Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 22:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе
9
1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері
1.1 Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
1.2 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері

10

19
2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау
2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері
2.2 Басқару әдістемелері

22
23
3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары
3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі
3.2 Қазақстанда сапаны басқару


28
31
Қорытынды
33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері.doc

— 201.00 Кб (Скачать документ)

1. Басқару үшін өзінің тиімділігін  дәлелдеген кәсіптік басқарудың  құралдарымен таныс болу керек. Бұл жеке және топтық мінез-құлықты  жоспарлау әдісінің жүйелі талдауың, бақылауды, шешім қабылдаудың сандық  әдістерін басқару процесін түсінуі  болып табылады.

2. Басқару концепциялары мен  әдістемелерінің әрқайсысының әлсіз  және әлді жақтары немесе олар  нақты жағдайда қолданылғанда  салыстырмалы сипаттамалары болады. Басқарушы осы әдістемені немесе  концепцияны қолданғанда жағымды  және жағымсыз жақтарын көре алуы керек.

3. Басқарушы жағдайды дұрыс анықтап  алуы керек. Ол үшін осы жағдайда  маңызды болып табылатын қандай  факторлар болып табылатын бір  немесе бірнеше ауыспалылардың  өзгерістеріне қандай мүмкін  нәтижелерді алып келетінін дұрыс  анықтап алуы керек.

4. Басқарушы ең аз жағымсыз нәтиже әкелетін және нақты нәтижелері мен аз кемшіліктері болатын нақты әдістерді байланыстыра алу қажет. Осымен олар болып жатқан жағдай шарттарына ұйымның мақсатқа жетуінің тиімді жолдарын қамтамасыз етеді.

Сонымен, жағдайлық әдістемелер ұйымның мақсаттарына тиімді жету үшін нақты әдістемелер мен концепцияларды нақты жағдайлармен байланыстыруға тырысады.

 

 

 

 

3.2 Қазақстанда сапаны басқару

Сапа республикалық бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2000 ж. 7 наурыздағы №367 «ҚР үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған жоспары туралы» қаулысына сәйкес жасалды.

Сапа бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру ауқымындағы мемлекеттік және жергілікті органдар мен кәсіпорындар қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді.

Қазақстандық кәсіпорындардың жалпы және өзгеше даму проблемалары бар.

Елде көптеген проблемалар қордаланды, олардың ішінде мыналар бар:

  • импортқа төмен төлемге қабілетті сұраныс;
  • білікті кадрлардың кетуі;
  • өндірістік сектордың тәуекелділік деңгейінің жоғарылығы;
  • кен өндіру салаларының өңдеуші салалармен салыстырғанда артық болып, өнеркәсіп өндірісі құрылымының үйлеспеуі;
  • өнім   сапасының  төмен  деңгейі  мен  оның  номенклатурасы тым сирек жаңғыртылуы.

Бағдарламаның басты мақсаты ҚР кәсіпорындарына сапа жүйесін енгізу мен тауарлардың, жұмыстың және көрсетілетін кьпметтің сапасын жақсарту болып табылады.

Сапа бағдарламасының негізгі міндеттері мыналар:

  • тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырып, болжанатын өткізу нарығы стандарттарының тиісті талаптарына сай, ішкі және сыртқы нарықта сапалы және бәсекеге қабілетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жобалау мен өндіру үшін жағдайлар жасау;
  • шет елдермен сауда жасағанда кезігетін технологиялық кедергілерді болдырмау арқылы отандық тауар шығарушылардың экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ету және осы негізде Қазақстанның әлемдік экономиқаға бірігіп-кірігу (интеграциялану) мәселелерін шешу;
  • сала мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін кұқықтық және әлеуметтік жағдайлар жасау;
  • сапа ауқымындағы нормативті құқықтық базаны жетілдіру.

Бағдарлама сапалы өнім шығаратын (қызмет көрсетін) тауар өндірушілердің экономикалық мүдделеріне және мемлекеттік реттелуін ұтымды үйлестіру принциптеріне негізделеді.

Негізгі бағыттар мен бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері.

Сапа ауқымындағы мемлекеттік басқару республикада нормативті құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-бөлу әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асуы тиіс, бұл әрекет елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін аса маңызды,

Сапа төңірегіндегі мемлекеттік басқарудың экономикалық формалары шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекетін ынталандыру арқылы және шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнім шығару мен сату үшін экономикалық жауапкершілігін арттыру жолымен орындалуы тиіс.

Ұйымдастыру-бөлу формалары мемлекеттік басқару органдарынан өздерінің өкілеттіліктеріне орай өнім сапасы мен бәсекеге мүмкіншілігін арттыру халықтың сапа ауқымындағы ақпаратын және тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, тұтынушы қасиеттерін арттыру жөніндегі жұмысқа қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сапа нарықтық бәсеке жағдайында қам-қарекет жасаудың жалғыз жолы екендігін мойындаған кәспорындар өздерінің сапа жүйелерін жасауда және сапаға жұмсалған күш-жігер, қаражаттан қайтарым ала бастайды.

Тауар және жұмыс, көрсетілетін қызметтің сапа мәселелерін шешетін тиімді құралдары - стандарттау, метрология мен сертификаттау мемлекет қолында.

9000 (бұдан былай - ИСО серия 9000) сериясындағы  халықаралық ұйымның халықаралық  стандарттары бойынша сапа жүйесін  енгізу мен сертификаттау процесі  көп көңіл бөлуге тұрарлықтай.

Әлемнің әр қилы елдеріндегі 300-ге жуық фирма мен компания өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тіркеді.

Өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру көбіне өнімді өңдеу мен ондіру кезіндегі басқарудың озық формалары мен әдістерін енгізуге байланысты болады.

Сапа мәселесін шешуде өнім сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін тәжірибеде қолдануға қабілетті жоғары білікті кадрлардың бар болуы міндетті шарт болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмыста жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:

Біздің еліміздегі тарихи дамудың барлық кезеңінде теориялық және практикалық міндеттерді шешуді қамтамассыз ететін басқарудың әдістемелік негізгі қалыптасуымен қоса дамыды. Социалистік даму жылдарын және оған 20 ғасырдың соңғы онжылдығын қоса есептеген дәуірді талдау, басқару ғылымына және оның саймандарына тән пайда болған түбегейлі озгерістерді төрт кезеңге бөлуге мүмкіншілік береді: біріншісі – 20 – шы жылдар; екіншісі  - 30-50 ші; үшіншісі – 60-80-ші; төртіншісі – 90-шы жылдар. 
Бірінші және төртінші кезеңдер өтпелі болды. Олар тек қана эволюциялық емес, сонымен ревалюциялық жолмен дамығандығын көреміз. Біздің еліміздегі басқару проблемаларына тиістіжұмыстарға қорытынды беру негізінде, әрбәр кезеңнің экономикасы, басқару жүйесі, әдістемелік саймандары үшін шешуші болып саналатын проблемаға қорытынды сыипаттамалар берілген.

XXІ ғасырдың 10 жылдарында менеджменттің дамуында 3 үрдіс сипатталады: 

1.  Басқару процесінің механизациясы  мен автоматизациясы басқару  еңбегіне механикалық құрылғыларды, компьютерлерді, басқарудың қазіргі кезде қолданылатын құралдары, басқа да ұйымдастыру техникаларын енгізуді сипаттайды: Қазіргі кездегі өндірістің материалды-техникалық негізінің маңыздылығын білу және қызмет көрсету. Өндірістің технологияльқ факторын ұтымды пайдалану.

2. Басқарудың демократизациясы жұмысшылардың өндірісті басқаруға өз ұсыныстарын беру, сапа үйірмелеріне қатысу, шешім қабылдауды ұжымдық әдісте өткізген уақытта менеджерлерге көмек беру арқылы пайда болады.

Басқарудың демократизацисы — ұйым тиімділігін жоғарылату жолы, қазіргі менеджменттің ерекше қасиеті. Экономикадағы демократия жетекші мен қызметші арасындағы іскерлік байланысты дамыту.

Қазақстандағы менеджменттің шет елдік менеджменттен айырмашылығы мынадай: АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды басқаруға активті тарту. Қазақстанда жұмысшыларды басқаруға тартудың бәсеңдігімен ерекшеленеді. Бұдан шығаратын қорытынды: жапондық фирмалардың жоғарғы деңгейдегі бәсекеге тұрақтылығы, жапондық менеджерлер фирманың потенциалы жұмысшылардың шеберлігі деп есептейді.

3. Менеджменттің интернационалдылығы - еңбекті мемлекетаралық бөлудің өсуі себебін ұйымды басқарудағы интернационалдьқ фактор рөлінің күшеюін, сонымен қатар хальқаралық бәсекенің ұшталуын сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030, Алматы, 1997.
  2. Т.И. Есполов, У.К. Керимова, Б.Н. Нигай. Менеджмент в аграрном секторе Республики Казахстан, Алматы 2006.
  3. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негізі Алматы, 2008.
  4. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, т.б. Ақтөбе 2005.
  5.   Есполов Т.И., Сүлейменов Ж.Ж., Менеджмент, 2004.
  6.   Бердалиев К.Б., т.б. Басқару негіздері, Алматы, 1996.
  7.   Нұрақым Р., Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму проблемалары, І, ІІ том, Алматы, 2005.
  8. Куватов Р.Ю., Есполов Т.И., Керимова У.К. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними рынками, Алматы, 2004.
  9.    Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы 1993.
  10. Ахметов К.Ғ., т.б. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал 2005.

 

 

 


 



Информация о работе Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары