Әншілік өнерге алғаш қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
- студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
- вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

Содержание

І КІРІСПЕ ………………………………………………………....................... 3

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................................................................... 5

2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі........................................................ 9
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.............................................................................
13
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану..................................................................
15
2.5 Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру.............................................
18
2.6 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармалары........................................................................
21
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ».docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы  деп аталады.  Дауысшымылдығының аралығы қуысы немесе дауыс түтігі делінеді.

Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмай, үн шықпайды.  Дауысты дыбыстар  дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де дауыс шамалы болады. Ал, қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды, міне сондықтан да ол дыбыстардың құрамында үннің “қатысы болмайды”.

Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс неме үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әртүрлі  өң  “рең”  беріледі, тіл дыбыстары бірінен бірі ерекшеленеді. Қуыс мүшелеріне:

Ауыз қуысы.

Мұрын қуысы  жатады.

Ауыз  қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.

Тіл.  Бұл – дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылдам жылжымалы мүше.  Ауыз  қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары – төмен жүйіткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді.

Ерін. Дыбыс шығаруда  қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір – біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен [п. б] дыбыстары пайда болса, астынғы еріннің үстіңгі ерін мен тіске келіп қатысуынан [ф. в] дыбыстары шығады, екі еріннің дөңгеленіп алға қарай шүйіріліп тұруынан ө, о, ү, ұ, у, дыбыстары жасалады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін керілуінен дыбыс сапасы өзгереді. Сөйлеу тіліндегі езулік дауысты дыбыстарды: а, е, и, ә, э, і  ән айтуда еркіндік дауысты дыбыстарына жуықтап дөңгеленте орындайды.

Тіс. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің белгеле бір мөлшерде қатысы бар. Біра, бұл жылжымалы мұше емес, ауыз қуысындағы жылжымалы мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуының  соқтығысуынан дауыссыз дыбыстардың түрлері жасалады.

Таңдай. Мұның өзі қатты таңдай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің біріне қатты таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан, соқтығысуынан дыбыстардың сапасы өзгеріп шығады.

Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына өткізеді.  Сөйтіп, дыбыстардың өзгеріп жасалуына әсер етеді.

Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады: а, ә, о, ө, е.  Иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда болады:  ы, “, и, ұ, ү, у.  Сөйлеу тіліндегі қысаң дауыстыларды ән айтуда иекті  төмен түсіріңкіреп, ашық даусыты дыбысты айту кезіндегі иектің қалпына жуықтап айтылады.

Мұрын қуысы. Ол- қуыс мүшелерінің екінші түрі. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты.  Кішкене тіл жолын жауып тұрады да,  өкпеден келе жатқан ауаны мұрын арқылы өткізеді.  Содан барып мұрын жолы:  м, н, ң  үнді (сонор) дауыссыз дыбстары пайда болады. Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтылғанымн олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі арқылы болады. Сондықтан да жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м), тіл ұшының дауыссызы (н), тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады.

Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне күш түсед, ал, дауыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге ғана түседі.

Жаттықтыру: № 1 – вокализ Ф.Абт. (үйрену, жаттығу және қайталау).

Сөйлеу мүшелерінің қызметі нәтижесінде тіл дыбыстарының айтылу (фонация)  үрдісі есту қабілеттерінің дамуымен тығьз байланысты. Дауыс аппаратының дұрыс к,ұрылуы жақсы жағдайда дауыстың және есту қабілетінің  дамуы барысында ғана мүмкін болады.

Балалардың үнемі ән айтанына, олардың келелі дауыс аппараттарын сақтауға жүйелі оқыту процесі мүмкіндік туғызатыны көпшілікке белгілі. Көпшілік вокалдык, тәрбие вокал және хор сабағы процесінде іске асырылады. Балалардың үлкен хор топтары 7 жастан 16-17 жасқа дейін аралықта болады. Олар өздерінің  құрамында үш хор топтарын құрайды -кіші, орта және ересектер. Әрбір жас кезеңіне өзіндік дыбысталу ерекшеліктері сай келеді. ұғымдар вокалдық бағыттарға жатады.

1. “Академиялық” бағыт музыкалық  өнерде – классикалық үлгі  бойынша, белгілі бір дәстүрі  бар стильге жатады. Академиялық  үлгідегі ән айту әдісі таза  дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі  дауысты дыбыстардың академиялық  үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға  жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған  дыбыспен орындалуын дыбыстың  құрамындағы “жинақты үлгі”  деп атайды, немесе вокалды позицияның  дұрыс үлгісі дейді.

2. “Халықтық” бағыттағы үлгі  өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән  өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып  келеді. Мұндағы ән айту үлгісі  әр халықтың тұратын география  орнына, салт – дәстүріне қарай  дамиды. Мысалы, грузин халқы көп  дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз  халқы тамақты қысу арқылы, татар  халқы пентатоникалық қосылыстарымен  орындаса орыс халқы хороводтың  және дауысты дыбыстарды ашық  айту үлгісінде дамығанды өздерің  білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы  да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту  үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық  тақырыпта болуы шарт.

Ал, «Эстрадалық» бағыттағы үлгі соңғы жылдары ерекше дамыған, жастардың кәзірде еліктейтін музыкалық өнердің бір түрі. «Эстрада»  - ұғымы ертеректе  концерттік қойылымдардың сахнасы деген  мағына берген. Ал, эстрадалық өнер немесе бағыт – бұл сахналық өнердің әр түрлі орындау формаларының бірлескен жеңіл, сауықтылық өнеріне  жатады. «Эстрадалық» ән айту мәнері, бұл әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеу, дыбыстарды өз еркіне жеткізу, динамикалық ерекшелігімен айту сияқты үлгілерімен сипатталады. Соңғы кездері эстрадалық үлгі электрондық аспаптарда жазылған фонограммалар арқылы орындалып жүр.

 

 

 

2.3 АРТИКУЛЯЦИЯ, ҚАТАҢ ЖӘНЕ ЖҰМСАҚ ДЫБЫСТАРДЫ АТАКАЛАУ. ТЫНЫС АЛУ ТЕХНИКАСЫН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ

 

Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық) үлгімен айту Вокал техникасындағы тағы бір маңызды вокалдық әдістің бірі болып, шығарманы орындау барысында бірыңғай вокалдық  желіні сақтай алады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңызы бар, бірақ барлық әншіге бірыңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар.

   Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.

           Тілдегі сөздің мағнасын және  сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге  себеп болатын тіл дыбыстарын  фонема дейді.

Дыбыс жүргізудің   тәсілі ретінде  үнемі қатаң  атаканы  қолдану дұрыс болмайды, өйткені бұл дауыс аппаратының  күштелуіне   әкеп соғуы мүмкін.   Қатаң атаканы орындаушылық немесе  әдістемелік   тәсіл ретінде сирек  жағдайда  қолданылуы тиіс,  мысалы,  сылбыр ән айту кезінде.

    Шығарманы айту  кезінде вокалдық тәрбиенің мақсатын табысты шешуге  қолданылған  әдісті  мақсаттылықпен  таңдау  өз мүмкіндігін тигізеді деп ойлаймыз. Вокалды шығармамен жұмыстың күрделілігі соншалық, ол тек қана жалпылама сезімі мен дыбысталуы бар бірегей шығармашылык, топ қана емес, сонымен қатар ол өзінің вокалдық  және әртүрлі музыкалық  ерекшеліктерімен берілген жекешелердің   қосылған ортасы.. Оқьпушы  үнемі өзара байланысты екі мәселені  шешуге тырысады:

    а) техникалық   сапасына   сай    музыкалық     топ  құрайды;

   б)  вокалды шығарманы  үйрету барысында  әрбір жеке    қатысушысын  өзінің аспабы, яғни өз әншілік дауысымен   үйретеді.

Жұмыстың бастапқы сатыларында айрықша көп қиындықтар кездеседі. Әнді   орындау  барысында кездесетін   ең бірінші қиындық - бұл шығарманың мәтінін мәнерлеп айтуға  өту. Егер шығарманың тесситурасы сөйлеуден  жоғары болса,  балалар дауыстарын қатты кернеп, айқайлап айтуға  мәжбүр  болады.

Студенттердің дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және онын бастамасы - атака деп аталады. Вокалдық практикада атаканың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай атака кезінде баланың дыбыс шымылдыңы іске қалай қосылады және қандай дауыс атакасымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен, дауыс жұмыс істегенде жұмсак дауыс атакасын қолдану дұрыс деп саналады.

Студенттерді әншілікке баулу жолында халық  әуендерінің тәрбиелік мәнінің зор екендігін ескере отырып, жұмыс барысында халыќтың ән дәстүрін шебер талғаммен пайдалана білген жөн. Б.В.Асафьев халық  әндерін музыка сабақтарында пайдалана білудің орны ерекше екендігін айта отырып былай деген еді: «Халық арасында музыканы кеңінен дамуы үшін және оның  әсерлілілігінін артуы үшін, халықтың  өзі туғызған мәңгілік  өлмес ән  өнерінің орны  бөлек». Б.В.Асафьев халық әніне ерекше мән бере отырып, оның мектеп жасындағы балаларды музыкаға тәрбиелеудегі алатын орынын осылайша көрсетті.

Ән айту мәдениетін қалыптастыруда, мүмкіндігінше баяу да созылыңқы түрде айтылатын халық әндерін еңгізу пайдалы болмақ. Мысалы, халық  әні «Әлдиді» алар болсақ, оның  баяу да салмақты сипаты шығарманы орындағанда дауыс аппаратының қысылмауына, тыныс алуды бақылап отыруға,  сөздің  анық  айтылуына және дыбыстың  сапалы шығуына мүмкіндік береді.

Халықтың  дәстүрдегі орындаушылар әдетте әннің басында, ортасында немесе аяғында  қысқа ғана вокализдерді қолданып отырған (аха-ха, или-гай, гәк-ку, хай-ли-лау, әридаш-ау, угу-гу, иги-гак, т.б.) мұның  өзін кейде әннің келесі шумағына дайындыќ ретінде немесе көмейді дем алдыру үшін пайдаланған. Аталған жаттығуларды біз өз тәжірибемізде  дыбыстарды дұрыс, анық, таза айта білу үшін қолдандық.

Халық әндерінің бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Әрбір әнді байқап қараса, олардың өлеңдері бірнеше шумақтан  пайда болып, сол шумақтардың ішіндегі тармақтары бір – бірімен ырғақ жағынан сәйкестеніп келеді. Бұны біз шумақтық әндер дейміз

 

 

 

 

 

2.4 КӨРКЕМДІК БЕЙНЕНІ БЕРУ ҮШІН МУЗЫКАЛЫҚ МӘНЕРЛІЛІКТІҢ БАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ДАҒДЫЛАНУ

 

Көркемдік кезең ол екі фазадан құралады, әрқайсысы өзіндік міндеттерін көздейді.

Бірінші фазаның міндеттері:

- мәтінді әуенсіз жаттату, бұл  дегеніміз шығарма мәтінін музыкадан  ажыратып, жеке туынды ретінде  қарастыру. Мәтінмен жұмыс жасау  кезінде дикцияға көп көңіл  бөлу қажет. Дирижер мәтін сөздерін жаттатудың әдістерін өз еркімен таңдай алады, бірақ ең тиімдісі мозайкалық әдіс, яғни өлең жолдарын бірінен кейін бірін екі жол бойынша жаттату;

- мәтіндегі көркем бейнелердің, сюжет жиілісінің мән-мағынасын түсіндіре отырып, студенттердің өлеңге деген көзқарасын аңықтау, пікірін білу;

- өлеңнің басты мәселесін, негізгі  ойын білдіретін сөздерді, сөз  тіркестерін  топшалау.

Екінші фазаның міндеттері:

- музыка мен мәтін сөздерінің  үйлесімділігін аңықтау, егер де  қандай да бір сәйкес келмеушілікті  байқалынса, оның себептерін, сипатын  аңықтай отырып тұсіндіру;

  • шығарманы әндету кезінде мәтін сөздері мен әуенді көркемдік дәрежеде үйлестіру.

3) Қорытынды кезеңнің мақсаты- алғашқы кезеңдерде жасалған жұмыстың нәтижелерін біртұтас жүйеге біріктіру. Қорытынды кезеңнің мерзімін хор жетекшісі жұмыс жасау қарқындылығына, белсенділігіне, көрсеткіш деңгейіне байланысты өзі белгілейді.

Әдеби мәтінмен жұмыс жасау кезінде тілдегі ассимиляцияға қатысты мынадай жағдайларды  ескерген дұрыс: а) ассимиляция сөйлеу процесінде толық түрде ұшырайды, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп толық еліктіреді. Сол сияқты “з-ш” немесе “с-ш” түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, “ш-ш” түрінде естіледі. Мысалы, бесжылдық (жазылуы)- бешшылдық (айтылуы); ә) жартылай түрде, яғни дыбыстарды бір жақты еліктіреді. Бұл дегеніміз алғашқы буын қатаң дыбыстарға аяқталғанда келесі буыннан басталатын “б”, “г”, “ғ”, “ж” дыбыстары айтуда қатаңдап “п”, “к”, “қ”, “ш” дыбыстарына айналады. Мысалы, тұңғыш балаң (жазылуы)- тұңғышпалан (айтылуы); б) ”қ”, “к”, “ғ”, “г” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “ң” дыбысына айналады. Мысалы, сен  қайдағы (айтылуы сең қайдағы); в) “б” және “п” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “м”-ға айналады, мысалы, сен бердің ( айтылуы сем бердің); г) “р”, “л”, “ш” дыбыстары сөздің басында келсе, олардың айтылуы ыңғайлы болуы үшін алдынан  “ы”, “і”, “ұ”, “ү” дауыстылары  қосылады.Мысалы, рас (ырас), лайық (ылайық).

Информация о работе Әншілік өнерге алғаш қадам