Әншілік өнерге алғаш қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
- студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
- вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

Содержание

І КІРІСПЕ ………………………………………………………....................... 3

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................................................................... 5

2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі........................................................ 9
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.............................................................................
13
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану..................................................................
15
2.5 Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру.............................................
18
2.6 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармалары........................................................................
21
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ».docx

— 67.87 Кб (Скачать документ)

Осы айтылған ескертулерді хор жетекшісі дикциялық-орфоэпиялық ансамбль құру кезінде міндетті түрде орындай отырып, оқушыларға түсіндіруі қажет. Мақсаты: оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде түсіне отырып орындауға дағдыландыру.

Вокалдық хор жанры интерпритациялау мен қатар, музыкалық және әдеби мәтінді дұрыс айта білу дағдысын қажет етеді. Өйткені хор шығармасы сөз бен әуеннің синтезінен құрылған туынды болып табылады. Көрермендерге әсер ету дәрежесіне байланысты хор жанры бірқатар жетістіктерге ие болғанымен, орындаушылар үшін әдеби мәтінді музыкамен үйлестіре  білу жағынан біршама қиындық келтіреді.Осы тұрғыда хор жетекшісі төмендегі талаптарды ескеру қажет:

1) мазмұндылық, яғни музыкалық көркем  бейненің мәтін сөздерімен үйлесімділігі;

2) әдеби және музыкалық композицияның  өзара байланысы;

3)  көркемдеуші құралдардың бірлігі: бұл дегеніміз вокалдық декломация, музыкалық және сөйлеу интонациясының  өзара сәкес келуі, музыкалық  үлес пен әдеби синтаксисінің  уақыт ара- қатынасына сәйкес үлесімен тепе-теңдігі және сөз бен әуен акцентуациясы мен фразировканың байланысы.

Хор жетекшісі шығарма мәтіннің өзіндік айтылу ерекшеліктеріне де көп көңіл бөлу қажет. Мысалы, марш екпініндегі ерлік, батырлық тақырыбындағы немесе патриоттық мазмұндағы шығармалар кең тынысты, салтанатты орындалып, дауыссыз дыбыстарды нық, ад дауыстыларды іріленіп, қомақталынып айтылуын қажет етсе, лирикалық әндер керісінше дауыссыз дыбыстардың жұмсақтау, әрі қысқа, ал дауыстылардың барынша созылыңқырап айтылуын  талап  етеді.Сонымен қатар әдеби мәтіннің айтылу ерекшелігі хор фактурасының стиліне де байланысты. Мысалы: музыкалық дамуда қосымша дауыс немесе полифониялық әдіспен жазылған шығармаларда бірнеше дауыс өз алдына воекалдық желі құрып, дербес дамып отыратындықтан ән сөздері барлық партияларда бір мезгілде айтылмайды.

Қорытындылай келсек, вокалды хор шығармасының әдеби мәтініне байланысты мәселелердің бірі- әдеби тілдің орфоэпиялық заңдылықтарын сақтап, мәтінді жазылуы бойынша емес, айтылуы бойынша орындай білу. Орфоэпияның негізін тіліміздегі үндестік заңдары: ассимиляция (дауыссыз дыбыстарына қатысты байланыс)  және сингармонизм  (дауыстылардың бір-бірімен үндесуі) құрайды. Яғни, сөз аралығында және сөз ішінде қатар тұрған екі дауыссыз дыбыс бір- біріне ықал ету арқылы өзгеріске ұшырайды. Сондай-ақ, дауыссыздарға дауыстылар да әсерін тигізеді. Дауыстылардың бір-біріне ықпал етуі де заңды құбылыс. Мектеп әндерінен алынған сөз тіркестерін дәлел ретінде келтірейік:

а) Көмкерді көк жиекті (айтылуы «көгжиекті»);

ә) Қолқанат құс сен едің (айтылуы « қолғанат»);

б) Талдан таяқ жас бала ( айтылуы «таяғ»);

в) Әлемге ортақ көңілдің ( айтылуы « әлемгортақ»);

г) Жүрсек те аспан төрінде (айтылуы «жүрсектаспан»);

д) Толқиды ой (айтылуы «толқидой»);

Осыған сәйкес жасайтын қорытындымыз: үндестік заңдылығына сәйкес бұрын тұрған дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа, кейінгі дыбыс өзінен алдыңғы дыбысқа, қатар тұрған екі дауысты бір-біріне әсер ету нәтижесінде қандай да бір дауыссыз дыбысты басқа дыбыспен алмастырады немесе екі дауысты қосарланып бір дыбысты ғана береді.

Ән айту орфоэпиясы мен тілдік орфоэпия үнемі сәйкес келе бермейді. Орыс тілінің орфоэпиясы дауысты дыбыстарға дауыс екпіні түспеген кезде олардың көмескі естілуімен ерекшеленеді. Ал қазақ тілінде екпін түспеген дауысты дыбыстар қандай дыбыстардың қоршауында келсе де, өздерінің үндік сапасын өзгертпейді. Демек олар партитурада қалай жазылса, айтуда да солай аңық көмескіленбей орындалады.

Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөзді, кейде бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады және де тыныс алу, жеке дыбыстарды дұрыс оқу, сөздің айтылу қалпын сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан да хор жетекшісі дауыс екпініне көп көңіл бөлуі қажет.

Хорда вокалдық-хор дағдыларын дамыту мақсатында өткен заманның және қазіргі таңдағы прогрессивті, нәтижелі және іс-тәжірибемен дәлелденген әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Соның ішінде қазіргі уақытта кең қолданылып жүрген артикуляцияға және тыныс алуға байланысты жаттығу түрлерін атап өтсек:

а) бірінші дыбысты әндетпей тұра, оны алдын-ала санамызда елестетіп, өз ішімізден әндету арқылы жаңғыртуымыз қажет (психологиялық дайындық);

ә) шығарманың әуенін дауысты «у» дыбысына вокализ түрінде стаккато штрихымен әндету. Мақсаты: дыбысты дұрыс атакалау және интонациялауды тазарту, форсировканы жою.

б) берілген музыкалық шығарманы «лю» буынына вокализациялау, мақсаты: дауыстардың боялық реңін өзара теңестіру, кантеленаға қол жеткізу, фразировканы жетілдіру;

в) әншілер даусын тәрбиелеудің негізгі көрсеткші болып есептелетін пиано динамикасын жаттығулардың көпшілігінде қолдану;

г) жоғары қарай бағытталған интервалды әндеткенде жоғарғы дыбысты төменгі позицияда, ал төмен бағытталған интервалдың төменгі дыбысын жоғарғы позицияда әндету қажет;

д) тыныс алу аппаратының белдсенді қызметін жүзеге асыру мақсатында мәтін сөздерін жақсы артикуляциямен сыбырлау немесе дауыстап айту қажет;

е) мәтін сөздерін сөйлеу диапазонына қарағанда бірдей биіктікте, жоғарғы регистрде әндету;

ж) сөйлеу декламациясына көп көңіл аудару, өйткені оқушылар мәтін сөздерін мәнерлеп оқыған кезде шығарма мазмұнын жете түсініп, көркем образдарды айқын елестетіп,   мән-мағынасын ұғады.

з) мәтіндегі жеке фразалардан мағына жағынан үйлесетін сөз тіркестерін, жеке сөздерді топшалау және берілген шығарманың әрбір шумағының өзекті тақырын аңықтау;

 

 

 

 

 

2.5 ШЫҒАРМАНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЖӘНЕ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, КӨРКЕМДІК ЖАҒЫН АШАТЫН ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ

 

Ансамбль құру- күрделі үрдіс. Өйткені шығарманың сипатын, нюанстерін, жеке фразалардың айтылу ерекшелігін әркім әрқалайша сезініп түсінеді. Ал ансамбль өзара “үндестікті”, “үйлесімділікті”, “бірлікті” талап етеді. Хор мүшелері өз тарапынан бұны, яғни өзіндік ән айту мәнерін басқа біреудің әндету мәнеріне сәйкестендіруді, әртіс еркіндігін шектеу деп қате ұғынуы мүмкін. Бірақ оқушылар бірте-бірте  осы тұжырымның қате екендігін мойындайды. Шынайы ансамбль басқа біреудің даралық еркіндігін шектеу, қандай да бір қысым көрсетуді мақсат етпейді, керісінше ансамбль мүшелері арасында сыйластық, достық, сенімділік, түсінушілік секілді қасиеттерін талап етеді.

Хор ішінде жеке ансамбль орнату үшін ең алдымен белгілі бір дыбысты жеке бір партияға ғана айтқызу, одан кейін осы дыбысты бір уақытта екі партиямен қатар, одан кейін үшінші партияны қосып  орындату қажет. Сөйтіп унисондық дыбысталу өзара  теңестіріледі. Нәтижесінде барлық патиялар арасында унисондық үйлесімділік, яғни ансамлдің басты элементі қалыптасады.

Жалпы балалар хорымен жұмыс жасауда “унисондық дыбысталу” маңызды орын алады. Өйткені  таза унисон балалар хорына тән интервал және ол көпдауыстылықтың негізін қалайды.

Унисондық дыбысталуды жасау үшін келесі жаттығу түрін қолдану тиімді: “лю” және”ле” буындарын бір дыбыс биіктігінде әндету немесе белгілі бір әуен үзінділерін бір дауыста орындату. Осы аталған жаттығулардың көздейтін басты мақсаты- таза унисонды қалыптастыру, дамыту болып табылады.

Сонымен қатар унисондық дыбысталу түрін жетілдіруде барлық дауысты дыбыстар ішінен “у” дауыстысын таңдау маңызды. Бұл “у” дыбысының жасалу жолының ерекшелігіне байланысты. Еске сала кетейік “у” дауысты дыбысы ауыз қуысының кеңдеу ашылып, тілдің артқа тартылуы және еріннің шеңберленуі арқылы жасалады. Сонымен қатар дауысты “у” дыбысы арқылы көмкеріп айту өте ыңғайлы және жеңіл. Осылайша хор мүшелері  ән айтудың бірдей мәнеріне дағдыланады.

Унисондық дыбысталумен жұмыс жасау кезінде жабық ауызбен әндету түрін кең қолдану қажет. Өйткені бұл тәсіл оқушылардың есту қабілетін күшейтіп, жоғарғы вокалдық позицияны сезініп, ұғынуға тікелей септігін тигізеді. Бірақ оқушылар үшін “у” дыбысына қатысты құрылған жаттығулар әлі де болса қиындық келтіреді, сондықтан да оны жиі қолдануға болмайды.

 Сонымен қатар жеке ансамблмен жұмыс жасау барысында оқушылар техникалық тәсілдерді қолдану жағынан  да, түрлі нюанстерді орындауда да бірдей болу қажет.

  Ансамблді қалыптастыру  үрдісінде әрбір дауыспен жеке  жұмыс жасау қажет, яғни берілген  шығарманың әрбір партиясын әрқайсыларына  басынан аяғына дейін жеке  жаттату қажет, сонан соң ғана  басқа партияларды қосуға болады. Бұл аса қиындық келтірмейтін  үрдіс, өйткені басқа партиялар  жекелей жұмыс жасау нәтижесінде  өз дауыстарын жетік меңгеріп алған болады. Осылайша жеке партиялармен жұмыс жасау негізінде жүргізілетін хор сабақтары аса нәтижелі және сапалы болады.

Сонымен қатар хор ішінде ансамбльді орнату дирижердың, яғни хор жетекшісінің дарындылығына, шеберлігіне, педагогикалық әдіс-тәсілдерді, жұмыс жасау формасын дұрыс таңдай алу қабілетіне байланысты. Әсіресе  жеке партиялар мен топ арасындағы сан және сапа жағынан тепе-теңдікті сақтау аса маңызды шарттардың бірі. Егер де белгілі партия немесе топ ішінде дауыс санының жетіспеушілігі туындаса немесе дыбыс сапасы қажетті деңгейде болмаса, ансамбль құру қиындайды. Өйткені хор ұжымында бірдей әншілік мәнерін, бірдей вокалдық тәсілдер мен дағдыларды, бірдей эстетикалық талаптарды қалыптастырмайынша хор мүшелерінің дауыстарын бояу және күш жағынан теңестіру мүмкін емес.

Хор партиялары вокалдық дыбысты қалыптастыру үшін арнайы тәсілдер мен дағдылардың бірдей түрін қолданса ғана жалпы хордың ансамблін жасай алады. Ескерту: мұрынға салып айту немесе вибрациямен орындауға тыйым салынады.

Оқушылар хорына қажетті ансамбль түрі – ырғақтық ансамбль.  Бұл ансамбль түрінде ең бастысы- дұрыс тыныс алу, яғни автордың ойластырған екпініне сәйкес алынуы қажет. Шығарма ішінде екпін ауысқан жағдайда немесе қарама-қайшы музыкалық қозғалыс түрлерін салыстырғанда, алғашқы екпінді қысқартуға немесе ұзартуға болмайды. Хор жетекшісі бұл жағдайда оқушылырдан музыкалық фразаны “аяғына дейін тыңдап”, “соңына дейін әндетіп” жаңа екпінге көшуді талап етуі қажет. Дұрыс ырғақтан сәл ғана аутқу әдеби мәтінді мәнерлеп айтудан туындайды, бұл жағдайда екі сегіздік ноталар нүктелі сегіздік ұзақтығында айтылуы мүмкін.

      Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық  нюанстерді көрсете білу аса маңызды. Бұл музыканың көркем, мәнерлі, әсерлі болып  шығуының басты кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль жасауда нюанстерге көп көңіл бөлуі қажет.

Интонациялық ансамбльдің деңгейі оқушылардың есту қабілетіне,  стройды тұрақты ұстап тұру, дұрыс тыныс алу, дыбысты өз нақышына салып, вокалдық позицияда орындау сияқты дағдыларына тікелей байланысты. Интонациялық ансамблді дамытудың алғашқы сатысы- унисондық дыбысталудан басталады.  Өйткені таза унисон – дұрыс интонациялаудың және көпдауыстылықтың басты көрсеткіші болып табылады.

Ансамбльдің метроритмикалық түрі ырғақты терең сезіне білу, өзара ажырата  алу, ырғақ өзгерісіне тез арада икемделе алу, бірдей етіп тыныс алу, мәтін сөздерін бір уақытта бастап-аяқтау, шығарманың қатты және әлсіз үлестерін ажырата алу, дыбысты біркелкі атакалау секілді қабілеттер мен дағдыларына негізделеді.

Осындай ансамблге қажетті дағдылар мен қабілеттерді тікелей вокалдық жаттығулар арқылы қалыптастыруға болады.

Орта буын хорына жаттығу таңдау кезінде микстовті және кеуде регистрлерін қамту қажеттілігін ескеру қажет. Кеуде регистрлеріне арналған жаттығулар төменгі дыбыстардан басталып, әуен жиілісі жоғары қарай өрбиді.

Көп жағдайда, дауысты жаттықтыру үшін белгілі бір әуен үзіндісін немесе келешекте орындалатын репертуардың кейбір бөлімдерін қолдану аса тиімді. Бұл жағдайда жаттығу қандайда бір буынға немесе жабық ауызбен әндетіледі. Кез келген буынды таңдау кезінде дауысты дыбыстардың ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, “е”, “ю”, “я” секілді дауыстылар бас регистріне арналады, ал “и” дауысты дыбысы өте ашық дыбысталады. Ауыз қуысын еркін ашып жаттықтыру үшін “бай” және “дай” буындарын айтқызу тиімді. Артикуляциялық аппараттың артқы бөлімдерін жетілдіру мақсатында “о” және “у” дауысты дыбыстарын айтқызу қажет, ал жұмсақ таңдайды дамыту үшін жабық ауызбен біртіндеп “ма”, “на” буындарына көшу қажет. Бұндай көпдауысты жаттығулар орташа екпінде, белсенді тыныс алу арқылы легатоға орындалуы шарт.    

Ансамбль бұл- интонациялық, үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық, агогикалық, дикция-орфоэпиялық, тесситуралық, фактуралық деп ажыратылатын жеке ансамбль түрлерінің жиынтығынан құралады. Осы тұжырымды ескере отырып, зерттеу іс тәжірибесінде төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік:

-  хордағы әрбір әншіні  басқаларымен дыбыс күші мен  тембр жағынан үйлестіру үшін  “жеке ансамбль” түрін қолдандық. 

Информация о работе Әншілік өнерге алғаш қадам