Әншілік өнерге алғаш қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
- студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
- вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

Содержание

І КІРІСПЕ ………………………………………………………....................... 3

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................................................................... 5

2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі........................................................ 9
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.............................................................................
13
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану..................................................................
15
2.5 Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру.............................................
18
2.6 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармалары........................................................................
21
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ».docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

-  әрбір партия өз  ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң,  хордың толық  дыбысталу тепе-теңдігін қалыптастыру мақсатында “жалпы ансамбль” түрін қолдандық.

-  хордағы әрбір әнші  партия ішінде ансамбль құруда  дыбыс биіктігі жағынан  таза  унисонды құрай алуы қажет. Сондықтан  да бұл дағдыны “жеке стройдың”  әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыруды көздедік.

- жеке және жалпы  ансамбль түрлерін өзара құрай  алған, интонациялау жағынан үндескен  әрбір партия өзге де партияларға  құлақ салу арқылы  бір – бірімен үйлесуі үшін хор ішінде “жалпы үн құрылымын”  қалыптастырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.6  ВОКАЛИЗ – CТУДЕНТ ДАУЫС ДИАПАЗОНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ В.ЗЕЙДЛЕРДІҢ ЖӘНЕ АБТЫҢ ВОКАЛИЗДІК ШЫҒАРМАЛАРЫ

 

Тек қана әуеннен тұратын, сөзсіз айтылатын шығарманы “Вокализ” дейміз. “Вокализ” – дегеніміз дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту. Вокализ тек қана ән айтуда ғана қолданылмайды, ол этюд және концерттік пьесаларда, жеке және хор шығармаларында да қолданылады. Ол көбінесе “а” дауысты дыбысына немесе басқа да дауысты дыбыстармен айта береді. Дауысты дыбыстарға ерекше көңіл бөлу керек. Көмкеріп (прикрытый), ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығу үшін, дауысты дыбыстарға жаттығулар жасап дағдылану қажет.

Вокализ – көбінесе құлаққа жағымды, тек қана жақсылық пен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады. Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызметі.

Лад – деп тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатарын айтамыз. Әр әуен осы тұрақты,  тұрақсыз дыбыс тардың байланысынан туады. Түрлері әндерді ырғына кептіріп ойнау үшін оның заңдарын білу керек. Күнделікті  айтып жүрген әндеріміз, тыңдап жүрген музыкалық шығармаларымыз көңілді, марш екпіннімен, көтерінкі немесе көңілсіз, күңгірт, қайғылы және мұңды болып орындалады. Мәне осыған байланысты музыкада негізгі екі лад бар. Біріншісі – мажорлық лад. Ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіретін лад.  Екіншісі – минорлық лад.  Жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызатын лад. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш).  Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.

Мажорлық лад, тон, тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, арақашықытығымен   дыбыстары орналасады.  Оның тоникадан құралған үшдыбыстылығы мажорлық үшдыбыстылықты береді. Бірінші, үшінші және бесінші  басқыштары тұрақты.  Ал, бірінші, төртінші, бесінші  басқыштарынан құралған аккордтар, осы  ладтың тұрақты аккордтары болып саналады.  Мжардың үш түрі бар: натуралды, гармониялы (VI – төмендегідей), мелодиялы  (VI-VII басқыштар төмендейді, қайтарында натуралды түрі айналады).

Минорлық лад – тон, жарты тон, тон, тон,  жарты тон, тон, тон арақашықтығымен дыбыстарға     дыбыстарға орналасады. Оның тоникадан құралған үшдыбыстылығы минорлық үшдыбыстылық болып саналады. Минорлық ладтың да мажорлық лад сияқты I-ІІІ- V басқыштары тұрақты және І- IV-V басқыштарынан құралған аккортар негізгі аккорд болып саналады. Оның да үш түрі бар: натуралды, гармониялы (VІІ басқыш көтеріледі), мелодиялы (VI- VІІ басқыштар көтеріледі, қайтарында натуралды түрі ойналады).

Тональдік – деп лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгымды айтамыз. Қай шығарма болмасын ол бір тональдікте, яғни бір биіктен басталатын мажор не минор ладында беріледі. Музыкалық шығармалардың тональдік терінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбыстардың негізгі тұрақты басқыштарының атымен аталады. Мысалы до – мажор, ре минор т.с.с.  Музыкада 30 шақты тональдік кездеседі. Кілттік белгілеріне қарай диездік және бемольдік тональдіктер болып  бөлінеді. Әр тональдік  және кілттік белгілер квинта шеңберімен  орналасады. Тональдіктер жеті белгіге дейін  кездесуі мүмкін. Тональдіктердің энгармониялық теңдіктері де кездеседі. Параллельдік тональдіктер мажор және минорлық ладта кілттік белгілері бірдей тональдікттер. Бірбірінен терция кіші арақашықтығында орналасады. Аттас тональдіктер атаулары бірдей мажор және минорлық тональдіктер. Туыстас тональдіктерге ладтағы тұрақты басқыштардың құралған, параллельдік және аттас тональдіктерді топтасқан түрін айтамыз. Ауыспалы – параллельдік лад деп – бір шығармада параллельдік тональдіктеруің кездесуін айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, хорда ансамблді құру кезінде тембр, динамика, ырғақ, дикция, артикуляция, агогика, интонацияға байланысты ансамбль түрлерінің әрқайсысына көп көңіл бөлу қажет, өйткені хордың үйлесімді, көркем болып шығуы ансамбль түрлерінің сабақтастығынан туындайды.

Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін:

„Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең",—деп түйіндеген.

Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Кейде творчество адамына замана тұлғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талап қойылады. Алайда, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да қаперде бола бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің шырқау биігінде де немесе жер бауырлап құлдыраған кезінде де тек қана өз уақытының айғағы болып қалатыны кәміл. Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Халықтың алыс кезеңдерден бастау алған тарихымен рухани мұраларды шендестіре қарау ең алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу диалектикасын саралауға дес берсе, екіншіден — халықтың өмір жолын жалаң хронология тұрғысында емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс ретінде өнермен де шендестіре тануға мүмкіндік береді. Конфуци айтты дейтін тұжырым бар: „Егер белгілі бір елдің ахуалын білгің келсе, сол ел адамдарының жөн-жобасын танығың келсе, алдымен әніне құлақ түр", депті. Ал, Конфуцидің ізбасары Сюнь-цзы: „Егер музыкасы салмақты да сабырлы сазымен баураса, ол халық — ұжымы жарасқан бақытты халық, егер музыкасы сырбаз да сыршыл болса, онда ол халық кісілікті сүйеді, бүлік шығармайды, егер музыкасы есіңнен айыра еліктіріп әкетсе, сонысымен қауіпті, себебі ондай музыкаға ден қойған халық кісіліктен жұрдай болып, жақсылықты жат санап, күйкілікке көңіл жұбатқыш болып алады... Музыка арқылы біз халыққа жол нұсқаймыз. Сондықтан да музыка — адамдарды басқарудың ең бір сыннан өткен құралы", дейді ( "Музыкальная эстетика...). Осынау ой жосықтары музыканың халықтанытқыштық, халықтәрбиелегіштік және тарихи-шежірешілдік қасиеттеріне мән беріп отыр. Демек, қазақ әндерінің төл сипатын халықтың тарихи болмысымен сабақтастықта қараудың мәні зор.

 

Қазіргі музыка зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептелінеді. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: „Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді" деген тұжырымы назар аударады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс берудегі маңызы» 2012 ж  «Талант» баспасы Семей.
  2. «Гаухар тас» әншілік өнерге арналған хрестоматия 1-ші том Алматы 2009 жыл «Өнер» баспасы.
  3. «Сұршақыз» әншілік өнерге арналған хрестоматия 2-ші том Алматы 2010 жыл «Өнер» баспасы.
  1. Э.Б. Абдуллин Методологический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования, - М., 1990.

  1. Абдуллин Э. Б. Теория и методика музыкального образования
  2. Арчажникова Л.Г. Профессия – учитель музыки. М., 1984
  3. Н.Б.Дмитриева “Основы вокальной методики”,   Москва, 1982.
  4. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ.  /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).
  5. К.Әбуова. «Хор жүргізу» /оқу құралы/ Алматы, 1993
  6. Б.Мұстафин, Ж.Таубалдиева, З.Смақова «Музыка сабағында ән үйрету әдістемесі» Талдықорған, 2010

 

 

 

 

 


Информация о работе Әншілік өнерге алғаш қадам