Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2012 в 14:30, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ?

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпкерліктің экономикалық негізі..............................................5
1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және
құқықтық жағдайлар...........................................................................8
2. Кәсіпкерліктің түрлері......................................................................10
2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.........................11
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.................................................12
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму преспективалары........................................................................16
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды шарты............................................................20
3.2 Қазақстанда жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.............................22
3.3 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы , себептері. ..23
3.4 Кәсіпкерлік ісіне мемлекеттің ықпал жасау механизмі............25
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес.doc

— 217.61 Кб (Скачать документ)


          Қазақстан   Республикасы   Білім   және  Ғылым  министрлігі

     Жәңгір  хан   атындағы   Батыс   Қазақстан   аграрлық – техникалық

                                             университеті

 

                                   

                                                        « Мемлекеттік   реттеу »   кафедрасы

 

 

 

    Курстық жұмыс

 

        Тақырыбы: Қазақстандағы   кәсіпкерлік  және  бизнес

 

 

 

 

 

 

                                              Дайындаған: БУА-13  топ  студенті 

                                                                              Наурызбаева   А.А.

                                                             Тексерген   оқытушы:  Исмагулова  А.И.

 

 

 

 

      

Орал -  2007ж.

 

 

                               

                                                 Мазмұны

                                   

          Кіріспе

1       Кәсіпкерліктің   экономикалық   негізі..............................................5

1.1    Кәсіпкерлікке   қажет  экономикалық  әлеуметтік  және 

          құқықтық жағдайлар...........................................................................8

2.      Кәсіпкерліктің   түрлері......................................................................10

2.1    Кәсіпкерлік  ісінің  Қазақстандағы  қазіргі  түрлері.........................11

2.2    Кәсіпкерліктің  түрлері  олардың  өзара  қатынастары  және

         бизнеске қатысудағы  өзгешеліктері.................................................12

3.       Қазақстандағы кәсіпкерлікті  қалыптастыру жүйесі  және  оның 

         даму преспективалары........................................................................16

3.1     Қазақстандағы  шағын  кәсіпкерлік – ұлттық  экономиканы

          дамытудың  маңызды  шарты............................................................20

3.2             Қазақстанда  жаңа  кәсіпорынды  ұйымдастыру.............................22

3.3             Мемлекеттің  кәсіпкерлік  ісіне  араласу  жағдайы ,  себептері. ..23

3.4             Кәсіпкерлік  ісіне  мемлекеттің  ықпал  жасау  механизмі............25

         Қорытынды

         Қолданылған  әдебиеттер. 

      

 

                                                                                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

                                     Кіріспе

         Кәсіпкерлік  екі  мағынада  пайдаланылады:

1)         белгілі  бір  істің  түрі

2)         сол  іспен  шұғылданатын  нақтылы  қоғамдық  тап.

       Кәсіпкерлік  дегеніміз -  белгілі  бір істі  істей  білу. Іс  істеу- адамның  белсенділігі  және  іскерлігі.  Белсенділік  және іскерлік  адамдардың  мінез – құлқы   типтерімен  байланысты  болатын  шығар.  Павловтың  классификациясы  бойынша  адамдардың  қандай типтері  белсенді, іскерлік  болар екен? Өздеріңіз  ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник  пе,  флегматик пе,  әлде меланхолик  пе ? Сан  есебінен алғанда  белсенділік   өте  азғантай  энергетикалық  шығынан,  шамадан  тыс  энергия  шығынына дейін,  кейде қоғамдық   идеалды  іске  асыруға  дейін  баруы  мүмкін.  Мысалы:  Париж  коммунасы,  Ұлы  Октябрь  социалистік  революциясы.  Сапа  жағынан  спотандық  белсенділік                          (ішкі  себептермен  пайда болған,  сыртқы  әсерлермен болмаған),  өмірдің  шектелген  түрі  және  еріксіз  белсенділік  ( қайғы- касірет  шегу),  сонымен  бірге  еркін  белсенділік .  Адамдардың  белсенділігі  әртүрлі  болады:   саяси , әлеуметтік , экономикалық ,  әскери , тарихи , айуандық т.б  болып  бөлінеді .

«Кәсіпкерлік»   деген ұғым өмірде  экономикалық  белсенділікке  қолданылады .  Антогонистік  қоғамда,  ол   адамды  адамның  қанауы , ал  кәсіпкерлік  табы  қанаушы  тап  болады.

Экономикалық  белсенділік – бұл  барлық  энергетикалық  процесс   тауар  өндірісімен  айырбас  арқылы  пайда  табумен  байланысты . Өндірісе,  айырбаста  шектелген  белсенділігін  емес , адамдардың  жан – жақты  белсенділігін  (іскерлігін)  талап  етеді . Сондықтан  экономикалық  белсенділік , іскерлік  еріксіз  немесе  еркін  болуы  керек.

Кәсіпкерлік – ежелден  келе жатқан адамдардың  іскерлік  белсенділігі , қабілеті.  Ал  оның  дамуы  орта  ғасырдан  басталды :  көпестер ,  саудагерлер , қол  өнері  қызыметтеркерлері .  Кәсіпкерліктің  алғашқы  дамуында  кәсіпкер  құрал   жабдықтарға  иелік  ете  отырып ,  өздері  сол кәсіпорында  қолдап  жұмыс  істеген .  Бұл  тауарлы  өндірістің  бастапқы  жабайы  түрі .

16 ғасырдың  ортасынан  бастап  акционерлік  капитал  пайда болды , акционерлік  қоғамдар  құрыла  бастады.  Мысалы ,  1554 жылы  Англия  сауда  компаниясы ,  1660 жылы   Ост – Индия  сауда  компаниясы .  17 ғасрдың  аяғында  акционерлік  банктер   іске  қосылды .

Ресейде  Қазақстанда  кәсіпкерлік   ерте  заманнан  келеді.  Қазақстанның  көшпелі  шаруашылық  жағдайында  кәсіпкерлік  еркін  дамыған  жоқ . Капитализмнің  дамуымен  кәсіпкерлік  те  дамыды .  1861 жылғы   рефермадан  кейін  темір  жол  құрылысы ,  ауыр  өнеркәсіп  салалары  орын  алды .

Кәсіпкерліктің   субъектісі -  жеке  адамдар, сонымен  бірге ,  заңды  тұлғалар ,  біріккен  серіктестер  ( партнерлер ) :  арендалық ,  ұжым , ашық  және  жабық  акционерлік  қоғамдар ,  шаруашылық   ассоциациялары ,  әртүрлі   бірлестіктер ( корпорациялар ) .                            

                  Кәсіпкерліктің  ерекшеліктері :

-                     дербестік  және  тәуелсіздік :

-                     экономикалық  ынталылық :

-                     шаруашылық  тәуекел  және  жеке  жауапкершілігі:

-                     жаңашылдық .     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кәсіпкерліктің   экономикалық   негізі

Экономиканың  негізін  екі  фундаменталды  ақиқат  құрайды және  олар шын мәнінде   экономиканың  барлық  проблемаларын  қамтиды .

Бірінші  ақиқат :  қоғамның  материалдық   қажеттілігі  шексіз  немесе       тойымсыз .

Екінші  ақиқат :  экономикалық  ресурстар  шекті  немесе   сирек .

Экономикалық   ресурстар  дегеніміз – бұл  тауар  өндіруде   қолданылатын  барлық  табиғат ,  адам  және адамдардың  өндірген  құрал  жабдық  ресурстары   Олар :  фабрика , зауыт  және  ауылшаруашылық   құрылыстары :  әртүрлі  жабдықтар,   инструменттер ,  өндірістік  тауарлар  мен  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндіруге   қолданылатын  машиналар:  әртүрлі транспорт ,  байланыс   құралдары : материалдық  байлықты  өндіруге  қатынасатын  алуан  түрлі  еңбектер:  жер және  қазбалы  байлықтар .  Олар  мынадай  үлкен  екі  категорияға  бөлінеді :

1.      Материалдық  ресурстар -  жер  оның  табиғи  байлығы  және  капитал.

2.      Адамдар  ресурсы -  еңбек  және  кәсіпкерлік  қабілеттілік .

Қысқаша экономиеалық   ресурстардың  мәніне  тоқталайық .

1.    ЖЕР.  «Жер»   деген  түсінікке  барлық  табиғи  ресурстар  жатады - өндіріст  қолданылатын  барлық  «табиғаттың  әншейін  байлығы».  Оған  мынадай  ресурстар кіреді:  жыртылған  жер,  жайылыстар,  ормандар,  минералдар  мен  мұнайдың кен байлықтары,  су  ресурстары т.б .

2. Капитал  немесе  «инвестициялық  ресурстар »  - барлық    өндірілген   өндіріс құралдары,  яғни  инструменттер,  машиналары,    жабдықтар,  фабрика  -  зауыттар,  қойма,  транспорт,  құралдарының    барлық  түрлері  және  тауар  өткізу  торабы .  Құрал   жабдықтарды    өндіру  және  қорландыру   процесін  инвестициялау  дейді .

    Тауарлар  екіге  бөлінеді :  1 . Инвестициялық  тауарлар  ( капитал),    олар  тұтыну  тауарларын  өндіруді  қамтамасыз  етеді .

    2 . Тұтыну  тауарлары  қоғамның  қажетін  тікелейқанағаттандырады .     Инвестициялықтауарға  ақша  капиталы  кірмейді . Ақша  ештеңе    өндірмейді,  яғни  экономикалық  ресурсқа  жатпайды .  Ақша -  бұл  финанс  капиталы,  яғни   нақты  капитал  емес,  жалған  капитал .

    3. Еңбек - бұл  кең  мағыналы   термин . Экономистер  оны   адамдардың     тауар өндіру   және  қызмет  көрсетудегі күш   ақыл -  ой  қабілеттілігін     бейнелейді .

    4 .  Кәсіпкерлік  қабілеттілік -  адамдардың   ерекше  таланттылығы.    Оны  түсіну  үшін  кәсіпкердің  төрт  функциясын  түсіну  керек.

    1 . Кәсіпкер  барлық  ресурстарды :  жер ,  капитал  және  еңбекті  өнім    өндіру  процесіне  қосу  ынтасын  өз  жауапкершілігін  алады,  яғни      өндірістің   қозғаушы  күші,  себебі  істеген  ісі  пайда  беретініне  сенеді.

    2. Кәсіпкер  өндіріс  процесінде  барлық  негізгі шешімдерді  өз  қолына      алады   және  фирманың  ( кәсіпорынның )  іс  бағытын  айқындайды .  

    3. Кәсіпкер -  бұл  жаңашыл,  коммерциялық  негізде  жаңа  тауар      өндіруді,  жаңа  технологияны  енгізу, бизнесті  ұйымдастырудың  жаңа    формаларын  енгізу  аянбай  жұмыс  істейтін  кісі.

    4. Кәсіпкер -  бұл тәуекелге баратын   кісі.  Тәуекелге  бару  үшін    істелетін істің  егжей -  тегжейін  айқынталдап,  қортындысында  не      болатынын  білген  жөн  ( капитализм  совет  өкіметі  емес,  ешкім      әншейін  көмек  көрсетпейді .)  Кәсіпкер  тек  қана  өз  уақыты,  еңбегін      іс  қабілеттілігін  тәуеклге   салмайды, сонымен  бірге  өндіріске  кеткен     өзінің  және  өзінің  серіктестерінің  немесе  акционерлердің  қаржыларын   тәуекелге  салады .

   Кәсіпкерлік  істің  қозғаушы   күші --  мол   пайда  табу .

  Ресурстарға  төлем .   Жоғарыда  көрсетілген  ресурстар ,  яғни  өндіріс     факторлары  жеке  кәсіпорындарға  ақшалай  табыс  ретінде  беріледі.

   1. Материалдық  ресурстар  бергені  үшін  капиталға  пайыз  алады.

   2. Жер, су  бергеніне  рента  алады.

   3. Кәсіпкерлік  табысты  пайда  деп  атайды , ол  зиян  да  болуы  мүмкін.    Экономикалық  ғылым  сирек  ресурстарды  тиімді  пайдалану  жөніндегі     ғылым  екенін  кәсіпкер жете  түсіну  керек .  Экономикалық  тиімділік –  бұл

« шығын өнім »  мәселесін  қамтиды .  Экономикалық  тиімділіктің      критериясы  (өлшемі)   әрбір  өнім   бірлігіне  шаққанда  неғұрлым  аз      шығын  жұмсау .  Қорытып  айтқанда  қоғам  барлық ресурстарды  тиімді      пайдаланып  неғұрлым  көп  өнім  өндіруге  талаптанады.Ол  үшін      ресурстарды  толық  іске   қосып  толық  қамтуға  және  өндіріс  көлемін    толық  қамтамасыз  ету  қажет.  Сондықтан  « толық  қамтылу »  деген      экономикалық  терминді  түсіндіріп  кетелік .

    « Толық  қамтылу »  деген  пайдалануға  жарамды  барлық  ресурстарды      іске  қосу,  жұмысшылар  жұмыссыз  қалмауы керек.  Егіске  жарамды    жерлер, күрделі  жабдықтар  бос  тұрмауы ,  яғни  барлық жарамды      ресурстарды  іске  қосу  керек.  Ресурстардың  барлығы  жұмыс  істесе     шығын  көбейеді:  жұмысшылар  еңбек  ақы  алады,  инвестициялық     тауарлар  сатылады  т.б .  яғни  ел  байиды,  нарық  тауарға  толады,    адамдардың   әлеуметтік  тұрмысы  жақсарады .  Қазақтың  мақалы  бар    « шығын  болмай,  тығын  болмайды »  деген .  Қоғамның  өмір  сүру   негізін  материалдық  өндіріс , яғни  адамдарға  қажет   байлықты  өндіру  құрайды.

    Шын  мәнінде,  кәсіпкер  өндірістің  негізгі  үш  факторын  іске қосып, өзі    Төртінші  фактор  болып  ресурс  иелеріне  төлем  төлеуді  қамтамасыз   етеді:  жұмыс  күшіне  еңбек  ақы, капиталға  пайыз,  жер  иелеріне рента    кәсіпкерлерге  кәсіпкерлік  пайда, социализм  мен  капитализмнің  экономикалық  айырмашылығы:  біріншісінде жұмыс  күшінің  өндірген  қосымша  құны  бүкіл  қоғам  мүддесіне  жұмсалады, ал  екіншісінде -  қосымша  құн  үшке  бөлінеді:  пайызға,    рентаға  және  кәсіпкерлік  пайдаға.

    Қоғамның  өндірген  таза  пайдасын  осылай  бөлуді  қамтамасыз  ету  үшін   мемлекеттік  органдар  құрылады,  оны  қорғауға   полиция,  қарулы   күштер  ұйымдастырылады.

   Қазақстанда  қоғамдық  меншікке  негізделген  экономиканың  жеке меншік   экономикасына  ауысуы  ұзақ  мерзімді,  ақыл – ой,  парасатты  жұмысқа     негізделген  экономикалық  күрделі  шараларды  қолдануды  талап  етеді.

    Жаңа  қоғамның  негізін  тұрақты,  тиімді  құру  үшін  кәсіпкерлер табын     даярлау  керек.  Кәсіпкерлік  қабілеті  қаражаты  бар  тапты  құру  үшін     бірінші,  білім керек,  екінші, өкімет  экономикалық  саясатын  түбегейлі   қайта  қарауы  қажет . Елдің  болашақ  тағдырын  білікті  кәсіпкерлер    шешеді  және олар  өз елінің  гүлденуіне аянбай  жұмыс  істейтін,  өзінің   де  пайдасын  табатын,  іскер  азаматтар  болуы  керек. Аш – жалаңаш     елде   кәсіпкер де  халықты та  байымайды.

 

1.1 Кәсіпкерлікке   қажет  экономикалық  әлеуметтік  және  құқықтық жағдайлар

Кәсіпкерлікпен  айналысу  үшін  ең  алдымен  оған  экономикалық  жағдай

   керек.  Олар: нарыққа  тауар, қызметтер  ұсыну, тауарлардың, қызметтер-   дің  алуан  түрлері: тұтынушылардағы  ақша – қаражат  көлемі,  яғни  сатып  алу  қабілеттілігі,  жұмыс  орнының  және  жұмыс  күшінің     артық – кемдігі,  еңбек  ақы  қорының  артық -  кемдігі,  қарыз ( несие )     беретін  мекемелердің  ақша  ресурстары  болуы  керек т.б.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес