Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 22:21, курсовая работа
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Кіріспе
9
1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері
1.1 Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
1.2 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері
10
19
2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау
2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері
2.2 Басқару әдістемелері
22
23
3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары
3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі
3.2 Қазақстанда сапаны басқару
28
31
Қорытынды
33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
34
Басқару аппаратының сенімділігі тұтастай алғанда оның алға қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауын (іркіліссіз жұмыс істеуін) сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы, бағдарламалы, тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.
1.2 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері
Біздің еліміздегі тарихи дамудың барлық кезеңінде
теориялық және практикалық міндеттерді
шешуді қамтамассыз ететін басқарудың
әдістемелік негізгі қалыптасуымен қоса
дамыды. Социалистік даму жылдарын және
оған 20 ғасырдың соңғы онжылдығын қоса
есептеген дәуірді талдау, басқару ғылымына
және оның саймандарына тән пайда болған
түбегейлі озгерістерді төрт кезеңге
бөлуге мүмкіншілік береді: біріншісі
– 20 – шы жылдар; екіншісі - 30-50 ші; үшіншісі
– 60-80-ші; төртіншісі – 90-шы жылдар.
Бірінші және төртінші кезеңдер өтпелі
болды. Олар тек қана эволюциялық емес,
сонымен ревалюциялық жолмен дамығандығын
көреміз. Біздің еліміздегі басқару проблемаларына
тиістіжұмыстарға қорытынды беру негізінде,
әрбәр кезеңнің экономикасы, басқару жүйесі,
әдістемелік саймандары үшін шешуші болып
саналатын проблемаға қорытынды сыипаттамалар
берілген.
Бірінші кезең.
Жаңа экономикалық саясатты енгіізуге байланысты жиырмасыншы жылдардың басында өндіріс жұмысының ұйымдастырушылық механизімдері мен әдістеріне батыл өзгерістер басталады. Бір уақытта басқаруға байланысты саяси-экономикалық проблемалар қойыла бастады, яғни заңдылықтар, принциптер, мақсаттар, функциялар т.б сол сияқты проблемалар зерттеледі. Шын мәнінде, міне, осы жылдарда социалистік өндірісті басқару ғылымының негізі жасалды.
Тұжырымдаманың жоспар мен шарушылық есепті «байланыстыру» басты проблемаға айналды. Бұл проблеманы шешуде үш тәсілді пайдалану ұсынылады.
Екінші кезең.
Жиырмасыншы жылдың аяғына, отызыншы жылдың басына қарай басқару және экономика проблемалары бойынша теориялық зерттеулер күрт қысқарады, шын мәнінде экономикалық дискуссияларға тыйым салынады.Бұл жылдары басқару ғылымының бар күші кәсіпорындардың, салалардың және бүтіндей қоғамдық өндірістің әрекеттерін бір ізге салуға бағытталған болатын. Басқару әдістерін жетілдіру кезінде барлық назар еңбек өнімділігін арттыру, материалдар мен қондырғыларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, техникалық-экономикалық ұйымдастыру және оперативтік жоспарлау мәселелеріне аударылады. Соғыстың алдындағы жылдарда өнеркәсіп өндірісін мамандандыру, шоғырландыру, қиыстыру әдістерін зерттеу проблемаларына ерекше көңіл бөлінді. Соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі дәуірдің бірінші жылдарындағы бір орталықтан басқару тәжірибесін қорытындылау, салалық және территориялық басқару, үйлестіру ерекше орын алды.
Соғыстан соңғы жылдары математикалық әдістер қолданылған халық шаруашылығын жоспарлау методологиясы одан әрі өз дамуын тапты. Бұл әдістердің дамуына белгілі совет ғалымдары Л.Кантарович, Л.Лурьев, В.Немчиков, В.Новожилов өз үлестерін қосты.
Үшінші кезең.
