Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2012 в 14:30, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ?

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпкерліктің экономикалық негізі..............................................5
1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және
құқықтық жағдайлар...........................................................................8
2. Кәсіпкерліктің түрлері......................................................................10
2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.........................11
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.................................................12
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму преспективалары........................................................................16
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды шарты............................................................20
3.2 Қазақстанда жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.............................22
3.3 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы , себептері. ..23
3.4 Кәсіпкерлік ісіне мемлекеттің ықпал жасау механизмі............25
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес.doc

— 217.61 Кб (Скачать документ)

   Кәсіпкерлікпен  айналысу  үшін  нарықтың  инфрақұрылымы  болуы  керек:   банктер,  шикізат,  материал,  құрал -  жабдықтар  сатышулар, тауарды     тұтынушыларға  дейін  жеткізетін  мекемелер,  заң,  бухтерлік  т.б. қызмет    көрсететін  мекемелер,  еңбекке  орналастыру  агенттігі,  оқу  орындары,     жарнама,  көлік,  сақтандыру,  байланыс,  ақпарат  т.б. мекемелері. 

   2.  Әлеуметтік  жағдай.   Кәсіпкерлікті  ұйымдастыру,  қалыптастыру    үшін  тұтынушыларда тауар  сатып  аларлық  қаражаты болуы,  олардың   тауарға,  қызметке  деген  талғамы,  төлем  қабілеттілігі  бар  сұранысы   болуы  шарт. Оған  қоғамның  рухани  даму  дәрежесі  және  діни нормалар   ықпалын  тигізеді.  Әлеуметтік  жағдай  әрбір  адамның  жұмыс орнындағы   жағдайы,  еңбек  ақы  мөлшерімен  байланысты.

   Кәсіпкер  өз  ісіне  шын  берілген  және  одан  қанағат  алуы  парыз. Ол     мәселелерге  белсенді  араласып,  жағдай  жасауы тиіс : денсаулық  сақтау,   жұмыс  орнын  жасақтау , еңбек  ақы  мөлшерін  қадағалау  т.б.

   Кәсіпкерлікті  жасақтау  және  оны  дамыту  үшін  кадрларды  оқыту, білім   дәрежесін,  мамандығын  көтеруге  көңіл  бөлу,  кәсіпкерлер  даярлауды   тұрақты  қадағалу .

   3.  Құқықтық  жағдай .  Ең  бастысы  кәсіпкерлікті   істерді  реттейтін    заңдар  болуы  шарт . Оған  мыналар  жатады : Қазақстан Республикасының   Азаматтық  кодексі,  салық   туралы  заңдар , кәсіпкерлерді бюрократтардан   қорғайтын  заңдар,  шағын  және  орта  бизнесті  қолдайтын  органдар,  меншікке  құқықтық  заңдар  т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           2.Кәсіпкерліктің  түрлері

1.       Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:      өндірістік,  коммерциялық,      финанс     және консультациялық.

2.       Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық қүрылымдар меншігі.

3.       Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

4.       Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

А.  Ұжымдық -  құқықтық  кәсіпкерліктер .  1. Серіктестіктер -  адамдардың  бірлестігі,  онда  екі  және  одан  да  көп  серіктестер болады.  Олар өз  капи-талдарын  қосады  және  әрбір  мүше  өзінің  капиталымен  жеке  жауап  береді.  

Серіктестіктердің  түрлеріне:  толық  серіктестік,   коммандиктік  мүшелер,  жауапкершілігі  шектеулі   серіктестіктер  мүшелері,  акционерлік  қоғам   және  оның  түрлері:  ашық  және  жабық  акционерлік  қоғамдар  кіреді.

Толық  серіктестік – мүшелері  өзмүліктері  шеңберінде  жауапкершілікке  ие  болады.

Коммандиктік  мүшелері -  аралас  жауапкершілікке  ие  болады,  яғни  біреулері  толық  мүлкімен,  ал  екіншілері  салынған  капиталдың  негізінде  жауап  береді.

Ж.Ш.С.  мүшелері – тек қана  салынған  капиталдың  негізінде   тәуекелге  барады  және  жауап  береді.

Акционерлік  қоғам –  бұл   жарғылық    капитал    белгілі   бір   үлестерге  ( акциаларға)   белгіленген  заңды  тұлға,  құқығы  бар  кәсіпорын 

Ашық акционерлік  қоғам  - өз  акциаларын   ашық   сатуға   және   басылымдарда   акциаларының   құнын  жариялауға құқылы.

Жабық акционерлік қоғам  -  акциалар    құрылтайшылардың    арасында  сатылады  және  акциалардың  құны  жарияланбайды

Ұжымдық  ( қоғамдар )  өздерінің  қаражаттарымен  бірігеді . Шектелген  жауапкершілікті  қоғам  мүшелері  ұжымның  міндеттемелеріне  жауап  бермейді .  Олардың  жауапкершілігі  өздерінің  қосқан  пайдаларының  мөлшерінде  болады .  Ал  қосымша  жауапкершілігі  бар ұжымдар  өздерінің  барлық  дүние -  мүлкімен  жауапты .

Б.  Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық  формалары.

1. Концерн – көпсалалы  акционерлік  қоғам,  әр түрлі  компаниялардың  бақылау   пакеттерін  сатып  алады.

2. Ассоциация – экономикалық  дербес  кәсіпорындардың  ерікті  бірлестігі. Маманданған  кәсіпорынның  негізгі  мақсаты  ғылыми – техникалық, өндірістік ,  экономикалық  және  әлеуметтік  міндеттерді  бірігіп шешу.

3.  Консорциум-  бұл  ірі  финанс  операцияларын  істеу  үшін  ( мысалы,  өте  ірі  жобаға  инвестиция)  біріккен   кәсіпкерлердің  бірлестігі.

4.  Синдикат -  бір саланың  кәсіпкерлерін  тауар  сатуға  біріктіру.

5.   Картель -  тауар,  қызмет  көрсету  бағасы,  нарық  аудандарын  бөлу,  өндіріс  мөлшері  жөнінде  келісім.

6.   Финанс-  өнеркәсіп  тобы – банк,  сақтандыру  және  сауда  капиталының  бірлестігі.

 

 

2.1 Кәсіпкерлік  ісінің  Қазақстандағы  қазіргі  түрлері

     Қазіргі  Қазақстанда  мынадай  ұжымдық  -  құқықтық  формалы  кәсіпкерліктер  құрылуда .

     1.  Шаруашылық  серіктестік  -  толық  серіктестік.  Олардың мүшелері  өзара  кәсіпорын  құру  жөнінде  келісімге  қол  қояды.  Құруға  керекті  серіктес  мүшелердің  қаражаттарын  біріктіру.  Серіктестіктің  пайдасы, зияны  пайдаға  қарайбөлінеді. Әрбір  мүше  өзінің  табысына пайданы  қосып  сонан  салық  төлейді.

     2. Коммандиктік  серіктестік .  Барлық  серіктестік мүшелері  серіктестік  атанған  іс  жүргізушілер  ішінен  біреу  немесе  бірнеше мүшелері  зиянның  тәуекелін  өздерінің   қосқан  үлестері  мөлшерінде  жауапкершілікке  алады.

     3. Шектелген  жауапкершілікті  қоғамдар .  Оның  мүшелері  қоғамның  міндеттемелеріне  жауап  бермейді ,  ал зиян  тәуекеліне  өздерінің  үлестерімен  жауып  береді .

     4. Қосымша  жауапкершілігі  бар  қоғам, қоғам  міндеттемелеріне    өздерінің  заттарымен жауап  береді.  

     5. Ашық  және  жабық  акционерлік  қоғам .

     6. Өндірістік  кооперативтер – ерікті  түрде  біріккен   қоғамдар.

7. Унитарлы  кәсіпорын – коммерциялық  мекеме, меншіктік құқығы  жоқ.

Унитарлық  кәсіпорынның  мүліктері  бөлінбейді.  Унитарлық  кәсіпорын  тек  мемлекеттік немесе  мунципиалдық  болады.  Унитарлы  кәсіпорын федералдық  қазына  кәсіпорыны  болып  есептеледі.

 

2.2 Кәсіпкерліктің  түрлері  олардың  өзара  қатынастары  және

бизнеске қатысудағы  өзгешеліктері

Кәсіпкерліктің  экономикалық  формадағы  қызметіне төтеп  беру  өзгешелігі ,  кәсіпкер  барлық  жұмыстарды  қолға  алады, ал  тұтынушы  оған  бүгінен  бастап  ақша  төлеуге  дайын.

Кәсіпкер  тауарлар  өндіреді,  содан  соң  оларды  сатады . Осыған орай, кәсіпкерлік  өндірістік, коммерциялық  және  қаржылық  болып  бөлінеді. Осылардың  әрбір  формасы  өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек  өзіндік  технологиясы  болады.

Өндірістік  кәсіпкерлікке -  тұтынушылардың   кейіннен  сатып  алуына  тиісті  өнім  өндіру,  жұмыстар  жүргізу  үшін  қызмет  көрсету , жинау , өңдеу , және  ақпарат беру,  құндылық  жасау  тағы  тағыларға  бағытталған әрекеттер  жатады.

Өндірістік  кәсіпкерліктің  мүдделілік  өрісі  едәуір  түріне және  оны  іске  асыру  үшін  қаржылық  және  матерриалдық  ресурстар, ал кейде  олар  көп  мөлшерде  қажет  болады . Өндірістік    кәсіпкерлік  қызметінің  нәтижесі  мол  өнім  өндіру  және  оны  сату   мүмкіндігі  болып  табылады.

     Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.

1.     Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай
қызмет керсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.

2.     Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге шикізат, материалдар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.

3.     Келесі кезең өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы
бөлшектер,    сатылып    алынатын    құрастыру    бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу кезі. Инструменттер   мен   инвентарлар   айналым   қорына   екі белгісімен: бағасымен және пайдалану мерзімімен бөлінеді.

4.     Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі
тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.

5.     Жұмыс    күшін    кәсіпкер    еңбек    биржасы,    немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың   білімі,    мамандығы,    тәжірибелілігі   жеке  қасиеттері т.б. ескерілуі керек.

              Қажетті  информация  -  ресурстарды  қосымша  қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.

Коммерциялық  кәсіпкерлікке - қызмет  түрін  сипаттайтын, оның  мазмұнының  мәнін  анықтайтын  тауар – ақша  қатынастары, тауар – айырбастау  операциялары  жатады. Мұның  өндірістік  кәсіпкерліктен  айырмашылығы – мұнда  өнім өндіруге  - байланысты  өндірістік  ресурстарды  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  тумайды. Технологияның  бастапқы  сатысы  ретінде, не  сатып  алу, нені  қайта  сату  және  қай жерде  екенін  таңдай білу  қажет.  Бұл  мәселелерді  іске  асыру,  ең  алдымен  тауар  бағасының  өткізу бағасы  жағдайында  көтерме  сатып  алу  бағасы  елеулі  жоғары  болуы  ерек   екеніне  сүйену  қажет.

Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мүндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.

Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:

-              сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;

-              тауар  сатуды тәртіпке  келтіреді,  сауда  операцияларын реттейді;

- баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.

Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу - сату операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.

Коммерциялық  касіпкерлікпен  шұғылданар   алдында маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару   жүйесін жасақтау болып табылады.

 

Қаржылық  кәсіпкерлік - коммерциалық кәсіпкерліктің  бір  түрі, солай  болғандықтан  оның  сатып  алу, сату  объектісі  айрықшалығы  - тауар болып  есептеледі:  ақшалар, валюта, құнды  қағаздар  ( акциялар, облигациялар, вексельдер,  кепілдіктер  және   т.б ), яғни  бірдей  ақшаларды  сату  тікелей  немесе  жанама  формада  жүргізіледі.  Солай  болғандықтан  қаржылық  кәсіпкерлік – бұл коммерцияның  бір  түрі, онда  қаржылық  кәсіпкерінің  технологиялық  мәмілесі   коммерциялық  технология   мәмілесімен   ұқсас  болады,  айырмасы  тек  тауар – қаржы  активі  болып  саналады.

Финанс кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер - бұл финанс - кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайызставкасымен берген несиесін қайырады. Банкіде активті және пассивті операциялар болады. Қор биржадары - бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.

Консультативтік кәспкерлік - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынандай жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация (кеңес беру) әдістері:

1)               эксперттық консультация - мұнда маман өз бетімен диагноз
қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;

2)              процесстік консультация - фирманың маманы клиентпен белсенді  түрде  қарым-қатынаста  болады,   оның  өз   ойын айтуына    ынталандырады, клиентпен бірге талдау     жасайды сонан  кейін ұсыныстар белгілейді.

3) оқулық консультация- лекция оқу, семинар өткізу, оқу  құралдарын   жасақтау  т.б

Практикада бұл үш түрі де аралас болуы мүмкін.

 

 

     3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті  қалыптастыру жүйесі  және  оның

                               даму    преспективалары

 

     Инфляция  жағдайында  қаржы  тұрғысынан  оң  нәтижелерге  айтарлықтай  тез  жетуге  блатындықтан,  негізінен  қаржы  айналымы  саласында  басталған  Қазақстанның  шағын  және  орта  бизнесінің  даму  тәжірибесі  бүгіндері  бірте – бірте  көмескілене  бастады . Реформалардың  негізгі  мақсаты  -  макроэкономикалық  тұрақтылық кәсіпкерлік  қызметтің  ұсақ  және  орташа  тауар  өндірушілерге  айналғанға  дейін  кеңейтілуін  қалайды.

Олар  өздерінің  арасында  ішкі  бәсекелістік ортаны қалыптастыру  қажет.  Бұндай  жағдайда  мемлекет  кәсіпкерлікті  дамытуға  қолдау  жасау  жолына  түсуі  тиіс.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес