Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 22:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе
9
1 Менеджмент әдістемесінің теориялық негіздері
1.1 Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
1.2 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері

10

19
2. Қазіргі кездегі менеджменттің әдістемелерін талдау
2.1 Қазіргі қоғамдағы менеджменттің дамуының үрдістері
2.2 Басқару әдістемелері

22
23
3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары
3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі
3.2 Қазақстанда сапаны басқару


28
31
Қорытынды
33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері.doc

— 201.00 Кб (Скачать документ)

 

                                Кіру                                           Шығу




 


 


4. Басқаруға оқиғалық  амал қолдану. Басқарудың оқиғалық принципі - барлық оқиға немесе жағдайға келе беретін ереженің жоқтығын бекітеді. Басқаруға принциптік амалдардың бар екенін растайды. Нақты бір шешімдерді нақты оқиғаларға байланысты қабылдауды талап етеді.

   Менеджменттің  оқиғалық   қағидасының  мәні.

Оқиғалық амал ғылымының бөлігін нақты оқиғалар мен шараларға тікелей қолдану аркылы басқару теориясына үлкен салым жасады. Оқиғалық амалдың орталық мезеті - берілген нақты бір күндегі ұйым жағдайына елеулі ықпал ететін жағдайлардың жиынтығы. Осы амалды қолдану арқылы басқарушылар нақты бір жағдайда ұйым қызметінің мақсаттарына жету үшін қандай амалдар жоғары дәрежеде ықпал ететіндігін түсінеді. Ол үшін түрлендіре алатын арнайы амалдар, жалпы процесс біркелкі екендігін көрсетеді. Мысалы: барлық ұйымдар өзінің мақсаттарына жету үшін құрылым құру керек. Бірақ, ұйымдық құрылым жасаудың көптеген амалдары бар — басқару деңгейлерінің көп немесе аз түрі жасалуы мүмкін. Ортаңғы және төменгі звенолар жетекшілері шешім қабылдауда қатысудың көп үлесін алулары мүмкін немесе керісінше жоғары звено жетекшілері ең жауапкершілікті шешімдерді өздері жасауына болатын құқықты сақтай алады. Жетекшілер қандай құрылым болу керектігін анықтау қажет және басқару амалдары берілген оқиғаға сәйкес және оқиға өзгеруі мүмкін болғандықтан, жетекші ұйымның тиімділігін сақтау үшін ұйымдық құрылымды сол оқиғаға сәйкес қалай өзгертуге болатындығын шешуі керек. Оқиғалық амал ұйымның мақсаттарына тиімді жету үшін нақты адамдар мен қағидаларды бір-бірімен байланыстыруға тырысады. Оқиғалық амал ұйымдар мен ұйым ішінің арасьіндағы оқиғалық әр түрлілікке шоғырландырылады.

Оқиғалық амалдың әдістемесін 4-ші қадамдық процесс ретінде түсіндіруге болады:

•  Жетекші өзінің тиімділігін дәлелдеген маманда бақылау құрамы бар белгі болуы керек. Басқару процесін жеке және топтың іс-әрекетті, жүйелік талдаманы, жоспарлау және бақылау әдістерін түсіну;

•  Әрбір басқарушылық қағидалар мен әдістерді өзінің мықты және әлсіз жақтары болады немесе нақты бір оқиғада қолданатын салыстырмалары сипаттамалары болады. Жетекші жағымды, жағымсыз салдарларды алдын ала көре алу керек (еңбекақының жоғарлауы үлкен шығындарға әкеледі);

•  Жетекші оқиғаны дұрыс түсіндіру керек. Нақты бір оқиғаға қандай факторлар неғүрлым маңызды екендігін дұрыс анықтау қажет және қандай эффект бір немесе бірнеше айналымдардың өзгерулеріне әкеліп соғатынын анықтауы керек;

•   Жетекші нақты адамдарды неғұрлым аз нәтиже беретін нақты оқиғалармен байланыстыра алуы керек, сол себептен болып отырған жағдайларда ең тиімді жолмен ұйымның мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді.

Оқиғалық айнымалылар және олардың ықпалы оқиғалық амалдық жетістігін немесе керісінше жағдайын анықтайды. Ішкі ұйымның ішіндегі оқиғалық факторлар (мақсаттар, құрылым, міндеттер, технология және адамдар). Сыртқы — тұтынушылар, бәсекелестер, билік құрылтайлары, жабдықтаушылар, қаржылық ұйымдар және еңбектік ресурстардың көздері. Олар тікелей ықпал (тұтынушылар, бәсекелестер, заңдар және мемлекеттік органдар, маманды одақтар, еңбек ресурстарын жабдықтаушылар, материалдар, капиталдар) және жанама ықпал (экономиканың жағдайы, әлеуметті мәдени факторлар, саяси факторлар, ҒТР, халъқаралық оқиғалар) болып бөлінеді.

5. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігінің қогам алдындагы және ұйымның нақты жұмысшылар алдындагы танылымы.

6. Процестік амалды қолдану. Басқару әрбіреуі өзіне-өзі процесс болып табылатын өзара байланысты қозғалыстардың сериясы, процесі ретінде қарастырылады. Қозғалыстарды басқару функциялары да процесс болып табылады.

Басқару процесі — бұл функциялар соммасы. Менеджмент белгілі бір мақсаттарға жету үшін қолданылатын жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және басқару процесін қолданады.

                     Басқарушылық еңбектің  маңызды функциялары:


  


 



1.  Жоспарлау маңсаттарды қүру мен оларды өндіру жолдарын сипаттайды;

2. Ұйымдастыру — еңбектің біріктіру және бөлу, оның ішінде ұйым құрылымын құру, міндеттерді бөлу мен өзара қозғалыстарды қауымдастыру сүрақтарынан тұратын басқару функциясы;

3. Мотивация (ынталандыру) - бұл жұмысшыларды мақсаттарға тиімді жетуге қозғау;

4. Бақылау - алынған нәтижелерді тексеру.

Басқару функциялары өзіне мақсаттарды бекітуді, қызметті жоспарлауды, жұмысты ұйымдастыруды, міндеттерді бөлуді және қызметшілерді ынталандыруды, жұмыстың орындалуын, бақылауды, бағалауды және жоспарды түзетуді қосады.

Бақылау функцияларына тән шешімдер:

Жоспарлау:

• Біздің бизнесіміздің табиғаты немесе біздің жоғарғы міндетіміз қандай?

•  Біздің мақсаттарымыз қандай болу керек?

• Сыртқы ортада қандай өзгерістер болады және олар ұйымның болашағында қалай сипатталады?

•  Қойылған мақсаттарға жету үшін бізге қандай тактиканы таңдап алу қажет?

Қызметті ұйымдастыру:

• Ұйымның жұмысын қалай құру керек? Орындалатын жұмыс бөліктерін қалай мақсатты түрде ірілеу керек?

• Осы блоктардың қызметтері үйлесімді болуы үшін және қарама-қайшылық; болмауы үшін қалай біріктіру керек?

• Ұйымның әрбір деңгейлеріндегі қандай шешім қабылдауларды адамдарға, жетекшілерге сеніп тапсыруға болады?

• Сыртқы ортаның өзгерістеріне байланысты ұйымның құрылымын өзгертуге бола ма?

Мотивация:

•  Біздің бағынушылар нені мүқтаж етеді?

•   Қай елде осы қажеттіліктер ұйым мақсаттарына жетуге бағытталған қызмет барысында қанағаттандырылады?

•   Менің бағынушыларымның жұмысқа қанараттануы мен өнімділік жоғарыласа, онда неліктен бұлай болды?

•  Бағынушылардың жұмысқа қанағаттанушылықтары мен өнімділігін жоғарылату үшін не істей аламыз?

Бақылау:

•  Жұмыс нәтижелерін қалай өлшеуіміз керек?

•  Нәтижелерге қандай жиілікте баға бере аламыз?

•  Біздің мақсаттарға жету үшін қаншалықты жетістікте болдық?

•   Егер біз қойылған мақсаттарға толық жетпесек, онда бұл қандай жағдайдан болды және қандай түзетулер енгізуге болады?

7. Біріктіру  амалы. Біріктіру амалы, яғни оқиғалар компоненттерін және бір-біріне байланыссыз басқаруды қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары

3.1 Менеджментті оқудың әдістемесі

 

Менеджменттің қазіргі кездегі оқытылуы негізінен үш әдістемеден құрылады: процестік (дәстүрлі), жүйелік, жағдайлық.

Процестік әдістеме алғаш рет әкімшілік басқару мектебінің өкілдерімен ұсынылған. Бұл әдіс басқару қызметтерін бір-бірімен байланысты деп қарастырады. Басқару процесс ретінде қарастырылады, себебі жұмыс басқалардың көмегімен мақсаттарға жеткенде - ол бір уақыттағы іс-әрекет емес, бір-бірімен байланысқан іс-әрекеттердің сериясы болып табылады. Осы іс-әрекеттердің әр бірі процесс бола тұрып, ұйым жетістігі үшін маңызды. Оларды басқару қызметтері деп атайды. Әр басқару қызметінің өзі процесс болып табылады, себебі онда бір-бірімен байланысқан сериялардан тұрады. Басқару процесі барлық қызметтердің жалпы сомасы болып табылады.

Осы концепцияның алғашқы талдауын Анри Фойолые жатқызады, олар бес бастаушы функциялардан тұрады деп есептеген. Оның айтуы бойынша, "басқару дегеніміз - болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, ұйғарым беру, реттеу және бақылау болып табылады". Басқа авторлар қызметтердің басқа да тізімдерін құрастырған. Қазіргі әдебиеттердің шолуы келесі қызметтерді анықтауға мүмкіндіктер береді жоспарлау, ұйымдастыру, ұйғарым шығару, ынталандыру, басшылық ету, бағалау, шешім қабылдау, үйлестіру, байланыс, зерттеу, реттеу бақылау, персоналды таңдау, өкілділік ету, келіссөздер жүргізу немесе келісім шарттарды, мәмлелерді жасасу. Іс жүзінде басқарудың әр жариялауында, аздап болса да өзгешелігі бар, басқару тізімі болады.

Менеджментті оқып үйренуде ғасыр басында қалыптаскан дәстүрлі әдістермен кез келген ұйымды басқаруға жарайтын принциптерге сүйенуге болады. Бұл "әмбебап" принциптер, "Адамдар мен ұйымдарды басқаруға бір ғана жол бар" деген түрдегі жазумен жарияланады. Бұл әдістеме Ф.Тейлор, А.Файоль, М.Фоллет, Е.Мэйомен, олардың жалғастырушылары Д.Макгрегор, А.Маслоуға және тәжірибеде дәстүрлі әдістеме принциптерді пайдалануға, оны түсінуге жылжуда "адам факторын" менеджментке әкелген Ф.Герцбергке дейін айтылған.

Менеджмент адамдардың ұйымдағы бір қалыптағы арақатынасын қарапайым деп түсінетін жүйелік әдіс дәстүрлі әдістемеге қарағанда, ұйымның арақатынас бөліктеріне шоғырланады және жалпы контекстегі әр жеке бөліктерінің маңызын оқуға көңіл аударады. Осы әдістеме менеджменттің ұйымда шешетін мәселелердің байлығы мен әр түрлілігін қарастыруға мүмкіндік береді. Жүйелік әдістің негізгі элементтері болып: жүйені құру (ресурстардың әкелініп түсуі); келіп түскен ресурстардың өнімге айналу процесі; жүйеден шығу (өнім); кері байланыс (кері байланысқа әсер ететін тізбектің нәтижесін білу) жатады.

Басқарушыға ұйымдастыруды жеке мақсаттарға жетуді жақсы түсіну үшін жүйенің не екенін анықтау қажет. Жүйе дегеніміз – бір-бірімен байланысқан бөліктерден тұратын, олардың әрқайсысы тұтастың сипаттамаларына өзінің санымен жасайтын жалпылығы болып табылады. Машиналар, компъютерлер, теледидарлардың бәрі жүйенің мысалы болып табылады. Олар біртұтасты құрастыруды өзінің нақты қасиеттері болатын әрқайсысы басқаларымен арақатынаста жұмыс істейтін көптеген бөліктерден тұрады. Бұл бөліктер бір-бірімен байланысты. Егер олардың біреуі жоқ болса немесе қате қызмет етсе, онда барлық жүйе де дұрыс қызмет етпейді. Мысалы, теледидардың құрылымы дұрыс құрастырылмаса, ол жұмыс істемейді. Барлық биологиялық ортанизмдер жүйе болып табылады. Сіздің өміріңіз көптеген бір-бірімен байланысты ортандардың қызмет етуіне байланысты. Олардың барлығы сізді құрайтын ерекше тіршілік иесін қалыптастырады.

Барлық ұйымдар жүйе болып табылады. Адамдар жалпы түрде техникамен қатар ұйымның компоненттері болғандықтан, жұмысты орындау үшін пайдаланады, олардың барлығы әлеуметтік-техникалық жүйелер деп аталады. Олар биологиялық ортанизмдер сияқты бір-бірімен байланысты.

Жүйенің екі негізгі түрі бар: жабық және ашық. Жабық жүйеде қатал белгіленген шектері бар, жүйені қоршайтын іс-әрекеттері ортамен байланыссыз болады. Сағат - жабық жүйенің танымал мысалы. Бір-бірімен сағат бөліктері батарейка салғандай немесе жаңа ғана іске қосқандай, үздіксіз жүреді. Және сағатта жиналған күштің көзі болғанша, олардың жүйесі қоршаған ортаға байланыссыз болады.

