Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2012 в 14:30, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ?

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпкерліктің экономикалық негізі..............................................5
1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және
құқықтық жағдайлар...........................................................................8
2. Кәсіпкерліктің түрлері......................................................................10
2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.........................11
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.................................................12
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму преспективалары........................................................................16
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды шарты............................................................20
3.2 Қазақстанда жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.............................22
3.3 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы , себептері. ..23
3.4 Кәсіпкерлік ісіне мемлекеттің ықпал жасау механизмі............25
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес.doc

— 217.61 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.

2.              Қолайлы жағдайлар. Бүл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтьн критериелерін (өлшемдерін) білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар:   инфляция,   жұмыссыздық   соның   салдарынан
өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін
олардың критерияларын білуі керек.

Жұмыссыздык, - бұл нарықтық экономикаға тән элимент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгейге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.

Сонымен жұмыссыздық пен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.

Инфляция - тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға еш уақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияньң жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция (шектен шыққан), инфляция онан да тез өседі.

Инфляцияға қарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.

Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндік ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік "дәрісі" бар. 3. Бюджет жетіспеушілігі - бұл мемлекет шығындарыньң кірістен артық болуы. Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды елдің өндіргіш күштерін нығайтуға жұмсаса, ал инвестиция казіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады.

 

3.4 Кәсіпкерлік іске мемлекеттік ықпал жасау механизмі.

Мемлекет өзінің функциясын атқаруда және экономиканы реттеуде экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей) әдістерін қолданады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бойынша экономиканы реформалау жағдайында, дағдарыс жағдайында мемлекеттің ролі артады, ал экономика тұрақтанған және өрлеу циклында - бәсеңдейді. Бірақ барлық жағдайда да негізгі бағыт кәсіпкерлік іске, елдің экономикасына қалай ықпал жасау керек екенін мемлекет    ойластыруы керек.

Экономикалық әдістін, ең бастылары: салық саясаты, табыс пен ресурстарды қайта бөлу, баға жасақтау, мемлекетгік кәсіпкерлік істер, кредит-финанс механизмі т.б.

Әкімшілік әдіс, тікелей әсер ету әдістері. Бұл экономикалық әдістерді қолдануға болмайтын жағдайда немесе тиімсіз болса қолданылады. Дүниежүзілік практикада әкімшілік әдістер мына салаларда тиімдірек болады:

-     табиғи мемлекеттік монополия  (темір жол транспорты,
энергетика, байланыс, фундаменталдық ғылым);

-     қоршаған  ортаны сақтау  және ресурстарды пайдалану,
осыларды  жекешелендірсе  мемлекет  реттеу  функциясынан айырлады;

-              сертификаттау, стандарттау, метрология;

-              әлеуметтік саясат, әсіресе түрғындардың минималды өмір сүру параметрінің шегін анықтау (кепілді минималдық еңбек ақы, жұмыссыздарға көмек т.б.)-

Кәсіпкерлік іске қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет экономикалық саясат жүргізуі тиіс: фискалдық, ғылыми-техникалық, инвестициялық, баға, амортизация, кредит ақша және басқа да саясат түрлерін экономикалық және әкімшілік әдістерді мемлекет комплексті қолданады.

1.  Мемлекеттің фискалдық (бюджеттік) саясаты.

Бұл мемлекеттік бюджетпен және салық салумен экономиканы тұрақтандыру және жандандыру мақсатында қолданады.

Өндіріс деңгейі төмендегенде мемлекет өзінің тұтастай сұранысын көбейту үшін, шығынын өсіреді. Ол үшін қоғамдық жұмыстар көлемін өсіреді (жол, көпір жәңе басқа объектілер салуға, әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға) осының саддарынан көпшілік салалар мен фирмалар жүмыс көлемін өсіреді. Ал экономика өрлеген мезгілде, дағдарыс болмау үшін мемлекет керісінше өз шығындарын азайтады.

Экономиканың өрлеуіне ықпал жасау үшін мемлекет өз табысын азайтады, яғни тұрғындарын, кәсіпорындардан салық мөлшерін азайтады, кредитке процент мөлшерін төмендетеді.

Нарықтық экономикада Кейнстің теориясы бойынша өзі ұйымдасу, өзі реттеу механизмі іске асады, оны экономикалық әдебиеттерде тағылған стабилизатор деп атайды.

Олар салық төлемдерін кеміту, әлеуметтік көмекті көбейту т.б. шаралар арқылы экономиканың өрлеуін ынталандырады, ал экономика өркендеу кемелденгенде, дағдарыс болдырмау үшін стабилизатор керісінше жұмыс істейді. Қорытып айтқанда фискалдық саясат капиталистік экономиканың циклдық дамуын бәсеңдету, болдырмау шараларына жатады.

