Әншілік өнерге алғаш қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
- студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
- вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

Содержание

І КІРІСПЕ ………………………………………………………....................... 3

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................................................................... 5

2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі........................................................ 9
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.............................................................................
13
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану..................................................................
15
2.5 Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру.............................................
18
2.6 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармалары........................................................................
21
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ».docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Орындаған: Тұрсынбек А.

                 ПИК  11-1к  тобының студенті

                                                                            Қабылдаған: Ағабекова С.С.

 

 

 

 

 


Мазмұны

 

І КІРІСПЕ ……………………………………………………….......................

3

   

ІІ Негізгі бөлім

 

2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам.........................................................................

5

   

2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі........................................................

9

   

2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.............................................................................

 

13

   

2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану..................................................................

 

15

   

2.5 Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру.............................................

 

18

   

2.6 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармалары........................................................................

 

21

   

ІІІ Қорытынды ………………………………………………………………

23

   

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………......

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелумен қатар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар кояды.

Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына  терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сезімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады.

Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.

Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Дәуріш Әли, Ибн Сина т.б) музыка өнерінің теориялык және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.

Халыққа білім беру жүйесінің үнемі дамып, оқу және тәрбие жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай дамуына қазіргі кезде еңгізіліп отырған мектеп реформасының маңызы зор.

Музыка сабағы үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық  тәрбиенің түрі.   Студенттер ән айтуды үйренеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның  өзі олардың ішкі сезімдерін сыртка шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.

Әсіресе студенттердің ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға жэне ең жаксы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мїмкіндік туғызады. Бұл мәселелер И.И.Левидовпен, А.А.Сергеевпен, И.Малининамен, Н.Д.Орловпен, Н.Н.Добровольскаямен, Т.Н.Овчиниковамен жэне басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты - студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың  дауыс ережелерін қатаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру. 

Дұрыс ән айтуға  үйрету арқылы студенттердің  дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық  дауыспен академиялық  үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.

  • студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық  ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.

  • вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, тарихи әдебиеттерді зерделеу, бақылау, әңгіме, озық педагогикалық тәжрибе, мектеп құжаттарын зерделеу.

Кез-келген әдет - ғұрыпты белгілі музыкалық мақаммен атқару ежелден келе жатқан  мәдени құбылыс. Мақам бір үлгіде түрленіп қайталана береді. Мұны ғылым тілінде варианттылық  немесе вариациялық деп атайды.

Кейде музыкалық  мақамда өзара жақын орналасқан дыбыстардың күрделі байланыстарымен арақатынастары (хроматизм) да кезедсіп отырады. Бірақ мақамның ауқымы кең емес. Негізгі басқыштан бесінші басқышқа (примадан квинтаға) дейінгі аралықпен шектеледі.  Мұның  бәрі ладтық  ерекшелікті  құрайды.

Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің  вокалдық өнер саласында  алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен  түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта  білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажет  екендігі айқындалады.

Жоғарғы оқу білім беру кешеніндегі  оқу мақсатынан  туындайтын аталған пәннің  негізгі міндеті академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларын алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу.

 Халқымыз өзінің сан  қырлы әншілік дәстүрін ғасырлар  қойнауынан аялап-сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізді. Әр аймақтың, әр өлкенің  өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, композиторлары, суырып салма ақындары  өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың  музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына, шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін  әр шығарманың өзіндік ерекшелігін  тыңдаушының сезімінің пернесін  дәл басқандай етіп жеткізе  білуге, орындау мәдениеттілігі  мен дауысты жоғарғы шеберлігіне  үйретеді.

 Ән айту өнері бұрыннан  келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда  зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың  өкілдері тарапынан да көптеп  саналады. Көптеген зерттеушілер  дұрыс ән айтуды тәрбиелеу  олардың дауыстарын сақтау болып  саналады дейді. Ал Т.Н.Овчинникова  әртүрлі жастағы балалардың ән  айту ерекшеліктерін зерттей  келе, дұрыс ән айтуды – олардың  табиғи дауыстарын сақтап, әрбір  оқушының әншілік дауыстарын  дамытуда қамтамасыз етеді деп  көрсетеді.

 

 

 

 

2.1 ӘНШІЛІК ӨНЕРГЕ  АЛҒАШ ҚАДАМ

 

Әншілік өнерге алғаш қадам басқан адамдарды ең алдымен әншілік қабілетін жетілдіруге арналған әдебиеттер қызықтырады, вокалдық өнер туралы сұрақтарға жауап іздейді. Педагогтар қандай да бір кітапты бағыттауға қиналады.Әншілік өнерді дамытуға арналған оқулықтар, әдебиеттер бар. Бірақ , олар көбінесе тәжірибелі әдіскерлер мен әнші-орындаушыларға арналған. Жаңа бастаған әншілерге одан бағыт-бағдар алу қиынға түседі. Жалпы барлық әншілер вокал негізін игеруі тиіс.

 Аспаптарды өз бетімен  үйреніп ойнайтындар болады. Оларға  арналған «Баянистің алғашқы  қадамы», «Гитаристің әліппесі», «Домбыраға  арналған оқулық» немесе «Домбыра  үйрену мектебі» сияқты көмекші  құралдар бар. Ал әншілерге арналған  ондай құрал жоқтың қасы.Жаңа  бастаған әншілерге арналған  әдістеме болса тамаша болар  еді. Әншілік өнерге бой ұрған  адамдардың табиғи музыкалық  қабілетіне қоса білімі де  болу қажет.Осы мақсатта жас  вокалистерге көмекші құрал ретінде  өз еңбегімді ұсынбақпын.

 Табиғи қабілет пен  дарын. Әнші болу үшін ең алдымен  мәнерлі дауыс, әншілік қабілет,есту  және есте сақтау қабілетінің  жоғары болуы, музыкаға деген  белсенді эмоциялық сезім, жақсы  дикция, еңбекқорлық , сахналық сырт  бейне, жақсы дауыс болу керек. Осы қабілеттердің барлығы бір  адамның бойынан табылуы мүмкін  бола бермейді. Біреуі болса, екіншісі  болмауы мүмкін. Үнемі жаттығудың  нәтижесінде олар бірін-бірі толықтырып  жатады.

 Дауыстың сапалық негізі  не дегенде, мен, тембр, диапазон , таза  дауыс және дауыстың қаттылығы  дер едім. Маңыздысы тембр. Дауыс  күші аз болып, кішкене ғана  диапазон болғанда, қызығушылықты  әдемі тембр тудыруы мүмкін. Мұндай  дауыстарға ария айтпай-ақ камералық  репертуар мен халық әндерін  айтуға болады. Егер диапазон  мықты болып тембр нашар болса, онда әншілік дауыс әдемілігі  болмай, қызықтырудан айырылады.

 Тембр – дыбыс бояуы, дауыс бейнелеушісі. Дауыс бояуы  – туғаннан қалыптасқан табиғи  сапа, бірақ өсе келе арнайы  оқу кезінде өзгеруі мүмкін. Тембрде  музыкалық көңіл күй, эмоциялық  сезім байқалады. Сондықтан да  музыкалық мәнерлілікпен үнемі  жұмыс істеу өте маңызды.

 Диапазон дегеніміз төменнен жоғарыға дейінгі дауыстағы дыбыстардың жиынтығы. Ал әншілік регистр біртекті дауыс бояуының дыбыс қатарындағы дауыс тербелісінің жұмысы.

 Ерлердің тазаланбаған  дауысында екі регистр болады: кеуде және бас (фальцет). Арнайы  оқыған әншілер негізгі регистрде  фальцетпен айтпайды, тек аралас  дыбыспен (микстпен) айтады.

 Әйелдер дауысы үш  регистрге бөлінеді: кеуде (төменгі), ортаңғы (аралас) және бас (жоғарғы). Әйелдер дауысы ерлерге қарағанда  табиғатынан аралас регистрлі  болады.

 Дауыстағы өтпелі дыбыстар  деп бір регистрден екінші  регистрге ауысатын дыбыстарды  айтады. Мұны музыка тілінде мутация  деп атайды. Ерлер дауысында бір  өтпелі кезең, ал әйелдер дауысында  екі өтпелі кезең болады. Бұл  уақытта шекара дыбыстарында ән айту қиын. Себебі өтпелі дыбыстардағы тәсіл біртекті регистрлі дыбыс жасай алмай, сыну пайда болады. Сондықтан жасанды аралас дыбыс жасау тәсілін қолдану керек.

 Микст – кеуде және  бас дыбыстарының бірігуінен  жасалған аралас дыбыс. Ол жұмсақ , кеуде дыбысына қарағанда жеңіл  әрі фальцетке қарағанда дыбыстырақ .

 Дауыс жаттығулары. Ешқандай  вокалдық дайындығы жоқ адамдармен  вокалдық жаттығуларды жасағанда  бірден кемшіліктен бастамай, алдымен  мадақтап, дауысына келетін жаттығулардан  бастау керек. Содан кейін ғана  әдемі дауысына бөгет жасап  тұрған қателіктермен жұмыс жасап, әншілік қабілетін жетілдіретін  тәсілдерді үйрету керек. Дауыс  жаттығуларын орташа диапазонда  аз көлемде бастаған жөн.Олардың  жылдамдығы бірде баяу, бірде  жылдам болып кезектесе, ал дыбыс  биіктігі сатылап қозғалыста  болуы керек. Темпі (жылдамдығы) қозғалмалы  болуы керек. Мұндай жаттығулар  үнемі белгіленген кезекте жүргізіліп  отыруы тиіс. Осындай жұмыстардан  кейін ғана мақсатты түрде  дауысты дыбыстарға арналған  жаттығулармен ауыстырып отыру  керек. Орындаушының жеке бас  ерекшеліктерін жөндеген соң  дауысты дыбыстарды меңгеруді  қолға алған дұрыс. Дауысты дыбыстарды  таңдау және ретке келтіру  жолдары әртүрлі: ыңғайлы дауысты  дыбыстардан ыңғайсыз дауысты  дыбыстарға қарай, жақсы дауыстан  сәтсізге қарай. Дауысты дыбыстармен  жаттығуларды «ә»,«ү»,«и»,«е», «о»,«ө»,»,«у»  дыбыстарынан бастаған ыңғайлы.

Информация о работе Әншілік өнерге алғаш қадам