Ашық жүйе сыртқы ортамен қатынасымен сипатталады. Энергия, ақпарат, материалдар - - жүйенің шектерінен өтіп кететін сыртқы орта мен айырбас объектілері. Ондай жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді, ол энергиядан, ақпараттан және сырттан шығатын материалдардан бағынышты. Сонымен қатар, ашық жүйе сыртқы ортаның өзгерісіне бейімделу қабілеттілігі болады және оның қызмет етуін жалғастыру үшін оны жасау керек.

Басқарушылар көбінесе ашық жүйелермен жұмыс жасайды, себебі барлық ұйымдар ашық жүйелер болып табылады. Әрі ұйымның өмір сүруі сыртқы ортаға байланысты. Басқарудағы мектептермен дамыған әдістемелер барлық жағдайларды қанағаттандырмайды, себебі ұйымдар жабық жүйелер болып табылғандықтан, олар қате болжамдалған. Олар ортаның басқарудағы маңызды ауыспалар ретінде белсенді қарастырылмаған. Ұйым, адам немесе машина сияқты күрделі жүйенің ірі құрамды бөліктерінің өздері көбінесе жүйелер болып табылады. Ондай бөліктер жүйе ішіліктер деп аталады. Жүйе ішіліктің түсінігі басқарудағы маңызды түсінігі. Ұйымның басқарма бөлімдерді бөлу ұйым ішінде жүйе ішіліктер арнайы құрылады. Жүйелер басқарудың бөлімдері және басқарудың әр түрлі деңгейлері сияқты ұйым тұтасында әрбір элементтер, мысалы қан айналымы, ас қорыту, нерв жүйесі сияқты өте маңызды роль атқарады. Ұйымның әлеуметтік және техникалық құрамды бөліктері болып табылатыңдар жүйе ішілік болып есептеледі.

Жағдайлық әдістеме - барлық жағдайларды пайдаланатын бір принциптердің тізімі бойынша ауытқуы болмайды дегенге негізделеді. Бұл әдістеме әрбір "әмбебап" принциптерден бас тартады. Осыдан ұйым кездесетін әрбір жағдай және талдану сәйкесінше басқарылуы міндетті. Бұл әдістеме арнайы жағдайдағы менеджердің қолданатын іс-әрекеттерінің альтернативті негіздерін қалыптастырады. Бұл жағдайда жетістікке жету үшін менеджер жағдайды талдауды және қажетті шешімдерді қабылдауды білуі керек. Жағдайлық әдістемеге сәйкестігімен ұйым сыртыңдағы ортасының табиғаты, оның масштабтарының, технологияларының, оның нарықтарының сипаттары, заң шығарушы инфрақұрылым, адамдар және т.б. факторлар ұйымға тек қарсы тұрмайды, сонымен қатар оның мүмкіншіліктерінің қайнар көзі және оның ортаға бейімделу жолы болып табылады. Жағдайлық әдістемедегі әр түрлі мақсаттар, стратегиялар, құрылымы мен процестері әр түрлі жағдайларға жақсы.

Осы әдістеменің басқа артықшылығы болып оның сыртқы ұйымдастырудағы үнемі өзгерістер шегіндегі мойындалуы табылады. Менеджерлер осымен санасып, сыртқы және ішкі өзгерістерге бейімделулері керек. Егер кәсіпорын мемлекеттік меншіктен жекешелікке көшсе, онда ол әкімшілік тәртіпке тиімді жұмыс істей алмайды. Ол кәсіпкерлік жұмыс тәжірибесіне көшуі керек. Немесе оған пайданың төмендеуі және банкрот болу қаупі төнеді. Жағдайлық әдістеме нақты жағдайлар мен шарттарға тікелей қолдану мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқару теориясына үлкен үлес қосты. Жағдайлық әдістеменің орталық кезеңі жағдай, яғни ұйымның нақты уақытына қатты әсер ететін нақты жағдайлардың жиынтығы болып табылады. Жағдай - көңіл бөлу ортасында тұрғандықтан, жағдайлық әдістеме "Жағдайлық ойланудың" мәнін ашады. Жағдайлық сәйкес келудің әдістемесін төрт қарқынды процесс ретінде түсіндіруге болады.

Информация о работе Қазақстанда менеджменттің әдістемелік негіздерін жетілдіру бағыттары