Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 22:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе
9
1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері
1.1 Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
1.2 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері

10

19
2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау
2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері
2.2 Басқару әдістемелері

22
23
3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары
3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі
3.2 Қазақстанда сапаны басқару


28
31
Қорытынды
33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері.doc

— 201.00 Кб (Скачать документ)

Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.

Қоғамдық өндірістің басқару обьектісіне барлық халық шаруашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.

Халық шаруашылығының басқару обьектісіне саналы түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.

Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру процесінің объектісіне ие.

Өндірістің басқару объектісі - бұл ел территориясына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру барынша тиімді территориялық кешендерді құру.

Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды бейөндірістік салалар алады - ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет.

Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлердің ұжымы жатады.

Осылайша, кен мағынасында барлық өндіріс басқару объектілері деп саналады.

Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді.

Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік оргаңдар жатады. Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып көрсету қажет: өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; әділ сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары.

Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді;

- билік органдары (өкілдікті органдар);

- мемлекеттік басқару органдары - мемлекеттік комитеттер, министрліктер.

Барлық басқару процесінің бастапқы кезінде оның мақсаттары анықталады.

Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрі оны адамдар қалыптастырып, белгілеп отырады. Мақсаттар негізінде объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және әлеуметтік даму заңдылықтары көрініс табады. Басқару мақсаттарын дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін қалыптастыруда маңызы зор.

Кезінде Ф. Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, ден атап кеткен. Ф. Энгельске дейін Спиноза Барух (XVII ғ.), «мақсат әлемді билейді», деп айтып кетіпті.

«Өмірдегі мақсат адам кадірі мен бақытының жүрек қағысы болып табылады» (Н.Д. Ушинекий).

Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны өндірісті басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп қырлылығын бейнелейді. Мақсаттар мазмұны бойынша мыналарға бөлінеді: экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси мақсат және ғылыми-техникалық мақсат.

Экономикалық мақсаттар ең алдымен елдің халық шаруашылығының дамуымен, нақтырақ айтқанда, өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың дамуымен байланысты болады.

Әлеуметтік мақсаттар қоғам мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік құрылымын дамыту талаптарын нақтылап береді. Әлеуметтік мақсаттарға мәдениеттің, білім берудің, денсаулық сақтаудың және тағы басқалардың даму міндеттері кіреді.

Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі ретінде қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметінің барлық бағытын қамтиды.

Бұл мақсаттар қоғам дамуынын барлық мақсаттарын бір-біріне жанама түрде қатысты етеді.

Ғылыми-техникалық мақсаттар – ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық өндірісті дамытудың және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық мақсаттардың қатарына кіреді. Алайда мемлекеттік органдарға, ғылыми-зерттеу инетитуттарына, жобалау инетитутта-рына, коисгрукторлық бюроға, ғылыми-техникалық ақпарат ұйымдарына және т.б. сәйкес кешенді түрде жүзеге асатын ғылым мен техниканың даму мақсаттарынын өзіндік ерекшеліктері болады. Басқару деңгейлерін былайша бөліп көрсетуге болады: халық шаруашылығы, салалар, территориялық кешендер, бірлестіктер мен кәсіпорындар мақсаттары.

Мақсаттардың уақытша аспектілері бөліп көрсетіледі: ұзақ мерзімді (перспективалық), қысқа мерзімді немесе ағымдағысы. Нақты өмірде мақсаттар белгілі бір ережеге сәйкес бір-бірімен тоқайласады, мақсаттар өз иерархиясында, егер осылай деп айтута келетін болса, белгілі бір дәрежеде бір-бірімен матасқан. Мәселен, әлеуметтік-саяси мақсаттарды белгілеу өндірістік-техникалық таңдауды, ал алдағы кезеңнің мақсаттары - ағымдағыны ұйғарады. Жалпы мақсат бірнеше локальдық немесе жекелеген мақсаттармен нақтыланады.

Мақсаттардың жіктеліміне сәйкес басқарудың тиісті функциялары бөліп көрсетіледі.

Мақсатты тұжырымдаудың салыстырмалы түрдегі жаңа тәсілдемелері мен әдістерін екі топқабіріктіруге болады: зерттеу және эвристикалық (эвристика (грек тілінен аударғанда - табамын) - «ақиқатты таба білу өнері» - амалдардың логикалық жүйесі және теориялық зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.

Зерттеу әдістері басқару мақсаттарын анықтаудың экетраполяциялық тәсілдемесін; мақсатты функцияны және шектеулердің жиынын қамтитын экономикалық объекті моделінде қолданылатын оңтайлы тәсілдемені; объектіні алдағы кезеңге бейімдейтін бейімдеуші тәсілдемені пайдаланады.

Білімнің үш сатысы - нақты білім, тұрлаусыз білім және білімсіздік (незнание) болашақта болуы ықтимал деп болжанып отыр.

Эвристикалық әдістер - онда міндетті түрде сарапшылар қатысады.

«Дельфи» әдісі - сарапшылар үлкен ұжымға топтасады әрі олар бір жерге бас қоспай-ақ, бір-бірінен тәуелсіз болып, жүйелерді дамытудың мақсаттары туралы өз пікірлерін айтады, пікірлерін сауалға жауап қайтару түрінде білдіреді; тіпті сауал қоюшылар сарапшыларға барып, олардан жазбаша түрде жауап алып қайтады.

Түпкілікті сараптық шешімді шығару бірнеше кезеңдермен жүзеге асырылады:

-  жеке сұрау салу (сауалнама);

-  анықтамаларды жасау (әр қилы пікірлер турасында);

- жүйе бойынша пікірлердің бар  болуы туралы сарапшылардың ақпараты.

Сараптық нұсқаларды түзету процедурасы пікірдің бір-ауызды болуына қол жеткізетін мақсаттар іріктеліп болғанша бірнеше рет жүзеге асырылады.

Операциялық ойын. Сарапшылар белгілі бір сценарий бойынша мақсаттарды қалыптастыратын нақты тұлғанын қызметін ұқсатады (имитируют). Жалпы пікірталастыру мәжілісінде мақсаттың ең қолайлы ңұсқасы таңдап алынады.

«Мақсаттар ағашы» әдісі. Мақсаттарды рет тәртіпке келтіріп ұсыну «мақсаттар ағашы» атауына ие болған әдіспен жүзеге асырылады.

«Мақсаттар ағашы» - бұл мақсаттардың арасындағы байланыстардың және бірқатар эвристикалық процедураларды қолданумен дедуктивті логика принципі бойынша құрылған мақсаттардың байланысына қол жеткізетін құралдардың графикалық бейнесі.

Бұл әдіс болашақтағы оқиғалардың өзара байланысын нақты әдістердің тізбесін алуға дейін толық көрінісін (картинасын) көрсетуте әрі олардың салыстырмалы маңызы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Ол мақсаттардың құрылымы мен ұйымдық құрылым арасына сәйкестік тудыру арқылы тікелей орындаушыларға дейін мақсаттарды жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

«Мақсаттар ағашы» иерархия түрінде берілген бірнеше деңгейдегі мақсаттардан тұрады: басты мақсат - I деңгейдің (басты мақсаттың) қосалқы мақсаты - II деңгейдің қосалқы мақсаты және т.б.

Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық уақытта да экономиканы басқаратын жүйенің көкейтееті міндеті болып келді.

Жүйелі тәсілдеме сандардың нормативтерін және басқарудың міндетті істерін ғылыми негізде анықтау шартын тудырады. Ол ұйымдық-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы процеетің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру ісін жобалаудың барынша жалпы принциптеріне бағдарланған.

Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін бірінші кезекте анықтауды ұйғарады. Өйткені олар басқару аппаратының міндетті істерінің мазмұнын әрі міндеттерінің құрылымын тудырады. Бұл кезеңнің маңызы өте зор.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыратын әр түрлі әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.

Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды қалыптастыратьш негізгі төрт әдіс болатын:

1. Мақсаттарды құрылымдау;

2. Сараптық-талдамалық;

3. Ұйымдық үлгілеу (организаңионного  моделирования);

4. Ұқсастықтар (аналогий).

Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі мәнге ие бола алады.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процееті үш ірі сатыға бөлуге болады:

1. Басқару аппаратының жалпы  құрылымдық схемаларын қалыптастыру («композиция» сатысы).

2. Негізгі бөлімшелердің құрамы  мен олардың арасындағы байланысты  әзірлеу («құрылымдау» сатысы).

3. Басқару қызметінің процедурасы  мен басқару аппаратының сандық  сипатын әзірлеу («регламенттеу», реттемелеу  сатысы).

Осы сатылардың әрқайсысының мазмұны басқару объектісінің ерекшеліктері меи оның жұмыс істеу шарттарына байланысты болды.

«Композиция» сатысының бастапқы сәтіне басқарудың ұйымдық құрылымының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жатады. Мақсаттық тәсілдеменің ұйғаруы бойынша, әрбір мақсаттың жетістікке жетуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін бөлімшесі (функциялық блок, басқару, бөлім, мақсатты бағдарлама) көрсетіліп беріледі.

Ұйымдық құрылымның бұл сатысында басқару жүйесіндегі деңгейлердің қанша екені анықталады әрі шешім қабылдауды орталықтандыру және орталықсыздандыру, міне, осы екеуінің негізгі арақатынасы анықталады.

Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың екінші сатысының («құрылымдау») негізгі ерекшелігі - басқару аппараты бөлімшелерінің ұйымдық шешімдерін әзірлеуді әрі ұйым ішінде байланыстарды орнатуды көздейтін басқару аппаратындағы негізгі бөлімшелердің құрамын анықтайды.

Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілік-функциялық бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын анықтайды әрі дербес бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды. «Құрылымдау» сатысын жүзеге асырудың нәтижесінде басқару аппараты қосалқы жүйелерінің ұйымдық схемалары әзірленуі керек.

Үшінші саты - ұйымдық құрылымды «реттемелеу» - басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипаттамасын әзірлеуді қарастырады.

Мұнда екі негізгі реттемелеуші құжат бекітіледі - бөлімшелердің штаттық кестесі (оның саны осыдан шығады) және базалық бөлімшелердің ішкі құрылымының схемалары. Олар кәсіпорындарда, өндірістік бірлестіктерде тікелей әзірленеді.

Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрылымының тиімділігі былайша анықталады - өндірістік ұйым қызметінің тиімділігі басқару жүйесінің іс-әрекет жасау тиімділігіне, ұйымдық құрылымның сапасына байланысты болады.

Басқару жүйесінің тиімділік критерийлерінің (өлшемдерінің) кешенді жиыны оның іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:

1) өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша;

2) жүйенің іс-әрекет жасау процесінің  өз мазмұнына қоятын объективті  талабының, ұйымдастыру ісінің нәтижеге  сәйкес келу деңгейі бойынша.

Ұйымдық құрылымның әр түрлі нұсқаларын салыстыруда қолданылатын тиімділік өлшеміне өзінің іс-әрекетінде салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі жатады.

Басқару процесінің тиімділігін бағалауда сандық және сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:

-  өндірушілігі;

-  үнемшілдігі;

-  бейімділігі;

- икемділігі;

- оперативтілігі;

- сенімділігі.

Басқару аппаратының өндірушілігі басқару аппаратында істейтін бір қызметкерлерге шаққанда (келетін) ұйым өндіретін түпкілікті өнім санымен анықталады.

Басқару аппаратының үнемшілдігі - объектімен немесе өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты іс-әрекетінің сапыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын ұстап түру үшін қажетті шығынның үлес салмағы, басқарушы қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).

Басқару жүйесінің бейімділігі өзгермелі жағдайлардың белгілі бір диапазонында тапсырылған функцияны тиімді орындау қабілетіне қарай анықталады. Бұл диапазон салыстырмалы түрде неғүрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейімді бола түседі.

Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты органдарының шешім қабылдау процесінде пайда болған ахуалға сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәсекелестік күрес, болжауға келмейтін белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша артықІшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік танытатын шағын және орташа кәсіпорындарға тән.

Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оперативтілігі басқарудағы мәселелерді уақтылы анықтауды, сондай-ақ жолға қойылған процеетің тұрақтылығын сақтай отырып, алға қойылған мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жегкізуді қамтамасыз ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.

Информация о работе Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары