Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2015 в 17:51, реферат
Салыќтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлектеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен, жетілдіруімен бірге қалыптасады.
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізбейтін үнемді салықтық жүйені құру маңызды орын алуда.
Қазақстандағы салықтық реттеу – салықтық механизм және мемлекеттің салықтық менеджмент саласындағы икемді элементтерінің бірі болып табылады. Салықтық реттеудің өзегін салықтық міндеттемелерді орындаудағы оперативті араласудың экономикалық жүйе шаралары құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында кез-келген компания, кез-келген кәсіпкер қандай да болмасын жобаның тәуекелділігін, пайдалылығын дұрыс бағалап, компания мен компанияны қаржыландыру көздері арасындағы қаржылық қорлар қозғалысының барынша нәтижелі тәсілін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы қажет.
Қаржылық менеджмент – белгілі бір заңдылықтары мен ерекшеліктері бар басқарылатын жүйе. Басқа жағынан, бұл- басқарушы жүйе, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің бөлігі. Басқарылатын жүйе бола отырып, қаржылық менеджмент басқарушылық шешімдер ағымының әсерін сезінуші, басқару нысаны болып табылады. Көп жағдайда салықтар, баға, еңбек ақы арқылы реттеуге елеулі мөлшерде бейім, яғни кәсіпорын шектерімен жекеленбей тұрақты бюджет, банктер, сақтандыру компаниялары, инвесторлармен өзара әрекет жасайды./ 23 /
Қаржылық менеджменттің міндеті- фирма мен оны қаржыландырудың сыртқы, ішкі көздері арасында қаржылық қорлардың барынша нәтижелі қозғалысын қамсыздандыру бойынша шешімді қабылдау. Осы себепті ақша қаражаттары түріндегі қаржылық қорлар ағымын басқару - қаржылық менеджменттің басты мәселесі болып табылады. Фирма шегінде капитал қозғалысын нәтижелі басқару қандайда бір шешімнің тиімділігін бағалау мүмкіншілігін беретін белгілі бір негізгі бағдардың болуын көздейді.
Айта кетерлігі, берілген жүйені нақты бір фирмада жүзеге асырудағы негізгі аспект- оның осы кәсіпорынның пайдасымен арақатынасы. Сол себепті, пайда, бұл тұрғыда, кез келген фирманың шешімдерді қабылдауда алға тартатын алғышарт ретінде көрініс беріп отыр.
Пайданы ұлғайтудың негізгі бағыттары өнімді шығаруды ұлғайту болып табылады. Өнім көп өндірілген сайын, тең жағдайларда пайда салмағы өседі.
Жоғарыда аталғандардың барлығы күдік тудырмайды, өйткені бұл - менеджмент ғылымының негізін қалаушы қағида. Алайда әрбір ғылымдағыдай қаржылық менеджментте де аз зерттелген аспектілер бар. Осындай аз зерттелген аспектілердің бірі- қаржылық және салық менеджментінің өзара тәуелділік деңгейі. Салық менеджменті ұғымы да отандық ғылым үшін жаңалық болып табылады.
Ғылыми әдебиетте Д.Ю.Мельниктің «5 С» деп аталатын жетістіктің бес негізгі құрамдас бөліктерінің сараптамасы арқылы дәлелдеген қаржылық және салық менеджментінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі жайлы ойларын табуға болады. Бұл сараптаманы корпоративті даму стратегиясын жасау үшін менеджерлер жиі пайдаланады. Оның мәні мынада: бес негізгі құрамдас бөлік алынады және салықтарды басқару элементіне параллель жүргізіледі./ 10 /
- Компанияның салықтық жоспарлаумен байланысы анық. Ұйымдық-құқықтық форманың қайсысын және қайдан таңдау керек? Мысалы, кей елдерде бизнесті серіктестік түрінде жүргізуге болады, оларға салық салынбайды. Мұндай құрылым классикалық салық жүйесінде қос салық салуды болдырмауға мүмкіндік береді. Балама ретінде, интеграцияланған салық жүйесі бар елде корпорация иелерінің корпоративті пайдасы мен табыстарына (дивидендтеріне) қос салық салудың жоқтығы негізгі белгісі болып табылатын компания құру мүмкіндігі бар. Шетелдегі операциялар үшін қандай қалыпты таңдау керек –еншілес құрылым, өкілдікті немесе басқасы ма? (мысалы, тәуелсіз агенттермен жұмыс істеу). Компания капиталының құрылымы мен құны қандай, және салықтық жоспарлау капитал құйылуына қалай әсер етуі мүмкін? Мысалы, егер дивидендтерге салық салынса және корпорацияның салық салу мақсаттары үшін олардың соммасы шегерілмесе, онда корпоративті борыштық міндеттемелер шығару табыстырақ шығар - пайыздарын өзіндік құнға жатқызуға болатын облигациялар, бірақ облигация иелері мен акционерлер арасында мүдделер шиеленісі пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан жалпы корпорация үшін акциялар шығару жолымен капиталды тарту табыстырақ болуы мүмкін.
- Costs (өзіндік құн, шығындар). Тауарларды (жұмыстар,қызметтерді) өндіру мен сатудан келетін шығындар- назар аударуды қажет ететін мәселе.
Шығындарды қысқартудың салықтық аспектілері өте күрделі және шегеру мәселелерінен (өзіндік құнға шағу) капитализация талаптарына және салықтық ауыртпалықты контрагенттерге, кредиторларға, акционерлерге немесе клиенттерге ауыстырғанға дейінгі кезеңдегі шегерімдерге қарсы түрленеді
- Competitors (бәсекелестер). Бәсекелестер қандай технологияны (оның ішінде салық менеджментінің технологиясын) қолданады? Тәжірибелік - конструкторлық, зерттеу жұмыстарына, маркетинг, жарнамаға қаржы бөлуді ұлғайту қажет пе? Компанияның бренді қаншалықты жоғары бағаланады? Салық органдары таласа алмайтын осы брендті қолдану үшін нарықтық төлемдер (мысалы, роялти) қандай болуы керек?
- Consumers (тұтынушылар, клиенттер). Тұтынушыларға қатысты салықтық және қаржы менеджменті байланысының жарқын мысалы баға қалыптастыру болып табылады. Салықтар - өте күрделі сала, өйткені біз әлі күнге дейін кім қандай салық төлейтінін анық білмейміз. Мысалы, А компаниясы іс жүргізетін елде ҚҚС енгізілген. ҚҚС, акциздер мен кейбір салықтар тұтынушыға міндеттеледі деп есептеледі, алайда барлық жерде бұлай емес. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі қандай салықтар мен шығындар тұтынушыға міндеттелетінін анықтайды.
- Channels (компанияның қызметтерін, жұмыстарын, тауарларын тарату арналары). Өз бетінше немесе делдалдар арқылы сату ма? Сауда мен қызмет көрсетудің халықаралық аспектілері қандай? Интернет арқылы тауарларды сатуға салық қалай салынады? Бұл компанияның маркетингтік стратегиясымен байланысты салықтық мәселелердің шағын бөлігі ғана.
Салықтардың маңызын кемітуге болмайды: олар көптеген бизнес - шешімдерге елеулі әсер етеді. Салықтық менеджмент жалпы менеджмент пен маркетинг, корпоративті қаржылардың жалпы философиясына бағынады.
Қаржы және салықтық менеджменттің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін барынша сипаттайтын сандар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сараптамасы кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын сандық түрде мейлінше толық көрсете алатын есептеу, салыстыру әртүрлі көрсеткіштер кезіндегі өзгерістерді зерттеу көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай көрсеткіштерді есептеуге ақша қаражаттарын қолдану көздері, түскен пайда, келтірілген шығын туралы құрама және аралық баланстық есеп берулер негіз болады.
Салық салуды басқару – басқарудың жалпы теориясы мен тәжірбиесінің бөлігі болып табылатын ғылыми-зерттеу, әдістемелердің маңызды саласы. Ол сонымен қатар қазіргі заманғы отандық және шетелдік тәжірибемен байытылған саяси, экономикалық және басқа ғылымдардың іргелі танымдарына негізделеді. Осы ақпараттық қамсыздандырудың әдіс-тәсілдері мен құралдарының көмегімен билік пен басқару органдары (сонымен бірге барлық деңгейдегі салық әкімшілігі) салық механизмінің қызмет етуіне заңмен белгіленген бағыт береді және экономика мен саясаттағы елеулі өзгерістер болғанда салықтық іс-әрекеттерді үйлестіреді.
“Салық салуды басқару” ұғымына Т.Ф.Юткина мынадай анықтама берді. Біріншіден, бұл басқару ұйымдарының жүйесі (заңнамалық және әкімшілік салық ұйымдары). Олардың міндеттерінің аясына кезекті жоспарлы кезеңге салықтық тұжырымдаманың өтуін процедуралық қамтамасыз ету кіреді: заңнамалық тәртіпте қарастыру мен талқылау, бекіту. Бұдан басқа, олар салықтық бюджетті орындау туралы есеп беріп, оларды жан-жақты сараптаудан өткізу керек. Екіншіден, салықтық қимылдар мен нақты салықтық тактиканы реттеуші, сонымен қоса салықтық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтаушы нормалар мен ережелер жиынтығы./ 19 /
Басқару - көп мағыналы түсінік. Оны ақпаратты қайта өңдеу, жинау, беру, жинақтауға негізделетін өндірістік қызметтің нақты құрамдас бөлігі ретінде қарастыру қажет. Алдын ала қойылған қорытынды нәтижелерге жетуге бағытталған шешімдер осы негізде қабылданады.
Салық салуды басқару – басқару әрекеттерінің барынша айқындалған саласы. Салықтық басқару кемшіліктері әкеліп соғатын жағдайлар:
1.бюджетке түсетін салықтар түсімі күрт төмендейді;
2.салықтық құқық бұзушылық
көбейеді және көлеңкелі
Көлеңкелі экономика мәселесі барлық елдерде, тіпті дамыған елдерде де бар. Сараптамалық бағалау бойынша әлемдік шаруашылықтағы көлеңкелі экономиканың үлес салмағы 20% жуық. Бұл әлемдік шаруашылықтың барлық саласын шарпитын күрделі де, аз зертелген құбылыс. АҚШ- ғы көлеңкелі экономика көлемі 10%-ға жуық, Ұлыбританияда – 6,8%, Италияда 18-20%. Дегенмен, ТМД елдеріндегі көлеңкелі экономика мен дамыан елдердегі көлеңкелі экономиканың сапалық сипаты бір бірінен біршама ерекшеленеді. Дамыған елдердегі көлеңкелі экономика наша өндіру және сату, жезөкшелік сияқты мемлекет қатаң тиым салған заңсыз әрекеттер ретінде көрініс береді. Бұл елдерде экономикалық қылмыстар бар болғанымен ТМД елдеріндегідей бұқаралық сипатқа ие емес.
Кәсіпкердің іс-әрекетіне мемлекет саясатының әсер ету себептерін зерттеу қаншалықты маңызды болса, әсер ету сипатын зерттеу де соншалықты маңызды нәрсе.
Көлеңкелі экономиканың мәнін және оның дамуына ықпал ететін негізгі факторларын барынша толық түсіну үшін заңды экономика мен көлеңкелі экономиканың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтап алу қажет. Бұл үшін 1-кестеде берілген заңды және көлеңкелі экономика туралы салыстырма мәліметтерді қарастырамыз.
1-кестеден көріп
Кесте 1
Заңды және көлеңкелі
Салыстыру элементтері |
Заңды экономика субъектілері |
Көлеңкелі экономика субъектілері |
Өнім өндірудің мүмкін болатын көлемі |
өндірістің кез-келген көлемі |
өндірістің шектелген көлемі |
Пайданы қалыптастыру сипаты |
Пайда өндіріс көлемін ұлғайту және шығындарды азайту есебінен қалыптастырылады |
Жеке өндірушінің көлеңкелі өндірісінің көлемі әрқашан шектеулі болғандықтан, пайда өндіріс көлемін ұлғайту есебінен қалыптастырылуы мүмкін емес |
Мемлекеттік салық жүйесінің өндірушіге әсері |
Өндірушілер салық жүйесінің қаржылық қаражаттарды алуын сезінеді |
Салық жүйесінің қаражаттарды ала алмауы. |
Қажет кезде құқық қорғау органдары көмегіне жүгіну мүмкіндігі |
Бар |
Жоқ |
Қажеттілік туған жағдайда өз құқықтарын сотта қорғау мүмкіндігі |
Бар |
Жоқ |
Ескерту: Т.Ф.Юткина, “Салық салуды басқару”,2003ж
Егер соттық талқылар ұзаққа созылса, сот шешімдері орындалмаса, онда құқық қорғаушы және сот жүйелері әрекеттерінің нәтижелілігін қолдау көлеңкелі экономика әрекеттерін шектеуге себепші болатын маңызды бағыт болып табылады.
Салықтық заңдарды қабылдаудағы тұжырымдамалық жаңылыстар бұл кемшіліктерді күшейтеді. Салықтық өндіріс, оны басқару жүйесі мен салық салу әдістемесі арасында қатаң себеп-салдарлық өзара байланыс бар. Салықтанудың осы іргелі қағидасы салық салуды басқару жүйесін ұйымдастыруда ескерілуі керек. Оны, сонымен бірге мақсатқа жету барысында мәселелерді шешу үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Салық салуды басқару әлеуметтік-экономикалық категорияны басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық ғылымның басқарудың алдына қойған міндеттері салықтар жүйесін басқару үшін де тән: ұйымдастырушылық, экономикалық, заңдық, техникалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық.
50-ші жылдары Анри Файоль қалыптастырған басқарудың 14 әмбебап ұстанымдары салық қызметінің жұмыскерлері мен фирма менеджерлері үшін қазір де маңызды. Бұған жататындар: еңбекті бөлу, өкілеттілік, тәртіп, жекелену, бағыттың бірлігі, жеке мүдденің жалпыға бағынуы, қызметкерлерге сыйақы төлеу, қажетті шекте еңбекті орталықтандыру, реттілік, әділеттілік, бастамашылық, қызметкердің жұмыс орнының тұрақтылығы, корпоративті цех.
Басқарушылық шешімдерді дайындау мен қабылдаудың белгілі бір өлшемдері бар. Олар:
Қазіргі уақытта басқару салық салу базасында болып жатқан өзгерістерге белсенді араласып, әрекет ете бастады және қоғамның жалпы экономикалық дамуының беталысының саласындағы өз тактикасын қайта құрды.
Кәсіпорындардағы басқару қаржы бөлімдерімен, арнайы қызметтермен жүзеге асырылады. Бұл бөлімдердің міндеттері: қаржы-шаруашылық қызметтің сараптамасы, кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау, қаржының қаржылық стратегиясын жасау, қаржыларды қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды жасау, айналым қаражаттарының айналымын тездету, қолданылмайтын тауарлық-материалдық құндылықтарды шаруашылық айналымға енгізу, өндірістік емес шығындарды қысқарту, кәсіпорынның шығындылығын жою, шығындарды азайту, рентабельділікті жоғарлату.
Нарықтық экономика фирманы нарық сұранысы мен ұсынысын қанағаттандыруға бағыттайды. «Жаңа басқарушылық философия шегінде классикалық мектептің көптеген жорамалдары мен аксиомалары жоққа шығарылады. Бұл шаруашылық қызметті бағалау нәтижелерінің көрсеткіштер жүйесіне, еңбекті ынталандыру түрлеріне, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарына қатысты» - деп көрсетеді шетел экономистері.
Қазіргі уақытта басқарудың бұрынғы механизмін түбегейлі бұзу, шаруашылық әрекеттің нарықтық әдістерімен алмастыру жүріп жатыр.