Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2012 в 14:30, курсовая работа
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ?
Кіріспе
1 Кәсіпкерліктің экономикалық негізі..............................................5
1.1 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық әлеуметтік және
құқықтық жағдайлар...........................................................................8
2. Кәсіпкерліктің түрлері......................................................................10
2.1 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.........................11
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары және
бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.................................................12
3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның
даму преспективалары........................................................................16
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды шарты............................................................20
3.2 Қазақстанда жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру.............................22
3.3 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы , себептері. ..23
3.4 Кәсіпкерлік ісіне мемлекеттің ықпал жасау механизмі............25
Қорытынды
Үкімет өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады . Енді осы ыңғайдағы саясат торабына талдау жасауға да болады. Министр Кабинетінің Қазақстан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан кәсіпкерлері контресі әзірлеген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінін көрсетеді . Айта кетсек, қаулы оны қосар орындаушылардың да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған . Бұл аталған үкімет шешімінің жартыкештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі бағыттарымен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдері, оны қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.
Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай – ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы және ғимарат бөлу көзделген.
Осы қаулымен, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес, орталықтың ғылыми – практикалық кеңесі құрылған. Оның бірқатар мүшнлнрі бір мезгілде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның да мүшелері. Мұны орынды деуге бола ма екен ?
Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми – техникалық ақпараттар институты базасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми ақпараттық орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материалдық – технкалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануға болатын еді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады: бизнес дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіпотырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалауда .Олар бизнес – инкубаторлар бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.
Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар ескертпелер мен толықтырулар айтсақ. ШБО – лар ұсақ және орташатаур өндірушілер тобының құрылуы процесіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. Бұған басқа елдердің тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдайда ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтседе, әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстың жұмысты жолға қою үшін зор маңызы бар.
Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО–ларды акционерлендіру жолы қаржыдан қиналуда, бұл олардың орнығуына кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті қолдау қоры ұсынған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде орталықтар бір жағынан – жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан – кәсіпкерлердің аймақтық мәселелерді шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында, бірігуінің үлесі бола алады.
Әрі қарай ШБО-ларды өзінің сауда жүйесі, лизингтік қызметі бар бір жүйеге келу ұсынылады. Ал оның ең басында бизнесті дамытудың ұлттық орталығы тұрмақ. Алайда, бұл жерде де Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы сияқты үлкен құрылым барлық қаржыны тиісті қайтарымсыз өзі жұтып қою қаупі сақталады. Көзделгендей, орталықтың (ШБҰО) жарғылық капиталын қалыптастырғаннан кейін оған ШБҰО желісін құру үшін мақсатты қаржылар немесе несие ресурстары беріледі. Және де одан әрі ШБҰО – ның инвестициялары акцияларды сатып алу және нақты бизнес - бағдарламалар арқылы шағын бизнес орталықтарының жарғылық қорларына орналастырылады. Аймақтық орталықтарды қаржыландырудың бағдарламада ұсынылып отырған үлгісі орталықтардың қалыптасуының бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде де шығынды болатын тәрізді. Қаржы тұрақсыздығы, инфляция жағдайында осыншалықты ебедейсіз, далиған жүйе құру жол беруге болмайтын ысырапқорлық . Қаржыландырудың мұндай үлгісіне қатысу одан әрі өзін - өзі ақтауға күмән туғызып, мемлекет тарапынан негізсіз несие беру мүмкін болатын жолдар қалдырады. Өзінің сауда үйлері арқылы тауар өткізу, баға саясаты жөнінде ұсыныстар әзірлеу баға белгілеудің объективтілігіне күмән туғызады.
Бизнес – инкубатор рөлінде қызмет ететін ШБҰО–лардың жобалар бойынша үлесі 25 % аса алмайды. Кәсіпорынның қалыптасу кезінде шығындар ШБО жүйесі нақты жобаға тартқан қаржы есебінен жабылады. Біздіңше, бұл орайда ШБО- ларды нақты бизнес - бағдарламалар бойынша қаржыландыруды емес, қайта кәсіпкерлікті қолдау қорының орталықтандырылған несие ресурстарын тікелей өндірушілерге беру ұсынылады. Бұл ретте ШБО – лардың жобалар мен жарғылық қордағы үлесі инкубацияланатын кәсіпорын акциясының 25% дейін құрайтынын ескеруге болады. Сонымен бірге ШБО-лар тікелей салатын қаржы бөлек есептелуі тиіс.
Бұған дейін құрылған шағын бизнес орталықтарының өкілдерімен кездесулерге мәлім болғандай, ШБО–лардың мәртебесі мәселесінің зор маңызы бар . Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес дамытудың аймақтық орталығы мемлекеттік акционерлік қоғам болуы тиіс. Бұл жаңа қатысушыларды, жаңа жобаларды, қаржыны тартуға ғана емес, ШБО құру процесінің және қызметінің демократиялығын қамтамасыз еткен болар еді.
Қосымша тік құрылымдардың болуы мемлекеттің кәсіпкерлікке тиімді қолдау жасауына мүмкіндік бермейді. Ал экономиканың және меншік секторын дамытуды, нарық инфрақұрылымын экономика министірлігі, Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы, сондай – ақ бизнес дамытудың ұлттық орталығы қабат басқаруы олардың бір – бірінің қызметін қажетсіз қайталануына әкеліп соқтырады. Бұл арада әңгіме басқару немесе бизнесті дамытудың ұлттық орталығы арасында тңдау жасау туралы емес, тиімділік тұрғысында болып отыр.
Кәсіпкерлікті қолдау қоры мен кәсіпкерлік құрылымдарыдың ұлттық орталықтың үстінен құрылтайшылық жасауы республика көлемінде алғанда жөнсіз әрі дұрыс емес . Қосымша қаржы тарту ниет, мемлекеттік қаржыны орынсыз жұмсау мүмкіндігін ұлғайтады. Дегенмен, акционерлендіру схемасы жағдайында мемлекет қаржысын тікелей шағын бизнес орталығына тарту нақты бағдарламаларға инвестициялардың көбірек келуіне ғана көмектесіп қоймайды, сондай – ақ өзара түсіністік пен бірігу үлгісін табуға да жәрдемдеседі. ШБО –лар бірте –бірте қалыптасу кезеңінен өтуі тиіс . Және де басы артық құрылымдарды, штаттарды, бөлімшелерді жасанды түрде көбейтуге жол беруге болмайтынын да ұғыну керек. Бастапқы кезеңде қолда барды және таяу болашақта қайтарып беретіндерін ғана пайдалану маңызды. Біздіңше кейбір жекелеген бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын олардың жағынан (немесе қызмет істеп тұрған кәсіпкерлік фирмалармен бірлесіп ) шағын еншілес кәсіпорындар, франчайзинг құру арқылы пайдалануға болады. Кәсіпкерге тұс – тұстан қолдау көрсетуге қазір мүмкіндік жоқ және ол ондай сипат алмауы тиіс . Біздің ойымызша, шағын және орташа кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларын жалпы республикалық бағдарлама негізінде, жоба бойынша туындаған мәселелерді шешуге салалық күштерді қоса отырып, экономика министірлігінің басқармалары өз міндетіне алуына болады.
Кәсіпкерлікті қолдау мәселесі онда жариялылық пен демократиялық болуы қажеттігіне байланысты белгілі бір дәрежеде саяси да сипат алады. Сондықтан бұл арада әттеген – айларға жол берілмегені жөн.
3,1. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы
дамытудың маңызды шарты
Кәсіпкерлік , жоғарыда айтылғандай , кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді . Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде ( әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен . Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90% - ке жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері - 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны - 1,4 млн. адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы -- 45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында « Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 -2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы »
бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру
болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету
қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау
мәселелеріндегі рөлін күшейту .
шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласына басымдылықты дамыту;
шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы - оның әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізгенде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай –ақ шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
3.2 Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
Жаңа кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде құрушылар құрамы анықталады, құру құжаттары жасақталады:
- кәсіпорынның жарғысы ( уставы ) ;
- кәсіпорын құру және оның қызметі жөнінде келісім. Онда ұйымдастыру құқықтық формалары көрсетілуі тиіс;
- директор мен тексеру комиссиясының төрағасын сайлаған қоғам мүшелерінің жиналысының хаттамасы.
- банкте құралатын кәсіпорынның шоты ашылуы керек, оған уставтық ( жарғылық ) капиталдың 50 пайыздан кем емес қаржысы түсуі керек. Кәсіпорын жергілікті әкімшілік органдарда тіркелуі міндетті.
Егер кәсіпорын акционерлік қоғам түрінде құрылатын болса, онда оның құрлытайшылары акцияға жазылуды іске асыруы керек. Егер ашық акционерлік қоғам құрылатын болса, ол жөнінде келешекте акцияға жазылу жүретіні туралы хабарлама болады, онда болашақ акционерлік қоғамның мақсаты және жұмысты істеу мерзімі, құрылтайшылар құрамы және құрылтай конференциясын өткізу уақыты, белгіленген жарғылық қордың мөлшері, акциялардың түрі мен саны, оның номиналдық құны, акцияға жазылудың басталу және аяқталу мерзімдері және басқа да керекті мәліметтер болады. Акцияға жазылғандар құрылтай конференциясы ашылғанша акцияның 30 пайыз номиналдық құнын төлеуі керек. Егер барлық акция тек қана құрылтайшылар арасында бөлінетін болса, онда жарнаның мөлшері акцияның құнының 50 пайызынан кем болмауы керек. Акционерлік акцияны бір жыл ішінде түгел сатып алуға тиіс.
Осыдан кейін құрылтайшылар конференциясы өтеді. Оның міндетіне мынадай мәселелерді шешу кіреді:
- акционерлік қоғамды құру туралы (АҚ);
- акционерлік қоғамның Жарғысын бекіту;
- акцияға жазылып болғаннан кейін жарғылық қордың мөлшері жөнінде;
- акционерлік қоғамның басшысы органдарын сайлау және басқа мәселелер;
3.3 Мемлекеттің кәсіпкерлік іске араласу жағдайы және себептері.
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке
қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған отаның нашарлауы.