2.              Кредит- ақша саясаты - бұл банклық процент арқылы мемлекеттің ақша массасы мен кредитті мақсатты басқаруы. Бұл саясаттың  бюджеттік  саясаттан  ерекшелігі  өндірістің төмендеуіне де, инфляцияны да тежеуге мүмкіндік береді. Бұл саясаттың түпкі мәні ақша массасын көбейту немесе азайту арқылы, сонымен бірге процент ставкасын өзгерту арқылы
тұтыну және инвестициялық сұранысқа ықпал жасайды.

Кредит - ақша саясатын Қазақстанда Ұлттық Банк, Ресейде Орталық Банк іске асырады, әсіресе қымбат немесе арзан ақша саясатын қолдану арқылы. Бұл саясатты экономикалық әдебиеттердс монетарлық саясат деп те атайды.

3.              Ғылыми техникалық саясат.. Ғылыми-техникалық прогресстің   үдеуі   экономиканы   дамытудың   және   елді индустриалды   мемлекетке   айналдырудың   күшті   факторы. Мысалы, Жапония. Мемлекеттің бірыңғай ғылыми-техникалық саясаты - бұл ғылым мен техниканы комплексті дамытуды қамтамасыз   ететін   және   оның   қорытындыларын   халық шауашылығына енгізетін мақсатты шаралар жүйесі. Бұл саясат бойынша халық шаруашылық салаларының ең басты бағытын (приоритетін) таңдау мақсат. Жалпыға бірдей приоритетін таңдау мақсат. Жалпыға бірдей приортиетті бағыт: өндірісті комплексті     автоматгандыру,      халық шаруашылығын электрондау,    жаңа    материалдар    және    технологиялар, биотехнология    жасақтау.    Халық   шаруашылық   салалар арасында приоритеті бағыт машина жасау, электроэнергетика. Бұл салалар барлық салаларда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетеді. Сондықтан бұл салалар мемлекеттің көз қырында болуы парыз. Мемлекеттің экономикалық жедел көтеру үшін қазіргі   жағдайда   ауыл   шаруашылық   комплексін,   әсіресе,   өсімдік     шаруашылығын     қолдау     машина   жасау индустрияларына  жұмыс   береді,   елдің  әл-аухаты  артады. Ғылыми-техникалық прогресс дамуды іске асыру үшін мына бағытта   жұмыс  істеу   керек: білім   мен академиялық ғылымдарды ақылға сиярлық қаржыландыру; прогрессивтік амортизациялық және инвестициялык, саясатты іске асыру; бәсекелестікті қорғау; барлық нарықтық субъектілерді ғылыми-техникалық прогрессті енгізуге ынталандыру;  халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа белсене араласу т.б. Ғылымды менсінбеген ел,  ел болмайды,  ірі елдерге отар болады.

4. Амортизациялық саясат - мемлекеттің жалпы ғылыми техникалық   саясатының   құрамы.   Мемлекет   амортизация нормасын бекіте отырьш, оның есептелу және пайдалану тәртібін белгілеп ұдайы өндірістің сипатын даму қарқынын әсіресе   негізгі   қорларды   жаңартуды   реттейді.   Мемлекет амортизациялық саясатты жүргізгенде мына принциптерді сақтайды:

-   негізгі қорларды мезгілінде, асіресе инфляция тусында, қайта
бағалау, ал бұл біздің елімізде болған жоқ деуге болады;

-   амортизация нормасы жиі және ұдайы ұлғаймалы өндірісті
қамтамасыз етерлік болуы керек;

-   кәсіпорындарда амортизациялық қайтарымды пайдалану оның
функционалдық қажеттілігімен анықталуы керек;

-              амортизация нормасы негізгі қорлардың фукционалдық
пайдалануына қарай жіктелуі керек, сонымен бірге олардың
моральдық, физикалық тозу мерзімін ескеру;

-   қолайлы жағдайда амортизацияны жеделдетуді іске асыру
керек;

-   амортизациялық саясат негізгі қорлады жаңартуға және ҒТП-
ті үдетуге ықпал жасауы керек.

Бұрынғы совет экономикасында амортизация екіге бөлінді: реновацияға (жаңартуға) және күрделі жөндеуге. Мұның екінші бөлімі тиімсіз болды, техника жөнделіп жамалып көп жыл пайдаланылды. Сондықтан қазір ол жойылды, ал бірақ ол үшін отандық машина жасау салалары өркендеуі керек.

5. Инвестициялык, саясат - бұл мемлекеттің кәсіпкерлік іспен экономикаға ықпал жасаудың басты рычагы. Амортизациялық саясат ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін болса, инвестициялық саясат, яғни халықшаруашьшығына күрделі салымды үдету, экономиканың дамуын ұлғаймалы ұдайы өндірісті өрістетуді қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық саясатты өрістету үшін әртүрлі рычагтарды пайдаланады:

-              кредит-финанс және салық саясатын;

-  өндірісті реконструкциялауға, техникалық қайта қарулануға
  инвестиция салушыларға әртүрлі  жеңілдік беру;

-  амортизациялық саясат;

-  шетелдер инвестициясын тартуға қолайлы жағдайлар жасау;

-  ғылыми-техникалық саясаттар т.б.

Мемлекеттің болашағы көпшілік жағдайда оның жүргізетін инвестициялық саясатына байланысты. Әрбір кәсіпкер еске сақтауы керек:

-  егер амортизацияны жеп қойса өндіріс құриды;

-  егер негізгі қордың орнын толтыру амортизациялық қайтарым
деңгейінде болса, оның экономикасы тоқырау деңгейінде, яғни
жәй ұдайы өндіріс болады;

-  ал амортизация қайтарымы сыртына қосымша инвестициялық
салымдар болса, онда өндіріс дамиды, яғни ұлғаймалы ұдайы
өндіріс қамтамасыз етіледі.

6.              Мемлекеттік кәсіпкерлік - бұл мемлекеттің экономикаға тікелей араласуының бір түрі. Мемлекет дербес шаруашылық субъектісі болып көрінеді. Басты мақсаты: өндіріс құрылымын қайта   құру,   салааралық,   территориялық  диспропорцияны бәсеңдету;    ғылыми-техникалық    прогрессті    ынталандыру, экономиканың тиімділігін арттыру.

Мемлекетттік кәсіпкерлік төмен рентабельді, зиянмен жұмыс істейтін салаларда, жеке бизнес ынталанбайтын, бірақ жұртшылық үшін керек салаларда болады. Мысалы, экономикалық инфрақүрылым салаларында: транспорт, байланыс, энергетика, соғыс-өнеркәсіп комплексі т.б.

7.              Болжау, жоспарлау және реттеу – мемлекеттің экономиканы  басқарудағы ең  маңызды рычагтарының бірі болып саналады. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты болжау, арқылы реттеудің маңызы кемімейді, ал жоспарлау әдісі   едәуір   өзгереді.   Бұрынғы   директивалық   (міндетті) жоспарлаудың    орнына    индикативті    жоспарлауға   көшу.
Индикативті деген ұғым индикатор (көрсеткіш) деген сөзден құрылған.   Оның   мәні   мынада:   мемлекет   экономиканың жағдайын     терең     талдау     жасағаннан  кейін  негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді   тағайындайды:   жалпы ұлттық өнімнің және ұлттық табыстың өсу қарқыны, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі, минималды еңбек ақы, бюджеттің жетіспеуі, процент ставкасы т.б. Бұл көрсеткіштер жоспарлы мерзімге тағайындалады және орындалу әдістері белгіленеді.

Мемлекеттік жоспарлау үздіксіз  жүруі керек және қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Перспективалық болжау және жоспарлау мемлекеттің экономикалық стратегиясын 5-10 жылға белгілейді, осы арқылы жылдық жоспарлау айқындалады. Жоспарлау мен реттеу бір-бірімен тығыз байланысты. Егер жоспардагы көрсеткіштер орындамайтын жағдайда болса, мемлекет реттеуге кіріседі.

8. Баға жасақтау (баға құрылымы) саясаты - мемлекеттің экономика мен кәсіпкерлікке ықпал жасауының ең тиімді, басты құралы. Мемлекет баға саясатын пайдалана отырып сұраныс пен ұсынысқа, табыстар мен ресурстардың қайта бөлінуіне, күнкөріс минимумын қамтамасыз етуге, сонымен бірге монополияға қарсы, инфляцияға қарсы тағы басқалай мемлекет үшін керекті процесстерге ықпал жасайды.

Мемлекет баға саясатын жүргізгенде бағаның тұрақтануын қамтамасыз етуі керек: ол инфляциямен күрес, инвестицияны жандандыру және сол арқылы ұлттық экономиканы дамытуды қамтамасыз ету. Нарықтық жағдайда тауарлар мен қызметтердің бағасы және тарифтері еркін тағайындалады, ал кейбір ең бірінші кезекте керекті тауарларға, олар жалпы тауардың 10-15%-тін құрайды, мемлекет бағасы мен тарифтерін реттейді.

Көпшілік жетілген (дамыған) елдерде мемлекет кәсіпорын - монополистердің өніміне бағасын реттейді, ол үшін шекті баға (тариф) тағайындау, бағаның шекті өзгеру коэффициентін, шекті рентабельдікті тағайындайды.

Қазақстан экономикасын реттеу жөнінде мемлекеттің ролі өте төмен дәрежеде.  Ой салу  үшін тек бір мысал келтірейік. Ауыл шаруашылығы түгелдей күйреу дәуірінде, ал қалғандарын бензин, дизель отынын сатушылар құртуға айналды. Себебі, көктем жұмысы, егісті ору жұмысы басталарда барлық шағын кәсіпорын бензин, дизельотынын сатушылар бағаны жоғарлатады. Мемлекет басшылары ойланатын мезгіл жетті. Бір тонна дизель отынымен 10 тонна астық өндіруге болады. 1 тонна дизелі отыны 32 мың тенге, ал 10 тонна бидай 200 мың теңге. Біріншісінің табысы алып сатардың қалтасына түседі, екіншісінен, ел де бұқара халық та байиды.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес