Қазақстан Республикасында салықтардың пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 18:10, курсовая работа

Краткое описание

Біз білетіндей, мемлекеттік бюджет кірісінің 90%-ын салықтар құрайды, яғни қаржылық тұрақтылықтың бірден-бір факторы салық саясаты. Алайда мемлекеттің салық саясаты, біріншіден, салық салу базасының дамуы, яғни экономикадағы жалпы жағдай, әсіресе оның негізгі өндіріс салаларындағы жағдай, ондағы оңтайлы салық ставкасын бекіту, салық салу объектісін таңдау салық салу механизмін белгілеу; екіншіден, мемлекеттің салық органдарының тиімді қызмет етуіне байланысты.
Батыста салық сұрақтары кәсіпорындарды қаржылық жоспарлауда жоғарғы орын алады. Жоғары салық ставкасының жағдайында салық факторының бұрыс және жеткіліксіз есебі қолайсыз нәтижеге немесе кәсіпорын банкроттылығына әкелуі мүмкін. Екінші жағынан салық заңдылығымен қарастырылған жеңілдіктер шегерістерінің дұрыс қолданысы қаржылық жинақтаулардың сақталуын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай іскерліктің дамуын қаржыландыру мүмкіндігін және салықты үнемдеу немесе қазынадан қайтқан салық есебінен жаңа инвестицияны қаржыландыру мүмкіндігін де қамтамасыз етеді.

Содержание

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салықтардың экономикалық мәні және табиғаты
1.2 Қазақстан Республикасында меншікке салынатын салықтар экономикалық маңызы

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ТАЛДАУ
2.1 Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәртібі
2.2 Қазіргі кездегі меншікке салынатын салықтардың алыну механизмін талдау ( Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша Салық Басқармасының іс-тәжірибесінде)

III ЖАҺАНДАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

меншик - копия.docx

— 205.11 Кб (Скачать документ)

7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

Егер аталған жерлер пайдалануға  немесе жалға берілген болса онда олар жер учаскесі бойынша салық  төлеушілер болып табылады.

Егер жер учаскелерін  иелену немесе пайдалану құқығын  растайтын құжаттарда немесе тараптардың  келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін  қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ  меншігіндегі (пайдалануындағы) жер  учаскесі бойынша осы тұлғалардың  әрқайсысы жер салығын төлеуші  болып табылады.

Пайлық инвестициялық  қор активтерінің құрамына кіретін  жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы  компаниясы жер салығын төлеуші  болып табылады. Жер учаскесіне сәйкестендіру  құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.

Лизинг алушы қаржы  лизингінің шартына сәйкес жылжымайтын  мүлік объектісімен бірге қаржы  лизингіне берілген (алынған) жер  учаскесі бойынша жер салығын  төлеуші болып табылады.

Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер  үлесі) салық салу объектісі болып  табылады. Мыналар салық салу объектісі  болып табылмайды:

1) елді мекендердің ортақ  пайдалануындағы жер учаскелері.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ  пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы  жерлерге жатады;

2) ортақ пайдаланудағы  мемлекеттік автомобиль жолдарының  желісі алып жатқан жер учаскелері.

Бөлінген белдеудегі ортақ  пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме  жолдар, жасанды құрылғылар, жол  бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі  құрылғылар, жол қызметінің қызметтік  және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын  және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;

3) Қазақстан Республикасы  Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған  объектілер орналасқан жер учаскелері;

4) жалға берілетін үйлерді  күтіп-ұстау үшін сатып алынған  жер учаскелері.

Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар  орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  темір жол көлігі ұйымдарының  объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып  табылады.

Электр беру желілерінің  тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар  энергетика және электрлендіру жүйесінің  ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан  Республикасының заңнамасында  белгіленген  тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

Мұнай құбырлары, газ құбырлары  алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен  газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген  тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі  болып табылады.

Байланыс желілерінің  тіректері алып жатқан жер учаскелерін  қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар  байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі  болып табылады.

Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық  базасы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының  базалық ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

Далалық және қуаң далалық  аймақтардың жерлеріне бонитет  балына барабар түрде жер салығының  мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:

 

Рет №

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1-101

1-100-ден жоғары

0,48-202,65


 

Шөлейтті, шөлді және тау  бөктеріндегі шөлді аймақтардың  жерлеріне бонитет балына барабар  түрде жер салығының мынадай  базалық салық ставкалары белгіленеді:

 

Рет №

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1-101

1-100-ден жоғары

0,48-50,18


 

Жеке тұлғаларға қора-қопсы  салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық  және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге  базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) көлемі 0,50 гектарға дейін  қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;

2) көлемі 0,50 гектардан асатын  алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.

Елді мекендер, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,  орман және су қорлары жерлерінің құрамына кіретін, ауыл шаруашылығы  мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне Салық Кодексінде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

Рет

Елді мекеннің түрі 

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

1

2

3

4

1.

Қалалар:

   

2.

Алматы 

28,95

0,96

3.

Астана 

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе 

6,75

0,58

6.

Атырау 

8,20

0,58

7.

Қарағанды

9,65

0,58

8.

Қызылорда

8,68

0,58

9.

Көкшетау 

5,79

0,58

10.

Қостанай 

6,27

0,58

11.

Павлодар 

9,65

0,58

12.

Петропавл

5,79

0,58

13.

Талдықорған

9,17

0,58

14.

Тараз

9,17

0,58

15.

Орал

5,79

0,58

16.

Өскемен

9,65

0,58

17.

Шымкент

9,17

0,58

18.

Алматы облысы:

   

19.

 облыстық маңызы бар қалалар

 

6,75

 

0,39

20.

 аудандық маңызы бар қалалар

 

5,79

 

0,39

21.

Ақмола облысы:

 

 

 

 

22.

 облыстық маңызы бар қалалар

 

5,79

 

0,39

23.

 аудандық маңызы бар қалалар

 

5,02

 

0,39

24.

 Облыстық маңызы бар басқа қалалар 

 облыс орталығы үшін  белгіленген ставканың 85 проценті

 

0,39

1

2

3

4

25.

 Аудандық маңызы бар  басқа қалалар 

 облыс орталығы үшін  белгіленген ставканың 75 проценті

 

0,19 

26.

Кенттер

0,96

0,13

27.

Селолар (ауылдар)

0,48

0,09


 

Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.

Үй іргесіндегі жер  учаскелері мынадай базалық салық  ставкалары бойынша салық салынуға жатады:

1) Астана, Алматы қалалары  және облыстық маңызы бар қалалар  үшін:

көлемі 1000 шаршы метрге дейін  қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін    0,20 теңге;

көлемі 1000 шаршы метрден  асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін         6,00 теңге.

Жергілікті өкілді органдардың  шешімі бойынша 1000 шаршы метрден  асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

2) қалған елді мекендер  үшін:

көлемі 5000 шаршы метрге дейін  қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін   0,20 теңге;

көлемі 5000 шаршы метрден  асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін         1,00 теңге.

Жергілікті өкілді органдардың  шешімі бойынша 5000 шаршы метрден  асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

Елді мекендерден тыс  орналасқан өнеркәсіп жерлеріне  салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгіленеді:

 

Рет №

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1-102

1-100-ден жоғары

48,25-5790,00


 

Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары  үшін бөлінген жерлері  тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді  қоспағанда, Салық Кодексіндегі елді мекендер жерлеріне белгіленген  базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер  тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы  құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін Салық  Кодексіндегі елді мекендер жерлеріне  белгіленген базалық ставкалар  бойынша он есе ұлғайтылған салық  салуға жатады.

Салықты есептеу кезінде  жерлеріне базалық ставкалар  қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі  мүмкін, бірақ ол Салық Кодексіндегі елді мекендер жерлеріне белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

Елді мекендердің казино орналасқан жерлері Салық Кодексіндегі елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша  он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Казино орналасқан басқа  да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің  жерлері үшін Салық Кодексіндегі елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Елді мекеннің жерлеріне  салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол Салық Кодексіндегі елді мекендер жерлеріне белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

Жергілікті өкілді органдардың  Қазақстан Республикасының жер  заңнамасына  сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының, жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық  және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының, елді мекендердің  жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін  қоспағанда) салынатын жер салығының, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын  жер салығының белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына  бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан  жерлерді қоспағанда, базалық  ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай  етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық  төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын  жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

Мынадай төлеушілер салықты  есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:

1) балаларды сауықтыру  мекемелері;

2) діни бірлестіктерді  қоспағанда, табыс алу мақсаты  жоқ, алынған таза табысты немесе  мүлікті қатысушылар арасында  бөлмейтін ұйым, заңды тұлғалар;

3) Әлеуметтік салада қызметін  жүзеге асыратын ұйымдар;

4) қызметінің негізгі  түрі ормандарда өртке қарсы  жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман  зиянкестері мен ауруларына қарсы  күрес, табиғи биологиялық ресурстарды  ұдайы молайту және ормандардың  экологиялық әлеуетін арттыру  жөніндегі жұмыстарды орындау  болып табылатын мемлекеттік  кәсіпорындар;

Информация о работе Қазақстан Республикасында салықтардың пайда болуы мен дамуы