Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жазылып отырған жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы еңбекақының ұйымдастырылуын негіздеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер- шешілуі тиіс:
еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;
кәсіпорынның салалық және аймақтық қажеттіліктеріне байланысты еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;
кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыруды жүйелі талдау.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................... 5

1. Кәсіпорында еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру.......................... 7

1.1 Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың экономикалық мәні мен маңызы.................................................................................................................... 7

1.2 Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері.................................................. 11

2.«Тас-құм» акционерлік қоғамында еңбекақының ұйымдастырылуын талдау.................................................................................................................... 17

2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және оның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.......................................................................................... 17

2.2 Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін талдау........................................ 20

2.3 «Тас-құм» АҚ-да еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары............ 25

3.Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары...... 27

3.1 Шетелдерде еңбекақыны ұйымдастыру тәжірибелері............................... 27

Қорытынды........................................................................................................ 35

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Лейла.doc

— 651.00 Кб (Скачать документ)

 

Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін  қолданушы ұйымның тәжірибелік  қызметінде жиі жауабы табылмайтын  сұрақтар пайда болмайды  (мысалы, тоқтап қалу уақытының ақысы, қызметкерлердің кесірінен болмаған ақаулар және т.б). Осыған қарай еңбекақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйесінің элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.  

 «Еңбек министрлігінің хабарлауы » бойынша еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік қамтамасыздандыру Департаментінің директор орынбасары Қайсенова Г.К. мәлімдеуінше «Жалақы көлемін 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап көтеру» мақаласында көрсетілген мәліметтерге сүйенген қысқаша түйіндеме:

Қазақстан Республикасының «2005 жылғы Республикалық бюджет » туралы заңына сәйкес 2005 ж.1 қаңтарынан бастап айлық орташа жалақы 7000 тенге көлемінде болуы тиіс, еңбекақыны минималды сомадан төмен төлемеу туралы заң шығарушы органдардың пікіріне қарай ҚР 2005 ж. 2 ақпанындағы №88 бапқа сәйкес өзгертулер енгізілген. 2005ж.18 ақпанындағы Еліміздің Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауына сай 2005 ж. 1 шілдесінен бастап бюджет саласында жұмыс істейтін – мұғалімдерге, дәрігерлерге, мәдени жұмыскерлер және әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарына орта есеппен  32% жалақыны көтеру көзделген. Сонымен қатар, бюджеттен қаржыландырылатын ұйым жұмысшыларының жалақысын көтеру 2005 жылға еңбекақыға 53,2 млрд.тг.,ал жергілікті бюджетке 31,5 млрд.тг.бөлінген. Ең төменгі жалақы 9200 тенге құрауы тиіс, бұл айтылғандар мемлекеттік қана емес жеке секторда да ескерілуі керек деп айтылған. Осы істелініп отырған қаржыландырулар халқымыздың экономикасының көтеріліп және әлеуметтік әл – ауқаты жақсарып келе жатқандығының айқын дәлелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «ТАС-ҚҰМ»  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қысқаша  сипаттамасы және оның технико-экономикалық  көрсеткіштерін талдау.

 

           «Тас-құм» акционерлік қоғамы - құрылыс материалдарының кейбір түрлерін барлаумен, өңдеумен және жеткізіп берумен айналысатын өнеркәсіптік кәсіпорын. Дәлірек айтсақ – құм, қиыршық тастар,  тротуарлық плиткалар, гравий және кірпіштер өндіреді.

  «Тас-құм» - Қазақстанда бәріне бұрыннан белгілі Алматылық рудалық емес материалдар комбинатының жаңа аты.

  1957 жылы 31 тамызда КазССР Министрлер одағының жарлығымен Тастақ ДСФ негізінде Алматы қаласын және Алматы облысын толықтырушылармен (құм және қиыршық тас) толығымен қамтамасыз ету мақсатында Алматылық рудалық емес материалдар комбинаты құрылған болатын.

           Бірінші кезеңде табиғи құм Боралдайдан және Дмитриевкадан барланған болатын, бірақ ол жердің қорларының таусылуына байланысты Қапшағай (табиғи құм) және Николаевка (шайылған құм) карьерлері игеріле басталды. 1964 жылы 2 карьерде толығымен жұмыс істейді. Осы кезеңде Ақсай карьерін (қиыршық тас) игеру басталды.

          Материалдардың тұтыну көлемінің ұлғаюына байланысты 1967 жылы Новоалексеевкалық ДСФ салына бастады, оның бірінші сызығы 1969 жылы жұмысқа қосылды. Сол кезде Қотыр-бұлақ кен орны негізінде шетел жабдықтарымен қамтылған қиыршық тас зауыты салынды. Ол зауыт жылына 400000 м өндірістік жұмыс істейді. Сөйтіп, 1972 жылы жұмысқа қосылады.

         1990 жылдың 4 желтоқсанында Алматы рудалық емес материалдар комбинаты жалдамалы- коллективтік «Алматыруд» кәсіпорнына айналған болатын.

         1994 жылы ЖАҚ «Тас-құм», ал 2000 жылдан бастап ААҚ  «Тас-құм» болды. Оның құрамына Қотыр-бұлақ ДСФ-сы, құрылыс құмын шығаратын цех, ұсталық бұйымдарды шығаратын цех және тротуар плиткаларын шығаратын цехтар кіреді.

           Өзінің тіршілік ету барысында «Тас-құм» АҚ 30млн. м қиыршық тас, 35 млн. м құм өткізілген болатын.

           Кәсіпорынның материалдарын пайдаланумен «Қазақстан» қонақ үйі, «Медеу» спорткешені, Республика сарайы, «Анкара» қонақ үйі, «Тұран-Әлем Банкінің» негізгі орталығы, Алматы қаласы аэропортының ұшу сызығы  және тағы басқа да ірі-ірі объектілер салынды.

           «Тас-құм» АҚ өзінің тұтынушыларының кеңдігімен ерекшеленеді. Олардың арасында белгілі кәсіпорындар: «Темір-бетон», «АЗМҚ», «БеНТ», «Трансстроймост», «Инергазстрой», «КСМК-1» және тағы басқалары бар. Әрі қарай өндіріс көлемін ұлғайту үшін кәсіпорын германдық «Ивеко» автосамосвалын, ресейлік «Краз», польшалық жүргізгіштер, ТД-40 бульдозерін және шведтік конустық ұсақтаушы «HYDRACONE H-4800» сияқты құрылғылар сатып алынды.

           «Тас-құм» АҚ ГОСТ нормативтерінен де жоғары параметрлермен қиыршық тас өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады.

          Кәсіпорында ИСО-9001 сапа жүйесін өткізуге байланысты кәсіпорынның өнімі халықаралық стандартқа сай деп танылды. Қазір қиыршық тас куб түрлі формада шығарылатын болды.

           2009 жылы 7 қаңтарда «Тас-құм» АҚ сапа жүйесін басқару сертификаты берілді. Бұл - кәсіпорынның тұтынушылар шеңберін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік берді.

          Қазіргі кезде «Тас-құм» АҚ келесідей бөлімшелерден тұрады: құмды барлау және шаю бөлімшелері, ұнтақтау фабрикасы, тротуарлық плиткалар шығаратын цех, үлкен механикалық цех және ірі  шаруашылық.

          Бұл кәсіпорынды 1997 жылдан бері Шавхат Галейұлы Шакиров басқарып келеді.

          Тізімдегі жұмыскерлердің және қызметкерлердің жалпы саны -281 адам, соның ішінде:

  • барлық деңгейдегі басқарушылар саны – 10 адам;
  • кәсіби мамандар  26- адам;
  • жұмысшылар 245- адам.

      

Акционерлердің  жалпы жиналысы


 

Президент


 

Президенттің  орынбасары


 

Цехтардың орынбасарлары


 

Мастерлер


 

Жұмыскерлер


 

           2-ші сызба. «Тас-құм» акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы

          

Кәсіпорынның президенті  әр аптада жұмысшыларды тыңдау арқылы қорытынды  жасайды. Әрбір нақты жеке жағдайда вице - президенттің қадағалауымен бақылаудың орындалуы жүзеге асырылады.

         Ішкі жоспарлауды бақылау нақты адамдарға қойылады, олар тікелей кәсіпорынның басқармалық жұмыстарымен айналысады

          Барлық қызметкерлер негізгі профессионалдық дайындыққа ие болады, квалификациалық келісуі және жұмыстық дайындығы болады.

          Технико - экономикалық көрсеткіштер – бұл кәсіпорынның табыстылығы жөнінде жүйелі көрсеткіштер жүйесі. Кәсіпорынның қаржы –шаруашылық қызметін сипаттайтын абсалюттік көрсеткіштер жүйесінің құраушылары болып табылады.Олар: өнім өткізуден түскен табыс; негізі қызметтен түскен табыс; негізгі емес қызметтен түскен табыс; салықты төлегенге дейін және төленгеннен кейін қалыпты қызметтен түскен табыс.

 

 

Кесте 3. «Тас-құм» акционерлік қоғамының технико - экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық

 

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

Ауытқу +;-;

1

Өнім өткізуден түскен табыс

мың/тг

18022,6

25564,5

7541,9

2

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны

мың/тг

20685,5

23449,6

2764,4

3

Жалпы табыс

мың/тг

-2662,9

2114,8

4777,7

4

Кезең шығындары

мың/тг

10197,3

11368,9

1171,6

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың/тг

-7534,4

-9254,1

-16788,5

6

Негізгі емес қызметтен  түскен табыс

мың/тг

2824

356721

743,1

7

Таза табыс

мың/тг

-10036,2

-5687

-4349,2

8

Еңбекақы қоры

мың/тг

7609,3

8831,7

1221,7

9

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

мың/тг

50141,65

37045,35

-13096,3

10

Тізім бойынша адам саны

адам

321

281

-40

11

1 жұмысшыға шаққандағы орташа еңбекақы көлемі

тг.

1975,4

2619,1

643,7

12

Өткізілген өнімнің 1.тг кеткен шығыны

тиын

1,7

1,4

-0,3

13

Қор сиымдылығы

тг.

2,78

1,45

-1,33

14

Қор қайтарымдылығы

тг.

0,35

0,69

0,34

15

Қормен қарулану

мың тг.

156,2

131,8

-24,4


 

         Технико – экономикалық көрсеткіштер кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру қажетті қаржылық базаның құрылуы  ұйытқы болады. Сонымен бірге, технико – экономикалық көрсеткіштер арқылы кәсіпорын банктердің, бюджеттің, заңды және жеке тұлғалар алдында өзінің міндеттемелерін орындайды.

    Бұл кестеден өткізілген өнімнен түскен табыстың 2011 жылы өсімін көріп отырмыз. Мұның салдарынан еңбек өнімділігі мен еңбекақы қоры өсті. Екінші көрсеткіш - өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылда 20685,2 мың тенгені құрады, ал есепті жылы бұл сома 23449,6 мың тенгеге дейін төмендеді. Ауытқу 2764,1 мың тг. құрайды. Өзіндік құнның өсуі өндірілген өнім көлемінің  өсуінен және 2011 жылы жаңа технологияны енгізбеуден болған, яғни дайын өнімге кеткен шығын мөлшері өсуінен болған. Үшінші көрсеткіш – жалпы табыс. Базалық жылы -2662,9 мың тг. жетті. Сөйтіп, жалпы табыс 2010 жылы 4777,7 мың тг. көбейді. Жалпы табыстың бұлай өзгеруіне әсер ететін фактор- бұл өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы. Төртінші көрсеткіш – кезең шығындарының өскенін кестеден көруге болады. Бұл кәсіпорының базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы жалпы және әкімшілік шығындарды, өткізу шығындарын, проценттер бойынша шығындардың көбірек жұмсалғандығын білдіреді. Бесінші көрсеткіш – негізгі  қызметтен түскен табыс.2011 жылы бұл көрсеткіш 743,1 мың тг.өсті. Оның себебі негізгі қызметтен табыс болмағандықтан кәсіпорын өзінің мүлкі мен жерін жалға беру арқылы қосымша табыс алуда.Жетінші көрсеткіш- таза табыс. Бұл көрсеткіш табыстар мен шығыстардың арасындағы сальдолық нәтижені көрсетеді. Баланс бойынша қарастырылған екі жылда да шығыстардың табыстардан көп болғандығы байқалады. Сегізінші көрсеткіш – еңбекақы қоры. Базалық жылда 7609,3 мың тг. құрады, ал есепті жылда бұл сома 8831,7 мың тг. дейін өсті. Яғни бұл табыстың өскендігінен және жұмыскер санының  азаюынан болып отыр.Тоғызыншы көрсеткіш - өндірістік негізгі қорлардың орташа жылдық құны. 2011 жылы бұл көрсеткіш 13096,3 мың теңгеге азайған.

        Мұндай ауытқудың басты себебі есепті жылы іске жарамай қалған негізгі қорларды есептен шығарудың салдары. Яғни жарамай қалған, ескірген техника өндірістен алынып тасталды. Келесі көрсеткіш – қор қайтарымдылығы. Кестеден бұл көрсеткіштің өскендігін көруге болады.Ауытқу 0,33 ке тең. Бұл көрсеткішке өткізілген өнімнен түскен табыс пен негізгі қорлардың орташа құны әсер етеді.Қор сиымдылығы қор қайтарымдылығына қарама-қарсы көрсеткіш.Сондықтан да бірі өссе, екіншісі кемиді.

 

 

2.2 Кәсіпорындағы  еңбекақы төлеу жүйесін  талдау

 

           Кез-келген кәсіпорында қаражаттардың пайдалануына талдау жасау өте маңызды болып келеді. Талдау барысында еңбекақы қорының пайдаланылуына жүйелік реттеу жасау керек және өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетіп, еңбек өнімділігін жоғарлату есебінен қаржыландыруды үнемдеу мүмкіндігін анықтау керек.

Статистикалық органдардың әдістемелік  құжаттарына сейкес еңбекақы қорына тек ағымдағы шығындарға жатқызылатын еңбекті төлеу қоры ғана емес, сонымен  қатар таза табыс пен әлеуметтік  сақтандыру қорына жіберілетін төлемдер де кіргізіледі.

          Тұтыну мақсатында қолданылатын қаражаттардың ең көп бөлігі өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбекақыны төлеу болып табылады.

          Өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын еңбекақы қорының пайдалануына талдау жасау барысында ең бірінші оның жоспарлы көлемі мен нақты көлемінің арасындағы салыстырмалы және абсалютті ауытқуды есептеуден бастау керек.

 

 

           Кесте 4. «Тас-құм» АҚ-ғы тұтынушыларға арналған қорлардың қолданылуы.

 

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

Ауытқу

1

Тарифтік мөлшерлеме, қызметкерлік жалақы, кесімді баға бойынша есептелген сома

мың тг.

7202,4

8265,7

1063,3

2

Ақшалай түрдегі еңбекақы қоры

мың тг.

7560,1

8585,2

1025,1

3

Жұмыс істелмеген уақыт үшін берілетін төлемдер

мың тг.

357,7

319,5

-38,2

4

Жұмыс режиміне және еңбек  жағдайларына байланысты орын толтыру сипатындағы төлемдер

-

-

-

-

5

Натуралды формадағы  еңбекақы қоры

мың тг.

49,2

246,5

197,3

6

Еңбекақыға жатқызылмайтын шығындар мен төлемдер -барлығы

мың тг.

1700,8

1901,6

200,8

 


        

 Осылайша, абсалюттік ауытқуы   (∆ ФЗПабс) есептік жылдағы еңбекақыны төлеуге пайдаланылған қаражаттар мен базалық жылдағы

еңбекақыны төлеу қорымен  салыстыру арқылы анықтаймыз:

Информация о работе Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары