделу керек. Осыған байланысты нарық жағдайындағы менеджменттің маңыздылығы тіпті артады.
Қаржы саласындағы фирма қызметінің сәттілігі сыртқы да, ішкі де қозғаушы күштердің әрекетіне тәуелді. Айта кету керек, кәсіпкер үшін өзі өзгерте алмайтын, сондықтан бейімделуге мәжбүр ететін сыртқы жағдайлар ерекше мән-мағынаға ие. Ал фирманың ішкі мүмкіншіліктері сыртқы қозғаушы күштерді тиімді әрекет еткізу үшін пайдаланылады.
И.Т.Балабановтың көзқарасы бойынша менеджмент түсінігін үш жақтан қарастыруға болады: экономикалық басқару жүйесі, басқару органы (басқару аппараты), кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде./ 12/
Менеджменттегі басты нәрсе - басқару нысанының мүдделеріне сай мақсаттардың қойылуы. Оның қызмет етуінің тиімділігі көбіне қаржы нарығы талаптарының, қаржы жағдайының және басқару нысанының жай-күйінің өзгерістеріне шұғыл әрекет ете білуіне тәуелді.
Жылдар өткен сайын нарықтық экономика күш алып келеді. Онымен бірге шаруашылық үрдісті реттеудің негізгі құрылымы ретіндегі бәсекелестік те күшеюде. Бәсекеге қабілеттілік кез-келген кәсіпорынға оның құзырындағы қаржылық қорлар мен капитал қозғалысын тек қана ұтымды басқаруды қамтамасыз етеді. Кез-келген қорлар шектеулі және жоғары нәтижеге олардың көлемін реттеу есебінен ғана емес, ең алдымен, қорлардың әртүрлі түрлерінің үйлесімді арақатынасына қол жеткізу арқылы да жете алады.