Ол жылдарда басқару проблемаларын кешенді зерттеулер басталған болатын. Алпысыншы жылдар экономикасының негізін қуатты көп салалы индустрия ( лат – ауыр өндіріс), ірі ауыл шаруашылығы, алдыңғы қатардағы ғылыми әлеует құрды. Өндіріс масштабының, кәсіпорындар санының және шаруашылық байланыстардың өсуі басқару процестері мен әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешудің көп варианттылығының күшеюіне жол ашты. Ал мұның өзі, дәстүрлік әдістер мен басқару формаларының болашақ мүмкіншіліктері сарқылған соң, өндірісті басқару жүйесінде жаңа амал қолдануды талап етті. Сол уақыттағы әдебиеттерде түрлі әдістердің мазмұнына және олардың өзара байланыстарына, басқарудың әдістері мен методологиялық негізінің мәнін түсіндіру диапазонының ( гр – қабілеттілік, көлем) сонша кеңдігіне берілетін анықтамалардың жан-жақтылығын байқаймыз.
1986 жылдың қарашасында «
1. Қолда бар жүйені жаңарту мен жетілдіру.
2. Қоғамдық дамудың міндеттері мен өзгерістеріне байланысты түбегейлі реформа жүргізу.
Төртінші кезең.
Тоқсаныншы жылдардың басында басқару әдістерін түбегейлі қайта құру проблемасы айтарлықтай күрделі екендігі, масштабының кеңдігі және оның алдыңғы онжылдықта белгіленген шаралармен тамамдалмайтындығы айқын болды.
Рыноктық экономиканың қалыптасуы мен дамуының барысында кәсіпорындардың шаруашылық және басқарушылық әрекетінің күрт кеңеюіне байланысты жаңа міндеттер пайда болды. Бұл процеске экономиканы либеризациялау және тұрақтандыру мен қоса, реформалардың басым бағыты есебінде қаралатын жекешелендіру елеулі әсерін тигізеді.
Экономикалық саясатты демократизацияландыру барысында кәсіпорындар меншігі мен кәсіпкерлік әрекет, кооперативтендіру туралы т.б. заң шығарушылық актілер қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде әрбір кәсіпорынға меншік түріне қарамай, ел экономикасының даму бағдарламасы шеңберінде іс-әрекет ету, даму, өзін өзі сақтап қалу, қосылу, бірлесу және банкрот болу сияқты.
Кесте 1
Зерттеу кезеңдері |
Шешуші проблемалар |
Бағыттар бойынша әдістемеліктерді жетілдірудің негізгі бағыттары | |
Экономикалық басқару |
Басқару ғылымы |
||
20-шы жылдар |
Қоғамдық меншікке негізделген экономиканы басқару принциптерін дамыту. Қоғамдық өндірісті басқару жүйесін жасаудың ұйымдастырушылық проблемалары. |
Социалистік өндірісті басқару методологиясы. Кәсіпорындарында еңбекті ғылыми негізінде ұйымдастыру. |
Орталықтандырылған басқарудың методологиясы. Еңбек пен басқаруды ғылыми ұйымдастырудың әдістері. |
30-50 ші жылдар |
Қоғамдық өндірісте тиімділік пен еңбек өнімділігінің жоғарылауы. Соғыс жылдары экономиканы басқаруды орталықтандыру. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру процестерін басқару. |
Социалистік өндірісте еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Басқаруды орталықтандыруды талдау жасау және қорытындылау. Басқарудың салалық және территориялық түрлерін бірлестіру. |
Өндірісті ұйымдастыру әдістері саяси экономика ғылымының методологиясы. Кәсіпорындарындағы кешенді жоспарлаудың әдістері. Басқарудың территориялық әдістері. |
60-80 ші жылдар |
Экономикалық дамудың тиімділігі мен интенсификациялану процесстерін басқару. Бір тұтас халықшаруашылық кешенінің ұйымдастырушылық экономикалық проблемалары. |
Социалистік өндірісті басқарудың кешенді териториясының қалыптасуы. Басқарудың сапалық және территориялық бағыттарын дамыту. |
Социалистік өндірісті басқару әдістері жүйесінің қалыптасуы. Басқа ғалымдардың әдістерін пайдалану. Өндіріс тиімділігін арттыру әдістерін жетілдіру. |
90- шы жылдар |
Экономиканы басқаруды түпкілікті қайта құру (реформа). |
Басқару териториясының рыноктық негізін зерттеу. |
Басқару саймандарының жаңа методологиясын дамыту. Басқару әдістерін топтастыру. Кәсіп орындар үшін тәсілдер қорын қалыптастырудың методологиясы. |
2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау
2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері
XXІ ғасырдың 10 жылдарында менеджменттің дамуында 3 үрдіс сипатталады:
1. Басқару процесінің
2. Басқарудың демократизациясы жұмысшылардың өндірісті басқаруға өз ұсыныстарын беру, сапа үйірмелеріне қатысу, шешім қабылдауды ұжымдық әдісте өткізген уақытта менеджерлерге көмек беру арқылы пайда болады.
Басқарудың демократизацисы — ұйым тиімділігін жоғарылату жолы, қазіргі менеджменттің ерекше қасиеті. Экономикадағы демократия жетекші мен қызметші арасындағы іскерлік байланысты дамыту.
Демократия формалары:
• Шешім қабылдау барысында жұмысшылардың қатысуға құқылығы (инвестициялық, өткізу, өндірістік, бағдарламалық). Бұл ықпал етудің өте күшті мүмкіндігі;
• Жұмысшылар шешім қабылдау процесіне шаруашылық-еңбектік, басқару және әлеуметтік саясат сұрақтары бойынша қатысуға құқылы;
• Ақпарат, талқылау, шешімдерді негіздеу облысындағы жұмысшылардың құқылары;
• Басқарудың демократиялық принциптерінің иерархиялық стильдерінің орнына қолдану;
• Жоспарланған шешімдердің әлеуметтік, кадрлық салдары;
• Басқарудың іс-әрекеттік, әлеуметтік аспектісін күшейту, ұйым мәдениетіне назар аудару. Жұмысшылардың пайдаға, басқару функцияларын орындауға қатысуы.
Жапониядағы "басқаруға қатысты" жүйесі ұлттьқ экономиканың барлық деңгейлерінде қызмет етеді:
• Жұмыс орны, учаске, цех деңгейінде - сапа үйірмелері және автономды бригадалар түрінде;
• Кәсіпорын деңгейінде - қызметшілер өкілдері мен әкімшілікті қосатын өндірістік комитеттер, сонымен қатар "жұмысшы - мүдірлер (директор)" түрінде;
• Мамандық одақтар өкілдері мен басқарушылардан тұратын салалы, кеңестік комитеттер түрінде;
• Аумағында еңбек пен капиталдың кеңестік өкілдері болатын ұлттық экономика деңгейінде.
Еуропада Нидерландия, Франция, Германияда басқаруға жұмысшылардың қатысуы заңды түрде бекітілген. 50 жылдары Германияда жұмысшылардың мүдірлер (директорлар) кеңесіне дауыс беру қүқығымен міндетті түрде қатысу керектігі заң бойынша қабылданған.
Қазақстандағы менеджменттің шет елдік менеджменттен айырмашылығы мынадай: АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды басқаруға активті тарту. Қазақстанда жұмысшыларды басқаруға тартудың бәсеңдігімен ерекшеленеді. Бұдан шығаратын қорытынды: жапондық фирмалардың жоғарғы деңгейдегі бәсекеге тұрақтылығы, жапондық менеджерлер фирманың потенциалы жұмысшылардың шеберлігі деп есептейді.
3. Менеджменттің
Басқарудың халықаралық сипатының күшеюі. Көптеген индустриалды елдердің ашық экономикаға өтуі, халықаралық бәсекенің рөлінің жоғарылауы; өндіріс кооперациясы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, басқарудың интернационализациясы басқарудың теориясы мен тәжірибесі алдына көптеген міндеттер қояды. Олардың маңыздылары:
• Ортақ заңдылықтарды басқарудың формалары мен әдістерін бөліп шығару;
• Әр түрлі нақты бір диапазонында қызмет ететін басқарудың ерекшеліктерін бөліп шығару;
• Сыртқы экономикалық қызметтегі басқару функцияларын орындау, басқарудың ұлттық стилінің ерекшеліктерін бөліп көрсету.
2.2 Басқару әдістемелері
Табысты экономиканы құруға байланысты барлық міндеттерді XXI ғасырдың өзінде шешу керек. Бірден бір маңызды қүралдардың бірі болып менеджмент табылады. Алдымыздағы жүзжылдық басында бизнес қарамағында менеджменттің екінші мыңжылдықтың ақырғы жылдарында қолданылған жаңалықтар болады.
Қазіргі менеджерлер қызметінің басты міндеттері болып келесі принциптік негіздер табылады:
1. Менеджменттің классикалық мектеп ұтымдылыгынан бас тарту. Барлық компаниялардың жетістігі фирмадан тыс айнымалылардан тұратын және кәсіпорын менеджментіне тікелей әсер ететін сфераға жатқызылған сыртқы ортаның үнемі болып тұратын өзгерістері -икемділік пен бейімділікке байланысты. Сыртқы орта ұйымның стратегиясы мен тактикасын қалыптастырады.
2. Басқаруда жцйелер теориясын қолдану. Басқарудағы жүйелік амал маңызды жағдайларды еске ала отырып шешім қабылдауды қарастырады.
Менеджменттегі жүйелілік:
Жүйе - өзара байланыстың біртұтастық ретінде қарастыратын бөлек элементтердің жиынтығы. Жүйелілік басқарудың барлық элементтерінде болады. Жоспарлауға, бақылауға, ұйымдастыруға, мотивацияға, шешім қабылдауға қолданылатын әр түрлі жүйелер - фирманың ең қозғалыстағы құралы.
Мақсаттар жүйесі іскерлік бекітулер, принциптер, рухани бағалықтар, ұзақ мерзімді мақсаттардан түрады.
Компанияның жалпы жоспарлау жүйесі:
Жоспарлау деңгейлері: стратегиялық жоспарлар, тактикалық жоспарлар, оперативті жоспарлар, талдау, талдамалар, маркетинг.
Фирманың жетуге тырысатын көрсеткіштер жүйесі: фирманың өсімі, рентабельділік, төлемқабілеттілік, нарық үлесі, икемділік, тұрақтылық.
Фирманың жетістік факторларыныц жүйесі, мысалы: өсім потенциалына байланысты өнімді таңдау, жоғарғы бәсекеге, түрақтылыққа байланысты өнімді таңдау.
Фирманың қызметінің көрсеткіштер жүйесі: үнемділік, шынайылық, сапа, өнімділік, еңбек жағдайы, пайдалылық.
Бақылау, мотивация жүйесі.
Басқару жүйелері - мақсатқа жету үшін басқару процесін жүзеге асыратын жүйе.
Ұйымды басқару жүйесі. Басқару жүйесінің құрамы:
• басқару субъектілері – басқарушылық құрал жасап, объектіге берушілер;
• басқару объектілері - ойлаған қорытындыға келетін жүйе бөліктерін көрсетуші басқару жүйесінің бөлімі.
Егер басқару субъектісі өз қозғалыстарын басқарса, яғни объект пен субъект біртұтас болса, онда біз өздік басқарумен істес болғанымыз.
Кәсіпорын төмендегі ерекшеліктер сипатталатын ашық жүйе ретінде қарастырылады:
• Жүйедегі белгілі бір компоненттер көлемінің болуы;
• Құрылым түрінде рәсімделген жүйенің құрайтын элементтерінің байланысы;
• Жүйенің әр түрлі компоненттерінің бір-біріне, өзінің және қоршаған ортаның арасындағы ықпалдың қорытындысы;
• Жаңа құбылыстар жүйесінің компоненттерінің іздеу ретіндегі пайда болуы;
• Компоненттердің өзара қозғалыстары нәтижесі ретіндегі жүйенің қасиеті;
• Жүйеге кірмейтін жүйенің өзін басқа құбылыстардың компоненттерінен ерекшелейтін жүйе идентификациясы.
Қоршаған ортаның құрамы жүйенің бір бөлігі есебінде болмай, сол жүйеге ықпал етеді. Жүйенің қағидалық сипаты (оның формасы) жүйе қағидаларын талдаушылардың құндыльқтары мен мақсаттарын сипаттайды.
3. Кәсіпорынның ішкі ортасы өнімді өндіру процесіне тікелей әсер ететін құбылыстар ықпалынан құрылады. Кәсіпорынның құрылымын оның мәдениеті және ресурстарын қызметшілер, олардың білімдері, қабілеттері өзара ықпал жасау өнерлері құрайды. Алайда, олар фирма қызметі ақпарат пен басқа ресурстарға байланысты болғандықтан, олар үнемі менеджерлердің бақылауында болмайды.
Ұйым мәдениетін анықтаушы - жұмысшылардың саласы мен іскерлік тәжірибеде қалыптасқан іс-әрекет нормалары мен қызмет формалары. Ол ұйымдағы қүндыльқтар жүйесіне негізделеді. Қызметтің барлық жағының тиімділігіне әсер ету себебімен ұйымның тағдыры мен дамуында жетекші рөлге ие болады.
Информация о работе Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары